Мемлекеттік орман қоры участкелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы

Ақтөбе облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 шілдедегі N 202 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет Департаментінде 2004 жылғы 27 тамызда N 2904 тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15 бабына, "Мемлекеттік орман қоры участкілеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 460 қаулысына сәйкес және қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінің қурауына жол бермеу, сондай-ақ ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғауды күшейту мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қорындағы участкелерінде басты мақсатта пайдалану үшін қылқан жапырақтылар мен сексеуіл ағаштарын кесуге (Ақтөбе, Ұлы-Борсық, Мәртөк, Темір, Ойыл орман шаруашылықтарында) 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын.
      Ескерту. 1 тармағына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012.11.07 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Аудандардың әкімдері, Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы (К.С. Аязов), орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне (М.М. Меңдібаев, И. Көмекбаев, Р.Ш. Мифтахутдинов, С.Ж. Молдақұлов, С.Ғ. Мусин) заңда бекітілген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағын орындау үшін қажетті шаралар қабылдансын;
      2) мемлекеттік орман қоры участкелерінде ағаштар мен бұта тұқымдарын плантацияда өсіру жөніндегі, сондай-ақ жеке меншік орман өсіру үшін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жер участкелерін беру жұмыстарын ұйымдастырсын;
      3) жыл сайын 5 маусымға және 5 қаңтарға "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөнінде қолданылған шаралар және ағаштар мен бұта тұқымдарын плантацияда өсіру туралы ақпарат берсін;
      4) ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөніндегі шаралардың орындалуын бақылауды және құрылып жатқан ағаштар мен бұта тұқымдары плантацияларын есепке алынуын ұйымдастырсын.
      Ескерту. 2 тармағына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012.11.07 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Кемаловаға жүктелсін.
      Ескерту. 3 тармағына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012.11.07 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Облыс Әкімі