Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қызмет ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік)
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы
N 75
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2805 тіркелген) және 2004 жылғы 27 желтоқсандағы
N 394
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3403 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістері және толықтырулары бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2547 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" N 22 басылымдарында 2003 жылғы 20 қазан - 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережеде:
6, 13, 15-тармақтарындағы "сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға нақты қайтарылған сақтандыру сыйлыққақыларын шегергенде" деген сөздер "сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (қайта сақтандыру) сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) нақты қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлыққақыларын шегергенде" деген сөздермен ауыстырылсын".
2. Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы
N 74
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2797 тіркелген) қаулысымен енгізілген өзгерістері және толықтырулары бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2548 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" N 22 басылымдарында 2003 жылғы 20 қазан - 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сақтандыру ұйымы - қатысушы міндетті жарналардың сомасын уәкілетті орган бекіткен есептеу әдістемесіне сәйкес дербес есептейді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сақтандыру ұйымы - қатысушы шартты міндеттемелер мөлшерін уәкілетті орган бекіткен есептеу әдістемесіне сәйкес дербес есептейді.";
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, Сақтандыру төлемдерін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.