Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы" Заңының 1 бабының 18 тармағындағы 13) тармақшасына сәйкес және жоғары білікті кадрларды аттестаттау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. (N 2140 тіркелген нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 534 бұйрығымен өзгеріс енгізілді, Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 15, 841 б.), "Ғылыми атақтар беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 15 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Ғылыми атақтар беру ережелерінде:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Профессор және доцент ғылыми атақтарын жоғары оқу орындарының, кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау ұйымдарының, ғылыми, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік ұйымдардың қызметкерлеріне сол ұйымдардың ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестерінің ұсынысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Төралқасының және Алқасының шешімдері негізінде Комитет береді.";