Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу ережесiн бекiту

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 286-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3317

Жаңартылған

      "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi  Заңын , "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132  қаулысын  iске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Әлеуметтiк нормативтер және мүгедектердi оңалту департаментiнiң директоры К.А.Манабаева осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық департаменттерiне жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.Б.Дүйсеноваға жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

       Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Десаулық сақтау министрі

      2004 ж. 07.12.

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі

      2004 ж. 07.12.

Қазақстан Республикасы     
Еңбек және халықты       
әлеуметтік қорғау Министрінің 
2004 жылғы 7 желтоқсандағы  
N 286-ө бұйрығымен      
бекітілген         

  Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі  Заңына , "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132  қаулысына  сәйкес әзірленген және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеудің тәртібін белгілейді.

      2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі - ОЖБ) - оңалту шараларының нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек түрлерін айқындайтын, тиісті мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, меншік нысанына және шаруашылықты жүргізу нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдар орындауға міндетті құжат болып табылады.

  2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
әзірлеудің тәртібі

      3. ОЖБ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) мүгедекті куәландырған күннен бастап бір ай ішінде, денсаулық сақтау ұйымдарының, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің және оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің қызметкерлерін (қажет болған жағдайда) тарта отырып, міндетті түрде мүгедектің қатысуымен әзірленеді, және қажет болғанда, ОЖБ ресімдеу сәтінен кейін 3 айдан сиретпей қолданылған оңалту шараларының нәтижелері бойынша мүгедекті кезекті куәландыру кезінде немесе оны динамикалық бақылау тәртібімен түзетіліп отырады.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      4. ОЖБ әзірлеу мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) оңалту-сараптамалық диагностика жүргізу;
      2) мүгедекке тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік әрекеттерді атқаруға деген бұзылған қабілеттерін қалпына келтіруге немесе жоғалтқандарының орнын толтыруға мүмкіндік беретін оңалту шараларының түрлерін, жағдайларын, көлемі мен орындау күнін белгілеу.
      Оңалту-сараптамалық диагностика - клиникалық болжамның, оңалту әлеуетінің, оңалту болжамының бағасы.
      Клиникалық болжам - клиникалық-функционалдық деректерін, тіршілік әрекетінің, тиімді емделу мүмкіндігінің шектелуіне әкеп соққан ауру этиологиясының, патогенезінің және ағымының ерекшеліктерін талдау негізінде патологиялық процестердің және ауру ағымының заңдылықтарын білу негізінде аурудың, жарақаттың, мертігудің дамуын және салдарын болжау.
      Клиникалық болжам:
      1) қолайлы - аурудың, жарақаттың немесе мертігудің салдарынан ағзаның бұзылған функцияларының және шектелген тіршілік әрекетінің толық сауығуы (толығымен қалпына келуі) немесе орнының толтырылуы;
      2) біршама қолайлы - аурудың, жарақаттың немесе мертігудің белгілерінің сақталуымен толық емделмеу, ағзаның бұзылған функцияларының және тіршілік әрекетінің шектелуінің бәсеңдеуі, тұрақтануы және орнының жарым-жартылай толтырылуы (ауру созылмалы болғанда - өршу процесінің бәсеңдеуі, ремиссия кезеңінің созылуы және т.б.);
      3) қолайсыз - денсаулық күйін тұрақтандыру, патологиялық процестің өршуін тоқтату және аурудың, жарақаттың немесе мертігудің салдарынан ағза функцияларының бұзылу дәрежесін және тіршілік әрекетінің шектелуін төмендету мүмкіндігінің болмауы;
      4) ауру ағымының анық болмауы - күмәнді деп бағаланды;
      Оңалту әлеуеті - денсаулық күйінің (толық саулықтан функциялардың айқын білініп бұзылуына дейін), тіршілік әрекетінің (қалыптысынан әрекет етуге, оның ішінде еңбек қызметін атқаруға қабілетсіздікке дейін) және әлеуметтік жағдайының (қалыптысынан өзге адамдарға толығымен тәуелді болуға дейін) сипаттамасын талдауға негізделетін биологиялық, психофизиологиялық және әлеуметтік-орта факторларының кешені.
      Оңалту әлеуеті:
      1) жоғары - денсаулықтың, әлеуметтік мәртебесінің, тіршілік әрекетіндегі шектеулердің толығымен қалпына келтірілуі (толық оңалту);
      2) қанағаттанарлық - ағза функцияларының бұзылуы шамалы білініп бұзылуымен толығымен сауықпау, тіршілік ету санаттарын қиындықпен, шектелген көлемде немесе техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдар арқылы орындау, мүгедектің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығы (жартылай оңалтылу - мүгедектің 1 немесе 2 топтан 3 мүгедектік тобына ауысуы);
      3) төмен - созылмалы аурудың баяу дамуы, ағза функциялары бұзылушылығының айқын білінуі, тіршілік ету санаттарының көпшілігін едәуір шектеулермен орындау, мүгедектің әлеуметтік қолдауға үнемі мұқтаж болуы (жартылай оңалту - 1 топтан 2 мүгедектік тобына ауысу);
      4) оңалту әлеуетінің болмауы - ауру ағымының үдеуі, ағза функцияларының күрт бұзылуы, негізгі қызмет түрлерінің орнын толтыруға немесе өзіндігімен орындауға мүмкіндіктің болмауы, өзгелердің күтіміне мұқтаж болу (оңалту мүмкін емес - мүгедектіктің тұрақтылығы немесе оның ауырлануы) деп бағаланады;
      Оңалту болжамы - оңалту әлеуетін іске асырудың болжамды мүмкіндігі мен мүгедектің қоғамға кірігуінің болжамды деңгейі.
      Оңалту болжамы:
      1) ағзаның бұзылған функциялары мен тіршілік етудегі шектеулер санаттарын толық қалпына келтіру, мүгедектің қоғамға толығымен кірігуі мүмкіндігі болғанда - қолайлы деп;
      2) ағзаның бұзылған функциялары мен тіршілік етудегі шектеулер санаттарын ішінара қалпына келтіру мүмкіндігі болғанда, олардың шектелу дәрежесін төмендету немесе тұрақтандыру, мүгедектің қоғамға кірігу қабілеттерінің ұлғаюы және оның әлеуметтік қолдауға деген толық мұқтаждықтан жарым-жартылай мұқтаждыққа ауысқанда - біршама қолайлы деп;
      3) болжам анық емес болған жағдайда - күмәнді деп бағаланады;
      4) қолайсыз - ағзаның бұзылған функцияларын және тіршілік әрекеті санаттарын қалпына келтіру немесе орнын толтыру мүмкіндігінің болмауы.
      Оңалту-сараптамалық қорытындыда мүгедектің оңалту іс-шараларына деген мұқтаждығы қысқаша негізделеді.
      Оңалту-сараптау қорытындысының мазмұны мен құрылымы клиникалық болжамға, оңалту әлеуетіне және оңалту болжамына қарай айқындалады.

      5. ОЖБ мынадай нысандар бойынша әзірленеді:
      1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (ОЖБ) (1-қосымша);
      2) оңалтудың медициналық бөлігі (2-қосымша);
      3) оңалтудың әлеуметтік бөлігі (3-қосымша);
      4) оңалтудың кәсіби бөлігі (4-қосымша)
      5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан көшірме (5-қосымша);
      6) динамикалық бақылау процесінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы туралы қорытынды (6-қосымша);
      7) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы туралы соңғы қорытынды (7-қосымша).
       Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      6. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында мүгедектің тіркеу номері, төлқұжатындағы деректері, клиникалық-сараптамалық мәліметтер, оңалту-сараптамалық диагностиканың нәтижелері, оңалту-сараптамалық қорытынды, медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалтудың мерзімдері, ОЖБ әзірлеу күні (1-қосымша).
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      7. Мүгедектің ОЖБ медициналық, әлеуметтік және кәсіби бөліктері (2, 3, 4-қосымшалар) кесте түрінде құрастырылып, бағандарға бөлінеді.
      Оңалтудың медициналық, әлеуметтік және кәсіби бөліктерінің тіркеу нөмірлері мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының тіркеу нөміріне сәйкес келуі тиіс.
      1-бағанда оңалту іс-шаралары түрінің реттік номері көрсетіледі.
      2-бағанда мүгедек мұқтаж болатын оңалту іс-шараларының нақты түрлері көрсетіледі.
      Оңалтудың медициналық бөлігінің 3, 4, 5, 6-бағандарында, оңалтудың әлеуметтік бөлігінің 3, 4, 5, 6, 7-бағандарында белгіленген оңалту шараларын орындаудың шарттары, көлемі (ұзақтығы мен еселігі) және күндері көрсетіледі. 
      Оңалтудың кәсіби бөлігінің 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында белгіленген оңалту шараларының шарттары мен күндері көрсетіледі.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      8. Оңалтудың медициналық бөлігі денсаулық сақтау ұйымының медициналық-әлеуметтік сараптамаға N 088у нысанындағы жолдамасында көрсетілген оңалту іс-шаралары жоспары негізінде жасалады.
      Оңалтудың медициналық бөлігін денсаулық сақтау ұйымдары мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      9. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін халықты әлеуметтік қорғау мекемелері (қарттарға, мүгедектер мен мүгедек-балаларға арналған интернат-үйлері) қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталықтар, үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері, арнаулы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      10. Мүгедек балаларды оңалтудың кәсіби бөлігін әзірлеу кезінде олардың психикалық күйінің, интеллектуалдық дамуының, ойын қызметіне, білім алуға, қарым-қатынас құруға, еңбек қызметінің машықтарын игеруге және орындауға деген әлеуетінің ерекшеліктері есепке алынады.
       Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жызылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      11. ОЖБ әзірленген медициналық, әлеуметтік және кәсіби бөліктеріне мүгедек (немесе оның заңды өкілі) қол қояды, аумақтық бөлімшенің бастығы бекітеді, куәландыру үшін мөртабанмен расталады.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жызылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      12. Мүгедектің (немесе оның заңды өкілінің) қолына Оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме беріледі.
      ОЖБ көшірменің тіркеу нөмірі мүгедектің ОЖБ тіркеу нөміріне сәйкес келуі тиіс.
       Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      13. Мүгедектің ОЖБ бекітілген медициналық, әлеуметтік және кәсіби бөліктері 3 күн мерзім ішінде мыналарға жолданады:
      1) тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына - оңалтудың медициналық бөлігі (2-қосымша);
      2) халықты әлеуметтік қорғау органына - оңалтудың әлеуметтік бөлігі, оңалтудың кәсіби бөлігі (3, 4-қосымшалар).
       Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жызылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      14. Медициналық оңалтудың 7-бағанында, әлеуметтік оңалту картасының 9-бағанында, кәсіби оңалтудың 8-бағанында оңалтудың нәтижелері көрсетіледі.
      Оңалтудың медициналық бөлігіндегі жүргізілген оңалту шараларының нәтижелерін денсаулық сақтау ұйымы қалпына келтіру (толық немесе жарым-жартылай), орнын толтыру (толық немесе жарым-жартылай) немесе нәтиженің болмауы мыналарды бағалау негізінде көрсетіледі:
      1) ағза функцияларының бұзылуының бәсеңдеуі (төмендеуі, артуы, қарқынсыз);
      2) сырқат, жарақат ағымын (тұрақтануы, нашарлауы, қарқынсыз, өршу жиілігінің және ауыртпалығының өзгеруі);
      3) физикалық еңбек ету қабілетін (артуы, төмендеуі, қарқынсыз);
      4) қажетті көтерме емінің көлемін (азайту, ұлғайту, өзгертусіз).
      Оңалтудың әлеуметтік бөлігіндегі жүргізілген оңалту шараларының нәтижелері әлеуметтік қорғау органдарымен өзіне өзі қызмет көрсету, өз бетімен өмір сүру, жүріп-тұру, бағдарлану дағдыларының, әлеуметтік-психологиялық мәртебесінің (толық, жарым-жартылай немесе қарқынсыз) қалпына келтірілуі бойынша көрсетіледі.
      Оңалтудың кәсіби бөлігіндегі жүргізілген оңалту шараларының нәтижелері әлеуметтік қорғау органдарымен оқытудың, кәсіпке үйретуінің, жұмысқа орналастыру бойынша көрсетіледі.
       Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      15. Оңалту шараларын өткізу кезінде оңалту шараларын жүзеге асырудың дәйектілігі, кешенділігі және үзіліссіздігі, жүргізілген оңалту шараларын динамикалық бақылау және олардың тиімділігін бақылау қамтамасыз етіледі.

      16. Медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі іс-шаралардың жүргізілу нәтижелерін бағалауды аумақтық бөлімше мүгедекті кезекті қайта куәландыру кезінде немесе медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды іске асыру нәтижелері негізінде динамикалық қадағалау тәртібімен жүзеге асырады (2, 3, 4-қосымшалар).

      17. ОЖБ уақытында түзеу үшін және кейін қолданылатын оңалту іс-шараларын тағайындау үшін аумақтық бөлімше оның іске асырылуына динамикалық бақылауды қамтамасыз етеді. Ол үшін ол мүгедектің аумақтық бөлімшеге келуінің бақылау мерзімдерін белгілейді.
      Мүгедекті жеке оңалту бағдарламасының орындалуы туралы қорытынды динамикалық бақылау процесінде нысанға сәйкес толтырылады (1-қосымша).
      Мүгедекті жеке оңалту бағдарламасының орындалуы туралы қорытынды динамикалық бақылау процесінің тіркеу номері мүгедекті оңалтудың жеке карточкасының тіркеу номеріне сәйкес келуі тиіс.
      Динамикалық бақылау кезінде медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтуды жүзеге асыру нәтижелерінің негізінде қолданылған оңалтудың бөліктерінің іс-шараларының уақытылылығы, толықтығы, сапасы және тиімділігі бағаланады.
      ОЖБ іске асырылуына жүргізілетін динамикалық бақылаудың нақты мерзімдері тағайындалған оңалту іс-шараларының аяқталу күнімен белгіленеді.
       Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      18. ОЖБ орындау нәтижесі туралы соңы қорытындыны аумақтық бөлімше кезекті куәландыру кезінде алқалық талқылаудан кейін ОЖБ медициналық, әлеуметтік және кәсіби бөліктерін іске асырудың нәтижелері негізінде шығарады.
      ОЖБ іске асырылуы нәтижелері туралы соңғы қорытынды:
      1) оңалтудың медициналық, әлеуметтік және кәсіби бөліктерін орындаудың нәтижелерін;
      2) оның орындалуының толықтығы бойынша: толығымен, жарым-жартылай орындалды (орындалған шаралардың ОЖБ барлық тараулары бойынша жоспарланған шараларға пайыздық қатынасы көрсетіледі), орындалмады;
      3) мүгедектік динамикасы бойынша:
      мүгедектік белгіленбеген (толық оңалту);
      жеңілдеу мүгедектік тобы белгіленген (жарым-жартылай оңалтылу);
      мүгедектік тобы өзгеріссіз қалған (тұрақты мүгедектік);
      анағұрлым ауыр мүгедектік тобы белгіленген (мүгедектіктің ауырлануы);
      4) қол жеткізілген нәтижелердің мүгедектің оңалтылу әлеуетіне сәйкестігі дәрежесі бойынша:
      оңалтылу әлеуеті іске толығымен асырылған (оңалту шараларын іске асырудың жоғары тиімділігі);
      оңалту әлеуеті жарым-жартылай іске асырылған (оңалту шараларын іске асыру тиімділігінің қанағаттандырарлығы) бағалау негізінде шығарылады.
      оңалту әлеуеті іске асырылмаған (оңалту шараларын іске асырудың тиімділігінің болмауы).
      Қолданылған оңалту шараларының бағасы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан көшірмеде көрсетіледі.
      Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы туралы соңғы қорытындының көшірмелері 3 күндік мерзім ішінде мүгедектің тұрғылықты жеріндегі денсаулық сақтау мекемесіне, халықты әлеуметтік қорғау органына жіберіледі.
       Ескерту: 18-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      19. Оңалтудың медициналық бөлігінің 9-бағанында, оңалтудың әлеуметтік бөлігінің 9-бағанында, оңалтудың кәсіби бөлігінің 8-бағанында оңалту шараларының орындалмауы және олардың орындалмауының себебі туралы белгі көрсетіледі.
       Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жызылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      20. Кез келген оңалту шараларының орындалмауы себептеріне қарай, айғақтамалар болған жағдайда медициналық, кәсіптік және/немесе әлеуметтік оңалту жөніндегі қосымша іс-шараларды әзірлейді немесе оңалту іс-шараларын одан әрі жүргізудің қажеттігі мен тиімділігі туралы мәселені шешеді.

      21. ОЖБ іске асырылуына бақылауды аумақтық бөлімше жүзеге асырады.

      22. Мүгедектерді алғаш және екінші рет куәландыру кезінде ОЖБ 088/у нысаны негізінде әзірленеді.
      Мүгедектігі қайта куәландыру мерзімісіз белгіленген азаматтарға ОЖБ медициналық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының қорытындысы негізінде әзірленеді.
       Ескерту: 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Еңбек және халықты әлеуметтік
                                             қорғау министрінің
                                         2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                       N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                          Мүгедекті оңалтудың жеке
                                            бағдарламасын әзірлеу
                                             ережесіне 1-қосымша

       Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда жызылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

       200___ж. "___"_______ N ______куәландыру актісіне N_______

             МҮГЕДЕКТІ ОҢАЛТУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫ (ОЖБ)

1. Т.А.Ә._________________________2. Туған жылы, күні ______________
3. ОЖБ алғаш рет, екінші рет (асты сызылып көрсетілсін) құрастырылды
4. Клиникалық болжамы: қолайлы, шамамен қолайлы, күмәнді
                 (асты сызылып көрсетілсін)
5. Оңалтылу әлеуеті: жоғары, қанағаттанарлық, төмен (асты сызылып
көрсетілсін)
6. Оңалтылу болжамы: қолайлы, шамамен қолайлы, күмәнді (асты сызылып
көрсетілсін)
7. Оңалту-сараптамалық қорытынды (мүгедектің оңалту шараларына
мұқтаждығы) ________________________________________________________
8. Медициналық оңалтуды іске асыру мерзімі__________________________
9. Әлеуметтік оңалтуды іске асыру мерзімі___________________________
10. Кәсіби оңалтуды іске асыру мерзімі ____________________________ 
11. Оңалтудың мақсаты: 1 - қабілеттерін (толығымен, жарым-жартылай)
қалпына келтіру; 2 - әлеуметтік-тұрмыстық белсенділігін (толығымен,
жарым-жартылай) қалпына келтіру; 3 - кәсіби еңбекке қабілеттілігін
(толығымен, жарым-жартылай) қалпына келтіру; 4 - тіршілік әрекетінің
шектелуінің техника арқылы орнын толтыру.

р/с

ТІРШІЛІК
ӘРЕКЕТТІҢ
ШЕКТЕЛУІ
(функцио-
налдық
сынып
бойынша)

 
200_жыл

 
200_жыл

 
200_жыл

 
200_жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

жүріп-
тұру
қабілеті

Оңал-
тылу-
ға
дейін

Оңал-
тылу-
дан
кейін

Оңал-
тылу-
ға
дейін

Оңал-
тылу-
дан
кейін

Оңал-
тылу-
ға
дейін

Оңал-
тылу-
дан
кейін

Оңал-
тылуға
дейін

Оңал-
тылу-
дан
кейін

2

өз-өзін
күту
қабілеті

  

  

  

  

  

  

  

  

3

қарым-
қатынас
құру
қабілеті

  

  

  

  

  

  

  

  

4

бағдарла-
ну қабі-
леті

  

  

  

  

  

  

  

  

5

өз жүріс-
тұрысын
бақылау
қабілеті

  

  

  

  

  

  

  

  

6

оқу
қабілеті

  

  

  

  

  

  

  

  

7

еңбекке
қабілеті

  

  

  

  

  

  

  

  

8

ойын қыз-
метіне
қабілеті

  

  

  

  

  

  

  

  

-----------------------------------------------------------
                         кесу сызығы

        N__ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан
                            КӨШІРМЕ

Мүгедектің Т.А.Ә.___________________________________________________
Тұрғылықты тұратын мекен-жайы ______________________________________
Куәландыру күні ____________________________________________________
Мүгедектік санаты___________________________________________________
Мүгедектік белгіленген мерзім_______________________________________
Медициналық оңалтуды іске асыру мерзімі_____________________________
Әлеуметтік оңалтуды іске асыру мерзімі______________________________
Кәсіби оңалтуды іске асыру мерзімі__________________________________
Динамикалық бақылаудың мерзімдері___________________________________

     N____ ДИНАМИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАРЫСЫНДА МҮГЕДЕКТІ ОҢАЛТУДЫҢ
           ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ

р/с

ОЖБ іске асыру
нәтижелерін бағалау

Динамикалық бақылау
күндері

1

2

3

4

5

6

7

1.

Медициналық оңалту бойынша

  

  

  

  

  

1.1.

бұзылған функцияларды
қалпына келтіру (толығымен
немесе ішінара)

  

  

  

  

  

1.2.

бұзылған функциялардың
орнын толтыру (толығымен
немесе ішінара)

  

  

  

  

  

1.3.

оңды нәтиженің болмауы

  

  

  

  

  

2.

Әлеуметтік оңалту бойынша

  

  

  

  

  

2.1.

өз-өзін күту, өздігімен
өмір сүру, жүріп-тұру,
бағдарлану қабілеттерін,
әлеуметтік-психологиялық
мәртебесін қалпына келтіру
(толығымен немесе ішінара)

  

  

  

  

  

2.2.

оңды нәтиженің болмауы

  

  

  

  

  

3.

Кәсіби оңалту бойынша

  

  

  

  

  

3.1.

оқыту (қайтаоқыту) нәтижелері

  

  

  

  

  

3.2.

кәсіп меңгеру

  

  

  

  

  

3.3.

жұмыс орнын ашу

  

  

  

  

  

3.4.

оңды нәтиженің болмауы

  

  

  

  

  

4.

Қолжеткізілген нәтижелердің
оңалтылу әлеуетіне сәйкестігі
дәрежесі бойынша
(асты сызылсын):
толығымен іске асырылды
ішінара іске асырылды
іске асырылды

  

  

  

  

  

5

Мүгедектік динамикасы
бойынша (асты сызылсын)
- толық оңалту
- ішінара оңалту
- тұрақты мүгедектік
- мүгедектіктің ауырлануы

  

  

  

  

  

6) Қорытындылар ____________________________________________________
____________________________________________________________________
Аумақтық бөлімше бас маманының (реабилитологының) Т.А.Ә.____________
                                                            (қолы)
Аумақтық бөлімше бастығының Т.А.Ә._________________________________
                                          қолы) 
Күні____________

М.О. ОЖБ әзірлеу күні ---------------------------------------------
                                   кесу сызығы

Аумақтық бөлімшеге бару күні _______________________________________
Денсаулық сақтау ұйымына бару күні _________________________________
Оңалту шараларын өткізуге жауапты ұйымдарға бару күні ______________
Қолданылған оңалту шараларының нәтижелерін бағалау__________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қайта куәландыру күні_______________________________________________
Аумақтық бөлімше бас маманының (реабилитологының)Т.А.Ә. ____________
                                                        ____________
                                                           (қолы)
Аумақтық бөлімше бастығының Т.А.Ә.________________________________
                                                        __________
                                                           (қолы)

Күні______________

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Еңбек және халықты әлеуметтік
                                             қорғау министрінің
                                         2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                       N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                          Мүгедекті оңалтудың жеке
                                            бағдарламасын әзірлеу
                                             ережесіне 2-қосымша

       Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда жызылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

      200__ ж. «___» _____________ N____ куәландыру актісіне
                 оңалтудың медициналық бөлігі

1. (Мүгедектің) Т.А.Ә. _____________________________________________
2. Туған күні _______ 3. Мекен-жайы_________________________________
4. N МӘС бөлімі ______________ 5. Мүгедектік тобы __________________
6. Мүгедектіктің себебі_____________________________________________

7. Мүгедектіктің санаты ____________________________________________
8. Мүгедектік тобын анықтау күні ___________________________________
9. МӘС диагнозы: (негізгі, ілеспе)__________________________________

р/с

Оңалту
шараларының
түрлері

МӘС
ұсыныстары

Медициналық
ұйымдардың
оңалту
шараларын
орындауының
шарттары,
көлемдері
және күні

Қол
жет-
кі-
зіл-
ген
нәти-
же

Оңал-
ту
шара-
ларын
орын-
дау
орны
(ста-
цио-
нар,
емха-
на,
сана-
торий,
үйде)

Орын-да-
мау-
дың
себе-
бі

 

Ұзақ-
тығы
мен
есе-
лігі

Орын-
дау
күні

Ұзақ-
тығы
мен
еселі-
гі

Орын-
дау
күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Дәрі-дәрмекті
терапия

  

  

  

  

  

  

  

2

Реконструктивті
хирургия

  

  

  

  

  

  

  

3

Физикалық емдеу
әдістері (физио-
емдеу, сумен
емдеу, жылумен
емдеу)

  

  

  

  

  

  

  

4

Логопедиялық
терапия

  

  

  

  

  

  

  

5

Массаж

  

  

  

  

  

  

  

6

Рефлексотерапия

  

  

  

  

  

  

  

7

ЕФК

  

  

  

  

  

  

  

8

Диетотерапия мен
сусынмен емдеу

  

  

  

  

  

  

  

9

Психотерапия

  

  

  

  

  

  

  

10

Еңбек терапиясы

  

  

  

  

  

  

  

11

Өзге әдістер

  

  

  

  

  

  

  

12

Денсаулық сақтау
органдары ұсына-
тын оңалту құ-
ралдары (енгізі-
ліп жазылсын)

  

  

  

  

  

  

  

Медициналық оңалтудың мазмұнымен келісемін:_______________________
                                              (мүгедектің қолы)
N№__МӘС бөлімі бас маманының ____________________________________
(реабилитологының)             Т.А.Ә. қолы______     N___ 

МӘС бөлімі бастығының____________________________________________
                           Т.А.Ә.    қолы                   N___

Күні 200_ж. "__" __________            M.O.

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Еңбек және халықты әлеуметтік
                                             қорғау министрінің
                                         2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                       N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                          Мүгедекті оңалтудың жеке
                                            бағдарламасын әзірлеу
                                             ережесіне 3-қосымша

       Ескерту: 3-қосымша жаңа редакцияда жызылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

       200 _ ж. "__" _______N  ____куәландыру актісіне
               Оңалтудың әлеуметтік бөлігі

1. (Мүгедектің) Т.А.Ә._____________________________________________ 
2. Туған күні __________________ 3. Мекен-жайы, телефон_____________
4. N МӘС бөлімі ____________________________________________________
5. Мүгедектік тобы _____________ 6. Мүгедектіктің себебі ___________
7. Мүгедектіктің санаты ____________________________________________
8. Мүгедектік тобын анықтау күні____________________________________

р/
с

Оңалту
шараларының
түрлері

МӘС
ұсы-
ныс-
тары

Әлеу-
меттік
қорғау
орган-
дары-
мен
белгі-
ленген

 Күні

Орын-
далу
орны

Қол
жет-
кіз-
ген
нә-
тиже

Орын-
дамау-
дың
себебі

бел-
гілеу

орын-
дау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Әлеуметтік-
оңалту
қызметтерін
көрсету:

  

  

  

  

  

  

  

  

1.1. Мүгедек-
терге беріле-
тін техника-
лық көмекші
(компенсатор-
лық) құралдар
мен  арнайы
құралдар тіз-
бесіне сәйкес 
халықты әлеу-
меттік қорғау
органдары
беретін оңалту
құралдары

1.1.1. Протездік-
ортопедиялық
бұйымдар

1.1.2. Мүге-
дектердің
қатынас жасау 
кезінде пайда-
ланатын
қатынас құрал-
дары және
бұйымдары

1.1.3. Оңалту
құралдары

1.1.4. Есту
және көру
органдарының
бұзылу салда-
рынан зардап
шеккен мүге-
дектер үшін
оңалту құрал-
дары

  

  

  

  

  

  

  

1.2. Әлеумет-
тік қызмет
көрсету меке-
мелерінде күн-
діз болу

  

  

  

  

  

  

  

1.3. Әлеумет-
тік қызмет
көрсетудің
стационарлы
мекемелерінде
қызмет көрсету

  

  

  

  

  

  

  

1.4. Үйде
әлеуметтік
қызмет көрсету

  

  

  

  

  

  

  

1.5. Әлеумет-
тік қызметтер-
дің басқа
түрлері 

  

  

  

  

  

  

  

2

Тұрғын үйді
жайғастыру
(енгізіліп
жазылсын)

  

  

  

  

  

  

  

3

Медициналық
көрсеткіштер
бойынша сана-
торлық емдеу

  

  

  

  

  

  

  

4

Басқасы

  

  

  

  

  

  

  

 

р/
с

Мүгедектікке әкеп соққан себептерін, жағдайларын және факторларын жою үшін қажет оңалтудың техникалық құралдары, қызметтері, іс-шаралары

Өткізілу
мерзімі

Орындаған

Орындал-
ғаны
туралы
белгі

1

2

3

4

5

1

Оңалту мәселелері жөнінде ақпарат және кеңес беру

  

  

  

2

Заң қызметін көрсету 

  

  

  

3

Мүгедегі бар жанұяға әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени патронаж  

  

  

  

4

Тұрмыстық және қоғамдық қызметті жүзеге асыру үшін бейімдеп оқыту

  

  

  

5

Тұрмыстық және қоғамдық қызметті жүзеге асыру үшін оңалтудың техникалық құралдары

  

  

  

6

Психологиялық оңалту 

  

  

  

7

Әлеуметтік мәдени оңалту

  

  

  

8

Денешынықтыру және спорт құралдарымен оңалту

  

  

  

     Психологиялық-педагогикалық оңалтудың Бағдарламасы
             (18 жасқа дейінгі балалар үшін)      

р/
с

Мүгедектікке әкеп соққан себептерін, жағдайларын және факторларын жою үшін қажет оңалтудың техникалық құралдары, қызметтері, іс-шаралары

Өткізілу
мерзімі

Орындаған

Орындал-
ғаны
туралы
белгі

1

2

3

4

5

1

Мектепке дейінгі тәрбие мен
білім алу

  

  

  

2

Жалпы орта білім алу

  

  

  

3

Психологиялық-педагогикалық
түзеу жұмысы

  

  

  

4

Оқытуға арналған оңалтудың
техникалық құралдары

  

  

  

5

Мүгедек-бала бар жанұяға 
әлеуметтік-педагогикалық
патронаж

  

  

  

Әлеуметтік оңалтудың мазмұнымен  келісемін:_______________________
                                             (мүгедектің қолы)
N____ МӘС бөлімі бас маманының (реабилитологының) Т.А.Ә.,  қолы ____________________________________________________
N____ МӘС бөлімі бастығының Т.А.Ә., қолы__________________________

Күні "____"»__________________200_  жыл               М.О.

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Еңбек және халықты әлеуметтік
                                             қорғау министрінің
                                         2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                       N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                          Мүгедекті оңалтудың жеке
                                            бағдарламасын әзірлеу
                                             ережесіне 4-қосымша

       Ескерту: 4-қосымша жаңа редакцияда жызылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .

       200 _ ж.»"___"_____________ N____куәландыру актісіне

                Оңалтудың кәсіби бөлігі

1. (Мүгедектің) Т.А.Ә.______________________________________________
2. Туған күні_________________ 3. Мекен-жайы, телефон_______________
4. N МӘС бөлімі  ___________________________________________________
5. Мүгедектік тобы _____________________ 6. УПТ ____________________
7. Мүгедектіктің себебі_____________________________________________
8. Мүгедектіктің санаты_____________________________________________
9. Мүгедектік тобын анықтау күні____________________________________
10. Білімі__________________________________________________________
11. Кәсібі ______________________ 12. Жұмыс орны____________________

р/
с

Оңалту
шараларының
түрлері

Оңал-
тудың
нысаны

Іске асыру орны

 Күні

Қол
жет-
кізген
нәтиже

Орын-
дамады
 

бел-
гілеу

орын
дау

1

2

3

4

5

6

8

9

1

Білімі.
Мектепке дейінгі,
бастауыш, жалпы,
орта, арнаулы-
орта, жоғары,
кәсіби білім.
(қажеттілігіне
қарай әлеуметтік
қорғау органдары
арқылы)

  

  

  

  

  

  

2

МӘС еңбек ұсыныс-
тары бойынша,
жұмыс орны бойынша
және жұмыспен
қамту қызметтері
арқылы кәсібімен
жұмысқа
орналастыру 

  

  

  

  

  

  

3

Жұмыс орны жөнінде
жұмыспен қамту
қызметінің
жолдамасы бойынша
оқу орнында қайта
оқыту, кәсіптік
білім беру.

  

  

  

  

  

  

4

Жұмысқа
орналастыру
шарттары:

  

  

  

  

  

  

4.1. Жұмыс күні
тәртібін ұйымдас-
тыру: толық жұмыс
күні, толық емес
жұмыс күні,
қысқартылған жұмыс
күні, қысқартылған
апта, қосымша
демалыс күні,
тіркелген ауысымдар (түңгі
ауысымдардан
басқа, тек бірінші
ауысымдағы жұмыс
және жж.)

  

  

  

  

  

  

4.2. Кәсіптік-
өндірістік
бейімделу

  

  

  

  

  

  

4.3. Қолайсыз
өндірістік
факторлардың
болмауына әсер ету

  

  

  

  

  

  

4.4. Жұмыс орнын
арнаулы жабдықтар-
мен жарақтандыру

  

  

  

  

  

  

4.5. Жаңа жұмыс
орнын құру
(ұйымдастыру)

  

  

  

  

  

  

Әлеуметтік оңалтудың мазмұнымен келісемін:__________________________
                                          (мүгедектің қолы)
N___ МӘС  бөлімі бас маманының (реабилитологының) Т.А.Ә., қолы______

N___ МӘС бөлімі бастығының                        Т.А.Ә., қолы______

Күні "___"»__________________200_ жыл      М.О.

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Еңбек және халықты
                                     әлеуметтік қорғау Министрінің
                                       2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                     N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                        Мүгедекті оңалтудың жеке
                                          бағдарламасын әзірлеу
                                           ережесіне 5-қосымша
                                                     6-қосымша
                                                     7-қосымша

       Ескерту: 5, 6, 7-қосымшалар алынып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .