"Ауыл шаруашылығы машинасымен жұмыс iстеу кезiнде еңбек ету жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 202 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3731. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

Күшін жойған

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған "Ауыл шаруашылығы машинасымен жұмыс iстеу кезiнде еңбек ету жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Байсеркин Б.С) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауға жолдансын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi А.А.Белоногқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдiң
      мiндетiн атқарушы

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      2005 жылғы 3 маусым

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрiнiң  
м.а. бұйрығымен 2005 жылғы    
28 сәуірдегі N 202 бұйрығымен  
бекітілген              

"Ауыл шаруашылығы машиналарымен жұмыс iстегенде жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар

1. Жалпы ережелер

      1. Ауылшаруашылығы машиналарымен жұмыс iстегенде қолданылатын санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар ауыл шаруашылық машиналарын пайдаланғанда қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (бұдан әрi - санитарлық ережелер) және жұмыс жағдайларын анықтайды.
      2. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда төмендегiдей анықтамалар қолданылды:
      1) трактор - тiркелген немесе үстiне қондырылған машина арқылы (ауыл шаруашылығы, құрылыс, жолы жұмыстары) iске қосылатын, өздiгiнен жүретiн, жыланбауырлы немесе доңғалақты машина;
      2) ауыл шаруашылық машиналары (бұдан әрi - машиналар) - ауылшаруашылығында қолданылатын арнайы машиналардың түрлерi: соқа, тұқым сепкiш, комбайндар;
      3) iз салғыш - ауыл шаруашылығы дақылдарын егу немесе отырғызу барысында қатарлар арасы түйiсетiн жерде белгiленген кеңдiктi сақтау yшiн егу немесе отырғызу агрегатына бағыт беретiн, атыз жыртатын арнайы ауылшаруашылық құралы немесе бейiмделген соған құрал;
      4) бағытын өзгерту - машинаның қозғалыс бағытын өзгерту немесе оның жекеленген элементтерiне керi жұмыс iстету;
      5) Отырғыштың бақылау нүктесi (бұдан әрi - ОБН) - адам кеудесiнiң сан сүйегiнен бұрылатын теориялық осiнiң отырғыштың симметриялық осi арқылы өтетiн тiк жазық бетпен қилысу нүктесi.

2. Ауыл-шаруашылық машиналарына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Машиналардың конструкциясы жұмыс үдерiсiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiп, сондай-ақ жұмыс орындарында қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың нормативтi деңгейi сақталуы керек.
      4. Машиналардың құрылымындағы бөлшектердiң орналасуы мен механизмдерi, оларды жинау және техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарын жүргiзгенде ыңғайлылықты және қауiпсiздiктi қамтамасыз етуi керек. Жұмыс үдерiсi барысында технологиялық материалдармен немесе көлденең қосылыстармен бiтелiп қалған механизмдер керi қалпына келтiруге, ажыратуға және тазартуға ыңғайлы болуы керек.
      5. Машиналардың жекеленген тораптары мен оның бөлшектерiнiң салмағы 20 килограмнан аспауы керек (бұдан әрi - кг) және машинаны жинау барысында оларды бекiтуге, орнатуға арналған құрылғы қарастырылуы керек Машиналар шаңды басқа жаққа бұратын болмаса тұтатын қондырғылармен жабдықталу керек.
      6. Машинаға жүктi қолмен тиегенде жүк тиейтiн бункердегi тесiктiң биiктiгi жерден немесе машинаның белдеуiнен бiр метрден (бұдан әрi - м) аспауы керек.
      7. Аспалы және тiркемелi машиналар оператордың жұмыс орнына кiрiп отыруын, операторлардың агрегатты басқаруын, жұмыс учаскесiн шолуын және жұмысшы механизмдердi көруiн; техникалық қызмет көрсетуiн қиындатпауы керек.
      8. Тракторларға машиналарды қосу және ағыту жұмыстары автоматты iлгек арқылы қамтамасыз етiлуге тиiс. Ілiнетiн және тiркелетiн машиналарды жұмысшы жағдайларына ауыстыру оператордың жұмысшы орнында жүргiзiлуге тиіс.
      9. Отын багының, салқындату және майлау жүйелерiнiң аузындағы мойын сыйымдылықтарды механикаландырылған жолмен толтыруға бейiмделген құралмен жабдықталып, ол кабинаның сыртында, жерден немесе аяқ қойғыштан 140 сантиметр (бұдан әрi - см) артық емес биiктiкте орналасуы керек.
      10. Машина қозғалтқышын iске қосу жүйелерi жеңiл және қауiпсiз қосуды қамтамасыз етуi керек. Қозғалтқыштың түтiн шығаратын құбыры кабинаның төбесiнен (тенттен) биiк орналасуға тиiс.
      11. Технологиялық үдерiс кезiнде, жұмыс орындағанда жұмыскерлердiң қозғалып тұруы үшiн тiркемелi машиналардағы жұмыс орнында, оның енi 350 милиметрден (бұдан әрi - мм) кем болмауы керек, бетi бүдiрленген аяқ қоятын алаң қарастырылуы керек. Құлап қалмау үшiн алдыңғы жағында биiктiгi 70 мм кем емес тiрек қойылуы керек.
      Алаңның орта бөлiмiнде биiктiгi 800-1200 мм қол қойғышы немесе арқасы бар отырғыш қарастырылуы керек, оның ұзындығы алаңның 1/3 құрап, биiктiгi 700 мм кем болмауы керек.
      12. Тұрақты түрде немесе анда-санда пайдаланылатын басқару механизiмi қолданыстағы стандарттардың талаптарына сай болып, бiрегейленуi керек. Рычагтарды, штурвалдарды, басқыштарды басқарғанда жұмыскердiң кейпi өзгермеуi керек.
      13. Руль дөңгелегi, басқару рычагы және басқыштар оператордың жұмыс орнына келуiне және шығуына, басқару кезiнде аяқтардың қозғалуына бөгет жасамауы керек.
      14. Басқыштардың беттерi бүдiрлi болуы керек. Аяқпен қозғалтқандағы басқыштардың кiру тереңдiгi 150 мм, ал бiр аяқпен басқанда 100 мм аспауы керек.
      15. Кабинаның iшкi габаритi жұмыс орнын ұтымды орналастыруға мүмкiндiк берiп, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардан және зиянды өндiрiстiк факторлардан толық қорғайтындай болуы керек.
      16. Отырып жұмыс iстегендегi кабинаның биiктiгi ОБН қоса есептегенде 1600 мм, түрегеп iстегенде 2000 мм кем болмауы керек. Бiр орындық кабинаның ең аз деген енi 900 мм, екi орындық кабиналар үшiн тиiсiнше 310-810 мм дейiн болуы керек. ОБН үстiнде 1400 мм, кабинаның ұзындығы 1200 мм болуы керек.
      17. Кабинаның терезелерi мен шыныланған беттерi жұмыс учаскесiн, басқару механизмдерiн жақсы көретiндей болып орналасуы керек. Кабинаның алдында және артында орналасқан шынылар көрудi нашарлатпайтындай болып жалғаспай орналасуы керек.
      18. Алдыңғы, керек болған жағдайда артқа қарап жұмыс iстегенде пайдаланатын артқы шынылар механикалық шыны тазалатқыштармен жабдықталуы керек. Шыны тазалатқыштар шыны аумағының 75 пайызынан (бұдан әрi - %) кем емес алаңды тазалау керек.
      19. Кабиналардың iшiн жарықтандыру үшiн плафондар орнатылып, арттағыны көретiн айна, көздiң күннен қарықпауы үшiн күн қағарлар немесе жарық сүзгiштер, шыныны терлетпейтiн, мұздатпайтын аспаптар қарастырылуы керек.
      20. Кабинаның есiк, терезелерi, басқару үшiн пайдаланылатын рычагтар кiретiн есiктер тұмшалана жабылуы керек. Кабинаның еденiмен күш түсетiн орындар бедерленiп, май мен жаңғыш заттарға төзiмдi болуы керек.
      21. Машинаның кабинасында сыйымдылықтарды, бункерлердi, май құятын мойындарды, өлшегiштердi және аккумуляторларды басқа да заттарды орналастыруға болмайды.
      22. Кабина жылдың суық және ыстық мәселелерiне сай, сырттан жылу келмейтiндей немесе iштен жылу шықпайтындай етiп, тығыз жабылуы керек.
      23. Кабинадағы температура жылдың суық мезгiлiнде 14 градус Цельсиядан (бұдан әрi -  0 С) төмен болмай, жылдың ыстық мезгiлiнде
21 0 С жоғары болмай, салыстырмалы ылғалдылығы 30-75%, ауаның жылжу жылдамдығы секундына 0,3 метр (бұдан әрi - м/с) болуы керек. Жылдың жылы мезгiлiнде кабинадағы температура 28  0 С, салыстырмалы ылғалдылық 60% аспай, ауаның жылжу жылдамдығы 1,5 м/с болуы керек. Ауаның күрт төмен түсуi немесе жоғарлауы 4  0 С аспауы керек.
      24. Егер ауаны жергiлiктi жолмен кабинаға енгiзгенде ондағы ауа ағынының ортасындағы температура плюс 5  0 С кем болмауы керек. Жұмыс орнына берiлетiн ауа жоғарыдан және алдынан берiлуi керек.
      25. Сыртқы ауаның температурасы сағат 13 плюс 26-30  0 С құраса, кабинадағы температураны 31  0 С дейiн көтеруге, ал температура плюс 30  0 С жоғары болса, кабинадағы температураның 33  0 С көтеруге болады. Орташа температураның деңгейi қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерiне (бұдан әрi - ҚНжЕ) сай болуы керек.
      26. Жылдың суық мезгiлiндегi кабинаның iшкi беттерiндегi температура, кабина сыртындағы температурадан айырмашылығы 3  0 С аспауы керек. Жылдың жылы мезгiлiнде кабинадағы (шынының бетiн санамағанда) температура плюс 35  0 С аспауы керек.
      27. Кабинаны желдету жүйесi ауаны шаңнан тазартуы, жылылықты реттеуi, түсетiн ауаның жылдамдылығы мен бағытын өзгертуi керек. Ауаны шаңнан тазалайтын сүзгi кабинаның сыртында орналасып, оңай айырбасталатындай болуы керек.
      28. Жабық кабина iшiндегi артық қысым 50 Паскалдан (бұдан әрi - Па) кем болмай, 200 Па аспауы керек.
      29. Өзi жүретiн және тұрақты машиналар дыбыс, жарық арқылы белгi беретiндей етiп жасалынуы керек. Бiрнеше жұмыскерлермен басқарылатын кешендi агрегаттарда екi жақтан белгi беретiндей етiп жасалынуы керек. Белгi беретiн дыбыстың деңгейi сыртқы шудан 8 децибелге (бұдан әрi - дБ) жоғары болуы керек.
      30. Механизмдi айналдыратын бөлiктi ажыратқан кезде, барлық кезеңде айналып тұратын жұмысшы механизмдерден қауiптiлiктiң барлығын дыбыс арқылы бiлдiретiн, белгi беретiн механизмен жабдықталуы керек.
      31. Ағымды технологиямен жұмыс iстейтiн машиналар жүйеде ауытқушылықтың (технологиялық үдерiстiң бұзылуы, жүйенiң шамадан тыс жұмыс iстеуi, сыйымдылықтар мен бункерлер толғанда, қысым артқанда, қауiптi және зиянды заттар бөлiнгенде) барлығы туралы автоматты түрде белгi беретiн жабдықтармен жабдықталуы керек.
      32. Машинатракторлар агрегаттарының (бұдан әрi - МТА) iз салғышын жұмыс жағдайына немесе көлiктiк жағдайға жұмыс орнынан көшiретiндей болып жасалынуы керек.
      33. Топырақ үстiнде орналасатын кескiш механизмдердiң, айналғыш машиналардың механизмдерi оператордың жұмыс орнына iске қосылып, ажыратылуы керек.
      34. МТД-ғы жұмыс орындары алаңшалармен, сатымен, тiреуiштермен жабдықталынуы керек. Жұмыс алаңшасының мөлшерi 60 см, ұзындығы 100 см кем болмауы керек.
      Тiркемедегi жұмыс орны кабинада немесе жапқыштармен жабдықталуы керек.
      35. Көшет отырғызатын машинадағы дөңгелектер немесе жылан бауырлар аяқ қоятын алаңша жағынан қоршалынуы керек.
      36. Жұмыс орнынан тiркемелер немесе жартылай тiркемелi машиналардағы улы химикаттардан құятын сыйымдылықтардың арасы 100 см кем болмай, iлiнетiн жерде 50 см, шашырататын қондырғы 70 см кем болмауы керек.

3. Жұмыс жағдайына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      37. Машинадағы жабдықталған жұмыс орыны ондағы жұмыс iстейтiндердiң санына сай болуы керек. Жұмыс орындарының орналасуы қауiпсiздiктi, агрегатты басқаруды, рационалды жұмыс кейпiн сақтауды, жұмыс учаскесiн толық көрудi, машиналардың механизмдерi мен бөлiктерiн анық көрудi қамтамасыз етуi керек.
      38. Отырғыштар төмендегiдей мөлшерлерге сәйкес келуi керек:
      1) отыратын орындықтың биiктiгi еденнен ОБН дейiн - 430 мм;
      2) отыратын жастықтың қалыңдығы - 260 мм (+20, -50);
      3) отыратын жастықтың енi - 450 мм кем емес;
      4) арқадағы жастықтың қалындығы 360 мм аспасын;
      5) арқалығының енi - кем дегенде 400 мм;
      6) жастықтың алдыңғы бөлiгiнiң төмен қарай еңкею бұрышы 0-5 0 көп болмауы керек;
      7) шынтақтiрегiштегi жастықтан биiктiгi 180-250 мм;
      8) шынтақтiрегiштiң ұзындығы кем дегенде 50-100 мм.
      39. Орындық, оның арқасын және шынтақтiрегiштер жүргiзушiнiң бойы мен салмағына қарай реттелiнуi керек. Орындықтың арқасының еңкею бұрышы 5 пен 20 градустың арасында болып, олардың ауытқуы  + 3 шамасында болуы керек.
      40. Орындықты реттейтiн қондырғы орындықтан бөлек болып, оның шамасын өзгерту арнайы құрал-жабдықсыз жүргiзiлуi керек. Реттейтiн қондырғының конструкциясы отыратын орындықтың шетiнен шықпауы керек.
      41. Отырғышты, отырғыштың арқасын, шынтақтiрегiштердi жабатын материал берiк, жұмсақ, ауа өткiзетiндей болып, оңай жуылуы керек.
      42. Жұмыс механизмдерi мен басқару пультi жарықтандырылуы керек. Жарықтандыратын құралдар нормаға сай жарық берiп, барлық жерде бiрдей жарықтандырып, көлеңке туғызбауы және ҚНжЕ сай жұмыскерлердiң көзiн қарықтырмауы керек. Кабиналар жалпы жарық беретiн көздермен жабдықталуы керек.
      43. Жұмыс аумағындағы ауадағы зиянды заттардың қанықпасының мөлшерi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдiң м.а. 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 841 бұйрығымен бекiтiлген "Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етiлген мөлшердегi концентрациялары мен бағдарлы қауiпсiз денгейлерi" гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы керек.
      44. Машиналардың кабинасы термостарды, ауыз су құйылған сыйымдылықтарды, оператордың сыртқы киiмiн iлетiн, алғашқы көмек көрсететiн қобдишаны орналастыратын орындармен жабдықталуы керек.
      45. Жұмыс орындағы инфрадыбыс пен шудың деңгейi, сондай-ақ машинаның қозғалу осiнен 7,5 м жердегi алыстықта гигиеналық нормативтер арқылы анықталған шектi мөлшерден аспауы керек.
      46. Қазақстан Республикасының нормативтi-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеуден өткiзетiн Реестрiнде N 2780 тiркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң "Мiндеттi түрде жұмысқа алынар алдында және кезеңдi медициналық тексерiстен өтудi керек ететiн зиянды өндiрiстiк факторлардың, мамандықтардың  Тiзiмiн және зиянды, қауiптi және қолайсыз өндiрiстiк факторлардың әсерiне ұшырайтын жұмыскерлердiң жұмысқа алынар алдында және кезеңдi медициналық тексерiстен өткiзу туралы  Нұсқауды бекiту туралы" 2004 жылғы 12 наурыздағы N 243 бұйрығына сәйкес және медициналық тексерiстен өтуге тиiс. Зиянды және жағымсыз өндiрiстiк факторлардың ықпалына ұшырайтын машинада жұмыс iстейтiн адамдарды жұмысқа қабылдар алдында және кезеңдi медициналық тексерiстерден өткiзу керек.