Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3822

Жаңартылған

      Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібін және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі есептерді қарауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұсынылып отырған Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2 қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер өзінің күшін жойды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2005 жылғы 30 шілдедегі    
N 269 қаулысының       
1-қосымшасы          

Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк
тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесi

      Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң), "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
20 ақпандағы Заңына , "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялардың (бұдан әрі - облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеудің, облигацияларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есепті қараудың және бекітудің шарттары мен тәртібін айқындайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Облигациялардың шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) және облигациялық бағдарлама шегiндегi
облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу

      1. Эмитент облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу үшiн бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгiленген құжаттарды ұсынады.
      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта Acrobat Reader форматында және электронды тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілінде (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) данамен жасалады. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі акциялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектісі бар
      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектісіндегі мәліметтер, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есепке сай көрсетілуі тиіс эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты қоспағанда ( Ереженің 1 және 2-қосымшаларының 5-тарауында көрсетілген), уәкілетті органға құжаттарды тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы күніне келтірілуі тиіс.
      Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 1 маусымына дейінгі кезеңде аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржылық есеп болмаған жағдайда қоғам соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жыл үшін аудит жасалған қаржылық есепті уәкілетті органға ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржылық есепті қоғам акционерлердің жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржылық есепті бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).
      Оригинатордың соңғы жыл үшін аудиторлық есебі, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секъюритилендірудің осы мәмілесі бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
      Концессиялық шарттың және кепілдік шарттың көшірмелері инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөліктері болып табылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен , 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

       1-1. Мемлекеттік тіркелуі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру күніне дейін екі жылдан асқан мерзімде жүзеге асырылған заңды тұлғалар үшін облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі эмитент мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:
      1) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне дейін соңғы аяқталған екі қаржы жылдың біреуінің қорытындысы бойынша эмитенттің шығынсыз қызметі немесе аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған ақшалай қаражатының таза ағындары оң болып табылады;
      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның қорытындысы бойынша эмитент левереджінің мөлшері 2-ден аспайды;
      3) осы шығарылымның облигациялары және эмитент уәкілетті орган мен сауда-саттықты ұйымдастырушы эмитенттерге және олардың қор биржасындағы айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына қатысты, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына (егер эмитент пен осы шығарылым облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі көзделген жағдайда) белгілеген талаптарға сәйкес келеді;
      4) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне, сондай-ақ құжаттарды беру күніне дейінгі үш ай ішіндегі кезеңде қаржы ұйымдарының уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді және өзге де нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің, болмауы.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары қаржы ұйымдарына таралмайды.
       Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      1-2. Қаржы ұйымы болып табылмайтын, мемлекеттік тіркелуі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне дейін екі жылға жетпеген мерзімде жүзеге асырылған заңды тұлғалар үшін облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі эмитент осы Ереженің 1-1 тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.
       Ескерту. 1-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      1-3. Қаржы ұйымы болып табылатын, мемлекеттік тіркелуі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне дейін екі жылға жетпеген мерзімде жүзеге асырылған заңды тұлғалар үшін облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі эмитент осы Ереженің 1-1–тармағының 3) және 4) тармақшаларындағы талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.
       Ескерту. 1-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      1-4. Осы Ереженің 1-1, 1-2 және 1-3 тармақтарының талаптары облигациялық бағдарламасын, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигацияларды, кейінгі облигациялар шығарылымдарын (оның бұрын шығарылған облигациялары қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыста болған кезде), инфрақұрылымдық облигацияларды шығару, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығару, сондай-ақ айналыста болу мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялар шығару жағдайларына таралмайды.
       Ескерту. 1-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      2. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң талаптарына сәйкес тiркеген облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      2) облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымының осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған проспектiсiн қағаз тасымалдағышта (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) екi данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) бiр данада мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялық бағдарламалар шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар;
      3) эмиссиялық органның облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртiбi, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер бар облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен , 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

       2-1. Эмитенттің аудиторлық есеппен расталған соңғы қаржы жылына жылдық қаржылық есептілік және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсан аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігі (облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде қаржылық есептіліктің деректері ұсынылмаған жағдайда) облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       2-2. Осы Ереженің мақсаты үшін "Standard & Poor's" агенттігінің рейтингтік бағаларынан өзге, сондай-ақ уәкілетті органмен "Moody's Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының рейтингтік бағалары танылады (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер).
       Ескерту. 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

       2-3. Осы Ереженің мақсаты үшін:
      1) міндеттемелер құрылымын қайта қарау деп эмитент (оның ішінде банк) ерікті түрде не уәкілетті органның банкке қаржылық жағдайды сауықтыратын және жұмыс сапасын жақсартатын құрылымды қайта қарау жоспары негізінде қолданатын алдын-ала ықпал ету шаралары аясында іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да іс-шаралар кешені түсіндіріледі;
      2) банктің құрылымын қайта қарау деп банктің құрылымды "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) 6-1-тарауына сәйкес қайта қарауы түсіндіріледі.
       Ескерту. 2-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      3. "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А"-дан төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингі не басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентi облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн мыналарды ұсынады:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      2) эмитенттiң облигацияларды, шығарылым көлемiн, облигациялардың санын және түрiн, облигациялардың номиналды құнын, облигациялар ұстаушылар құқықтарын орналастыру нәтижесiнде қаражатты пайдаланып алған облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбi туралы мәлiметтерi бар, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармалары нотариатта куәландырылған облигациялар шығарылымдары туралы эмитент органы шешiмiнiң көшiрмесiн;
      3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта (мемлекеттік және орыс тілдерінде) екі данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта (проспекттің электрондық нұсқасы эмитенттің қаржылық есебін қоспай мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады) жасалған облигациялар шығарылымының проспектісін. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар;
      4) мемлекеттiк және орыс тiлдерiне аударылған нотариатта куәландырылған жарғының көшiрмесiн;
      5) оның тұрған жерiндегi мемлекеттiң заңдарына сәйкес заңды тұлға ретiндегi эмитенттiң тiркелгенiн растайтын құжаттың мемлекеттiк және орыс тiлдерiне аударылған нотариатта куәландырылған көшiрмесiн;
      6) банк кепiлдiгiн қамтамасыз еткен облигациялар шығарылған жағдайда, эмитенттiң мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етудi растайтын құжаттар мен облигацияларды ұстаушылар өкiлдерiмен шарттың көшiрмесiн.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.08.22. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.11.28  N 181 Қаулыларымен.

      4. Облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн осы Ереженiң 7-қосымшасында көрсетiлген халықаралық қаржы ұйымдары мыналарды бередi:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      2) эмитенттiң облигацияларды, шығарылым көлемiн, облигациялардың санын және түрiн, облигациялардың номиналды құнын, облигациялар ұстаушылар құқықтарын орналастыру нәтижесiнде қаражатты пайдаланып алған облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбi туралы мәлiметтерi бар, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармалары нотариатта куәландырылған облигациялар шығарылымдары туралы эмитент органы шешiмiнiң көшiрмесiн;
      3) тиiстi қаржы ұйымының iшкi құжаттарына сәйкес қағаз тасымалдағышта (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) екi данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) бiр данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған облигациялар шығарылымының проспектiсiн. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)

      5. Эмитент облигациялық бағдарлама Қазақстан Республикасының Заңдарының және/немесе осы Ереженiң талаптары шегiндегi облигациялар шығарылымын және/немесе облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент ұсынған құжаттар сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:
      1) облигациялар шығарылымын, облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын тiркейдi және эмитентке осы Ереженің 3-1-қосымшасына сай облигациялар шығарылымын, осы Ереженің 3-2-қосымшасына сай облигациялық бағдарламаны немесе осы Ереженің 3-3-қосымшасына сай облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бередi;
      2) эмитентке облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) немесе облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң уәкiлеттi орган оны мемлекеттiк тiркегендiгi туралы белгiсi қойылған бiр данасын қайтарады.
      Облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымының проспектiсi облигациялық бағдарлама проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .

1-1-тарау. Облигациялар шығарылымының проспектісіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      Ескерту: 1-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .

      5-1. Эмитент облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) бірінші басшы, бас бухгалтер қол қойған және эмитент мөрінің бедерімен расталған облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз тасымалдағышпен екі данада жасалған. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) жасалған өзгерістер мен толықтырулар бар;
      3) қаржылық есеп берусіз Аcrobat Reader форматындағы электронды тасымалдағышта енгізілген (өзгерістер мен толықтырулары бар) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама);
      4) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) соның негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізген эмитент органы шешімінің көшірмесі;
      5) эмитенттің атауы, оның тұрғылықты орны, облигациялардың саны және (немесе) олардың айналыс мерзімі кеміген жағдайдағы облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;
      6) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар енгізу қорытындысында облигацияның меншік иелерінің құқықтарының бұзылмайтындығы туралы эмитенттің жазбаша міндеттемесі;
      7) тұрғылықты орны өзгерген жағдайда – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің және жарғының көшірмелері.
      Эмитент міндеттемелерінің құрылымын ерікті түрде не уәкілетті орган банкке қолданған алдын-ала ықпал ету шаралары аясында қайта қараған жағдайында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) эмитент органы бекіткен құрылымды қайта қарау жоспарының мыналар бар көшірмесін:
      эмитент міндеттемелерінің құрылымын қайта қарауды өткізудің тәртібі мен мерзімі;
      міндеттемелер құрылымын қайта қарау аясында өтетін іс-шаралар, оның ішінде облигациялар шығарылымы талаптарының өзгерістері бар;
      эмитент міндеттемелерінің құрылымын қайта қарау нәтижесі бойынша жорамалданатын қаржылық қорытындылар;
      қызметте қабылданатын шектеулер;
      2) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркейтін құжаттарды ұсынатын күннің алдындағы күнгі тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмесі;
      3) облигациялар шығарылымы талаптарының өзгеруіне, сондай-ақ уәкілетті органның облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеген сәтке дейін құрылымды қайта қарау жорамалданып отырған кезде облигацияларды, міндеттемелерді иеліктен айырмауға (ауыртпалық түсірмеуге) міндеттеме қабылдауға байланысты әрбір облигацияны ұстаушының не берілген сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын оның өкілінің нотариатта куәландырылған келісімі.
      Банктің құрылымды қайта қарауы соттың құрылымды қайта қарау жөніндегі шешіміне сәйкес жүргізілген жағдайында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) сот бекіткен құрылымды қайта қарау жоспарының көшірмесі және оның ішінде облигациялар шығарылымы талаптарының өзгерістерін қоса бере отырып, банктің құрылымын қайта қарауды өткізу туралы сот шешімінің көшірмесі;
      2) міндеттемелерінің құрылымын қайта қарау жорамалданып отырған банк кредиторларының жиналысы өтетін күні тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмесі;
      3) Банктер туралы Заңының 59-3-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуын растайтын мерзімді баспасөз басылымы беттерінің көшірмелері.
      Ескерту. 5-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      5-2. Эмитент облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:
      1) облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тіркейді және эмитенттің атауы өзгерген, тұрғылықты жері, облигациялар саны және (немесе) олардың айналыс мерзімі кеміген жағдайда бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырады;
      2) уәкілетті органның олардың мемлекеттік тіркелгені туралы белгісімен бірге облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың бір данасын эмитентке қайтарады.
      Ескерту. 5-2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

      5-3. Уәкілетті орган облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу үшін эмитент ұсынған құжаттарды осы Ереженің 5-1-тармағында көрсетілген құжаттар берілген күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      5-4. Облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістердің мемлекеттік тіркелуі осы өзгерістер облигациялар шығарылымының тіркелген көлемінің өзгеруіне әкелмейтін жағдайда ғана жүзеге асырылады.
       Ескерту. 5-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

2-тарау. Айналыс мерзімі жиырма айдан аспайтын
облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулысымен.

      6. Айналыс мерзімі жиырма айдан аспайтын облигациялар шығарылымын акциялары қор биржасы ресми тізімінің "акциялар" секторындағы бірінші санатына енгізілген эмитент жүзеге асырады.
      7. Эмитент айналыс мерзімі жиырма айдан кем емес облигацияларды мемлекеттік тіркеу және оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:
      1) айналыс мерзімі жиырма айдан кем емес облигацияларды мемлекеттік тіркеу және оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда жасалған сұратуды;
      2) эмитенттің қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қор биржасының қорытындысын.
      8. Айналыс мерзімі жиырма айдан кем емес облигацияларды мемлекеттік тіркеу және оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
      8-1. Эмитент және ол ұсынған құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган облигациялар шығарылымын тіркейді және эмитентке айналыс мерзімі жиырма айдан кем емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді.

3-тарау. Облигацияларды орналастыру және өтеу
қорытындылары туралы есептi қарау

      9. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау үшiн эмитент уәкiлеттi органға Заңның 24-бабының 1-тармағында белгiленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екi данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есеп бар.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулысымен.

      9-1. Облигацияларды орналастыру кезеңі жүйелі алты ай болады;
      Орналастырудың бірінші есепті кезеңінің басталу күні облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген облигацияларды орналастыруды бастаған күні болып табылады.
      Келесі есепті кезеңнің басталу күні алдыңғы есепті кезеңнің аяқталған күннен кейін келетін күн болып табылады.
      Облигацияларды орналастыруды аяқтау күні эмитенттің жеке шотынан (жеке шоттардың бірыңғай жүйесінен) не номиналдық ұстау есеп жүйесінен барлық облигацияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына аудару бойынша соңғы операцияны жүргізу күні не облигациялар шығарылымының проспектісімен белгіленген облигацияларды орналастыру мерзімі аяқталған күні болып табылады.
      Облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті эмитент орналастырудың есепті кезеңі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде ұсынады.
      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2008.11.28 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      10. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау үшiн эмитент уәкiлеттi органға Заңның 32-бабының 2-тармағында белгiленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп осы Ереженiң 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      11. Облигацияларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептi қарау үшiн эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:
      1) облигацияларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептi бекiтедi және эмитентке осы Ереженің 8-қосымшасына сай облигацияларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептiң бекiтiлгенi туралы хабарлама жiбередi;
      2) эмитентке облигацияларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептiң уәкiлетті органның оны бекiткендiгi туралы белгiсi қойылған бiр данасын қайтарады.
      Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .

      12. Егер облигацияларды орналастыру есепті кезеңінің басталу күнінен бастап алты ай ішінде эмитент бір де бір облигацияны орналастырмаса, ол уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
      1) осы кезеңде облигациялар орналастырылмағаны туралы мәліметтер және есепті кезеңнің аяқталу күніндегі жағдай бойынша левередж мөлшерінің сипаттамасы бар (қаржы ұйымдары левередж мөлшерін көрсетпейді), сондай-ақ осы шығарылым облигациялары бойынша кезекті сыйақы төлеуге байланысты және (немесе) осы шығарылымның орналастырылған облигацияларын өтеуге байланысты ықтимал проблемаларды (олар болған жағдайда), және осы жағдайдан шығу үшін эмитент қолданған іс-шаралардың сипаттауы бар жазбаша хабарлама. Хабарламада облигацияларды орналастырмау себептерін көрсету қажет;
      2) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін облигацияларды орналастырудың есепті кезеңінің аяқталу күніне тіркеушімен берілген эмитенттің жеке шотының жағдайы туралы үзінді көшірменің көшірмесі.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       3-1 тарау. Облигациялар шығарылымының күшін жою

     Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12-1. Облигациялар шығарылымының күшін жою уәкілетті органымен осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған жағдайда облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған эмитенттің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      12-2. Облигациялардың күшін жою үшін эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) ерікті нысанда жазылған өтініш;
      2) облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған эмитенттің шешімінің көшірмесі;
      3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, облигациялар шығарылымының проспектісінің уәкілетті органның тіркеу туралы белгісімен түпнұсқалары;
      4) жою туралы шешімді қабылданған күнге тіркеушінің облигациялар ұстаушыларының жоғы туралы хабарламасы.
       Ескерту. 12-2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      12-3. Осы Ереженің 12-2-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды жоғалтқан жағдайда эмитент уәкілетті органға бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланған жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы хабарламаның көшірмесін ұсынады.

      12-4. Эмитенттің облигациялар шығарылымының күшін жоюға уәкілетті органға ұсынған құжаттары оларды алған күннен бастап он төрт күн ішінде қаралады.

      12-5. Эмитенттің облигациялар шығарылымының күшін жоюға ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес болған жағдайда уәкілетті орган облигациялар шығарылымының күшін жояды және эмитентке осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес облигациялар шығарылымының күші жойылғаны туралы хабарлама жібереді. Облигациялар шығарылымының күшін жою туралы қабылданған шешімді уәкілетті орган эмитенттің тіркеушісіне және орталық депозитарийге мәлімет үшін жібереді.

      12-6. Облигациялар шығарылымы облигациялар шығарылымы күшін жойғаны туралы хабарламада көрсетілген күннен бастап, бірақ уәкілетті орган облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған күннен он күн асырмай күшін жояды.

4-тарау. Қосымша ережелер

      13. Облигациялардың келесi шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитенттiң ең төменгi кредиттiк рейтингi алдыңғы шығарылымдардың облигациялары айналыста болған кезде Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В"-дан немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасынан төмен болмауы тиiс.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2008.08.22. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

      14. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, олардың бұрын шығарылған облигациялары қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыста болған кезде және мынадай талаптарды сақтағанда келесі облигациялар шығарылымын жүзеге асырады:
      1) қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыста болған облигациялар бойынша сыйақы төлеу бойынша уақтылы орындалмаған және орындалмаған міндеттемелердің болмауы;
      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне дейін соңғы аяқталған екі қаржы жылдың біреуінің қорытындысы бойынша эмитенттің шығынсыз қызметі немесе аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған ақшалай қаражатының таза ағындары оң болып табылады;
      3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне, сондай-ақ құжаттарды беру күніне дейінгі үш ай ішіндегі кезеңде қаржы ұйымдарының уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді және өзге де нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмауы;
      4) осы шығарылымның облигациялары және эмитент уәкілетті орган мен сауда-саттықты ұйымдастырушы эмитенттерге және олардың қор биржасындағы айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына қатысты, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына (егер эмитент пен осы шығарылым облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі көзделген жағдайда) белгілеген талаптарға сәйкес келеді.
      Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтаған кезде, сондай-ақ мынадай талаптардың біреуін сақтаған кезде ғана келесі облигациялар шығарылымын жүзеге асырады:
      1) жаңадан шығарылатын облигациялар ипотекалық облигациялар болып табылады;
      2) уәкілетті органға келесі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне эмитенттің осы Ереженің 13-тармағында белгіленген барынша төмен кредиттік рейтингі бар.
      Осы тармақтың талаптары банк құрылымын қайта қарауды өткізу жөніндегі сот шешіміне сәйкес не уәкілетті органның банкке қолданатын алдын-ала ықпал ету шаралары аясында өткізілетін осының алдында шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелер құрылымын қайта қарауды өткізу жағдайларына таратылмайды.
       Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз),   2009.07.07. N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      14-1. Егер эмитенттің осы Ереженің 13-тармағында белгіленген ең төменгі кредиттік рейтингісі болмаса (ипотекалық облигациялар эмитенттерін, сондай-ақ осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген эмитенттерді қоспағанда), эмитент бұрын шығарған облигациялар бағалы қағаздардың қайталама рыногында айналыста болған кезде эмитент одан кейінгі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттің левередж көлемінің есебін ұсынады.
      Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .
      14-2. Банк міндеттемелер құрылымын қайта қарауды уәкілетті органның банкке қолданатын алдын-ала ықпал ету шаралары аясында өткізген жағдайында осыдан кейінгі облигациялар шығарылымын, облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар беріледі:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) жарғы көшірмесі;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
      4) статистикалық карточканың көшірмесі;
      5) облигациялар шығарылымы банк кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда банк міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар және облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарт көшірмесі;
      6 ) банк міндеттемелері құрылымын қайта қарауды өткізу туралы банк органы шешімінің көшірмесі;
      7) банк органы бекіткен құрылымды қайта қарау жоспарының көшірмесінде мыналар болуы тиіс:
      міндеттемелер құрылымын қайта қарауды өткізу тәртібі мен мерзімі;
      міндеттемелер құрылымын қайта қарау аясында өткізілетін іс-шаралар, оның ішінде облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) талаптары;
      міндеттемелер құрылымын қайта қарау нәтижесіндегі жорамалданатын қаржылық қорытындылар;
      қызметте қабылданатын шектеулер;
      8 ) осы Ереженің 1-қосымшасына немесе 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада жасалған қағаз тасымалдағыштағы (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама) және Аcrobat Reader форматындағы электронды тасымалдағышта енгізілген (қоғамның қаржылық есеп беруінсіз) мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада. Бұл ретте әрбір екі данада мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама) бар;
      9) осының алдындағы облигациялар шығарылымын, облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беретін күннің алдындағы күнгі тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмесі;
      10) облигацияларды ұстаушылар алдында міндеттемелер құрылымын қайта қарау үшін әрбір облигацияны ұстаушының не берілген сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын оның өкілінің нотариатта куәландырылған келісімі, сондай-ақ облигацияларды ұстаушылар тізілім жүйесінде осының алдында шығарылған облигациялардың орнына жаңа облигациялар шығарылымын шығарған кездегі айырбас мәмілелері тіркелген сәтке дейін құрылымды қайта қарау жорамалданып отырған кезде облигацияларды, міндеттемелерді иеліктен айырмауға (ауыртпалық түсірмеуге) міндеттеме қабылдау.
      Банк облигациялық бағдарлама шегінде осыдан кейінгі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың 1), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларымен көзделген құжаттарды береді.
       Ескерту. 14-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      14-3. Банк соттың осыдан кейінгі облигациялар шығарылымын, облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылымды қайта қарауды өткізу жөніндегі шешіміне сәйкес құрылымды қайта қарауды өткізген жағдайында мынадай құжаттарды береді:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) жарғы көшірмесі;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
      4) статистикалық карточканың көшірмесі;
      5) облигациялар шығарылымы банк кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда банк міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар және облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарт көшірмесі;
      6 ) сот бекіткен құрылымды қайта қарауды өткізу жоспарының көшірмесін қоса бере отырып, банк құрылымын қайта қарауды өткізу туралы сот шешімінің көшірмесін, оның ішінде облигациялар шығарылымы талаптарын;
      7) осы Ереженің 1-қосымшасына немесе 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада жасалған қағаз тасымалдағыштағы (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама) және Аcrobat Reader форматындағы электронды тасымалдағышта енгізілген (қоғамның қаржылық есеп беруінсіз) мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада. Бұл ретте әрбір екі данада мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама) бар;
      8) Банктер туралы Заңының 59-3-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуын растайтын мерзімді баспасөз басылымы беттерінің көшірмелері.
      Банк облигациялық бағдарлама шегінде осыдан кейінгі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың 1), 5), 6), 7), 8) тармақшаларымен көзделген құжаттарды береді.
      Ескерту. 14-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      15. Ипотекалық облигациялар мынадай жоғары өтiмдi активтермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн:
      1) ақшамен;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен;
      3) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздарымен;
      4) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акцияларымен;
      "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар базалық активі Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттармен;
      қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына енгізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акцияларымен;
      базалық активі қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына енгізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттармен;
      "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарымен;
      қор биржасының ресми тізімінің "бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" шағын санатына енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарымен .
      Ипотекалық облигацияларды қамтамасыз етуге енгізілетін бағалы қағаздардың және ақшаның құны айналысқа түсу процесінде қамтамасыз етудің жалпы құнының 20%-ынан астам емес болуы тиіс.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2008.08.22. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      16. Уәкiлеттi орган облигациялар проспектiсi шығарылымы аясында берiлген ақпаратты, уәкiлеттi органның ресми web-сайтында орналастыру жолымен оларды орналастыру және өтеу қорытындысы туралы есептердi, сондай-ақ келіп түскен дефолт фактілері туралы ақпаратты мүдделi тұлғалардың сұратулары бойынша ашады. Осы Ережеге сәйкес уәкiлеттi органға эмитент қағаз және электронды тасымалдағыштармен ұсынған құжаттар мазмұны дәлме-дәл болуы тиiс.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      16-1. Эмитент ұсынған құжаттар көшірмелері бірінші басшының (не оның орнын ауыстыратын тұлғаның) қолы қойылуымен және эмитенттің мөр таңбасымен расталады.
      Құжаттың парақтары көп болған жағдайда әр парағы расталады не құжат тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбасымен бекітіледі. Мөрдің таңбасы және бірінші басшысының (немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның) қолы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына түсуі тиіс.
      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       16-2. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны), шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және облигациялар шығарылымын жоюды мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда эмитент уәкілетті органның ескертулерін жойып, пысықталған құжаттарды бас тартуды алған күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органға қайта ұсынады.
       Ескерту. 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      16-3. Эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес мәліметтерді ұсынады.
       Ескерту. 16-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      17. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

Мемлекеттiк емес      
облигациялардың шығарылымын 
мемлекеттiк тiркеу және  
облигацияларды орналастыру 
және өтеу қорытындылары   
туралы есептi қарау ережесiне
1-қосымша          

Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның)
проспектiсi

      Облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектiсiнiң мәтiнiнде эмитенттiң қаржылық жай-күйi мен қызметi туралы ақпарат бар.

      1. Облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң бiрiншi бетiнiң парағында:
      1) құжаттың атауы: "Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi";
      2) эмитенттiң толық және қысқартылған атауы;
      3) орналастырылатын облигациялардың түрi және саны бар.
      Облигациялық бағдарламаны тiркеу кезiнде облигациялық бағдарламаның жиынтық көлемiн көрсету керек;
      4) "Уәкiлеттi органның облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу шығарылым проспектiсiнде жазылған облигацияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да болмасын ұсыным берудi білдiрмейдi. Облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы уәкiлеттi орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығы үшiн жауап бермейдi. Облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгi ғана қаралады. Эмитенттiң лауазымды тұлғалары осы проспектiдегi ақпараттың шынайылығы үшiн жауап бередi және ондағы барлық ақпарат шынайылығын және эмитентке және оның облигацияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды" деген жазба.
      Облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектiсiнiң мәтiнi мыналардан тұрады:

1. Эмитент туралы жалпы мәлiметтер

      2. Эмитенттiң атауы.
      Осы тармақта эмитенттiң толық және қысқаша атауын көрсету керек.
      Егер эмитент жарғысында оның толық және қысқаша атауы шет тiлiнде көзделген болса, онда осындай атауды қосымша көрсету керек.
      Эмитент атауы өзгерген жағдайда оның осының алдындағы атауының толық және қысқарған түрi, сондай-ақ оның өзгертiлген күнi көрсетiлуi керек.
      Егер эмитент заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдастырылуы негiзiнде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар мен эмитенттiң заңды мұрагерлеріне қатысты мәлiметтердi көрсету қажет.

      3. Эмитенттi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта эмитенттi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң берiлген күнi және нөмiрi, сондай-ақ оны мемлекеттiк тiркеудi (қайта тiркеудi) жүзеге асырған органның атауы көрсетiледi.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақты алып тастау көзделген - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi.

      5. Эмитенттiң орналасқан жерi, байланыс телефондарының және факсының нөмiрлерi, электрондық почтасының адресi туралы ақпарат.

      6. Эмитенттiң банктiк деректемелерi.

      7. Эмитент қызметiнiң түрлерi.

      8. Эмитентке немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттiктерi және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттiктерi берген рейтингтердiң болуы туралы мәлiметтер.
      Егер эмитентке қаржылық агенттiк мәртебесi берiлген жағдайда, онда уәкiлеттi орган қаулысының күнi, нөмiрi көрсетiледi.

      9. Эмитенттiң барлық филиалдары мен өкiлдiктерiнiң атауы, тiркелген күнi, орналасқан жерi және почталық мекен-жайы.

      10. Эмитенттiң соңғы аяқталған үш қаржы жылына қаржылық есебiне қаржылық есеп беру аудитiн жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның (фамилиясы, аты, болса аудитордың аты-жөнi), олардың тиiстi алқалы органға (қауымдастық, палата) қатыстылығы көрсетiлген толық ресми атауы.
      Проспектті уәкілетті органға ұсыну алдындағы үш жыл ішінде тиiстi қызмет көрсету шарттары жасалған заң және қаржылық мәселелер бойынша кеңесшiлердiң, олардың тиiстi алқалы органға (қауымдастық, палата) қатыстылығы көрсетiлген толық ресми атауы. Егер жоғарыда аталған тұлғалармен шарттың бұзылуы орын алған жағдайда, оның бастамашысы болған тарапты көрсете отырып шарттың бұзылу себебi туралы ақпарат ұсынылуы тиiс.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Эмитенттiң корпоративтi басқару кодексiн қабылдаған күнi (оның қабылдануы қоғамның жарғысында қаралған жағдайда).

2. Эмитенттiң басқару органдары

      12. Эмитенттiң басқару органдарының құрылымы.
      Осы тармақта эмитенттiң басқару органдарының құрылымы және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына, эмитенттiң жарғысына және iшкi құжаттарына сәйкес құзыретi көрсетiледi.

      13. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) мүшелерi.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) мүшелерiнiң әрқайсының, оның iшiнде директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) төрағасының фамилиясы, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, туған жылы;
      2) директорлар кеңесiнiң тәуелсiз мүшелерiнiң әрқайсының фамилиясы, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты;
      3) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесi) әрбiр мүшелерiнiң соңғы үш жылда атқарған және қазiргi уақытта атқаратын, оның iшiнде қоса атқарған қызметтерi хронологиялық тәртiппен;
      4) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) әрбiр мүшелерiнiң әрқайсының қатысу үлесiн көрсете отырып эмитенттiң және оның еншiлес және тәуелдi ұйымдарының жарғылық капиталына (акцияларына/үлесiне) қатысуы;
      5) өткен екi жыл iшiндегi директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) құрамындағы өзгерiс көрсетiледi.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13-1. Эмитенттің директорлар кеңесінің комитеттері (ондай болған жағдайда).
      Осы тармақта эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауын, оның (олардың) құзыретін көрсету қажет.
      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       13-2. Ішкі аудит қызметі (бар болса).
       Ескерту. 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      14. Эмитенттiң атқарушы органы.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнi және туған жылы және эмитенттiң алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсысының аты-жөнi және туған жылы;
      2) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасы не эмитенттiң алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының соңғы үш жылда атқарған және қазiргi уақытта атқаратын, оның iшiнде қоса атқарған қызметтерi хронологиялық тәртiппен;
      3) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасы не эмитенттiң алқалы атқарушы органының әрбiр мүшелерiнiң әрқайсының қатысу үлесiн көрсете отырып эмитенттiң және ұйымдардың төленген жарғылық капиталына қатысуы көрсетiледi.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Егер эмитенттiң атқарушы органының өкiлеттiгi басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берiлсе, онда осы тармақта:
      1) басқарушы ұйымның толық және қысқаша атауын;
      2) осы ұйымның жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнiн және туған жылын не оның алқалы атқарушы органының және оның директорлар кеңесiнiң (қадағалау кеңесiнiң) мүшелерiнiң аты-жөнiн және туған жылдарын;
      3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың соңғы екi жылда атқарған, оның iшiнде өклеттiктерiн көрсете отырып қоса атқарған, қызметтерiн хронологиялық тәртiппен;
      4) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың эмитенттің, оның еншiлес және басқарушы ұйымының, оның iшiнде акционерлiк қоғамның төленген жарғылық капиталына (акцияларын/үлесiне) қатысуын көрсету керек.
      Осы тармақты акционерлiк қоғамдар толтырмайды.

      16. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, эмитенттiң атқарушы органының мүшелерiне және эмитенттiң басқа басқарушы тұлғаларына төленетiн сыйақылар.
      Осы тармақта осы Қосымшаның 13, 13-1 және 14-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннiң алдындағы соңғы үш айда алған сыйақысының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да болмасын басқа нысанда) жалпы мөлшерi, сондай-ақ облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап соңғы он екi ай iшiнде аталған тұлғаларға төленетiн сыйақының жоспарланған жалпы мөлшерi көрсетiледi.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Эмитенттiң ұйымдық құрылымы.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерi, филиалдары және өкiлдiктерi;
      2) эмитент қызметкерлерiнiң, оның iшiнде эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны;
      3) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

3. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) және аффилиирленген
тұлғалары

      18. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары).
      Осы тармақта:
      1) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы саны және толық және қысқартылған атауы, заңды тұлғаның мекен-жайы не эмитент үлестерінің (орналастырылған және дауыс беруші акцияларының) он және одан да көп процентiн иеленген акционерлердiң (қатысушылардың) аты-жөнi;
      2) эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) болып табылмайтын, бiрақ басқа ұйым арқылы эмитенттің қызметiн бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      Егер эмитент банк болып табылған жағдайда, осы тармақта, осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында аталған ақпараттардан басқа, банктің орналастырылған акцияларының он және одан да кеп процентiн тiкелей немесе жанама иеленген, банктің орналастырылған акцияларының он және одан да көп процентiмен тiкелей немесе жанама дауыс беруге не банк шарттың күшiмен немесе өзге жағдаймен эмитент қабылдаған шешiмге ықпал етуге мүмкiндiгi бар акционерлер туралы ақпаратты көрсету керек.
      Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .

      19. Эмитенттiң заңды тұлғаларының толық атауын, орналасқан жерiн, оның жарғылық капиталындағы эмитенттiң акцияларының (үлестерiнiң) проценттiк қатынасын, қызмет түрiн, аты-жөнiн және бiрiншi басшысының атын көрсете отырып, акциялардың (үлестердiң) он және одан да көп процентiн иеленген заңды тұлғалар туралы мәлiметтерi.

      20. Эмитент қатысатын өндiрiстiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.

      21. Эмитенттiң басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта заңды тұлғаның толық атауын (аты-жөнi, бар болса - жеке тұлғаның әкесiнiң аты), оның орналасқан жерi, қызметiнiң түрiн, бiрiншi басшысының аты-жөнiн көрсете отырып осы Ереженiң 13, 13-1, 14, 18, 19-тармақтарына сәйкес көрсетiлмеген, бiрақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитенттiң аффилиирленген тұлғалары болып табылатын барлық тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

      22. Эмитенттiң аффиллиирленген тұлғаларының қатысуымен жасалған операциялар.
      Осы тармақта заңды тұлғаның атауы және оның мекен-жайы және/немесе аты-жөнi, бар болса - жеке тұлғаның әкесiнiң аты және туған жылы, мәмiле жасалған сомасы және осы шешiмдi эмитенттiң қандай органы қабылдаған қорытындысының күндерi көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитентке қатысты аффилиирленген болып табылатын ұйымдардың қатысуымен соңғы жылда эмитент жүргiзген барлық операциялар туралы ақпарат ашылады.

      22-1. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарған кезде аффилиирленгендігін тану үшін негізді және оның туындаған күнін көрсете отырып секьюритилендіру мәмілесі тараптарының аффилиирленгендігі туралы ақпарат ашылады.
      Ескерту: 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .

4. Эмитент қызметiнiң сипаты

      23. Эмитент қызметiнiң жалпы үрдiстерi, оның iшiнде эмитенттiң негiзгi қызмет түрлерi бойынша қысқаша сипаты.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң бәсекелесi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер;
      2) эмитент қызметiнiң Қазақстан Республикасының iшiндегi салалық орташа және егер бұл мүмкiн болса, әлемдiк орташа көрсеткiштермен салыстырмалы сипаттамасы;
      3) саланың болашақтағы дамуына қатысты болжам және эмитенттiң осы саладағы жағдайы көрсетiледi.

      24. Эмитентпен жасасқан, салдарынан эмитенттiң қызметiне елеулi түрде ықпал ететiн келiсiм-шарттар, келiсiмдер туралы мәлiметтер.

      25. Эмитент қызметiн жүзеге асыру үшiн алынған лицензиялар, патенттер, рұқсаттар туралы, құжаттың нөмiрi және күнiн, қолданылу мерзiмiн және осы құжатты берген орган көрсетiлген мәлiметтер.

      26. Соңғы екi жылда немесе нақты жұмыс iстелген кезеңде сатылған өнiмнiң (орындалған жұмыстардың, қызмет көрсетудiң) нақты немесе сандық өлшем бiрлiктерiмен көрсетiлген көлемi.
      Эмитенттiң соңғы екi жылда немесе нақты жұмыс iстелген кезеңде сатылған өнiмiнiң (көрсетiлген жұмыстың, қызметтiң) көлемiндегi өзгерiстерге талдау жасау.

      27. Эмитенттiң негiзгi қызметiнiң түрлерi бойынша сатудың (жұмыстардың, қызмет көрсетудiң) кiрiстiлiгiне оң және терiс әсер ететiн факторлар.

      28. Эмитенттiң өз өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетудi) сатуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметi.
      Осы тармақта эмитенттiң негiзгi жеткiзушiлерi және тұтынушылары туралы мәлiметтер көрсетiледi, эмитенттiң жұмыс iстеп тұрған жеткiзушiлерге және тұтынушыларға тәуелдi болу дәрежесi, оның iшiнде:
      1) эмитенттiң барлық жеткiзiлiмiнiң он және одан көп процентi тиесiлi болатын жеткiзушiлерiнiң атауы және орналасқан жерi, олардың үлестерi процентпен көрсетiледi. Осы дерек көздерiне болашақта рұқсат беруге қатысты болжамдар ұсынылуы тиiс;
      2) үлесiне эмитенттiң өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетуiн) сатудан түскен жалпы түсiмнiң он және одан көп процентiнен астамы тиесiлi болатын тұтынушылардың атауы және орналасқан жерi, олардың сатудың жалпы көлемiндегi үлестерi процентпен көрсетiледi. Эмитенттiң өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетуiн) сатуға әсер етуi мүмкiн терiс факторлар ашылады.

      29. Эмитенттiң қызметiне әсер ететiн негiзгi факторлар:
      1) эмитент қызметiнiң маусымдылығы, эмитент қызметiнiң маусымдық сипаттағы түрлерi және олардың эмитенттiң жалпы кiрiсiндегi үлесi;
      2) импорттың эмитентке жеткiзiлген (көрсетiлген) шикiзаттағы (жұмыстардағы, қызметтегi) үлесi және эмитенттiң экспортқа сатқан өнiмiнiң (жұмыстарының, қызметiнiң) сатылған өнiмнiң жалпы көлемiндегi үлесi;
      3) облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап алты ай iшiнде жасалуы тиiс (жасалған) немесе орындалуы тиiс (орындалған) мәмiле (мәмілелер) туралы мәлiметтер, егер осы мәмiленiң (мәмiлелердiң) сомасы эмитент активтерiнiң баланстық құнының он процентiнен асатын болса;
      4) болашақтағы мiндеттемелер. Эмитенттiң болашақтағы негiзгi мiндеттемелерi және осы мiндеттемелер эмитенттiң қызметiне әсер етуi мүмкiн терiс ықпалы ашылады, оның iшiнде осы эмитент, облигациялардың саны, кепiлдiк беру шарттары, өтеу күнi және кепiлдiк берiлген шығарылымның валютасы туралы ақпаратты қоса отырып, өзге эмитенттердiң үшiншi тұлғалардың кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етiлген облигациялары бойынша эмитенттiң кепiлдiк беруi туралы;
      5) эмитенттiң сот процестерiне қатысуы туралы мәлiметтер. Эмитенттiң қатысуымен өткен, нәтижесiнде эмитент қызметiнiң тоқтатылуы немесе шектелуi, оған маңызды ақшалай және өзге де мiндеттемелер берiлуi мүмкiн сот процестерiнiң мәнiне сипаттама беру керек;
      6) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және/немесе сот соңғы жыл iшiнде эмитентке және оның лауазымды тұлғаларына қолданған барлық әкiмшiлiк санкциялар туралы мәлiметтер. Санкция қолданылған күндi, санкция қолданған органды, санкция қолдану себептерiн, санкцияның түрлерiн және мөлшерiн, сондай-ақ санкцияның орындалу дәрежесiн көрсету керек;
      7) тәуекел факторлары. Облигациялардың ұстаушылары ұшырауы мүмкiн тәуекел факторларына нақты талдау жасау керек;
      8) эмитенттiң қызметi туралы, эмитент өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын рыноктар туралы басқа ақпарат.

5. Қаржылық жай-күй

      30. Баланстық құны материалдық емес активтердiң жалпы баланстық құнының бес және одан көп процентiн құрайтын материалдық активтердiң түрлерi.

      31. Баланстық құны негiзгi құрал-жабдықтың жалпы баланстық құнының бес және одан көп процентiн құрайтын негiзгi құрал-жабдықтың түрлерi.

      32. Инвестициялар.
      Осы мәселе бойынша ақпарат мынадай құрылымда ұсынылуы тиiс: басқа заңды тұлғалардың капиталына тiкелей инвестициялар, ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық портфель.

      33. Дебиторлық берешек.
      Осы тармақта эмитенттің алдында дебиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан көп процентi мөлшерiнде дебиторлық берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып дебиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң неғұрлым iрi он дебиторының тiзiмi ашылады.

      33-1. Әрбір активтің құны және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күні көрсетілген, эмитенттің міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын, сондай-ақ сенімгерлікпен басқаруға берілген эмитенттің активтері туралы мәліметтер.
       Ескерту. 33-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      34. Осы тармақта эмитенттiң жарғылық және меншiктi капиталының мөлшерi көрсетiледi.

      35. Заемдар.
      Осы тармақта қолданылып жүрген банктiк заемдар және кредиттiк желiлер, олардың валютасы, сыйақы ставкалары, қамтамасыз ету түрлерi туралы ақпарат ашылады. Жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсан бойынша бөлiнуi тиiс, қалған сомалар жылдар бойынша бөлiне отырып ұсынылады.

      36. Эмитенттiң негiзгi қызметiн жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешегi (жеткiзушiлер алдындағы берешек, алынған аванстар).
      Осы тармақта эмитент өзiнiң кредиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан көп процентi мөлшерiнде берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып, кредиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң бiрiншi он неғұрлым iрi кредиторлық тiзiмi ашылады.

      36-1. Эмитенттің соңғы үш аяқталған қаржы жылы ішінде алған (шеккен) кірістің (шығынның) мөлшері (үш жылдың ішіндегі әр жылдың қорытындысы бойынша бөлігінде).
      Ескерту. 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36-2. Левередж.
      Осы тармақта эмитенттің левередж шамасы соңғы үш жылдың әр аяқталған қаржы жылының бірінші күнгі, сондай-ақ облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама) проспектісін беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша көрсетіледі.
      Ескерту. 36-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36-3. (Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен).

6. Бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәлiметтер

      37. Облигациялар шығару туралы шешiм қабылданғанға дейiн эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарының барлық тiркелген шығарылымдарына қатысты:
      1) әрбiр шығарылым облигацияларының жалпы саны, түрi және номиналдық құны, әрбiр шығарылым бойынша орналастырылған облигациялардың саны, сондай-ақ орналастыру кезiнде тартылған ақшаның жалпы көлемi (номиналдық құны бойынша), негiзгi борыш сомасы, әрбiр шығарылым бойынша сыйақының аударылған және төленген сомасы, өтеу күнi көрсетiлген сатып алынған және мерзiмiнен бұрын өтелген облигациялардың саны. Облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi және мемлекеттiк тiркеу күнi;
      2) құрылтайшылар төлеген акцияларының жалпы саны, түрi және номиналдық құны, сондай-ақ акцияларды орналастыру кезiнде тартылған ақшаның жалпы көлемi. Соңғы күнге сатып алынатын бағасы көрсетiлген, өтелген, айналыста болатын акциялардың саны. Акцияны сатып алу әдiстемесi бекiтiлген күн. Акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi және мемлекеттiк тiркеу күнi;
      3) орындалмаған міндеттемелердiң мөлшерi және осы сияқтылардың орындау мерзiмi, бағалы қағаздар бойынша (шығарылымдары және түрлерi бойынша жеке) есептелген, бiрақ төленбеген сыйақылар сомасы туралы ақпаратты қоса отырып, эмитенттiң өзiнiң бағалы қағаздар ұстаушылар алдында орындалмаған мiндеттемелерiнiң фактілерi туралы мәлiметтер (облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеу (төлеудi кешiктiру), артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердi төлемеу (төлеудi кешiктiру);
      4) егер бағалы қағаздардың қандай да болмасын шығарылымы тоқтатылған немесе жарамсыз болып танылған не күшi жойылған жағдайда осындай шешiмдердi қабылдаған мемлекеттiк органды, оларды қабылдау негiздерi және күнi;
      5) әрбір тіркелген шығарылым бойынша сыйақы төлеу күндері, төлеуге жататын сомалар, өтеу күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеуге жататын сомалар;
      6) соңғы екi қаржылық жылының әрбiр жылындағы немесе нақты жұмыс iстеу кезеңiндегi бiр акцияға (жай, артықшылықты) дивидендтердiң есептелген сомасы және төленген дивидендтердiң сомасын көрсете отырып, дивидендтiң мөлшерi;
      7) сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауын қоса отырып, эмитенттiң бағалы қағаздарымен сауда жүзеге асырылатын негiзгi рыноктары;
      8) бұрын шығарылған облигациялардың әрбір түрі бойынша олардың ұстаушыларына берілетін құқықтар, оның ішінде шектеулерді (ковенантты) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар. Ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібі көрсетіледі.
       Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

7. Облигациялар шығарылымы туралы мәлiметтер (бұл бөлiм
облигациялық бағдарламаны мемлекеттiк тiркеу кезiнде
толтырылмайды)

      38. Облигациялар туралы мәлiметтер:
      1) облигациялардың түрi (купондық, дисконттық, қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген);
      2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемi (облигациялар шығарылымының жалпы көлемiн номиналдық құны бойынша көрсету керек);
      3) бiр облигацияның номиналдық құны;
      4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетiлген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақының ставкасы;
      сыйақыны есептеу басталатын күн, сыйақы төлеудiң кезеңдiлiгi және күнi, тәртiбi және оны төлеудiң шарттары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылған жағдайда, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетiледi);
      сыйақы есептеу үшiн қолданылатын уақыт кезеңi;
      индекстелген облигациялар шығару кезiндегi есептеу тәртiбi.
      Егер сыйақының ставкасы белгiленбеген болса, оның мөлшерiн белгiлеу тәртiбi көрсетiледi;
      5) мыналар қоса көрсетiлген облигациялардың айналысы және өтеу туралы мәлiметтер:
      облигациялардың айналыс мерзiмi және оларды өтеу шарттары;
      облигацияларды өтеу күнi;
      облигациялар өтелетiн орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсiлi;
      5-1) облигацияларға төлем жасаудың талаптары мен тәртібі:
      облигацияларға төлем жасаудың талаптары, тәртібі, есеп айырысу тәсілдері, оның ішінде құрылымды қайта қарау жоспарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көрсетіледі;
      5-2) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығарған кезде):
      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:
      кепіл пәні, оның құны және кепіл пәнін өндіріп алу тәртібі;
      облигацияларды қамтамасыз ету жөніндегі шарттың талаптары көрсетіледі;
      егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік мерзімі мен шарттарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері көрсетіледі;
      5-3) арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша:
      тиісті шарттардың нөмірлері мен жасалған күндерін көрсете отырып, оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
      секьюритилендіру мәмілесінде оригинатор қызметінің пәні, құқықтары мен міндеттері;
      талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің шарттары, тәртібі мен мерзімі және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
      оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы;
      талап ету құқықтары біртектілігінің критерийлері;
      секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамды талдауы;
      қосымша қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
      осы облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған облигациялардың әр түрлі шығарылымдарын өтеу кезектілігі көрсетіледі;
      5-4) облигацияларды ұстаушының өкілі туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, бірінші басшының, атқарушы орган мүшелерінің фамилиялары, аттары, болса әкелерінің аттары);
      5-5) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде концессиялық шарттың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері көрсетіледі;
      5-6) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі:
      тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, телефон нөмірлері, шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;
      5-7) төлем агенті туралы мәліметтер:
      оның атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері, тиісті шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;
      5-8) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде осы құқық көзделген жағдайда).
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі;
      6) мыналар көрсетілген облигациямен оның ұстаушысына берілетін құқықтар:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу құқығын не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқықтары;
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары – осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі және мерзімдері;
      6-1) эмитенттің облигациялар ұстаушыларды ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдерін және тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;
       7) басталуы бойынша эмитенттiң облигациялары бойынша дефолт хабарлануы мүмкiн оқиғалар көрсетіледі.
      Облигациялар бойынша дефолт жағдайында эмитенттiң қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде облигациялар ұстаушылардың құқығын қорғау рәсiмi, оның ішінде міндеттемелердің қайта құрылымдау тәртібі мен талаптары көрсетiледi.
      Эмитент облигациялар ұстаушыларға мәлімет үшін орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигациялар ұстаушылардың өзінің талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайдағы эмитенттің міндеттемелері бойынша бірлескен немесе қосымша жауапкершілікті көтеретін тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілдерінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты ашу эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырған жағдайда осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі;
      8) опциондар туралы ақпарат:
      егер опциондар облигацияларды ұстаушыларға эмитенттiң облигацияларын сатып алуға мүмкiндiк берсе, онда осы тармақшада опцион жасау шарттары көрсетiледi.
      Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.04.15 N 99 ; 2007.04.30 N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.07.07.  N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

       38-1. Эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде.
       Ескерту. 38-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      39. Айырбасталымды облигациялар:
      айырбасталымды облигациялар шығарылған және орналастырылған жағдайда облигация айырбасталатын акциялардың түрi, санаты, саны және орналастыру бағасы, акциялар бойынша құқықтар, сондай-ақ осындай айырбасталымның тәртiбi мен шарттары көрсетiледi.

      40. Облигацияларды орналастыру тәсiлi:
      1) облигацияларды орналастыру мерзiмi және тәртiбi:
      облигациялар ұйымдаспаған рынокта орналастырылған жағдайда облигацияларды орналастырудың басталу және аяқталу күнi (бар болған кезде) көрсетiледi;
      2) акцияларға айырбасталған облигациялар жазылу арқылы орналастырылған жағдайда айырбастау шарттары көрсетiледi;
      3)-6) алынып тасталды ;
      7) облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдар туралы мәлiметтер:
      облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдардың атауы, орналасқан жерi, тиiстi шарттардың күнi және нөмiрi көрсетiледi;
      8) алынып тасталды ;
      9) алынып тасталды .
      Ескерту. 40-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .

      40-1. Эмитент қабылдайтын шектеулер (ковенанттар) (егер бұл эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделсе):
      1) эмитенттің активтерін басқаруға тыйым салу (сипаттамалары толық көрсетілген мүлік көрсетіледі немесе активтер құнынан пайызбен эмитент мүлкінің құны, шектеу (ковенант) пайда болатын кездегі сомасы көрсетіледі);
      2) қайта құрылуға тыйым салу (ерікті қайта құрылуы және қайта құрудың жекелеген түрлері туралы шешім қабылдау бойынша эмитенттің мүмкіндіктерінің шектеулері көрсетіледі);
      3) эмитенттің қызметі түрлерінің өзгеруі (эмитенттің кәсіпкерлік қызметінің сипаты мен түрінің елеулі өзгеруіне тыйым салу бойынша шаралар көрсетіледі);
      4) қаржылық шектеулер (ковенанттар):
      левередж мөлшерін облигациялар шығарылымын тіркеу кездегі деңгейде ұстау;
      өтімділік коэффициентің ұстау (қоғамның ағымдағы активтері мөлшерінің ағымдағы міндеттемелері мөлшеріне қатынасы 1-ден кем болмауы тиіс);
      5) эмитенттің облигациялар ұстаушыларына және/немесе облигациялар ұстаушылардың өкіліне өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы ақпаратты уақтылы жеткізуі;
      6) эмитент қабылдайтын өзге шектеулер (ковенанттар).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.
       Ескерту. 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      41. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану.
      Эмитенттiң облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалануы туралы мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ осындай өзгерiстердi көрсете отырып алынған ақшаны бөлулердi жоспарлау кезiндегi болуы мүмкiн өзгерiстер пайда болған кездегi талаптар көрсетiледi.
      Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде:
      бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау тәртібі;
      секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметті төлеумен байланысты шығыстар және соларға сай арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден есептен шығаруға құқылы болатын шарттар көрсетіледі.
      Ескерту. 41-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .

8. Қосымша ақпарат

      41-1. Облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркелген кезде:
      эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар және облигацияларды ұстаушылар қай жағдайда облигациялардың мерзімін бұрын өтелуін талап етуге құқылы екендігі;
      облигациялар бойынша дефолт жарияланған жағдайда эмитент қабылдайтын шаралар, облигациялар бойынша сыйақыны төлеу бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе ойдағыдай орындалмаған жағдайда облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері;
      эмитент облигациялар ұстаушыларға мәлімет үшін орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигациялар ұстаушылардың өзінің талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайдағы эмитенттің міндеттемелері бойынша бірлескен немесе қосымша жауапкершілікті көтеретін тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілдерінің толық сипаттамасы. Көрсетілген ақпаратты ашу эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырған жағдайда осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі;
      инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде концессиялық шарттың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері көрсетіледі;
      тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, телефон нөмірлері, шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі.
      Ескерту. 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.04.15 N 99 ; өзгерту енгізілді - 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      42. Облигациялар айналысындағы шектеулер.
      Облигациялар айналысындағы кез келген шектеулер, орналастырылатын облигациялардың ықтимал сатып алушыларына қатысты шектеулер, оның iшiнде арасында облигацияларды орналастыру жоспарланған тұлғалар тобы көрсетiледi.

      43. Облигациялар шығарылымына кеткен шығындардың сомасы және осы шығындар қандай тәсiлмен төленетiндігі туралы мәлiметтер.

      44. Инвесторлар эмитент жарғысының көшiрмесiмен және облигациялар шығарылымның проспектiсiмен, облигацияларды орналастыру жиынтығы туралы есеппен және эмитент қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралдары таныса алатын орындар туралы ақпарат.
      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсiне эмитенттiң бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi немесе олардың орнын ауыстыратын адамдардың қолы қойылады және эмитент мөрiнiң таңбасымен куәландырылады. Проспектiсiнiң әрбiр данасы эмитенттiң соңғы екi қаржы жылының аудиторлық есептермен және тігілген және нөмірленген парақтардың санын көрсетіп облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсiн мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттар ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қаржылық есеппен расталған жылдық қаржылық есептерiмен бiрге тiгiледi және тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Мөрдiң таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бiрiншi басшысының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолымен куәландырылуы тиiс.
      Ескерту. 44-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мемлекеттiк емес       
облигациялардың шығарылымын 
мемлекеттiк тiркеу және   
облигацияларды орналастыру 
және өтеу қорытындылары  
туралы есептi қарау ережесiнiң
2-қосымшасы          

Қазақстан Республикасының резидентi емес эмитенттерiнiң
облигацияларын шығару проспектiсi

Облигацияларды шығару проспектiсiнiң
бiрiншi бетi

      Құжаттың атауы: "Облигацияларды шығару проспектiсi".
      Эмитенттiң атауы.
      Орналастырылатын облигациялардың түрi, саны, жиынтық көлемi.
      Эмитентке берiлген рейтингтер және (немесе) рейтинг агенттiктерiнiң атауларын көрсете отырып, олар шығарған бағалы қағаздар туралы мәлiметтер.
      Жазбасы: "Уәкiлеттi органның облигацияларды шығару проспектiсiн мемлекеттiк тiркеуi шығарылым проспектiсiнде сипатталған облигацияларды инвесторлардың сатып алуына қатысты ұсынымдар берудi көрсетпейдi және уәкiлеттi орган осы құжаттың  мазмұнына жауап бермейдi".

1. Эмитент туралы жалпы мәлiметтер

      1. Эмитенттiң атауы
      Осы тармақта эмитенттiң толық және қысқартылған атауын көрсету керек. Егер эмитент жұмыс iстеген уақыт iшiнде оның атауы ауыстырылса, онда осы тармақта оның бұрынғы барлық толық және қысқартылған атаулары, сондай-ақ олар өзгертiлген күндер көрсетiледi.
      2. Эмитенттiң заңды тұлға ретiнде құрылуы және тiркелуi жөнiндегi мәлiметтер.
      Осы тармақта эмитенттiң заңды тұлға ретiнде тiркелгендiгін растайтын құжаттың берiлген күнi және нөмiрi, сондай-ақ осы құжатты эмитентке берген мемлекеттiң органының атауы көрсетiледi.
      3. Облигацияларды шығару проспектiсiнде ақпаратты шынайы көрсетуге жауапты тұлғалардың аты-жөнi, әкесiнiң аты, орналасқан жерi, байланыс телефондарының және факсының нөмiрлерi, электрондық почтасының адресi туралы мәлiметтер.
      4. Эмитенттi құрудың және қызметiнiң қысқаша тарихы. Эмитенттi құрудың және қызметiнiң мақсаты. Егер эмитент заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қосылуы, ажыратылуы, бөлiнiп шығуы не қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде құрылған болса, онда осы тармақта қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар мен эмитентке қатысты жасалған қайта ұйымдастыру және заңды мұрагерлер туралы мәлiметтер көрсетiледi.

2. Эмитенттiң басқару органдары

      5. Эмитенттiң басқару органдарының құрылымы.
      Осы тармақта эмитенттiң басқару органдарының құрылымы және олардың құзыретi эмитент мемлекетiнiң заңдарына, эмитенттiң жарғысына және iшкi құжаттарына сәйкес көрсетiледi.
      5-1. Эмитенттің директорлар кеңесінің комитеттері (ондай болған жағдайда).
      Осы тармақта эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауын (атауларын), оның (олардың) құзыретін көрсету қажет.
      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) мүшелерi.
      Осы тармақта:
      1) тәуелсiз директорларды көрсете отырып, эмитенттiң директорлар кеңесi (бақылау органының) мүшелерiнiң әрқайсының, оның iшiнде директорлар кеңесi (бақылау органының) төрағасының аты-жөнiн, туған жылын;
      2) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) әрбiр мүшесiнiң атқарған қызметтерi;
      3) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) әрбiр мүшесiнiң оның жарғылық капиталына (акцияларына/үлесiне) қатысуы;
      4) өткен екi жыл iшiндегi директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) құрамындағы өзгерiс көрсетiледi.
      6-1. Ішкі аудит қызметі (бар болса).
       Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      7. Эмитенттiң атқарушы органы (менеджмент).
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнi және туған жылы не эмитенттiң алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының аты-жөнi, туған жылы;
      2) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттiң алқалық атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының қазiргi уақытта қоса атқаратын қызметтерi;
      3) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттiң алқалық атқарушы органының әрбiр мүшесiнiң әрқайсының жарғылық капиталындағы (акциялар/үлестер) қатысу үлесi көрсетiледi.
      8. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, эмитенттiң атқарушы органының мүшелерiне төленетiн сыйақылар.
      Осы тармақта осы Қосымшаның 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннiң алдындағы соңғы үш айда алған сыйақысының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да болмасын басқа нысанда) жалпы мөлшерi, сондай-ақ облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап соңғы он екi ай iшiнде аталған тұлғаларға төленетiн сыйақының жоспарланған жалпы мөлшерi көрсетiледi.
      9. Эмитенттiң ұйымдық құрылымы.
      Осы тармақта эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерi, филиалдары және өкiлдiктерi, эмитент қызметкерлерiнiң, оның iшiнде эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны, эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтер, бөлiмшелер мен филиалдардың қызметкерлерiне келетiн жарғылық капиталдағы үлес көрсетiледi. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан құрылымдық бөлiмшелердiң атауын жеке көрсету керек.

3. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) және
аффилиирленген тұлғалары

      10. Эмитенттің акционерлерi (қатысушылары).
      Осы тармақта:
      1) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы саны және толық және қысқартылған атауы, заңды тұлғаның мекен-жайы не эмитент  орналастырылған акцияларының (үлестерiнiң) он және одан да көп процентiн иеленген акционерлердiң (қатысушылардың) аты-жөнi;
      2) эмитенттің акционерлерi (қатысушылары) болып табылмайтын, бiрақ басқа ұйым арқылы эмитенттiң қызметiн бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .
      11. Эмитенттiң заңды тұлғаларының толық атауын, орналасқан жерiн, оның жарғылық капиталындағы эмитенттiң орналастырылған акцияларының (үлестерiнiң) проценттiк қатынасын, қызмет түрiн, аты-жөнiн және бiрiншi басшысының атын көрсете отырып, акциялардың (үлестердiң) он және одан да көп процентiн иеленген заңды тұлғалар туралы мәлiметтерi.
      Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .
      12. Эмитент қатысатын өндiрiстiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.
      13. Эмитенттiң басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта заңды тұлғаның толық атауын (жеке тұлғаның аты-жөнiн), оның орналасқан жерiн (тұрғылықты жерiн), қызметiнiң түрiн, бiрiншi басшысының аты-жөнiн, қызметiнiң түрiн көрсете отырып, жасасқан Шарт арқылы немесе өзге жағдаймен эмитент қабылдаған шешiмге ықпал ететiн не эмитенттiң он және одан артық дауыс берушi акцияларымен жанама дауыс беру мүмкiндiгі бар барлық тұлғалар немесе тұлғалар тобы туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      14. Эмитенттiң аффиллиирленген тұлғаларының қатысуымен жасалған мәмiлелер.
      Осы тармақта эмитентке қатысты аффилиирленген болып табылатын ұйымдардың қатысуымен соңғы жылда эмитент жүргiзген барлық мәмiлелер туралы ақпарат ашылады.

4. Эмитент қызметiнiң сипаты

      15. Эмитент қызметiнiң жалпы үрдiстерi, оның iшiнде эмитенттiң негiзгi қызмет түрлерi бойынша қысқаша сипаты.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң бәсекелесi болып табылатын ұйымдар туралы қысқаша мәлiметтер;
      2) эмитенттiң бәсекелестерiмен қызметiнiң салыстырмалы сипаттамасы;
      3) саланың болашақтағы дамуына қатысты болжам және эмитенттiң осы саладағы жағдайы көрсетiледi.
      16. Эмитенттiң қызметiне кейiннен терiс әсер етуi мүмкiн, эмитент жасаған келiсiм-шарттар, келiсiмдер туралы мәлiметтер.
      17. Эмитенттiң өз қызметiн жүзеге асыру үшiн алынған лицензиялар және басқа рұқсаттар туралы мәлiметтерi.
      18. Эмитенттiң қызметiне әсер ететiн негiзгi факторлар:
      1) мәмiле сомасы эмитент активтерiнiң баланстық құнының он процентiнен асқан жағдайда, облигация шығару туралы шешiм қабылдаған күннен бастап алты ай iшiнде жасалуы тиiс немесе орындалуы тиiс (орындалған) мәмiле (мәмiлелер) туралы мәлiметтер;
      2) болашақ мiндеттемелер (эмитенттiң негiзгi болашақ мiндеттемелерi және осы мiндеттемелер эмитенттiң қызметiне терiс әсер етуi мүмкiн, оның iшiнде осы эмитент, облигациялардың саны, кепiлдiк беру шарттары, өтеу күнi және кепiлдiк берiлген шығарылымның валютасы туралы ақпаратты қоса отырып, өзге эмитенттердiң үшiншi тұлғалардың кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етiлген облигациялары бойынша кепiлдiк беруi туралы).
      19. Эмитент инвесторлар үшiн маңызды деп есептейтiн эмитент қызметi туралы басқа да ақпарат.

5. Қаржылық жай-күй

      20. Эмитент капиталы.
      Осы тармақта эмитент елiнiң валютасы көрсетiлген валютадағы эмитенттiң меншiктi және жарғылық капиталының мөлшерi көрсетiледi.
      21. Осы тармақта эмитенттiң өтiмділiктi, қаржы тәуелсiздiгiн (тәуелдiлiгiн), эмитенттiң активтерiн, жеке және заемдық қаражатын пайдалану тиiмдiлiгiн, жеке қаражаттың заем капиталына қатысын сипаттайтын қаржылық коэффициенттердiң есебiн, сондай-ақ эмитенттiң пiкiрi бойынша эмитент қызметiн бағалау кезiнде айрықша мәндi болып табылатын басқа да коэффициенттер ұсынылады.
      21-1. Әрбір активтің құны және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күні көрсетілген, эмитенттің міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын, сондай-ақ сенімгерлікпен басқаруға берілген эмитенттің активтері туралы мәліметтер.
       Ескерту. 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

6. Бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәлiметтер

      22. Облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күнгi жағдай бойынша бағалы қағаздар рыногында айналыста болған эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарының тiркелген шығарылымдарына қатысты мыналар көрсетiледi:
      1) шығарылым облигацияларының жалпы саны және көлемi, сондай-ақ орналастыру кезiнде тартылған қаражаттың жалпы көлемi, төленген сыйақы сомасы, рыноктық құн;
      1-1) әрбір тіркелген облигациялар шығарылымы бойынша сыйақы төлеу күндері, төлеуге жататын сомалар, өтеу күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеуге жататын сомалар;
      2) айналыстағы, оның iшiнде сатып алынған акциялардың саны, акциялардың рыноктық құны, соңғы екi жылдағы акциялардың барынша жоғары және барынша төмен бағасы;
      2-1) бұрын шығарылған бағалы қағаздардың әрбір түрімен олардың ұстаушыларына берілетін құқықтары, оның ішінде шектеулерді (ковенанттарды) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар, ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібін көрсетумен;
      3) сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауын қосқандағы эмитенттiң бағалы қағаздармен саудасын жүзеге асыратын негiзгi рыноктары.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

7. Облигациялар шығарылымы туралы мәлiметтер

      23. Облигациялар туралы мәлiметтер:
      1) шығарылатын облигациялар саны және түрi (купондық, дисконттық, қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген);
      2) бiр облигацияның номиналдық құны;
      3) облигациялардың айналыс мерзiмi;
      4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетiлген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақы ставкасын, оның мөлшерiн айқындау тәртiбiн;
      сыйақыны есептеу, сыйақыны төлеу мерзiмдiлiгi және сыйақы төлеу күнi басталатын күн, төлем валютасы және айырбастау бағамы белгiленген күнгi төлем валютасын және күн белгiлеу тәртiбi мен талаптарын көрсету;
      сыйақы есептеу үшiн қолданылатын уақыт кезеңi;
      5) облигациялар айналысының басталуын белгiлеу тәртiбiн көрсете отырып, оларды өтеу талаптарын, облигацияларды өтеу күнiн белгiлеудi көрсету жөнiндегi мәлiметтер;
      5-1) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (осы құқық эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделген жағдайда).
      Эмитенттің мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі.
      6) мыналар көрсетілген облигациямен оның ұстаушысына берілетін құқықтар:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу құқығын не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқықтары;
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары – осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі және мерзімдері көрсетіледі;
      6-1) эмитенттің облигациялар ұстаушыларды ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдерін және тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;
      7) басталуы бойынша эмитенттiң облигациялары бойынша дефолт хабарлануы мүмкiн және қандай кезде облигациялар ұстаушылардың облигацияларды мерзiмiнен бұрын өтеудi талап етуге құқығы бар оқиғалар бойынша эмитент облигациялар немесе негiзгi борышқа сыйақы төлеу барысында мiндеттемелердiң орындалмауы немесе тиiсiнше орындалмауы кезiнде облигация ұстаушылардың құқығын қорғау рәсiмдерi бойынша дефолт болған жағдайында эмитент қабылдайтын шаралар көрсетiледi.
      Эмитент облигациялар ұстаушыларға мәлімет үшін орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигациялар ұстаушылардың өзінің талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайдағы эмитенттің міндеттемелері бойынша бірлескен немесе қосымша жауапкершілікті көтеретін тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолт басталуының фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілдерінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты ашу эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырған жағдайда осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі.
       Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
       23-1. Эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде.
       Ескерту. 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      24. Облигацияларды орналастыру тәсiлi:
      1) инвесторлардың облигацияларды төлеу шарты және тәртiбi:
      облигацияларды төлеу шарты, тәртiбi, есеп айырысу тәсiлдерi көрсетiледi;
      2) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (банк кепiлдiгi қамтамасыз етiлген облигацияларды шығару кезiнде):
      облигацияларды қамтамасыз етуге банк кепiлдiк берген жағдайда кепiлдiк берген тұлғаның кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерiн, байланыс телефондарын, кепiлдiк беру мерзiмiн және шарттарын көрсететiн деректер (кепiлдеме);
      облигация ұстаушының өкiлi туралы мәлiметтер (атауы, орналасқан жерi, байланыс телефондары, аты-жөнi, бар болса - бiрiншi басшысының, атқарушы органы мүшелерiнiң әкелерiнiң аттары);
      3) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртiбi:
      тiркеушiнiң атауы, оның орналасқан жерi, телефон нөмiрлерi, жасалған шарттың күнi және нөмiрi көрсетiледi;
      4) облигацияларды орналастыруға қатысатын андеррайтерлер туралы мәлiметтер:
      облигациялар орналастыруға қатысатын ұйымдардың атауы, орналасқан жерi көрсетiледi;
      5) төлем агентi туралы мәлiметтер:
      оның атауы, орналасқан жерi, телефон нөмiрлерi, тиiстi шарттың нөмiрi және күнi көрсетiледi.
      Ескерту: 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .
      25. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану.
      Облигацияларды орналастырудан эмитент алатын ақшаны пайдалану мақсаты мен тәртiбi, сондай-ақ алынған ақшаны бөлу жоспарына енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстердi көрсету кезiнде басталатын талаптар көрсетiледi.
      25-1. Эмитент қабылдайтын шектеулер (ковенанттар) (егер бұл эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделсе):
      1) эмитенттің активтерін басқаруға тыйым салу (сипаттамалары толық көрсетілген мүлік көрсетіледі немесе активтер құнынан пайызбен эмитент мүлкінің құны, шектеу (ковенант) пайда болатын кездегі сома көрсетіледі);
      2) қайта құрылуға тыйым салу (ерікті қайта құрылуы және қайта құрудың жекелеген түрлері туралы шешім қабылдау бойынша эмитенттің мүмкіндіктерінің шектеулері көрсетіледі);
      3) эмитенттің қызметі түрлерінің өзгеруі (эмитенттің кәсіпкерлік қызметінің сипаты мен түрінің елеулі өзгеруіне тыйым салу бойынша шаралар көрсетіледі);
      4) қаржылық шектеулер (ковенанттар):
      левередж мөлшерін облигациялар шығарылымын тіркеу кездегі деңгейде ұстау;
      өтімділік коэффициентін ұстау (қоғамның ағымдағы активтері мөлшерінің ағымдағы міндеттемелері мөлшеріне қатынасы 1-ден кем болмауы тиіс);
      5) эмитенттің облигациялар ұстаушыларына және/немесе облигациялары ұстаушының өкіліне өзінің қызметі мен қаржылық жағдайы туралы ақпаратты уақтылы жеткізуі;
      6) эмитент қабылдайтын өзге шектеулер (ковенанттар).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.
       Ескерту. 25-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

8. Қосымша ақпарат

      26. Облигациялар айналысындағы шектеулер.
      Облигациялар айналысындағы кез келген шектеулер, орналастырылатын облигациялардың ықтимал сатып алушыларына қатысты шектеулер, оның iшiнде арасында облигацияларды орналастыру жоспарланып отырған тұлғалар тобы көрсетiледi.
      27. Облигациялар шығарылымына кеткен шығындардың сомасы және осы шығындар қандай тәсiлмен төленетiндiгi туралы мәлiметтер.
      Тиiстi алқаларға (қауымдастықтарға, палаталарға) олардың тиiстiлiгiн көрсете отырып эмитенттiң қаржылық есеп берудiң аудитiн жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдарының толық ресми атауы (аты-жөнi, бар болса аудитордың әкелерiнiң аттары).
      Тиiстi алқаларға, қауымдастықтарға, палаталарға олардың тиiстiлiгiн көрсете отырып, тиiстi қызмет көрсету шарттары жасалған заңды және қаржы мәселелерi жөнiндегi кеңесшiлердiң толық ресми атауы.
      Жоғарыда аталған тұлғалармен шарттың бұзылуы орын алған жағдайда қай тараптың бастама көрсеткенiн анықтай отырып, шарттың бұзылу себебi туралы ақпаратты беру қажет.
      28. Инвесторлар эмитент жарғысының көшiрмесiмен және облигациялар шығарылымның проспектiсiмен, облигацияларды орналастыру жиынтығы туралы есеппен таныса алатын орындар, сондай-ақ эмитент қызметi ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы ақпарат.
      Облигацияларды шығару проспектiсiне бiрiншi басшы не өзге уәкiлеттi тұлға бас бухгалтер қол қояды және эмитенттiң мөртаңбасымен расталады.
      Проспектiнiң әрбiр данасы облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды мемлекеттiк тiркеуге берудiң алдындағы соңғы тоқсандағы аудиторлық және қаржылық есеп беру есептерiмен расталған эмитенттiң соңғы екi қаржы жылына жасалған жылдық аудиторлық есептермен бiрге тiгiледi және тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен тігілген және нөмірленген парақтардың санын көрсетіп бекiтiледi. Мөрдiң таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бiрiншi басшысының қолымен куәландырылуы тиiс.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен , 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мемлекеттiк емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
және облигацияларды орналастыру
және өтеу қорытындылары туралы
есептi қарау ережесiнiң   
3-қосымшасы        

      Ескерту: 3-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .            

Облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар
шығарылымының проспектiсi

      1. Осы облигациялар шығарылымы [эмитенттiң толық атауы] облигациялық бағдарлама проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Облигациялық бағдарлама туралы мәліметтер:
      облигациялық бағдарлама проспектісінің мемлекеттік тіркелген күні;
      шеңберінде шығарылым жүзеге асырылатын облигациялық бағдарламаның ақшалай көлемі;
      облигациялар шығарылымының реттік нөмірі;
      облигациялардың бұрынғы шығарылымдары туралы мәліметтер (шығарылымның уәкілетті органда тіркелген күні, облигациялар саны, номиналдық құны бойынша шығарылым көлемі және осы облигациялық бағдарлама шегінде әрбір шығарылым бойынша жеке-жеке орналастырылған облигациялардың саны);
      бұрын облигациялық бағдарлама аясында шығарылған облигациялардың әрбір түрімен олардың ұстаушыларына берілетін құқықтары, оның ішінде шектеулерді (ковенантты) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар. Ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібі көрсетіледі.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3. Шығарылымның құрылымы:
      1) облигациялардың түрi (купондық, дисконттық, қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етілмеген);
      2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемi (облигациялар шығарылымының жалпы көлемiн номиналдық құны бойынша көрсету керек);
      3) бiр облигацияның номиналдық құны;
      4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетiлген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақының ставкасы;
      сыйақыны есептеу басталатын күн, сыйақы төлеудiң кезеңдiлiгi және күнi, тәртiбi және оны төлеудiң шарттары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылса, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетiледi);
      сыйақы есептеу үшiн қолданылатын уақыт кезеңi;
      индекстелген облигациялар шығару кезiндегi есептеу тәртiбi.
      Егер сыйақының ставкасы белгiленбеген болып табылса, оның мөлшерiн белгiлеу тәртiбi көрсетiледi;
      5) мыналар қоса көрсетiлген облигациялардың айналысы және өтеу туралы мәлiметтер:
      облигациялардың айналыс мерзiмi және оларды өтеу шарттары;
      облигацияларды өтеу күнi;
      облигациялар өтелетiн орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсiлi;
      6) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған кезде):
      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:
      кепіл пәні, оның құны және кепіл пәнін өндіріп алу тәртібі;
      облигацияларды қамтамасыз ету жөніндегі шарттың талаптары көрсетіледі;
      егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік мерзімі мен шарттарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері көрсетіледі;
      7) облигацияларды ұстаушының өкілі туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызмет көрсетуі жөніндегі шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      8) тіркеуші туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті көрсету шартының жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      9) облигацияларды орналастыруға қатысқан ұйымдар туралы мәліметтер (облигацияларды орналастыруға қатысқан ұйымдардың атауы, орналасқан жерлері, тиісті шарттардың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      10) төлем агенті туралы мәліметтер (оның атауы, орналасқан жері, тиісті шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      11) мыналар көрсетілген облигациямен оның ұстаушысына берілетін құқықтар:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу құқығын не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқықтары;
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары – осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі және мерзімдері көрсетіледі;
      11-1) басталуы бойынша эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар көрсетіледі.
      Облигациялар бойынша дефолт жағдайында эмитенттiң қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде облигациялар ұстаушылардың құқығын қорғау рәсiмi, оның ішінде міндеттемелердің қайта құрылымдау тәртібі мен талаптары көрсетiледi.
      Эмитент облигациялар ұстаушыларға мәлімет үшін орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигациялар ұстаушылардың өзінің талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайдағы эмитенттің міндеттемелері бойынша бірлескен немесе қосымша жауапкершілікті көтеретін тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілдерінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты ашу эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырған жағдайда осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі;
      12) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (осы құқығы эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделген жағдайда).
       эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі;
      12-1) эмитенттің облигациялар ұстаушыларды ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдерін және тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулер (ковенант) туралы хабардар ету тәртібі;
      13) облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану туралы мәліметтер:
      облигацияларды орналастырудан эмитент алатын ақшаны пайдалану мақсаты мен тәртiбi, сондай-ақ алынған ақшаны бөлу жоспарына енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстердi көрсету кезiнде басталатын талаптар көрсетiледi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30 N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
       3-1. Эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде.
       Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3-2. Эмитент қабылдайтын шектеулер (ковенанттар) (егер бұл эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделсе):
      1) эмитенттің активтерін басқаруға тыйым салу (сипаттамалары толық көрсетілген мүлік көрсетіледі немесе активтер құнынан пайызбен эмитент мүлкінің құны, шектеу (ковенант) пайда болатын кездегі сомасы көрсетіледі);
      2) қайта құрылуға тыйым салу (ерікті қайта құрылуы және қайта құрудың жекелеген түрлері туралы шешім қабылдау бойынша эмитенттің мүмкіндіктерінің шектеулері көрсетіледі);
      3) эмитенттің қызметі түрлерінің өзгеруі (эмитенттің кәсіпкерлік қызметінің сипаты мен түрінің елеулі өзгеруіне тыйым салу бойынша шаралар көрсетіледі);
      4) қаржылық шектеулер (ковенанттар):
      левередж мөлшерін облигациялар шығарылымын тіркеу кездегі деңгейде ұстау;
      өтімділік коэффициентін ұстау (қоғамның ағымдағы активтері мөлшерінің ағымдағы міндеттемелері мөлшеріне қатынасы 1-ден кем болмауы тиіс);
      5) эмитенттің облигациялар ұстаушыларына және/немесе облигациялары ұстаушының өкіліне өзінің қызметі мен қаржылық жағдайы туралы ақпаратты уақтылы жеткізуі;
      6) эмитент қабылдайтын өзге шектеулер (ковенанттар).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері   толық жазылады.
       Ескерту. 3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      4. Опциондар туралы мәліметтер:
      егер опциондар облигацияны ұстаушыға эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік берсе, осы тармақшада опционды жасау шарттары көрсетіледі.
      5. Айырбасталымды облигациялар:
      айырбасталымды облигациялар шығарылған және орналастырылған жағдайда облигация айырбасталатын акциялардың түрi, санаты, саны және орналастыру бағасы, акциялар бойынша құқықтар, сондай-ақ осындай айырбасталымның тәртiбi мен шарттары көрсетiледi.
      6. Облигацияларды орналастыру тәсiлi:
      1) облигацияларды орналастыру мерзiмi және тәртiбi:
      облигациялар ұйымдаспаған рынокта орналастырылған жағдайда облигацияларды орналастырудың басталу және аяқталу күнi (бар болған кезде) көрсетiледi;
      2) акцияларға айырбасталған облигациялар жазылу арқылы орналастырылған жағдайда айырбастау шарттары көрсетiледi;
      3) облигацияларға төлем жасаудың талаптары мен тәртібі:
      облигацияларға төлем жасаудың талаптары, тәртібі, есеп айырысу тәсілдері, оның ішінде құрылымды қайта қарау жоспарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көрсетіледі.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      7. Облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымының проспектісіне бірінші басшысының, бас бухгалтері, ішкі аудит қызметі басшысының (болған жағдайда) не олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың қолы қойылады және эмитент мөрінің таңбасымен куәландырылады, тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбасына, жартылай құжаттың парағына түсіп бірінші басшының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолымен расталуы тиіс.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

                                   Мемлекеттiк емес облигациялардың
                                     шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
                                     және облигацияларды орналастыру
                                     және өтеу қорытындылары туралы
                                         есептi қарау ережесiнiң
                                              3-1-қосымшасы

      Ескерту. 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2006.04.15 N 99 ; өзгерту енгізілді - 2009.04.29 N 89 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

       Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
                                куәлік

Алматы қаласы        2006 жылғы "____" ____________          N ____

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
___________________________________________________ тіркеген (заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті берген
органның атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
сәйкес эмитенттің атауы және мекен-жайы)

облигациялар шығарылымын ___________________________________________
                               ( шығарылымның реттік нөмірі )
мемлекеттік тіркеуге алды.
Шығарылым __________________________________________________________
                 (облигациялар саны цифрмен және жазбаша)
бөлінді әрі оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірі_____________________
берілді.

Бір облигацияның номиналдық құны ___________________________ теңге.
                                   (цифрмен және жазбаша)
Облигациялар шығарылымының көлемі ____________________ теңге болады.
(шығарылатын облигациялардың жиынтық номиналдық құны цифрмен және
жазбаша)

Шығарылым _________________ нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың
мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат: ________________________________.

Куәлікке қол қойған адамның фамилиясы, аты,
әкесінің аты және лауазымы, қолы, мөрі.

                                   Мемлекеттiк емес облигациялардың
                                     шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
                                     және облигацияларды орналастыру
                                     және өтеу қорытындылары туралы
                                         есептi қарау ережесiнiң
                                              3-2-қосымшасы

      Ескерту. 3-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2006.04.15 N 99 ; өзгерту енгізілді - 2009.04.29 N 89 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

       Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
                               куәлік

Алматы қаласы        2006 жылғы "____" ____________          N _____

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
___________________________________________________ тіркеген (заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті берген
органның атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
сәйкес эмитенттің атауы және мекен-жайы)

облигациялық бағдарламаны __________________________________________
                                     (реттік нөмірі)

мемлекеттік тіркеуге алды.
Облигациялық бағдарлама шығарылымының көлемі ______________________
теңге болады.

(облигациялық бағдарлама шығарылымының көлемі цифрмен және жазбаша)

Шығарылым _________________ нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың
мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат: ________________________________.

Куәлікке қол қойған адамның фамилиясы, аты,
әкесінің аты және лауазымы, қолы, мөрі.

                                   Мемлекеттiк емес облигациялардың
                                     шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
                                     және облигацияларды орналастыру
                                     және өтеу қорытындылары туралы
                                         есептi қарау ережесiнiң
                                              3-3-қосымшасы

      Ескерту: 3-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2006.04.15 N 99 ; өзгерту енгізілді - 2009.04.29 N 89 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

     Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
                           куәлік

Алматы қаласы        2006 жылғы "____" ____________          N _____

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
___________________________________________________ тіркеген (заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті берген
органның атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
сәйкес эмитенттің атауы және мекен-жайы)
____________________________________ облигациялық бағдарлама шегінде
    (реттік нөмірі)
облигациялар шығарылымын ___________________________________________
                                       (реттік нөмірі)
мемлекеттік тіркеуге алды.
Шығарылым __________________________________________________________
                   (облигациялар саны цифрмен және жазбаша)

бөлінді әрі оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірі_____________________
берілді.

Бір облигацияның номиналдық құны ___________________________ теңге.
                                   (цифрмен және жазбаша)

Облигациялар шығарылымының көлемі _________________ теңге болады.
(шығарылатын облигациялардың жиынтық номиналдық құны цифрмен және
жазбаша)

Шығарылым _________________ нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың
мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат: ________________________________.

Куәлікке қол қойған адамның фамилиясы, аты,
әкесінің аты және лауазымы, қолы, мөрі.

                                     Мемлекеттiк емес       
                                облигациялардың шығарылымын 
                                  мемлекеттiк тiркеу және   
                                 облигацияларды орналастыру 
                                  және өтеу қорытындылары  
                               туралы есептi қарау ережесiнiң
                                       4-қосымшасы

        Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2008.08.22. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз),  2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

        Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялардың
           шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және ұлттық
               бiрегейлендiру нөмiрiн беру үшiн
                            СҰРАТУ

Эмитенттiң атауы


Орналасқан жерi


Меншiктi капиталдың мөлшерi


Төленген жарғылық капиталдың
мөлшерi


Ұлттық бiрегейлендiру нөмiрiн
және енгізу күнін көрсете
отырып, қор биржасының ресми
тізімінің "акциялар"
секторының бірінші санатына
енгізілген эмитенттiң
акциялары туралы мәліметтер


Бiр облигацияның номиналдық құны


Шығарылымның құны


Айналыстың басталу күні


Облигациялардың қамтамасыз етiлуi


Облигациялардың
     түрi

  Облигациялардың
       саны

Облигациялар
бойынша сыйақы
мөлшерi, төлеу мерзімдері

Купондық



Дисконттық



Индекстелген



        Сұратуға эмитенттің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол
қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады.

Мемлекеттiк емес      
облигациялардың шығарылымын 
мемлекеттiк тiркеу және   
облигацияларды орналастыру 
және өтеу қорытындылары  
туралы есептi қарау ережесiнiң
5-қосымшасы         

Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттiң атауы.
      1-1. Эмитенттің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер.
      Осы тармақта эмитенттің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлігінің күні мен нөмірін, сондай-ақ оны мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткізген органның атауын көрсету қажет.
      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырлды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Эмитенттiң орналасқан жерi.
      3. Облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу күнi және нөмiрi.
      4. Облигациялар туралы мәлiметтер:
      шығаруға жарияланған облигациялардың жалпы саны және түрi, номиналдық құны, купонның және (немесе) дисконттың мөлшерi;
      5. Облигацияларды орналастыру туралы мәлiметтер:
      1) орналастыру кезеңінің басталу күнін және аяқталу күнін, орналастырылған облигациялар санын және әрбір алдыңғы есепті облигацияларды орналастыру кезеңіне жеке тартылған ақша сомасын, сондай-ақ облигацияларды орналастырмау туралы ақпаратты мәлімет үшін қабылдаған күнін көрсете отырып, алдыңғы облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті (есептерді) бекіту күні;
      2) есеп ұсынылатын кезеңдегi орналастырудың басталу және аяқталу күні;
      3) ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногындағы жазу және аукциондық жолмен орналастырылған облигациялар саны және тартылған ақша сомасы. Облигацияларды аукцион өткiзу жолымен орналастырған жағдайда олардың өткен күнiн және аукциондағы ең жоғарғы сату бағасын көрсету керек;
      4) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында облигацияларды орналастыру туралы ақпарат (caуда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмiнiң санаты, облигацияларды орналастыру аяқталған күнге облигациялардың рыноктық құны, сауда-саттықтағы ең жоғарғы баға және бiрiншi және соңғы сауда-саттық күнi орналастырылған акциялардың саны және тартылған ақшаның сомасы);
      5) есептi кезеңдегi орналастырылған облигациялардың саны және олардың айналысқа түскен күнiнен бастап осының алдында орналастырылған барлық облигацияларды ескерiп;
      6) есептi кезең аяқталған күнге сатып алынған облигациялардың саны, сатып алу жөнiнде шешiм қабылданған күн, сондай-ақ эмитент оларды сатып алған кезде келген шығындар;
      7) мерзiмiнен бұрын өтелген облигациялар саны (eгep ол шығарылым проспектiсiнде көзделген болса);
      8) облигацияларды шығару андеррайтерлерi (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат. Осы тармақта мынадай ақпаратты көрсету керек:
      бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысының атауы, эмитентпен жасалған андеррайтер қызметiн көрсету жөнiндегi шарттың күнi мен нөмiрi, сондай-ақ эмиссиялық консорциум қатысушылары туралы;
      андеррайтерлерге немесе орналастырушы басқа қатысушыларға, орналастырудың жалпы көлемiнiң процентке шаққандағы, әрбiр орналастырылған облигациялардың дисконты және комиссиясы көлемiнде өкiлдерге төленген (төленуi тиiс) дисконт және комиссия және шығыстар туралы басқа да мәлiметтер;
      андеррайтерлердi тартпай орналастырылған облигациялардың саны туралы;
      9) меншiк иелерiнiң санаттары бойынша облигацияларды иеленушілердің саны туралы мәлiметтер:
      жеке және заңды тұлғалар; жоғарыда аталған әр санаттағы тұлғалардың иеленушілеріне жататын облигациялар санын көрсеткен зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, екiншi деңгейдегi банктер, банктiк емес ұйымдар, брокер-дилерлер және басқалар туралы;
      аффилиирленген тұлғаларға орналастырылған облигациялар саны, осы аффилиирленген тұлғалар көрсетіледі;
      10) орналастырылмаған облигациялардың саны.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.04.15 N 99 ; 2007.04.30 N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 2008.11.28 N 181 ; 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.07.07. N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      5-1. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:
      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
      2) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің шарттары, тәртібі мен мерзімі және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
      3) арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылым проспектісіне сәйкес арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;
      4) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;
      5) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша алған ақша сомасы;
      6) есепті кезеңде секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметті төлеумен байланысты шығыстар сомасы;
      7) бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер.
      Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .
      6. Тiркеушi туралы мәлiметтер.
      Тiркеушiнiң атауы және орналасқан жерi, шарт жасалған күн және нөмiрi.
      7. Баспасөз басылымының атауы және облигациялар шығарылымы туралы ақпараттық хабар жарияланған күн (оларды тұлғалардың шектелмеген тобы арасында орналастыру кезiнде).
      7-1. Кезекті сыйақы төлеуге байланысты және (немесе) осы шығарылымның облигацияларын өтеуге байланысты ықтимал проблемалардың және осы жағдайдан шығу үшін эмитент қолданатын іс-шаралардың сипаттамасы.
       Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      7-2. Шығарылым проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзу жағдайлары туралы ақпарат.
       Ескерту. 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      7-3. Облигациялардың орналастыруы (қаржы ұйымдары левередж мөлшерін көрсетпейді) аяқталған күніне левередж мөлшері, бұрын шығарылған облигациялар бойынша дефолт жағдайларының болуы, облигацияларды әрі қарай орналастыруға байланысты бар проблемалар.
       Ескерту. 7-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) өзгерту енгізілді - 2009.07.07. N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      8. Облигациялар бойынша сыйақы төлеу туралы мәлiметтер:
      1) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезеңдiлiгi және мерзiмдерi;
      2) облигациялар бойынша сыйақының мөлшерi және мөлшерiн белгiлеу тәртiбi. Есептi кезең iшiнде осы шығарылымның облигациялар бойынша төленген жалпы сыйақы сомасы;
      3) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезiндегi есеп айырысу тәртiбi (есеп айырысу нысаны: қолма-қол, қолма-қол емес);
      4) облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленбеу жағдайлары болса, эмитенттiң қандай шаралар қабылдағанын көрсету керек.
      Есепке эмитенттiң бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi қол қояды және эмитенттiң мөрiнiң таңбасымен куәландырылады. Есептiң әрбiр данасы есепті айдың соңындағы жағдай бойынша немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күнгі қаржылық есептілігімен және облигацияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніне тіркеуші берген облигациялар ұстаушылар тізілімінің көшiрмесiмен бiрге тiгiледi, тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Мөрдiң таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірінші басшысының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолымен куәландырылуы тиіс.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30 N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 2008.11.28 N 181 ; 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

Мемлекеттiк емес      
облигациялардың шығарылымын 
мемлекеттiк тiркеу және   
облигацияларды орналастыру 
және өтеу қорытындылары  
туралы есептi қарау ережесiнiң
6-қосымшасы         

Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттің атауы.
      1-1. Эмитенттің мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы мәліметтер, бизнес-бірдейлендіру нөмірі (болған жағдайда).
      Осы тармақта эмитенттің әділет органдарында не қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органда мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәлігінің күнін және нөмірін көрсету қажет.
      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30 N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгерту енгізілді - 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
      2. Эмитенттiң орналасқан жерi.
      3. Облигациялар шығарылымы мемлекеттiк тiркелген күн.
      4. Орналастыру қорытындылары туралы есеп (есептер) бекiтiлген күн.
      5. Облигацияларды өтеу туралы мәлiметтер:
      1) облигациялар өтелген күн;
      1-1) эмитенттің сатып алған облигациялардың саны туралы облигацияларды өтеу күнгі жағдай бойынша мәліметтер;
      2) мерзiмiнен бұрын өтелген облигациялар туралы мәлiметтер.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Облигациялар бойынша төленген сыйақының жиынтық мөлшерi және өтеу сомасы. Осы тармақта есеп толығымен келтіріледі.
      Облигацияларды өтеу қорытындысы туралы есеп есепті айдың соңындағы жағдай бойынша немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күнгі қаржылық есеп берумен қоса тігіледі, оған бірінші басшы, бас бухгалтер, не олардың орындарындағы тұлғалар қол қояды және эмитенттің мөрінің бедерімен расталады. Қамтамасыз етiлген облигацияларды шығару кезiнде облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепке облигацияларды ұстаушы өкiлi атынан уәкiлеттi тұлға қол қояды.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

Мемлекеттiк емес      
облигациялардың шығарылымын 
мемлекеттiк тiркеу және   
облигацияларды орналастыру 
және өтеу қорытындылары  
туралы есептi қарау ережесiнiң
7-қосымшасы         

       Халықаралық қаржы ұйымдарының тiзбесi:

      1) Халықаралық қайта құру және даму банкi;
      2) Халықаралық қаржы корпорациясы;
      3) Азия даму банкi;
      4) Африка даму банкi;
      5) Еуропа қайта құру және даму банкi;
      6) Америкааралық даму банкi;
      7) Еуропа инвестициялық даму банкi;
      8) Ислам даму банкi;
      9) Скандинавия инвестициялық банкi;
      10) Еуропалық Кеңестiң даму банкi;
      11) Халықаралық есеп айырысу банкi.

                                   Мемлекеттiк емес облигациялардың
                                     шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
                                     және облигацияларды орналастыру
                                     және өтеу қорытындылары туралы
                                         есептi қарау ережесiнiң
                                              8-қосымшасы

      Ескерту. 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2006.04.15 N 99 ; өзгерту енгізілді - 2009.04.29 N 89 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

    Облигацияларды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы
              есепті бекіту жөніндегі хабарлама

Алматы қаласы        2006 жылғы "____" ____________          N _____

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес
___________________________________________________ тіркеген (заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті берген
органның атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
сәйкес эмитенттің атауы және мекен-жайы)
________________________________________ облигацияларды орналастыру
    ( шығарылымның реттік нөмірі )
(өтеу) қорытындылары туралы есепті бекітті.

Шығарылым номиналдық құны ___________________________ теңге болатын
                  (номиналдық құнының мөлшері цифрмен және жазбаша)
_____________________________________________ облигацияға бөлінді.
(облигациялар саны цифрмен және жазбаша, облигациялар түрі)
_____________________________________________________ жағдай бойынша
(облигацияларды орналастырудың (өтеудің) аяқталған күні, айы, жылы)
орналастырылған (өтелген) облигациялар _____________________________
орналастырылмаған облигациялар _____________________________________

Шығарылым туралы қосымша ақпарат: _________________________________.

Хабарламаға қол қойған адамның фамилиясы, аты,
әкесінің аты және лауазымы, қолы, мөрі.

Мемлекеттік емес облигациялар    
шығарылымын мемлекеттік тіркеу   
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары жөніндегі 
ережеге 9-қосымша         

      Ескерту. 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30 N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгерту енгізілді - 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

            Облигациялар шығарылымының күшін жою туралы
Хабарлама

"___"______200__ жылы                       Алматы қаласы  N____
 
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
___________________________________________________________
_______________________________________ тіркелген (қайта тіркелген)
(заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігін берген
органның атауы, күні, айы, жылы, берілген нөмірі)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігіне
               сәйкес эмитенттің атауы мен мекен-жайы)
 
облигациялар шығарылымының күшін жойды.
Шығарылым___________________________________________________________
          (облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркеуін жүзеге
                 асырған органның атауы, күні, айы, жылы)
 
тіркелді және Эмиссиялық бағалы қағаздар мемлекеттік тізілімінде
нөмірі _______ болып енгізілген.
 
Шығарылым ________________________________облигация болып бөлінген.
         (саны цифрмен және жазбаша, түрі)
 
Облигациялар  шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылданған
күнгі жағдай бойынша бір де бір акция орналастырылмаған.
 
Акциялар шығарылымы ______________________күннен бастап күшін жойды.
                     Күні (күні/айы/жылы)
 
Куәлікке қол қойған тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) және лауазымы, қолы, мөрі.

"Мемлекеттiк емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және
облигацияларды орналастыру және өтеу
қорытындылары туралы есептi қарау
ережесiнiң 10-қосымшасы   

       Ескерту. Ереже 10-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

_____________ жағдай бойынша (эмитенттің атауы) облигациялары
бойынша міндеттемелерді орындамау не тиісінше орындамау
фактілері туралы ақпарат

N р/с

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес облигациялар шығарылымының нөмірі

Дефолт басталған сыйақы және/немесе негізгі борышты төлеу күні

Орналастырылған облигациялар саны

Орналастырылмаған сатып алынған облигациялардың саны

Есептелген сыйақы сомасы, теңге

Левередждің мөлшері (қаржы ұйымдарын қоспағанда)

Мерзімін өткізгені үшін өсімпұл ескерілген сыйақы төлеу бойынша берешек сомасы

Берешекті толық төлеу үшін жетіспейтін сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9



кк.аа.жжжж.







кестенің жалғасы

Облигациялар ұстаушылардың саны (үлесі пайызбен)

Облигациялар ұстаушылардың арасындағы Қазақстан Республикасының резидент еместерінің үлесі (пайызбен)

Дефолттан шығу үшін өтікізілген және жоспарланған іс-шаралардың сипаттамасы

10

11

12

13

14



Жинақтаушы зейнетақы қорлары

Екінші деңгейдегі банктер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары

Инвестициялық қорлар

Өзге де облигациялар ұстаушылары



Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2005 жылғы 30 шілдедегі    
N 269 қаулысының       
2-қосымшасы          

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 385 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2591 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымында 2003 жылы жарияланған, N 25);
      2) "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2591 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 385 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 193 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2996 тіркелген, 2004 жылы "Финансовый вестник" журналында жарияланған, N 9(9));
      3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 3635 тіркелген, "Финансовый вестник" журналында N 6(18) жарияланған "Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 385 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 131 қаулысы .