БҰЙЫРАМЫН
:
"Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244
бұйрығына
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 3627 тіркелген, 2005 жылғы N 16 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі Ережесінде:
11-тармақтағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жалпы орта білімі бар (жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларды ауыстыру халықаралық жүйесі бойынша шетелде оқыған, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқыған, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарды, мәндес емес мамандықтар бойынша оқуға түсетін кәсіптік бастауыш білім беру ұйымдарын ағымдағы жылғы бітірушілер, сонымен қатар өткен жылдардағы бітірушілер) жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні пәні бойынша) өткізіледі;";
14-тармақтың 2-тармақшасында:
"3" бағасы - 15 балл" деген сөздер "3" бағасы - 10 балл" деген сөздермен ауыстырылсын;
"4" - 23 балл" деген сөздер "4" - 20 балл" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақ "бала кезінен мүгедектер," деген сөздерден кейін "мүгедек балалар" деген сөздермен толықтырылсын;
2-қосымшада "Бейіндік пәннің атауы" бағанындағы 0833002 кодына "Биология", "Химия" деген сөздер "Математика", "Математика" деген сөздермен ауыстырылсын.