"Мүлікті салық және кеден берешегі есебіне иеленуді шектеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 347 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 83 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3535

Қолданыстағы

      "Салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүлікті салық және кеден берешегі есебіне иеленуді шектеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 347 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2004 жылы 10 тамызда N 2992 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 жылы жарияланған, N 37-40, 1024-құжат)  бұйрығына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) аталған бұйрықпен бекітілген Салық төлеушінің салық берешегінің (төлеушінің кеден төлемдерi мен салықтар бойынша берешегі) есебіне мүлікті иеленуде шектеу туралы шешімнің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) аталған бұйрықпен бекітілген Салық төлеушінің салық берешегінің (төлеушінің кеден төлемдерi мен салықтар бойынша берешегі) есебіне мүлікті иеленуде шектеу туралы тізімдеме актісін жасау ережесінің:
      2-тармағы:
      "құжаттарды" деген сөзден кейін ", мұндай мүлікке меншікті және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Соңғысы Тізімдеме актісінде бар болған кезде тәуелсіз бағалаудың деректері көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің Төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы Вице-Министрі -
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Кедендік бақылау комитетінің
      Төрағасы

      2005 ж. 23 ақпан

                                        Қазақстан Республикасының
                                             Қаржы министрлігі
                                        Салық комитеті Төрағасының
                                          2005 жылғы 28 ақпандағы
                                           N 83 бұйрығына қосымша
                                        "Салық және кеден төлемдерi
                                        берешегінің есебіне мүлікті
                                         иеленуде шектеудің кейбір
                                            мәселелері туралы"
                                         Қазақстан Республикасының
                                             Қаржы министрлігі
                                        Салық комитеті Төрағасының
                                          2004 жылғы 12 шілдедегі
                                         N 347 бұйрығына 1-қосымша

     Салық төлеушінің билік ету мүлкін салық берешегінің
      (төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша
              берешегінің) есебіне шектеу туралы
                             ШЕШІМ

      200__ж. "____"_________                             N _____

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)  48-бабына
(Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің  352-бабына ) сәйкес
__________________________________
      (облысы, қала, аудан)

____________ бойынша Салық комитеті (Кедендік бақылау департаменті)
____________________________________________________________атынан
            (басшының немесе орынбасардың аты-жөні)

200_ жылғы ____________ N______ мерзімінде орындалмаған салық
міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қабылданатын
шаралар туралы хабарламаның (берешек пен өсімақыны өтеу туралы
хабарлама) негізінде
___________________________________________________________________
             (салық төлеушінің (төлеушінің) атауы,
___________________________________________________________________
                   заңды мекен-жайы, СТН-і)
салық төлеушінің (төлеушінің) билік ету мүлкін ____________________
                                            (санмен және жазумен)

___________________сомаға салық берешегінің есебіне шектеуді ШЕШТІ,
  cоның ішінде:

1 _________________  ______________  ________________  ____________
   (төлемнің коды,   (төлем сомасы)  (өсімақы сомасы)    (айыппұл
    атауы)                                                сомасы)

2 _________________  ______________  ________________  ____________
   (төлемнің коды,   (төлем сомасы)  (өсімақы сомасы)    (айыппұл
    атауы)                                                сомасы)

3 _________________  ______________  ________________  ____________
   (төлемнің коды,   (төлем сомасы)  (өсімақы сомасы)    (айыппұл
    атауы)                                                сомасы)

4 _________________  ______________  ________________  ____________
   (төлемнің коды,   (төлем сомасы)  (өсімақы сомасы)    (айыппұл
    атауы)                                                сомасы)

5 _________________  ______________  ________________  ____________
   (төлемнің коды,   (төлем сомасы)  (өсімақы сомасы)    (айыппұл
    атауы)                                                сомасы)

      ____________________________________________________
             (салық (кеден) органының қолы, мөрі)

      Салық төлеушіні қаржы лизингіне және (немесе) кепілге
берілген мүлігін иеленуде шектеу туралы шешім шығарылған кезде, осы
мүлікке қатысты салық органы шешім шығарған сәттен бастап және оның
күшін жойғанға дейін салық органдарына шарттың қолданыс мерзімі
тоқтатылғанға дейін бұл мүлікті алып қоюға, ал салық төлеушіге -
шарттың талаптарын (шарттың қолданыс мерзімін ұзарту, сублизинг
және (немесе) кепілге қайта салу) өзгертуге тыйым салынады.
      Қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда, төлеушінің жалға
берілген мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған кезде
кеден органы осы мүлікке қатысты шешім шығарған кезден бастап оны
жойғанға дейін жалға алушы мен кепіл ұстаушыға мұндай мүлікке
меншік құқығын беруге тыйым салынады.

      Шешімді алды
      ______________________________________________________
      (салық төлеушінің (төлеушінің) қолы, (мөрі) және күні)