"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 13-2-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 11 қарашадағы N 79-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3946. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 809 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2015 № 809 бұйрығымен.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы  N 13-2-Ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2748 нөмірмен тіркелген, "Официальная газета" газетінің 2004 жылғы 10 сәуірдегі 15 (172) нөмірінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығында:
      20-тармақтағы ", 502" саны алынып тасталсын;

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "39. Осы Нұсқаулықта көрсетілген және көліктік бақылау органдары әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізу кезінде қолданатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулылардың және айыппұл түбіртектерінің бланкілері қатаң есептегі бланкілер болып табылады және оларды Комитет орталықтандырылған тәсілмен әзірлейді.
      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қаулылар бланкілерінің және айыппұл түбіртектерінің баспаханалық есептеу сериялары мен нөмірлер болуы тиіс.";

      Нұсқаулыққа 1, 2, 4, 5, 6, 8 және 12-қосымшаларда "ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 08.09.1999 ж. N 1334" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Заң және кадр қызметі бөлімі (С.С.Жарылғасов) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қ.Б.Есжановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға