Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3832

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

      Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы ұсынылып отырған Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту жөніндегі ереже бекітілсін.

      2. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналар өзінің күшін жойды деп танылсын:
      1) "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N  217 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2443 тіркелген, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысы" басылымында жарияланған, 17);

      2) "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2443 тіркелген "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 141 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2924 тіркелген, 2004 жылы "Қаржы Хабаршысы" журналында жарияланған, N 7(7)).

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      5. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      6. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
      реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының          
2005 жылғы 30 шілдедегі     
N 268 қаулысымен бекітілген  

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу,
акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті
бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесі

      Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Акционерлік қоғамдар туралы ", " Бағалы қағаздар рыногы туралы " Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) акционерлік қоғамның (бұдан әрі - қоғам) акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою жөніндегі тәртібін айқындайды.

1-тарау. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

      1. Қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жасалған өтінішті;
      2) қоғамның құрылтай жиналысының (бір құрылтайшының шешімі) немесе акционерлерінің жиналысының (дауыс беретін барлық акцияларды иеленуші акционердің шешімі) жарияланған акциялар шығару туралы шешіммен бірге хаттама көшірмесін;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақшаға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің және статистикалық карточканың көшірмелерін;
      4) жарғының көшірмесін;
      5)  акционерлік қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесімен, сондай-ақ соңғы екі қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есеп берумен (жаңа құрылған қоғамдарды қоспағанда), жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттар ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша есептілік саясаты мен қаржылық есеп беру туралы ақпарат бірге тігілген осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада берілген акциялар шығарылымының проспектісі. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында акционерлік қоғам сатып алған кездегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі акциялар шығарылымы проспектісі және акциялар құнын анықтау әдістемесі бар;
      6) қаржы есебінсіз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдаушыда акциялар шығаралымының проспектісі (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
      7) құрылтайшылардың акцияларды жарғылық капиталдың (акцияларды алғашқы рет шығарған жаңадан құрылған қоғамдар үшін) ең аз мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде алдын ала төлегенін растайтын құжаттар көшірмелері.
      Тұрақтандыру банкі жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін, осы тармақтың 2), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген акциялар шығарылымының проспектісі акциялардың құнын анықтау әдістемесі, қаржылық есептілігі, есеп жүргізу саясаты туралы ақпарат қосылмай беріледі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 181 , 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      2. Қоғамды қайта ұйымдастыру жолымен құрған кезде Ереженің 1-тармағының 1)-6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа қоғам мыналарды ұсынады:
      1) бірігу жолымен қайта құрылған жағдайда - өткізу актісінің, бірігу туралы шарттың және тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қайта құрылатын қоғамдардың мүлкін (меншік капиталының мөлшерін көрсетуімен) қайта құрылу туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша бағалау жөніндегі есептің көшірмелері;
      2) қосылу жолымен қайта құрылған жағдайда - өткізу актісінің, қосылу туралы шарттың, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қосылатын қоғамның мүлкін (меншік капиталының мөлшерін көрсетуімен) қайта құру туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша бағалау жөніндегі есептің, оған қосылу жүзеге асырылатын қоғамның аудиторлық есеппен расталған қайта құру жөнінде шешім қабылдау алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржы есептілігінің көшірмелері;
      3) бөлу және бөліп шығару жолымен қайта құрылған жағдайда - бөлу балансының, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған бөлу не бөліп шығару нәтижесінде пайда болған қоғамдардың жарияланған акциялардың төлемі ретінде берілетін мүлкін қайта құру жөнінде шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша бағалау туралы есептің көшірмелері;
      4) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен өзгерту жолымен қайта құрылған жағдайда - қаржылық есептіліктің, өткізу актісінің, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкіндегі қатысушының (қатысушылардың) үлесін (үлестерін) бағалау туралы есептің көшірмелері;
      5) мемлекеттік кәсіпорыннан өзгерту жолымен қайта құрылған жағдайда - қайта құру жөнінде шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша дайындаған қаржылық есептіліктің және өткізу актісінің және тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қайта құру жөнінде шешім қабылдаған күннің алдыңғы күнгі жағдай бойынша мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін бағалау туралы есептің (меншікті капитал мөлшерін көрсетуімен) көшірмелері.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      3. Уәкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге ұсынған құжаттарды олар алынған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:
      1) осы Ереженің 1-1-қосымшасына сай нысан бойынша қоғамға жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді;
      2) акциялар шығарылымы проспектісінің уәкілетті органның тіркелгені туралы белгісі қойылған бір данасын қоғамға қайтарады.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

2-тарау. Акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

      5. Қоғам уәкілетті органға "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1)-3), 8), 9), 11), 12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген, сондай-ақ акцияларды қоғам сатып алған кезде және «алтын акцияны» енгізу немесе күшін жою оның құнын анықтау әдістемесі өзгерген және (немесе) толықтырылған жағдайда оларды тіркеу үшін олар пайда болған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде (қоғамның тиісті органдары шешім қабылдаса) акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу үшін ұсынады.
      Қоғам акциялар шығарылымының проспектісінде көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда уәкілетті органға акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды ұсына алады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 181 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      6. Акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу үшін қоғам уәкілетті органға:
      1) еркін нысанда жасалған өтінішті;
      2) акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілген, бірінші басшы, бас бухгалтер, ішкі аудит қызметінің (егер ол бар болса) басшысы қол қойған және қоғам мөрінің таңбасымен расталған өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данамен қағаз тасымалдаушыда. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында акциялар шығарылымы проспектісіне мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар;
      3) қоғамның қаржы есебісіз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдаушыда оған енгізілетін өзгерістермен және толықтырулармен бірге акциялар шығаралымының проспектісін (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
      4) негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қоғам органының шешімі көшірмесін.
      Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген шешімінің үзінді көшірмесін берген жағдайда, осы үзінді көшірмеде мынадай мәліметтер болуға тиіс:
      қоғам атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
      акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және жері;
      акционерлердің жалпы жиналысында берілген қоғамның дауыс беретін акцияларының саны туралы мәліметтер;
      акционерлердің жалпы жиналысының кворумы;
      акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
      акционерлердің жалпы жиналысында акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген негізіндегі мәселе бойынша дауыс беру тәртібі;
      акционерлердің жалпы жиналысы төрағасының (президиум мүшелерінің) және хатшысының аты-жөні, бар болса - әкесінің аты;
      акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген негізіндегі дауыс беруге салынған әр мәселесі бойынша акционерлер дауыстарының жалпы саны;
      акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген негізіндегі мәселе бойынша акционерлердің жалпы жиналысымен қабылданған шешімі;
      акционерлердің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер.
      Жалпы жиналыста қоғамның директорлар кеңесін сайлау (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау) жөніндегі мәселені қарау кезінде жалпы жиналыстың хаттамасынан үзінді көшірмесінде директорлар кеңесінің сайланған мүшесі қай акционердің өкілі және (немесе) директорлар кеңесінің сайланған мүшесінен кім тәуелсіз директоры болатыны көрсетіледі;
      5) әділет органының не қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының белгісі қойылған барлық енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге жарғының және заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесін (қоғам атауы және (немесе) оның тұрғылықты орны өзгерген жағдайда);
      6) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын (қоғам атауы, саны және (немесе) акциялар түрі өзгерген жағдайда);
      7) орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп тастағанда) жалпы санының он және одан көп процентіне иелік ететін акционерлер туралы тіркеуші жарияланған акциялар санының және/немесе олардың түрлерінің өзгеруі жөнінде шешім қабылданған күнге берген анықтаманың түпнұсқасын;
      8) тіркеуші берген акционерлік қоғамның ірі акционерлері туралы мәліметтердің өзгерген күнінен кейін келетін күнгі жағдай бойынша (ірі акционерлері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда) ірі акционерлері туралы анықтаманың көшірмесін.
      9) қоғамның жарияланған акциялары болмаған жағдайда немесе мерзімі өткен берешекті өтеуге олар жеткіліксіз болғанда, оларды кейіннен орналастыруымен қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару арқылы қоғамның мерзімі өткен салық берешегін өтеу туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      7. Уәкілетті орган акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды олар алынған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде қарайды.
      7-1. Уәкілетті орган банктің жарияланған орналастырылмаған немесе сатып алынған акциялары болмаған не " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңы ның (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) 17-2-бабында көзделген жағдайларда олардың саны жетпеген кезде, банктің жарияланған акцияларды сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде осы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
      1) акциялар шығарылымы проспектісіндегі банктің жарияланған акциялар санының және олардың түрлерінің өсіру бөлігіне өзгерістер енгізеді (мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 (екі) данада);
      2) акциялар шығарылымы проспектісіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың бір данасын және акциялар санын, түрлерін (мемлекеттік және орыс тілдерінде) көрсете отырып, оларды мемлекеттік тіркеу куәлігінің бір данасын банкке береді;
      3) акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін
қоса беріп, жарияланған акциялар санын өсіру туралы тіркеушіні және орталық депозитарийді хабардар етеді.
       Банк акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы осының алдында берілген куәліктің
түпнұсқасын қайтарады және қоғамның қаржы есебінсіз Acrobat Reader форматындағы электрондық тасымалдағыштағы оған енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар акциялар шығарылымы проспектісін (мемлекеттік және орыс тілдерінде) береді.
       Ескерту. 7-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.10.29. N 161 қаулысымен.

      8. Акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган қоғамға акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың оларды тіркеу туралы белгі қойылған бір данасын береді.
      Заңды тұлға атауының, оның орналасқан жерінің, акциялар саны мен түрінің өзгеруі негіздері бойынша акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда уәкілетті орган акциялар шығарылымының проспектісіне өзгеріс пен толықтырулар данасынан басқа ауыстыру себептерін көрсете отырып бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

      9. <*>
      Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

      10. Жарғылық капиталы акциялар шығарылымы мемлекеттік тіркелімсіз жасалған, кемінде елу мың еселенген ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде төленген жарғылық капиталы бар қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ұлттық бірегейлендіру нөмірін беру туралы куәлігімен ауыстыру үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жасалған өтінішті;
      2) акционерлік қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесімен, сондай-ақ соңғы екі қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есеп берумен, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттар ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша есептілік саясаты мен қаржылық есеп беру туралы ақпарат бірге тігілген осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада берілген акциялар шығарылымының проспектісі. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында акционерлік қоғам сатып алған кездегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі акциялар шығарылымы проспектісі және акциялар құнын анықтау әдістемесі бар;
      3) қоғамның қаржы есебінсіз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдаушыда оған енгізілетін өзгерістермен және толықтырулармен бірге акциялар шығаралымының проспектісін (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
      4) ұлттық бірегейлендіру нөмірін (бұдан әрі - ҰБН) беру туралы куәліктің (куәліктердің) түпнұсқасын (түпнұсқаларын);
      5) акциялар шығарылымы проспектісіне соның негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қоғам органы шешімінің көшірмесін;
      6) әділет органының белгілеуімен барлық енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар жарғының көшірмесі және заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесін.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

      11-12. <*>
      Ескерту. 11-12-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

3-тарау. Акцияларды орналастыру қорытындылары
туралы есепті бекіту

      13. Акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті қоғам "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде ұсынады.
      Күнтізбелік алты ай орналастырудың есепті кезеңі болып табылады.
      Акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні орналастырудың бірінші есепті кезеңінің басталу күні болып табылады.
      Өткен есепті кезеңнің аяқталу күнінен кейін келетін күні келесі есепті кезеңнің басталу күні болып табылады.
      Акцияларды түпкілікті орналастыру күні жарияланған бағалы қағаздарды қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде (жеке шоттардың бірыңғай жүйесі) немесе номиналды ұстау есебі жүйесінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына есепке алу үшін қоғамның жеке шотынан барлық жарияланған акцияларды есептен шығару бойынша соңғы операцияны өткізу күні болып табылады.
      Акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті қоғам есептік орналастыру кезеңі аяқталған күннен бастап бір айдың ішінде, сондай-ақ акциялар толық орналастырылғаннан кейінгі ай ішінде ұсынады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.     
      13-1. Тұрақтандыру банкі акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті ұсынбайды.
      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      14. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту үшін қоғам уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жасалған қоғамның өтініші;
      2) есепті кезеңді аяқтайтын ай соңындағы не акцияларды орналастыру аяқталған күнгі жағдай бойынша қаржы есебімен, есепті кезеңде акциялардың төлемін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесімен (көшірмелерімен) бірге тігілген, осы Ереженің 2-қосымшасына сай нысан бойынша жасалған қағаз тасымалдаушысында екі данамен акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті (мемлекеттік және орыс тілдерінде) және акцияларды орналастыру аяқталған күнгі жағдай бойынша тіркеушінің анықтамасының көшірмесімен. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп бар;
      3) қоғамның қаржы есебінсіз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдаушыдағы акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті (қоғамды тарату және қайта құру жағдайларын қоспағанда).
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен , 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

      15. Қоғамның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту үшін ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:
      1) осы Ереженің 2-1-қосымшасына сай нысан бойынша есепті бекітеді және қоғамға акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгендігі туралы хабарлама жібереді;
      2) есептің бекітілгендігі туралы уәкілетті органның белгісі қойылған есептің бір данасын қоғамға қайтарады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

      16. Акциялар шығарылымының проспектісіне акцияларды ұсақтаумен байланысты өзгерістер енгізілген жағдайда, эмитент уәкілетті орган бекіткен акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепке енгізілген өзгерістерді және акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті бекіту туралы хабарламаның түпнұсқасын уәкілетті органға ұсынады.
      Көрсетілген өзгерістер назарға алынып, уәкілетті орган акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті бекіту туралы хабарламаны алған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде ауыстырады.

      17. Егер орналастыру басталған не акцияларды орналастыру (акциялардың орналастырылмағаны туралы хабарландыру) қорытындылары туралы соңғы есеп ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде қоғам бір де бір акция орналастырмаса, онда ол уәкілетті органға:
      1) осы кезеңде акцияларды орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы жазбаша хабарламаны;
      2) орналастырудың алты айлық мерзімі аяқталған күні тіркеуші берген, орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп тастағанда) жалпы санының он және одан көп процентіне иелік ететін акционерлер туралы анықтаманың көшірмесін ұсынады.
       Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулыcымен.

      17-1. Тұрақтандыру банкі осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
      Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      18. Есепті кезеңде акциялардың орналастыруы жүзеге асырылмағаны туралы хабарламаны қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган қоғамға осы хабарламаның назарға алынғандығы туралы хат жібереді.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Акциялар шығарылымын жою

      19. Акциялар шығарылымының күші Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жойылады.

      20. Акциялар шығарылымын жою үшін қоғам "Бағалы қағаздар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабы 2-тармақшасында аталған құжаттарды уәкілетті органға ұсынады. Акциялар шығарылымын жою туралы өтініште тіркеушінің атауы, қоғам тіркеушісімен жасалған бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесін жүргізу шартының күні мен нөмірі туралы мәліметтер болады.           
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

      21. Сот не атқарушы өндіріс органдары соттың жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану немесе заңды күшіне енген қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы шешімін таныған жағдайда акциялар шығарылымының күші осы шешімнің негізінде жойылады.
      "Бағалы қағаздар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгенге дейін қоғам акцияларының эмиссиясы болмай қалды деп танылған жағдайда осы эмиссияның күші қоғам акцияларының эмиссиясы болмай қалды деп тану туралы шешімнің негізінде жойылады.
      Көрсетілген жағдайларда қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (куәліктердің) және (немесе) ҰБН беру туралы куәліктің (куәліктердің), акциялар шығарылымының проспектісінің түпнұсқаларын (егер осының алдында уәкілетті органға берілген акциялар шығарылымы проспектісі көзделмеген болса, онда бұл құжат ұсынылмайды) акция шығарылымының жойылғаны туралы хабарлама алған күннен бастап он күн ішінде ұсынады.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. "Бағалы қағаздар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған құжаттар жоғалған жағдайда қоғам уәкілетті органға бұқаралық ақпарат құралдарында жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы жарияланған ақпараттың көшірмесін ұсынады.

      23. Акциялар шығарылымын жою үшін уәкілетті органға қоғам ұсынған құжаттар олар алынған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде қаралады.

      24. Акциялар шығарылымын жою үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган акциялар шығарылымын жояды және қоғамға осы Ереженің 2-2-қосымшасына сай нысан бойынша акциялар шығарылымы жойылғандығы туралы хабарлама жібереді.
      Акциялар шығарылымы акциялар шығарылымының жойылғаны туралы куәлікте көрсетілген күннен бастап, бірақ уәкілетті органның акциялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он күннен аспайтын мерзімде жойылады.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен , 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24-1. Уәкілетті орган тұрақтандыру банкінің акциялары шығарылымының күшін жою туралы шешімді уәкілетті органның тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату туралы шешімінің негізінде қабылдайды.
      Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

5-тарау. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік
тіркеуден, акциялар шығарылымы проспектісіне жасалған
өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден және
акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту

      25. Уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарында белгіленген жағдайларда жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, акциялар шығарылымы проспектісіне жасалған өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тартады.

      26. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тартылған жағдайда қоғам уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тарту алған күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органға екінші рет пысықталған құжаттарды тапсырады.
      Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тартқан жағдайда эмитент уәкілетті органға пысықталған есепті бас тартуды алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қайтадан ұсынады.
      Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою үшін құжаттарды қайтадан ұсынған кезде қарау мерзімі қайтадан есептеледі.

6-тарау. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік
тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер
мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру
қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар
шығарылымын жою үшін ұсынылған құжаттардың
мазмұны және ресімдеу

      27. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне (жарияланған акциялардың саны көбейген не түрі өзгерген жағдайда) өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою үшін уәкілетті органға қоғам ұсынған (тұрақтандыру банкін қоспағанда) өтініш және құжаттар өтініште (ілеспе хат) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізілімін ұстаушының мемлекетте осы қоғам акцияларының бар (жоқ) екені туралы мөртабанының таңбасы болса, қарау үшін қабылданады.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      28. Акциялар шығарылымының проспектісі (мемлекеттік және орыс тілдерінде) акционерлік қоғамы акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесімен, қаржы есебінің көшірмелерімен, аудиторлық (аудиторлық) есептің (есептердің) көшірмелерімен және есеп саясаты жөніндегі ақпаратпен бірге тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын қағаз пломбамен бекітіледі және қоғам мөрінің таңбасы қойылады.
      Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымына дейінгі кезеңде аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржы есебі болмаған жағдайда қоғам уәкілетті органға соңғы аяқталған жылдың алдындағы екі жыл үшін аудит жасалған қаржы есебін ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржы есебін қоғам акционерлердің жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржы есебін бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).
      Акциялар шығарылымының проспектісіндегі мәліметтер, акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды тапсыру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша көрсетілетін қоғамның қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты (осы Ереженің 1-қосымшасының 4 және 5-бөлімдерінде көрсетілетін) қоспағанда, уәкілетті органға құжаттарды тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы күніне келтіріледі.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен , өзгерту енгізілді - 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Қаржы ұйымдарын қоса алғанда, қоғамдар бухгалтерлік баланстан, кірістер мен шығыстар туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен және меншік капиталындағы өзгерістер туралы есептен тұратын қаржылық есепті ұсынады. Жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазба қоса беріледі.

      30. Қосымша (түзетілген) құжаттар уәкілетті органға ілеспе хатпен ұсынылады. Ілеспе хатта уәкілетті органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту туралы хаттың шығыс нөмірі мен күні, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

      31. Егер осы Ережеде көшірмелер бірінші басшының, бас бухгалтердің қолымен және қоғам мөрінің таңбасымен бекітілген ұсыну белгіленбесе, қоғам құжаттардың көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте жарғы көшірмесі нотариалды түрде куәландырылған болуы тиіс.
       Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулыcымен.

      32. Құжаттарда парақтар көп болған кезде әрбір парақ расталады не құжат тігіледі және тігістің түйініне және параққа жартылай желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Бірінші басшының, бас бухгалтердің қолдары және мөр таңбасы қағаз пломбаға жартылай, құжаттың парағына жартылай қойылуы тиіс.

      33. Құжаттарда түсініксіз түзетулер, сызып тастаулар, тазалаулар, түзетілген жерлер, қосымша жазулар (қосымша басулар) жасауға жол берілмейді. Түзету жасалған кезде сызып тасталған сөз анық оқылуы тиіс. Әрбір түзету (толықтыру) түсіндірілуі тиіс, мысалы: "түзетілген ... дұрыс", "қосымша жазылған...дұрыс", "сызып тасталған ...оқылмасын" деп берілуі тиіс, құжатқа қол қойған тұлғалар растауы және қоғамның мөрінің таңбасымен расталуы тиіс.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      34. Уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, қоғамның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың тізілімін ұстаушыға осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша:
      1) жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу;
      2) акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу;
      3) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту;
      4) акциялар шығарылымын жою туралы хабарлама жібереді.

      35. Уәкілетті орган акциялар шығарылымының проспектісі, сондай-ақ акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп шеңберінде ұсынылған ақпаратты өзінің ресми Web-сайтында орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша ашып көрсетеді. Осы Ережеге сәйкес қоғамның уәкілетті органға электронды және қағаз тасымалдаушысында ұсынған құжаттардың мазмұны бірдей болуы тиіс.

      36. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою кезінде уәкілетті орган берген құжаттардың түпнұсқалары жоғалған жағдайда қоғам баспасөз басылымдарында жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы ақпарат жариялау шартымен дубликат беру үшін өтініш жасауға құқылы.

      36-1. Акциялар шығарылымы проспектісінің, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың, акцияларды орналастыру қорытындысы бойынша есептің түпнұсқалары жоғалған жағдайда қоғам аталған құжаттардың көшірмелерін беру туралы уәкілетті органға өтініш жасайды.
      Ескерту. 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Жарияланған акциялар шығарылымын 
мемлекеттік тіркеу, акцияларды  
орналастыру қорытындылары туралы 
есепті бекіту және акциялар   
шығарылымын жою ережесіне    
1-қосымша          

Акциялар шығарылымының проспектісі

      Акциялар шығарылымының проспектісінің мәтіні акционерлік қоғамның қаржы жағдайы мен қызметі туралы ақпараттан тұрады.

      1. Акциялар шығарылымының проспектісінің бірінші бетінің парағында:
      1) құжаттың атауы: "Акциялар шығарылымының проспектісі";
      2) қоғамның толық және қысқартылған атауы;
      3) Онда: "Уәкілетті органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу проспектісінде жазылған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бір ұсынымдар ұсынуды білдіреді. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығына жауап бермейді. Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келуі үшін ғана қаралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғасы осы проспектідегі ақпараттың шынайылығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың дұрыстығын және қоғамға және оның орналастыратын акцияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды" деген жазба болады.
      Акциялар шығарылымы проспектісінің мәтіні:

1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер

      2. Акционерлік қоғамның атауы.
      Осы тармақта акционерлік қоғамның толық және қысқартылған атауы көрсетілуі қажет.
      Егер акционерлік қоғамның жарғысында оның шет тілінде толық және қысқарған атауы көзделген болса, онда осындай атауды қосымша көрсету керек.
      Акционерлік қоғамның атауы өзгерген жағдайда оның бұрынғы толық және қысқарған атаулары, сондай-ақ оның өзгерген күні көрсетіледі.
      Егер акционерлік қоғам заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдасуы нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдасқан заңды тұлға және акционерлік қоғамға қатысты құқықтық иеленушілік туралы мәлімет көрсетілуге тиіс.

      3. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлімет.
      Осы тармақта акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және куәлігінің нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі қажет.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақты алып тастау көзделген - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

      5. Акционерлік қоғамның орналасқан жері, байланыс телефоны мен факстың нөмірі, электронды почтаның мекен-жайы туралы ақпарат.

      6. Акционерлік қоғамның банктік деректемелері.

      7. Акционерлік қоғам қызметінің түрлері.

      8. Акционерлік қоғамға немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттіктері берген рейтингтердің болуы туралы мәлімет. Қаржылық агенттің мәртебесі берілгендігі туралы мәлімет.

      9. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілеттіктерінің атауы, тіркелген күні, орналасқан жері және почталық мекен-жайлары.

      10. Акционерлік қоғамның соңғы аяқталған үш қаржы жылдың қаржылық есебіне аудитті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) аудиторлық ұйымдардың, олардың тиісті коллегияларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиістілігін көрсете отырып, толық ресми атауын көрсету (аудитордың аты-жөні, бар болса - әкесінің аты).
      Тиісті коллегияларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиістілігін көрсете отырып, соңғы аяқталған үш қаржы жыл ішінде тиісті қызмет көрсету шарттары жасалған заң және қаржы мәселелері жөніндегі консультанттардың толық ресми атауы.
      Егер жоғарыда аталған тұлғалармен шарттардың бұзылуы орын алған жағдайда, тараптардың қайсысы бастамашы болғаны жөніндегі ақпаратты көрсете отырып, шарттың бұзылу себептері туралы ақпаратты ұсыну қажет.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Қоғам корпоративтік басқару кодексін қабылдаған күні (егер оның қабылдануы қоғам жарғысында көзделген жағдайда).
      11-1. Акцияларды қоғам сатып алған кезде акциялар құнын анықтау әдістемесін акционерлердің жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекіткен күн.
       Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулыcымен.

2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлері)

      12. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі.
      Осы тармақта:
      1) қоғамның директорлар кеңесі төрағасының және мүшелерінің аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, туған жылы (тәуелсіз директорды (-ларды) көрсете отырып);
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың хронологиялық тәртіппен берілген соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні;
      3) директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі дауыс беретін акцияларының қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы;
      4) еншілес және тәуелді ұйымдардың директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесінің) жалпы санымен проценттік ара қатынасы;
      5) соңғы екі жыл ішіндегі директорлар кеңесі құрамының өзгеруі және көрсетілген өзгерістердің себептері.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

       12-1. Қоғамның директорлар кеңесінің комитеттері (болған жағдайда).
      Осы тармақта қоғамның директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауы (атаулары), оның (олардың) құзыреті көрсетілуі тиіс.
      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12-2. Тұрақтандыру банкі банкті басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын уәкілетті тұлғаны (уәкілетті тұлғаларды) көрсетеді.
      Ескерту. 12-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      12-3. Ішкі аудит қызметі (егер ол бар болса).
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамының ішкі аудит қызметі басшысының аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, туған жылы не ішкі аудит қызметі әр қызметкерлерінің аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, туған жылы;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың өкілеттіктерін көрсете отырып хронологиялық тәртіппен соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні көрсетілу тиіс.
      Ескерту. 12-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      13. Акционерлік қоғамның алқалы (жеке дара) атқарушы органы.
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамның жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөні, бар болса - әкесінің аты не акционерлік қоғамның алқалы атқару органының әрбір мүшесінің, оның ішінде басқарма төрағасының аты-жөні, бар болса - әкесінің аты;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың өкілеттіктерін көрсете отырып хронологиялық тәртіппен соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тиесілі дауыс беретін акциялардың қоғамның дауыс беретін акциялардың жалпы санына пайыздық ара қатынасы.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      14. Қоғамның осы проспектісінің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға соңғы қаржы жылында берілген және төленген сыйақы мен жалақының, сондай-ақ жеңілдіктердің жалпы сомасы.
       Егер, акционерлік қоғам акциялар шығару туралы шешім қабылданған күнге дейін үш және одан да көп айда құрылған жағдайда, сыйақының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да бір басқа нысанда) және соңғы үш айда осы Қосымшаның 12 және 13-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың (тұлғалардың тобы ретінде) акционерлік қоғамнан алған жалақысының жалпы мөлшерін көрсету қажет.

      15. Акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы.
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері;
      2) акционерлік қоғам қызметкерлерінің, оның ішінде акционерлік қоғам филиалдары мен өкілеттіктері қызметкерлерінің жалпы саны;
      3) акционерлік қоғамның акцияларын иеленетін акционерлік қоғамның қызметкерлерінің жалпы саны және олардың процентпен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы жиынтық үлесі;
      4) акционерлік қоғам бөлімшелерінің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, туған жылы);
      5) филиалдар мен өкілдіктердің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, туған жылы).

      16. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары (акционерлері).
      Осы тармақта құрылтайшы (құрылтайшылар) алдын ала төлеген акциялар санын және түрін (түрлерін) немесе қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлерге тиесілі дауыс беретін акциялардың пайыздық ара қатынасын көрсету қажет, егер акционер заңды тұлға болса осы заңды тұлғаның ірі акционерлері туралы мәліметтерді де көрсету тиіс.
      Мәліметтерде жеке тұлға - акционердің немесе құрылтайшының аты-жөні, болса әкесінің аты, туған жылы және заңды тұлға - акционердің немесе құрылтайшының толық атауы, орналасқан жері, қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын иелене бастаған күні болуы тиіс.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      17. Қоғам ірі акционері болып табылатын не ұйымның жарғылық капиталында он және одан да көп пайызымен үлесі бар ұйымдар туралы мәліметтер.
      Мәліметтерде заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, қоғамға, ұйымның орналастырылған акцияларының жалпы санына акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесі) пайыздық ара қатынасы, қызмет түрі, қоғамның ірі акционер бола бастаған не ұйымның жарғылық капиталында он және одан да көп пайызы үлесімен иелене бастаған күні және бірінші басшысы туралы ақпарат болуға тиіс.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      18. Қоғам қатынасатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.
      Осы тармақта көрсетілген ұйымдардың толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері көрсетілуі тиіс.

      19. Акционерлік қоғамның басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәлімет.
      Осы тармақта осы Қосымшаның 12-18-тармақтарында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылатын барлық тұлғалар туралы мәліметтерді оларды аффилиирленген тұлғаларға жатқызу үшін негіздерді көрсете отырып аффилиирленгендігі туындай бастаған күнін көрсету қажет.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006.03.25 N 73, 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      20. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын мәмілелер.
      Осы тармақта осы шешімді қабылдаған қоғамның органын көрсете отырып қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты; мәміленің жасалған күні; мәміленің тараптары болып табылатын заңды тұлғаның атауын және/немесе жеке тұлғаның аты-жөнін, бар болса - әкесінің атын; мәміле сомасын және мәнін көрсету қажет.

3. Акционерлік қоғам қызметінің сипаты

      21. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлерінің қысқаша сипаты, акционерлік қоғамдарға бәсекелес болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер.

      22. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлері бойынша сату (жұмыс, қызмет көрсету) кірістілігіне оң және теріс әсер ететін факторлар.

      23. Қоғамның қолындағы лицензиялар (патенттер) және олардың қолдану кезеңі, зерттеулер мен әзірлеуге, оның ішінде қоғам демейтін зерттеу әзірлеулеріне шығатын шығындар туралы ақпарат.

      24. Соңғы екі жыл немесе акционерлік қоғам нақты жұмыс істейтін кезең ішінде сатылған өнімдердің (орындалған жұмыстың, қызмет көрсетудің) көлемі.
      Соңғы екі жыл ішіндегі немесе акционерлік қоғамның нақты жұмыс істеп отырған кезеңі ішіндегі шығарылған өнімдерінің (орындалған жұмыс, қызмет) көлемінің өзгеруін талдау (Мысалы, соңғы екі жыл ішінде өнімдерді шығару 1 %-ке өсті, ол - 30 миллион теңге).

      25. Өз өнімдерін (жұмыстар, қызмет) сатуды ұйымдастырудағы қоғамның қызметі.
      Осы тармақта қоғамның тауарларын (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жеткізушілері мен тұтынушылары туралы мәліметтерді, олар шығаратын немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жалпы құнының бес және одан астам процентін құрайтын көлемде көрсету қажет.

      26. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:
      1) қызметтің маусымдық сипаты бар түрлері, олардың акционерлік қоғамның жалпы кірісіндегі үлесі;
      2) акционерлік қоғамға жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттағы (жұмыстардағы, қызмет көрсетулердегі) импорттың үлесі және сатылатын өнімнің жалпы көлеміндегі экспорттағы акционерлік қоғам сататын өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) үлесі;
      3) сот процестеріндегі акционерлік қоғамның қатысуы туралы мәлімет. Оның қатысуымен сот процестері мәнінің сипаттамасын ұсыну қажет, оның нәтижелері бойынша акционерлік қоғамның қызметі тоқтатылуы немесе өзгеруі, одан ақшалай және өзге міндеттемелер өндіріліп алынуы мүмкін;
      4) акционерлік қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына соңғы жыл ішінде уәкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) сот салған барлық әкімшілік жазалар туралы мәліметтер;
      5) тәуекел факторлары.
      Тәуекелдердің мынадай толық талдауын ұсыну қажет:
      бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында немесе биржадан тыс рынокта акциялардың бағасына, сондай-ақ рынокта өнім құнының өзгеруіне, қоғамның акцияларының құнына әсер ететін;
      инфляцияға, құнсыздануға және банктік проценттердің ставкасына байланысты;
      шығарылатын өнімнің бәсекелік қабілетіне байланысты;
      елдегі саяси ахуалдың өзгеруіне және заңдардың өзгеруіне байланысты;
      әлеуметтік факторларға байланысты.

4. Қоғамның қаржылық жай-күйі

      27. Инвестициялар.
      Басқа ұйымдардың капиталына ұзақ мерзімді инвестициялар, сатып алынған күнін көрсете отырып, бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы мәліметтер, басқа инвестициялар ашылып көрсетіледі.
      Қоғамның инвестициялық портфельді басқару, басқа ұйымдардың атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, олардың капиталына қатысуы жөніндегі стратегияның қысқаша сипаттамасын келтіру қажет.

      28. Дебиторлық берешек.
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамның алдында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам проценті мөлшерінде дебиторлық берешегі бар ұйымдардың атауы және олардың орналасқан жері;
      2) дебиторлық берешекті өтеу мерзімдері жөніндегі ақпарат;
      3) жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.

      29. Активтер.
      Осы тармақта құны қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам пайызын құрайтын қоғам мүлкінің сипатын көрсету қажет. Сондай-ақ эмитент міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын және де әр активтің құны және тиісті шарттардың қолданысы аяқталған күні көрсетілген сенімгерлікпен басқаруға берілген эмитент активтері туралы мәліметтер көрсетілу тиіс.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      30. Қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер.

      31. Заемдар.
      Осы тармақта қолданыстағы облигацияларды, банктік заемдарды және кредиттік желілерді шығару туралы ақпарат ашылады. Заемдар туралы ақпарат міндеттемелердің валюта бөлігінде және оларды орындау мерзімдері бойынша баяндалады. Валюта түрлері бойынша жылдық өлшемде орташа проценттік ставка, жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.

      32. Қоғамның негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешекте (жеткізушілер алдындағы берешек, алынған аванстар):
      1) қоғамның алдында қоғамның баланс активтері құнының бес және одан астам проценті мөлшерінде берешегі бар ұйымдардың атауы және орналасқан жері және берешек сомасы көрсетіледі;
      2) кредиторлық берешектерді өтеу мерзімдері бойынша; жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.

5. Қаржылық ұйымдардың қаржылық жағдайы

      33. Банкаралық заемдар (банктер толтырады).
      Осы тармақта банкаралық заемдар рыногындағы акционерлік қоғамдар позицияларының сипатын көрсету қажет.

      34. Салымдар (банктер толтырады).
      Осы тармақта депозиттік базаны сипаттау қажет, оның ішінде:
      1) заңды және жеке тұлғалардың салымдары бөлігінде және мерзімді салымдар мен талап ету бойынша салымдар бөлігіндегі салымдардың өсу динамикасы;
      2) тартылған салымдардың валюта бөлігіндегі салымдар бойынша орташа сыйақылар;
      3) заңды және жеке тұлғалардың салымдары бойынша бөлек салымдардың уақытша құрылымы (кредиторлық берешектерді өтеу мерзімдері жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі);
      4) соңғы үш жыл ішіндегі валюта түрлері бойынша салымдар бойынша бөлек дебет және кредит айналымдары.

      35. Шет мемлекет заңдарына сәйкес облигациялардың қолданылып жүрген шығарылым құрылымының сипаттамасы (орналастырылған, өтелген және сатып алынған облигациялар саны, есептелген купондар, сондай-ақ соңғы үш жылдағы (мерзімінен бұрын өтелген) облигациялар туралы мәліметтер).

      36. Акционерлік қоғам активтерінің бес процентінен асатын қолданылып жүрген халықаралық заемдарының (сомасы, өтеу кестесі, сыйақы мөлшері) шарттары туралы және соңғы үш жылдағы оның активтерінің бес процентінен асатын тартылған және орындалған халықаралық заемдар туралы мәлімет.

      37. Акционерлік қоғамдағы басқа ұйымдардан алынған, олардың атауы, мекен-жайы, кредит сомасы, сыйақы сомасы, өтелуі және мақсатты пайдаланылуы көрсетілген ашық кредиттік желілер туралы мәлімет.

      38. Қаржы нәтижелерін талдау.
      Осы тармақта соңғы екі жылдағы аса маңызды қаржы көрсеткіштеріне талдау келтіріледі: сатылған өнімдердің (көрсетілген жұмыстар, қызметтер) көлемі, таза кіріс, проценттік және процентсіз кірістер мен шығыстар. Аталған көрсеткіштердің таяудағы жылдағы орындалуы туралы болжам ұсынылады.

      39. Соңғы екі жылдағы кірістер мен шығыстардың құрылымы.

      40. Акционерлік қоғамның пікірі бойынша аса маңызды болып табылатын және қоғам қызметін сипаттайтын қаржы коэффициенттерінің есебі.

      41. Акциялар шығарылымының проспектісінің күніне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген пруденциалдық нормативтер мен орындалуы міндетті басқа нормалар мен лимиттердің маңызы.

      42. Қоғамның акция шығару туралы шешімі қабылданғанға дейінгі соңғы алты ай ішінде берілген кепілдіктердің көлемі мен саны.

      43. Бұрын берілген кепілдіктер, сот талаптары нәтижесінде пайда болуы мүмкін акционерлік қоғамның ықтимал міндеттемелеріне қатысты өзге де ақпарат.

6. Бағалы қағаздардың шығарылымдары туралы мәліметтер
(акциялар шығарылымы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы қабылданғанға дейін тіркелген қоғамдар үшін)

      Ескерту. 6-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006.03.25 N 73 қаулысымен .

      44. Барлық тіркелген бағалы қағаздар шығарылымдарына қатысты:
      1) бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының жалпы саны, түрі  және әрбір шығарылымдағы бағалы қағаздың номиналдық құны, шығарылым нысаны, сондай-ақ бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі және бағалы қағаздарды тіркеу күні. Акциялар шығарылымы жойылған жағдайда - жойылған күні және осы шешімді қабылдаудың себебі;
      2) алынып тасталды ;
      3) бағалы қағаздарды орналастыру күнінің басталуы және аяқталуы;
      4) Аукциондар немесе жазылымдар өткізу шарттары мен тәртібі туралы ішкі құжаттарды қабылдау күні;
      5) қоғамның бағалы қағаздар ұстаушыларының алдында өз міндеттемелерін орындамауы, облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеуі (төлемді кешіктіруі), жай және артықшылықты акциялар бойынша төлемеуі (төлемді кешіктіруі), орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және оларды орындаудың мерзімі өткен күні туралы ақпаратты әрбір жыл және акциялар түрі бөлігінде орындауды көрсетуді қоса алғандағы фактілер туралы мәліметтер. Дивидендтерді есептеу және төлеу бойынша берешектер болған жағдайда қоғамның аталған берешекті өтеу үшін қабылдаған шараларын көрсету;
      6) бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналысқа жіберу уақытша тоқтатылған немесе бағалы қағаздар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайларда осы шешімді қабылдаған мемлекеттік орган шешім қабылданған күнді және оның негіздемесін көрсетуі тиіс;
      7) облигациялар бойынша төлемдердің өтеу күні және жалпы мөлшері облигацияларды орналастыру нәтижесінде тартылған ақша сомасын көрсете отырып көрсетіледі;
      8) бір акцияға (жай, артықшылықты) есептелген және төленген дивидендтің сомасы және соңғы екі қаржы жылының ішіндегі әрбір жыл үшін әрбір акция түрі үшін дивидендтің жалпы сомасы;
      9) сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауын қоса алғанда, қоғамның бағалы қағаздарымен сауданы ұйымдастыратын және ұйымдастырмайтын рыноктарында орналасқан бағалы қағаздар санын көрсеткендегі бағалы қағаздармен сауда жасалатын негізгі рыноктар.
      Ескерту: 44-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 , 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

      44-1. Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста болған жағдайда, жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акциялар шығарылымының проспектісі шыққан күннен бастап соңғы алты ай үшін акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.
      Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастыру аяқталған күнге дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуы тиіс.
      Ескерту. 44-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006.03.25 N 73 , 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

7. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәлімет

      45. Акциялар туралы мәлімет:
      1) жарияланған акциялардың саны, түрлері;
      2) құрылтайшылар арасында орналастырылған (орналастырылатын) акциялардың саны, түрлері;
      3) құрылтайшылар төлейтін бір акцияның нақты құны;
      4) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері.
      Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      45-1. Тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының саны, түрлері, номиналдық құны туралы мәліметтер (тұрақтандыру банкі толтырады).
      Ескерту. 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      46. Қоғамның айырбасталатын бағалы қағаздары.
      Айырбасталатын акциялар шығарған жағдайда осындай айырбастың тәртібі мен шарты көрсетіледі.

      47. Төлем жасаушы агент туралы мәлімет.
      Төлем жасаушы агенттің атауын толық және қысқарған түрде беру, оның орналасқан жерін, байланыс телефонын, төлем жасаушы агентпен жасалған шарттың күні және нөмірін беру.

      48. Акционерлік қоғамның тіркеушісі туралы мәлімет.
      Тіркеушінің толық және қысқартылған атауы, оның орналасқан жері, байланыс телефоны, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясы (нөмірі, берілген күні, лицензияны берген орган) туралы деректерді көрсетеді.

8. Қосымша ережелер

      49. <*>
       Ескерту. 49-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулысымен.

      50. Инвесторларға арналған ақпарат.
      Инвесторлардың қоғам жарғысының және акция шығару проспектісінің көшірмесімен, осы құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қоғам қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атауы туралы мәліметтермен танысуға болатын орын туралы ақпарат қоғам жарғысына сәйкес көрсетіледі.
      Ескерту. 50-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181, 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      51. Акцияларды шығару проспектісіне бірінші басшы, бас бухгалтер, ішкі аудит қызметінің басшысы (егер ол бар болса) қол қояды және қоғамның мөрімен куәландырылады.
      Тұрақтандыру банкінің акциялар шығарылымының  проспектісіне уәкілетті органның шешіміне сәйкес тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өкілеттік берілген тұлға қол қояды және қоғамның мөрімен расталады.
      Уәкілетті органның банктің акциялар шығарылымы проспектісіне Банктер туралы Заң ның 17-2-бабы негізінде жарияланған акциялардың саны өскен жағдайларындағы енгізген өзгерістері мен толықтыруларына
уәкілетті органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қояды және ол мөрмен расталады.
       Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.10.29. N 161 қаулысымен.

      52. Тұрақтандыру банкі акциялар шығарылымы проспектісінің 8, 9, 10, 11-1, 12, 12-1, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 24, 25, 26, 27, 30, 38, 39, 40, 41, 42, 44, 44-1, 45, 46, 47-тармақтарын толтырмайды.
      Ескерту. 52-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

                                    Жарияланған акциялар шығарылымын
                                     мемлекеттік тіркеу, акцияларды
                                    орналастыру қорытындылары туралы
                                       есепті бекіту және акциялар
                                        шығарылымын жою ережесіне
                                                1-1-қосымша

       Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының
2006.03.25 N 73 ; өзгерту енгізілді - 2009.04.29 N 89 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

     Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
                                куәлік

      "____" __________ 200__ жыл     Алматы қаласы N ____

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі ___________________________________тіркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті
берген органның атауы, берілген күні, айы, жылы және нөмірі)
____________________________________________ акционерлік қоғамның
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
сай қоғамның атауы мен мекен-жайы)
жарияланған акцияларының шығаралымын мемлекеттік тіркеуге алды.

Шығарылым ___________________________________ акцияларға бөлінген
(акциялардың саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрі)
әрі оларға _________________ ұлттық бірегейлендіру нөмірі берілген.

Шығарылым _________________ нөмірмен эмиссиялық бағалы қағаздардың
Мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат:
___________________________________________________________________.

Куәлікке қол қойған адамның фамилиясы, аты, әкесінің аты және
лауазымы, қолы, мөрі.     

Жарияланған акциялар шығарылымын 
мемлекеттік тіркеу, акцияларды  
орналастыру қорытындылары туралы 
есепті бекіту және акциялар   
шығарылымын жою ережесіне    
2-қосымша            

Акцияларды орналастыру қорытындылары бойынша
ЕСЕП

      1. Қоғамның атауы және оның орналасқан жері.

      1-1. Қоғамның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.
      Осы тармақта қоғамның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің күні және нөмірі, сондай-ақ оның мемлекеттік тіркеуін (қайта тіркеуін) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі тиіс.
      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркелген (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің ауыстырылған) күні және шығарылымды мемлекеттік тіркеу нөмірі.

      3. Қаржылық есептің деректеріне сай қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер.

      4. Қоғам акцияларды орналастыру инвесторлардың шектеусіз аясының ортасы туралы хабарламаларды орналастырған бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және осы хабарламалар шыққан күні көрсетіледі.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

      4-1. Қоғам өзінің акционерлеріне олардың қоғамның акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын акцияларды сатып алу ұсынысын қоғамның жарғысында көрсетілген мына тәсілдердің біреуімен жеткізгені туралы ақпарат:
      1) хабарламаны беру күнін көрсете отырып жеке жазбаша хабарлама жіберу арқылы;
      2) көрсетілген ұсынысты бұқаралық ақпарат құралдарының атауын және жарияланған күнін көрсетуімен бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялау арқылы.
      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Акциялар туралы мәліметтер:
      1) жарияланған акциялардың жалпы саны, оның ішінде:
      жай акциялар ____________________________;
      артықшылықты акциялар ____________________;
      2) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері;
      3) егер акциялар айырбасталған болса, айырбастау тәртібін және айырбасталған акциялардың санын көрсету қажет.

      6. Аукциондарды немесе жазылуды өткізу шарттары мен тәртібі туралы ішкі құжаттың қабылданған және бекітілген күні туралы мәліметтер және осы тәртіпке қойылатын негізгі талаптар.

      7. Егер қоғамның акциялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген болса, олардың енгізілген күнін көрсету қажет.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

      8. Акцияларды орналастыру туралы мәліметтер:
      1) акцияларды орналастырудың есепті кезеңінің басталу күні және орналастырудың есепті кезеңінің аяқталу күні;
      2) акцияларды орналастырудың осының алдындағы әрбір есепті аралық үшін орналастыру кезеңін, орналастырылған акциялар санын және оларды жеке төлеу сомасын, сондай-ақ акцияларды орналастырмау туралы ақпарат жөнінде мәлімет қабылдау күнін көрсете отырып, осының алдындағы есепті (есептерді) бекіту күні;
      3) қоғамның директорлар кеңесінің (Банктер туралы Заңның 17-2-бабы негізінде жарияланған акциялар санын өсіру жағдайын қоспағанда) акциялардың есепті кезеңдегі орналастырылу санын және олардың орналасу бағасын белгілеу туралы шешім қабылдаған күні;
       3-1) Банктер туралы Заң ның 17-2-бабы негізінде банктің жарияланған акцияларын сатып алу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешімін қабылдаған күн;
      4) есепті кезеңде орналастырылған акциялардың және олардың түрлері бөлігінде орналастырылмаған акциялардың саны;
      5) бір жай және артықшылықты акцияны сатып алу бағасын, акцияларды сатып алу туралы шешім қабылданған күнін, сондай-ақ қоғам орналастырылған акцияларды (сатып алудың әрбір түрі бойынша жеке) сатып алуға шеккен шығыстарын көрсете отырып қоғамның бастамасы және/немесе акционерлердің талабы бойынша есепті кезеңнің аяқталу күніне сатып алынған акциялардың саны.
      Қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін акционерлердің жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекіткен күні.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.10.29. N 161, 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

      9. Акцияларды орналастыру (сату) тәсілдері акцияларды орналастыру есепті кезеңінде:
      1) ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықтарында жазылу арқылы:
      құрылтайшылар (жаңадан құрылған қоғамдар үшін) арасында акциялардың түрін, санын, акциялардың номиналдық құнын және төлем сомасын көрсету арқылы;
      туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру арқылы (туынды бағалы қағаздардың атауын, туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы орналастырылған акциялар санын, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында сатып алуға ұсынылған акциялар санын, туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған мемлекеттің атауын көрсетуімен);
      акциялардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып артықшылықпен сатып алу құқығы бойынша;
      акциялардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып талаптарды есепке алу арқылы эмитент кредиторлары арасында;
      акциялардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып өзге инвесторлар арасында орналастыру арқылы;
      2) аукцион арқылы:
      акциялардың түрін, санын, жалпы ақы төлеу сомасын, алғашқы және соңғы сауда-саттықтарды өткізу күнін көрсете отырып ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында, есепті кезеңде бір акцияны сауда-саттықта орналастырудың ең аз және ең жоғары бағасы, есепті кезеңдегі бір жай және артықшылықты акцияның нарықтық құны (егер ол есептелген болса) көрсетіледі;
      аукционды өткізу күнін, акциялардың түрін, санын және ақы төлеудің жалпы сомасын көрсете отырып ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      10. Акциялардың санын және төлем сомасын көрсете отырып оларға ақы төлеу тәсілі:
      1) ақшалай (құрылтайшылардың (инвесторлардың) акцияларды төлеуін растайтын төлем құжатының (төлем құжаттарының) деректемелері, төлем сомасы және төлеушінің атауы көрсетілуі тиіс);
      2) бағалы қағаздармен (бағалы қағаздар эмитентінің атауын, оның мекен-жайын, бағалы қағаздардың ұлттық бірдейлендіру нөмірін және олардың санын, бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалған күнін және бағалау сомасын көрсету қажет);
      3) зияткерлік қызметтің нәтижесіне құқығымен (зияткерлік меншікті бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалған күнін, бағалау сомасын, зияткерлік меншікті қабылдау - өткізу актісі туралы мәліметтерді көрсету қажет);
      4) кредитор алдында берешекті өтеу шарты бойынша (кредитордың қай органы акцияларды төлеу есебінен берешекті өтеу туралы шешім қабылдағаны және бұл шешімнің қабылданған күні, берешекті салыстырып тексеру актісі, талап ету құқығын бағалау актісін кім дайындағанын, оны жасаған күнін, бағалау сомасын көрсету қажет);
      5) қоғамның таза кірісін бөлу есебінен (тиісті шешім қабылданған акционерлердің жиналысы өткен күнін, акцияларға ақы төлеуге жұмсалған кіріс сомасын, бюджетке төлеген салық сомасын көрсету қажет);
      6) басқа да мүліктік құқықтармен (бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалған күнін, бағалау сомасын, мүлікті қабылдау - өткізу актісін көрсету қажет);
      7) өзге де тәсілмен.
      Қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда Ереженің 2-тармағында көрсетілген құжаттардың деректемелерін көрсету қажет.
      Акциялар төлеуіне мүліктік құқықтарды және өзге мүлікті енгізген жағдайда тиісті лицензиясы бар бағалаушының осы мүліктің бағалауы туралы есептің күні осы мүлікті акциялар төлеуіне енгізген күнге дейін алты айдан кешіктірмей көрсетілуі тиіс.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-1. Қоғам акциялары шығарылымының андеррайтерлері (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат.
      Осы тармақта:
      1) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысының атауы, андеррайтердің қызметін көрсетуге қоғам жасаған шарттың күні және нөмірі туралы, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
      1-1) андеррайтердің акцияларды орналастыру тәсілі туралы;
      2) андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, өкілдерге орналастырудың жалпы көлемінен пайыздық көрсетілімде және орналастырылатын әрбір акцияға төленген (төленетін) комиссиялық сыйақылар туралы, сондай-ақ шығыстар туралы басқа мәліметтер;
      3) шығаруға, орналастыруға және листингке енгізуге шығатын шығындардың негізгі санаттары туралы. Көрсетілген шығындарды эмитенттің өзі төлемеген жағдайда, оларды төлейтін тұлғаны көрсету қажет;
      4) андеррайтерлерді тартпастан және орналастырудың болашақ жоспарынсыз есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны туралы ақпаратты көрсету қажет.
      Ескерту. 10-1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен , 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Опциондарды орындау бағасы туралы мәліметтер.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

      11-1. Акциялардың нарықтық және баланстық құнының тарихы туралы ақпарат.
      Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста болған жағдайда, жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акциялар шығарылымының проспектісі шыққан күннен бастап соңғы алты ай үшін акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.
      Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастыру кезеңі аяқталғанға дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуы тиіс.
      Акциялардың баланстық құны мына формула бойынша есептеледі
      БСК= СК , мұнда
          А
      АБҚ – акциялардың баланстық құны;
      СК – қоғамның меншікті капиталының мөлшері;
      А – қоғамның орналастырылған акцияларының саны (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп).
      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 , 2008.11.28  N 181 Қаулыларымен.

      12. Дивидендтерді төлеу туралы мәліметтер:
      1) тиісті шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысы хаттамасының деректемелеріне сілтеме жасап, аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жай және артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленген дивидендтердің жалпы сомасын (есептелген және бюджетке төленген салық сомасын) көрсете отырып, дивидендтер төленген акционерлердің санын көрсете отырып дивидендтерді соңғы төлеу күні;
      1-1) қоғамның хабарламаны жариялау күнін көрсете отырып, дивидендтерге төлем жасау туралы хабарламасын орналастырған бұқаралық ақпарат құралының атауы;
      2) бір жай және артықшылықты акцияға есептелген және төленген дивидендтердің мөлшері, сондай-ақ аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша бір жай және артықшылықты акцияға келген таза табыстың мөлшері;
      3) дивидендтерді уақытында төлемеу бойынша берешек орын алған жағдайда, оның пайда болу себептерін және акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніне берешек сомасын көрсету қажет, бұл ретте акционерлер алдында берешекті өтеу бойынша қоғам қандай шаралар қолданғанын көрсетеді.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулысымен.

      13. Қоғамның тіркеушісі туралы мәліметтер:
      1) акцияларды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің атауы және орналасқан жері;
      2) қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімін жүргізу туралы шарттың күні және нөмірі.

      14. Акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніне ірі акционерлері туралы туралы мәліметтер. Осы мәліметтер тіркеуші дәл сондай күнге берген анықтама негізінде толтырылады, ол анықтама есептің ажырамас бөлігі болып табылады:

Заңды тұлға - акционер-
лердің толық
атауы немесе
жеке тұлға -
акционер-
лердің аты-жөні,
болса әкесі-
нің аты

Жеке тұлға -
акционердің
жеке басын
куәландыра-
тын құжаттың
атауы мен
деректемеле-
рі немесе
заңды тұлға -
акционерді
мемлекеттік
тіркеу (қайта
тіркеу) нөмі-
рі мен күні

Акцияның
түрін көр-
сете отырып,
акционерге
тиесілі
акциялардың
жалпы саны

Акция түрін
көрсете
отырып
акционерге
тиесілі
акциялардың
орналасты-
рылған
акциялардың
жалпы саны-
на процент-
тік арақа-
тынасы

Акционер-
ге тиесі-
лі акция-
лардың
дауыс
беруші
акциялар-
дың жалпы
санына
процент-
тік ара-
қатынасы






       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен , 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Егер орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде акциялары номиналды ұстауында болып отырған, акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніне қоғамның орналастырылған (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп тастағанда) акцияларының он және одан да көп процентін иеленетін акционерлер туралы мәліметтер болмаса, номиналды ұстаушылардың атауы және олардың номиналды ұстауындағы қоғам акцияларының саны туралы мәліметтер.

      16. Есепке бірінші басшы, бас бухгалтер қол қояды және акционерлік қоғамның мөрімен куәландырылады. Есептің әрбір данасы қаржы есептілікпен, осы Қосымшаның 10-тармағына сәйкес акцияларды орналастыру есепті кезеңінде акциялардың төлеуін растайтын құжаттардың көшірмелерімен және тіркеуші берген анықтаманың түпнұсқасымен тігіледі және тігістің ұшына және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің таңбасы қағаз пломбаға, ішінара құжаттың парағына соғылады және бірінші басшының қолымен куәландырылады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

                                    Жарияланған акциялар шығарылымын
                                     мемлекеттік тіркеу, акцияларды
                                    орналастыру қорытындылары туралы
                                       есепті бекіту және акциялар
                                        шығарылымын жою ережесіне
                                                2-1-қосымша

      Ескерту. 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының
2006.03.25 N 73 ; өзгерту енгізілді - 2009.04.29 N 89 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

       Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті
                  бекіту жөніндегі Хабарлама

      "____" __________ 200__ жыл        Алматы қаласы N ____

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес_____________________________
_________________________________________________________ тіркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті
___________________________________________________________________
берген органның атауы, берілген күні, айы, жылы және нөмірі)
____________________________________________ акционерлік қоғамның
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
__________________________________________________________________
               сай қоғамның атауы мен мекен-жайы)
акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті.

Шығарылым _________________ нөмірмен эмиссиялық бағалы қағаздардың
Мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым ___________________________________ акцияларға бөлінген
(акциялардың саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрі)

________________________________________________ жағдай бойынша
(акцияларды орналастырудың аяқталған күні, айы, жылы)

орналастырылған акциялар ___________________________________________

орналастырылмаған акциялар__________________________________________

Жарғылық капитал _______________ теңге мөлшерінде қалыптастырылды.
          (сомасы цифрмен және жазбаша)

Хабарламаға қол қойған адамның фамилиясы, аты, әкесінің аты және
лауазымы, қолы, мөрі.

                                   Жарияланған акциялар шығарылымын
                                     мемлекеттік тіркеу, акцияларды
                                    орналастыру қорытындылары туралы
                                       есепті бекіту және акциялар
                                        шығарылымын жою ережесіне
                                                2-2-қосымша

      Ескерту. 2-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының
2006.03.25 N 73 , өзгерту енгізілді - 2007.04.30 N 109 (мемлекеттік
тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа
енгізіледі); 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

            Акциялар шығарылымын жою туралы куәлік

      "____" __________ 200__ жыл            Алматы қаласы N ____

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі ___________________________________________
_________________________________________________________ тіркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті
___________________________________________________________________
берген органның атауы, берілген күні, айы, жылы және нөмірі)
____________________________________________ акционерлік қоғамның
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
___________________________________________________________________
сай қоғамның атауы мен мекен-жайы)
акциялар шығарылымын жойды.

Шығарылым _________________ нөмірмен эмиссиялық бағалы қағаздардың
Мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым ___________________________________ акцияларға бөлінген
(акциялардың саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрі)

Шығарылым _________________________________ байланысты жойылды.
                    (жою себебі)

Акциялар шығарылымы _______________________ бастап жойылды
                      Күні (күні/айы/жылы)
деп есептелсін.

Куәлікке қол қойған адамның фамилиясы, аты, әкесінің аты және
лауазымы, қолы, мөрі.

                                  Жарияланған акциялар шығарылымын
                                   мемлекеттік тіркеу, акцияларды
                                  орналастыру қорытындылары туралы
                                     есепті бекіту және акциялар
                                       шығарылымын жою ережесіне
                                                3-қосымша

      Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық
     капиталына мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың
        тізілімін ұстаушының мөртабандары таңбаларының
                          үлгілері

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН

Республикалық бөлімше

20__ жылғы "____" _______________

N ____________________

Оператор: __________________

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН

ХХ филиалы

20__ жылғы "____" _______________

N ____________________

Оператор: __________________

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ

Республикалық бөлімше

20__ жылғы "____" _______________

N ____________________

Оператор: ___________________

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ

ХХ филиалы

20__ жылғы "____" _______________

N ____________________

Оператор: __________________

                               Жарияланған акциялар шығарылымын
                                мемлекеттік тіркеу, акцияларды
                               орналастыру қорытындылары туралы
                                  есепті бекіту және акциялар
                                    шығарылымын жою ережесіне
                                             4-қосымша

      РҚАО-ның ескертуі!
      2012.01.01 бастап 4-қосымшаға өзгерту қарастырылған - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен. 

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық
     капиталына мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың
                      тізілімін ұстаушыға
                           ХАБАРЛАМА

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның атауы)
мыналар туралы (жөнінде) хабарлайды (қажеттісінің астын сызу керек):
      жарияланған акциялар шығарылымын (акциялар шығарылымының
проспектісіне өзгерістер) мемлекеттік тіркеу;
      жарияланған акциялар шығарылымын (жарияланған акциялар санының көбеюіне не түрінің өзгеруіне байланысты акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер) мемлекеттік тіркеуден бас тарту;
      акциялар шығарылымын жою;
      акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту;
      акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту;
      акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден
бас тарту;
қоғамның _____ жылғы "____" _______________ N _____ (өтініштің
Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталға
мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың тізілімін ұстаушының
мөртабанына сәйкес реттік нөмірі) өтініші негізінде:

Атауы:

(Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес)

Мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) негізгі деректері

(Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес)

Күні (кк/аа/жж)

Нөмірі

КҰЖЖ коды
















Мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) басқа да деректері

(Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес)

Орналасқан жері:


Бастапқы мемлекеттік тіркелген күні (кк/аа/жж)







Бірінші басшы:


(лауазымы және аты-жөні)


Тіркеуші туралы деректер

Атауы:


Орналасқан жері:


Шарттың күні және нөмірі


        Акцияларды орналастыру туралы мәліметтер
    (оның ішінде акциялар шығарылымын жою кезінде)

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы хат)

Күні (кк/аа/жж)

Нөмірі








Жай акциялар туралы деректер

(Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке, өтінішке сәйкес)

ҰБН

Саны

Сомасы (теңге)




Артықшылықты акциялар туралы деректер

(Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке, өтінішке сәйкес)

ҰБН

Саны

Сомасы (теңге)




Шығарылымның Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміндегі нөмірі

     Акциялар шығарылымын жою туралы мәліметтер

Акциялар шығарылымын жою туралы (акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту туралы) хат

Күні (кк/аа/жж)

Нөмірі








Жою негізі:


Қоғамды тарату



Қоғамды қайта ұйымдастыру



Басқасы (көрсету керек)

Жай акциялар туралы деректер

(Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке, өтінішке сәйкес)

ҰБН

Саны

Сомасы





Артықшылықты акциялар туралы деректер

(Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке, өтінішке сәйкес)

ҰБН

Саны

Сомасы











Шығарылымның Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміндегі нөмірі

      Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп
       (бекітілген немесе бекітуден бас тартылған)
                  жөніндегі мәліметтер

Есептің бекітілгендігі туралы (есепті бекітуден бас тарту туралы) хат

Күні (кк/аа/жж)

Нөмірі








Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы деректер

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы Куәлігіне, өтінішке сәйкес)

Жарияланған акциялар  шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы Куәлігінің күні (жарияланған акциялар санының көбеюіне және (не) түрінің өзгеруіне байланысты акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер)

Бағалы қағаздар мемлекеттік тізіліміндегі шығарылымның нөмірі

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілген күн







Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі

Шығарылымның Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміндегі нөмірі

Акцияларды орналастыру туралы деректер

(акциялар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есепке сәйкес)

Акцияларды орналастыру басталған күн (кк/аа/жж)







Акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталған күні (кк/аа/жж)







Орналастырылған акциялардың жалпы сомасы 

Бір акцияны орналастыру бағасы

Орналастырылған акциялардың саны