Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу ережесiн бекiту

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 286-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3317

Қолданыстағы

      "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi  Заңын , "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132  қаулысын  iске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Әлеуметтiк нормативтер және мүгедектердi оңалту департаментiнiң директоры К.А.Манабаева осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық департаменттерiне жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.Б.Дүйсеноваға жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

       Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Десаулық сақтау министрі

      2004 ж. 07.12.

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі

      2004 ж. 07.12.

Қазақстан Республикасы     
Еңбек және халықты       
әлеуметтік қорғау Министрінің 
2004 жылғы 7 желтоқсандағы  
N 286-ө бұйрығымен      
бекітілген         

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі  Заңына , "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132  қаулысына  сәйкес әзірленген және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеудің тәртібін белгілейді.

      2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі - ОЖБ) - оңалту шараларының нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек түрлерін айқындайтын, тиісті мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, меншік нысанына және шаруашылықты жүргізу нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдар орындауға міндетті құжат болып табылады.

2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
әзірлеудің тәртібі

      3. ОЖБ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) мүгедекті куәландырған күннен бастап 15 күннің ішінде, денсаулық сақтау ұйымдарының, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің және оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің қызметкерлерін (қажет болған жағдайда) тарта отырып, міндетті түрде мүгедектің қатысуымен әзірленеді, және қажет болғанда, ОЖБ ресімдеу сәтінен кейін 3 айдан сиретпей қолданылған оңалту шараларының нәтижелері бойынша мүгедекті кезекті куәландыру кезінде немесе оны динамикалық бақылау тәртібімен түзетіліп отырады.

      4. ОЖБ әзірлеу мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) оңалту-сараптамалық диагностика жүргізу;
      2) мүгедекке тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік әрекеттерді атқаруға деген бұзылған қабілеттерін қалпына келтіруге немесе жоғалтқандарының орнын толтыруға мүмкіндік беретін оңалту шараларының түрлерін, жағдайларын, көлемі мен орындау күнін белгілеу.
      Оңалту-сараптамалық диагностика - клиникалық болжамның, оңалту әлеуетінің, оңалту болжамының бағасы.
      Клиникалық болжам - клиникалық-функционалдық деректерін, тіршілік әрекетінің, тиімді емделу мүмкіндігінің шектелуіне әкеп соққан ауру этиологиясының, патогенезінің және ағымының ерекшеліктерін талдау негізінде патологиялық процестердің және ауру ағымының заңдылықтарын білу негізінде аурудың, жарақаттың, мертігудің дамуын және салдарын болжау.
      Клиникалық болжам:
      1) қолайлы - аурудың, жарақаттың немесе мертігудің салдарынан ағзаның бұзылған функцияларының және шектелген тіршілік әрекетінің толық сауығуы (толығымен қалпына келуі) немесе орнының толтырылуы;
      2) біршама қолайлы - аурудың, жарақаттың немесе мертігудің белгілерінің сақталуымен толық емделмеу, ағзаның бұзылған функцияларының және тіршілік әрекетінің шектелуінің бәсеңдеуі, тұрақтануы және орнының жарым-жартылай толтырылуы (ауру созылмалы болғанда - өршу процесінің бәсеңдеуі, ремиссия кезеңінің созылуы және т.б.);
      3) қолайсыз - денсаулық күйін тұрақтандыру, патологиялық процестің өршуін тоқтату және аурудың, жарақаттың немесе мертігудің салдарынан ағза функцияларының бұзылу дәрежесін және тіршілік әрекетінің шектелуін төмендету мүмкіндігінің болмауы;
      4) ауру ағымының анық болмауы - күмәнді деп бағаланды;
      Оңалту әлеуеті - денсаулық күйінің (толық саулықтан функциялардың айқын білініп бұзылуына дейін), тіршілік әрекетінің (қалыптысынан әрекет етуге, оның ішінде еңбек қызметін атқаруға қабілетсіздікке дейін) және әлеуметтік жағдайының (қалыптысынан өзге адамдарға толығымен тәуелді болуға дейін) сипаттамасын талдауға негізделетін биологиялық, психофизиологиялық және әлеуметтік-орта факторларының кешені.
      Оңалту әлеуеті:
      1) жоғары - денсаулықтың, әлеуметтік мәртебесінің, тіршілік әрекетіндегі шектеулердің толығымен қалпына келтірілуі (толық оңалту);
      2) қанағаттанарлық - ағза функцияларының бұзылуы шамалы білініп бұзылуымен толығымен сауықпау, тіршілік ету санаттарын қиындықпен, шектелген көлемде немесе техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдар арқылы орындау, мүгедектің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығы (жартылай оңалтылу - мүгедектің 1 немесе 2 топтан 3 мүгедектік тобына ауысуы);
      3) төмен - созылмалы аурудың баяу дамуы, ағза функциялары бұзылушылығының айқын білінуі, тіршілік ету санаттарының көпшілігін едәуір шектеулермен орындау, мүгедектің әлеуметтік қолдауға үнемі мұқтаж болуы (жартылай оңалту - 1 топтан 2 мүгедектік тобына ауысу);
      4) оңалту әлеуетінің болмауы - ауру ағымының үдеуі, ағза функцияларының күрт бұзылуы, негізгі қызмет түрлерінің орнын толтыруға немесе өзіндігімен орындауға мүмкіндіктің болмауы, өзгелердің күтіміне мұқтаж болу (оңалту мүмкін емес - мүгедектіктің тұрақтылығы немесе оның ауырлануы) деп бағаланады;
      Оңалту болжамы - оңалту әлеуетін іске асырудың болжамды мүмкіндігі мен мүгедектің қоғамға кірігуінің болжамды деңгейі.
      Оңалту болжамы:
      1) ағзаның бұзылған функциялары мен тіршілік етудегі шектеулер санаттарын толық қалпына келтіру, мүгедектің қоғамға толығымен кірігуі мүмкіндігі болғанда - қолайлы деп;
      2) ағзаның бұзылған функциялары мен тіршілік етудегі шектеулер санаттарын ішінара қалпына келтіру мүмкіндігі болғанда, олардың шектелу дәрежесін төмендету немесе тұрақтандыру, мүгедектің қоғамға кірігу қабілеттерінің ұлғаюы және оның әлеуметтік қолдауға деген толық мұқтаждықтан жарым-жартылай мұқтаждыққа ауысқанда - біршама қолайлы деп;
      3) болжам анық емес болған жағдайда - күмәнді деп бағаланады;
      4) қолайсыз - ағзаның бұзылған функцияларын және тіршілік әрекеті санаттарын қалпына келтіру немесе орнын толтыру мүмкіндігінің болмауы.
      Оңалту-сараптамалық қорытындыда мүгедектің оңалту іс-шараларына деген мұқтаждығы қысқаша негізделеді.
      Оңалту-сараптау қорытындысының мазмұны мен құрылымы клиникалық болжамға, оңалту әлеуетіне және оңалту болжамына қарай айқындалады.

      5. ОЖБ мынадай нысандар бойынша әзірленеді:
      1) мүгедекті оңалтудың жеке карточкасы (1-қосымша);
      2) медициналық оңалту картасы (2-қосымша);
      3) әлеуметтік оңалту картасы (3-қосымша);
      4) кәсіби оңалту картасы (4-қосымша);
      5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан көшірме (5-қосымша);
      6) динамикалық бақылау процесінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы туралы қорытынды (6-қосымша);
      7) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы туралы соңғы қорытынды (7-қосымша).

      6. Мүгедекті оңалтудың жеке карточкасында мүгедектің тіркеу номері, төлқұжатындағы деректері, клиникалық-сараптамалық мәліметтер, оңалту-сараптамалық диагностиканың нәтижелері, оңалту-сараптамалық қорытынды, медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалтудың мерзімдері, ОЖБ әзірлеу күні (1-қосымша).

      7. Мүгедекті медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту жөніндегі карталар (2, 3, 4-қосымшалар) кесте түрінде құрастырылып, бағандарға бөлінеді.
      Медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту жөніндегі карталардың тіркеу номерлері мүгедекті оңалтудың жеке карточкасының тіркеу номерлеріне сәйкес болуы тиіс.
      1-бағанда оңалту іс-шаралары түрінің реттік номері көрсетіледі.
      2-бағанда мүгедек мұқтаж болатын оңалту іс-шараларының нақты түрлері көрсетіледі.
      Медициналық оңалту картасының 3, 4, 5, 6, 7-бағандарында, әлеуметтік оңалту картасында 3, 4, 5, 6, 7, 8 бағандарында тағайындалған оңалту іс-шараларының шарттары мен көлемі (ұзақтығы мен еселігі) және тағайындалған оңалту іс-шараларын орындау күні көрсетіледі. 
      Кәсіби оңалту картасының 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 бағандарында тағайындалған оңалту іс-шараларын орындаудың шарттары мен күні көрсетіледі

      8. Медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымының медициналық-әлеуметтік сараптамаға N 088у нысанындағы жолдамасында көрсетілген оңалту іс-шаралары жоспары негізінде жасалады.
      Медициналық оңалтуды денсаулық сақтау ұйымдары мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

      9. Әлеуметтік оңалтуды халықты әлеуметтік қорғау мекемелері (қарттарға, мүгедектер мен мүгедек-балаларға арналған интернат-үйлері) қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталықтар, үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері, арнаулы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

      10. Мүгедек балалар үшін кәсіби оңалту картасын әзірлеу кезінде олардың психикалық күйінің, интеллектуалдық жетілуінің, ойын әрекеттерін атқаруға, білім алуға, қарым-қатынас құруға, еңбек қызметі дағдыларын меңгеруге және орындауға деген әлеуеттерінің ерекшеліктері ескеріледі.
      Кәсіби оңалтуды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелері, Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен алған лицензиялары негізінде білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді.

      11. Әзірленген медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту карталарына мүгедек (немесе оның заңды өкілі) қол қойып, олар аумақтық бөлімшенің бастығымен бекітіледі, куәландыру мөртабанымен расталады және медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне қосып тігіледі.

      12. Мүгедектің (немесе оның заңды өкілінің) қолына Оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме беріледі (5-қосымша).
      Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан көшірменің тіркеу номері мүгедекті оңалтудың жеке карточкасының тіркеу номеріне сәйкес келуі тиіс.

      13. Медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту жөніндегі бекітілген карталар мүгедекті оңалтудың жеке карточкасымен қоса 3 күн ішінде:
      1) тұрғылықты тұратын жеріндегі денсаулық сақтау ұйымына медициналық оңалту картасы (2-қосымша);
      2) әлеуметтік және кәсіптік оңалту карталары халықты әлеуметтік қорғау органына (3, 4-қосымша) жіберіледі.

      14. Медициналық оңалту жөніндегі бекітілген картаның 8-бағанында, әлеуметтік оңалту жөніндегі картаның 9-бағанында, кәсіби оңалту жөніндегі картаның 14-бағанында оңалту нәтижелері көрсетіледі.
      Медициналық оңалту жөніндегі бекітілген картада жүргізілген оңалту шараларының нәтижелерін денсаулық сақтау ұйымы қалпына келтіру (толық немесе жарым-жартылай), орнын толтыру (толық немесе жарым-жартылай) немесе нәтиженің болмауы мыналарды бағалау негізінде көрсетіледі:
      1) ағза функцияларының бұзылуының бәсеңдеуі (төмендеуі, артуы, қарқынсыз);
      2) сырқат, жарақат ағымын (тұрақтануы, нашарлауы, қарқынсыз, өршу жиілігінің және ауыртпалығының өзгеруі);
      3) физикалық еңбек ету қабілетін (артуы, төмендеуі, қарқынсыз);
      4) қажетті көтерме емінің көлемін (азайту, ұлғайту, өзгертусіз).
      Әлеуметтік оңалту картасында жүргізілген оңалту шараларының нәтижелері әлеуметтік қорғау органдарымен өзіне өзі қызмет көрсету, өз бетімен өмір сүру, жүріп-тұру, бағдарлану дағдыларының, әлеуметтік-психологиялық мәртебесінің (толық, жарым-жартылай немесе қарқынсыз) қалпына келтірілуі бойынша көрсетіледі.
      Кәсіби оңалту картасында жүргізілген оңалту шараларының нәтижелері әлеуметтік қорғау органдарымен оқытудың, кәсіпке үйретуінің, жұмысқа орналастыру бойынша көрсетіледі.

      15. Оңалту шараларын өткізу кезінде оңалту шараларын жүзеге асырудың дәйектілігі, кешенділігі және үзіліссіздігі, жүргізілген оңалту шараларын динамикалық бақылау және олардың тиімділігін бақылау қамтамасыз етіледі.

      16. Медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі іс-шаралардың жүргізілу нәтижелерін бағалауды аумақтық бөлімше мүгедекті кезекті қайта куәландыру кезінде немесе медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды іске асыру нәтижелері негізінде динамикалық қадағалау тәртібімен жүзеге асырады (2, 3, 4-қосымшалар).

      17. ОЖБ уақытында түзеу үшін және кейін қолданылатын оңалту іс-шараларын тағайындау үшін аумақтық бөлімше оның іске асырылуына динамикалық бақылауды қамтамасыз етеді. Ол үшін ол мүгедектің аумақтық бөлімшеге келуінің бақылау мерзімдерін белгілейді.
      Мүгедекті жеке оңалту бағдарламасының орындалуы туралы қорытынды динамикалық бақылау процесінде нысанға сәйкес толтырылады (6-қосымша).
      Мүгедекті жеке оңалту бағдарламасының орындалуы туралы қорытынды динамикалық бақылау процесінің тіркеу номері мүгедекті оңалтудың жеке карточкасының тіркеу номеріне сәйкес келуі тиіс.
      Динамикалық бақылау кезінде медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтуды жүзеге асыру нәтижелерінің негізінде қолданылған оңалту іс-шараларының уақытылылығы, толықтығы, сапасы және тиімділігі бағаланады.
      ОЖБ іске асырылуына жүргізілетін динамикалық бақылаудың нақты мерзімдері тағайындалған оңалту іс-шараларының аяқталу күнімен белгіленеді.

      18. ОЖБ орындау нәтижелері туралы жиынтық қорытындыны аумақтық бөлімше кезекті куәландыру кезінде алқалық талқылаудан кейін медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды іске асыру нәтижелері негізінде шығарады, оны аумақтық бөлімшенің бастығы бекітеді, куәландыру мөртабанымен расталады және мүгедектің (немесе оның заңды өкілінің) назарына жеткізіледі (7-қосымша).
      Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы туралы соңғы қорытындының тіркеу номері мүгедекті оңалтудың жеке карточкасының тіркеу номеріне сәйкес келуі тиіс.
      ОЖБ іске асырылуы нәтижелері туралы соңғы қорытынды:
      1) медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту карталарының орындалу нәтижелерін;
      2) оның орындалуының толықтығы бойынша: толығымен, жарым-жартылай орындалды (орындалған шаралардың ОЖБ барлық тараулары бойынша жоспарланған шараларға пайыздық қатынасы көрсетіледі), орындалмады;
      3) мүгедектік динамикасы бойынша:
      мүгедектік белгіленбеген (толық оңалту);
      жеңілдеу мүгедектік тобы белгіленген (жарым-жартылай оңалтылу);
      мүгедектік тобы өзгеріссіз қалған (тұрақты мүгедектік);
      анағұрлым ауыр мүгедектік тобы белгіленген (мүгедектіктің ауырлануы);
      4) қол жеткізілген нәтижелердің мүгедектің оңалтылу әлеуетіне сәйкестігі дәрежесі бойынша:
      оңалтылу әлеуеті іске толығымен асырылған (оңалту шараларын іске асырудың жоғары тиімділігі);
      оңалту әлеуеті жарым-жартылай іске асырылған (оңалту шараларын іске асыру тиімділігінің қанағаттандырарлығы) бағалау негізінде шығарылады.
      оңалту әлеуеті іске асырылмаған (оңалту шараларын іске асырудың тиімділігінің болмауы).
      Қолданылған оңалту шараларының бағасы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан көшірмеде көрсетіледі.
      Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы туралы соңғы қорытындының көшірмелері 3 күндік мерзім ішінде мүгедектің тұрғылықты жеріндегі денсаулық сақтау мекемесіне, халықты әлеуметтік қорғау органына жіберіледі.

      19. Медициналық оңалту картасының 9-бағанында, әлеуметтік оңалту картасының 10 бағанында, кәсіби оңалтудың 15-бағанында оңалту іс-шараларының орындалмауы туралы белгі және орындалмауының себептері көрсетіледі.

      20. Кез келген оңалту шараларының орындалмауы себептеріне қарай, айғақтамалар болған жағдайда медициналық, кәсіптік және/немесе әлеуметтік оңалту жөніндегі қосымша іс-шараларды әзірлейді немесе оңалту іс-шараларын одан әрі жүргізудің қажеттігі мен тиімділігі туралы мәселені шешеді.

      21. ОЖБ іске асырылуына бақылауды аумақтық бөлімше жүзеге асырады.

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Еңбек және халықты
                                     әлеуметтік қорғау Министрінің
                                       2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                     N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                        Мүгедекті оңалтудың жеке
                                          бағдарламасын әзірлеу
                                           ережесіне 1-қосымша

             МYГЕДЕКТI OҢAЛТУДЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ N

1. Т.А.Ә. _________________________________________________________

2. Туған жылы, күнi _______________________________________________

3. Тұрақты мекен-жайы _____________________________________________

4. Бiлiмi _________________________________________________________

5. Кәсiбi, мамандығы ______________________________________________

6. Жұмыс орны _____________________________________________________

7. Куәландыру күнi ____________, қайта куәландыру күнi ____________

8. Мүгедектiк санаты ______, мүгедектiк ______ мерзiмге белгiленген

9. Мүгедектiк себебi ______________________________________________

10. Клиникалық-сараптамалық диагноз (АХС X қайта қарау бойынша коды)

11. ОЖБ алғаш рет, екiншi рет (асты сызылсын) құрастырылды

12. Клиникалық болжам (асты сызылсын): қолайлы, бiршама қолайлы,
    күмәндi

13. Оңалтылу әлеуетi (асты сызылсын): Жоғары, қанағаттандырарлық,
    төмен

14. Оңалтылу болжамы (асты сызылсын): қолайлы, бiршама қолайлы,
    күмәндi

15. Оңалту-сараптамалық (мүгедектiң оңалту iс-шараларына
    мұқтаждығы туралы) қорытынды __________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

16. Медициналық оңалтуды жүзеге асыру мерзiмi _____________________

17. Әлеуметтiк оңалтуды жүзеге асыру мерзiмi ______________________

18. Кәсiптiк оңалтуды жүзеге асыру мерзiмi ________________________

ОЖБ әзірлеу күні ________

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Еңбек және халықты
                                     әлеуметтік қорғау Министрінің
                                       2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                     N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                        Мүгедекті оңалтудың жеке
                                          бағдарламасын әзірлеу
                                           ережесіне 2-қосымша

                 Медициналық оңалту картасы

р/р

Оңалту іс-
шараларының
түрлері

Оңалту шараларын орындаудың
шарттары, көлемі және күні

емхана
жағдайында

аурухана
жағдайында

оңалту
орталығы
жағдайында

ұзақ-
тығы
мен
есе-
лігі

орын-
дау
күні

ұзақ-
тығы
мен
есе-
лігі

орын-
дау
күні

ұзақ-
тығы
мен
есе-
лігі

орын-
дау
күні

1

2

3

4

5

1.

Дәрi-дәрмекпен
емдеу

  

  

  

  

  

  

2.

Реконструкциялық
хирургия

  

  

  

  

  

  

2.1.

қолқа-тәж
артериясын
тамырластыру

  

  

  

  

  

  

2.2.

жүрек пен тамыр
клапандарын
протездеу

  

  

  

  

  

  

2.3.

ағза мүшелерiн
трансплантация-
лау

  

  

  

  

  

  

3.

Протез-ортопе-
диялық құрал-
дарға мұқтаждық

  

  

  

  

  

  

3.1.

жоғарғы буындар-
дың шинна - терi
протездерi

  

  

  

  

  

  

3.2.

жоғарғы буындар-
дың функционал-
дық протездерi

  

  

  

  

  

  

3.3.

астыңғы буындар-
дың шинна - терi
протездерi

  

  

  

  

  

  

3.4.

астыңғы буындар-
дың функционал-
дық протездерi

  

  

  

  

  

  

3.5.

сүт бездерiнiң
протезi

  

  

  

  

  

  

3.6.

тутор

  

  

  

  

  

  

3.7.

ортопедиялық
аяқ киiм

  

  

  

  

  

  

4.

Есту аппаратына
мұқтаждық

  

  

  

  

  

  

5.

Сурдотехникалық
құралдарға
мұқтаждық

  

  

  

  

  

  

6.

Көз протездерiне
мұқтаждық

  

  

  

  

  

  

7.

Тифлотехникалық
құралдарға
мұқтаждық

  

  

  

  

  

  

8.

Физикалық емдеу
әдiстерi:

  

  

  

  

  

  

9.

Механикалық
емдеу әдiстерi

  

  

  

  

  

  

10.

Массаж

  

  

  

  

  

  

11.

Диетотерапия

  

  

  

  

  

  

12.

Психотерапия

  

  

  

  

  

  

13.

Еңбек терапиясы

  

  

  

  

  

  

14.

Дәстүрлi және
халықтық емдеу
әдiстерi

  

  

  

  

  

  

15.

техникалық меди-
циналық оңалту
құралдары

  

  

  

  

  

  

15.1

қан диализiне
арналған аппарат

  

  

  

  

  

  

15.2

iшперде диализiне
арналған аппарат

  

  

  

  

  

  

15.3

веложаттықтырушы

  

  

  

  

  

  

15.4

велоэргометр

  

  

  

  

  

  

15.5

есту аппараты

  

  

  

  

  

  

15.6

жүрек стимуляторы

  

  

  

  

  

  

15.7

түйсікті жаттық-
тыруға арналған
құрал

  

  

  

  

  

  

15.8

статодинамика-
лық функция-
ларды және вес-
тибулярлы аппа-
ратты жаттық-
тыруға арналған
құрал

  

  

  

  

  

  

15.9

нәжiс қабылдаушы

  

  

  

  

  

  

15.10

тамақты стома
арқылы жүргізуге
арналған құралы

  

  

  

  

  

  

16.

Санаторлық-
курорттық емделiс

  

  

  

  

  

  

17.

Өзгелер

  

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

Оңалту шараларын орындаудың
шарттары, көлемі және күні

Қол
жеткi-
зiлген
нәтиже

Оңалту ша-
раларының
орындалма-
уы туралы
белгі және
олардың
орындал-
мауының
себептерi

протез-ортопе-
диялық орталық
жағдайында

санаторлық-
курорттық
мекемелер
жағдайында

ұзақ-
тығы
мен
есе-
лігі

орын-
дау
күні

ұзақ-
тығы
мен
есе-
лігі

орын-
дау
күні

6

7

8

9

  

  

  

  

  

  

 
      * Көрсетiлген iс-шаралар тiзбесi үлгі ретінде келтiрiлген

      Медициналық оңалту картасының мазмұнымен келiсемiн:

      мүгедектiң T.А.Ә. ________________   _____________
                                              (қолы)

      аумақтық бөлiмшенiң
      бас маманының
      (реабилитологтың) Т.А.Ә. ___________   ______________
                                                (қолы)

      аумақтық бөлiмше
      бастығының Т.А.Ә.  ________________   _______________
                                                (қолы)

                                       М.О.

      Күні ______________

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Еңбек және халықты
                                     әлеуметтік қорғау Министрінің
                                       2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                     N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                        Мүгедекті оңалтудың жеке
                                          бағдарламасын әзірлеу
                                           ережесіне 3-қосымша

           N_____________ Әлеуметтiк оңалту картасы

р/р

Оңалту
шараларының
түрлері

Оңалту шараларының шарттары,
көлемі және күні

аумақтық
әлеуметтік
қызмет
орталығы
жағдайында

медицина-
лық-әлеу-
меттік
мекеме
жағдайында

үйде әле-
уметтік
қызмет
көрсету
бөлімшесі
жағдайында

ұзақ-
тығы
мен
есе-
лігі

орын-
дау
күні

ұзақ-
тығы
мен
есе-
лігі

орын-
дау
күні

ұзақ-
тығы
мен
есе-
лігі

орын-
дау
күні

1

2

3

4

5

1.

Әлеуметтік-
тұрмыстық және
ортаға бейімдеу

  

  

  

  

  

  

1.1.

негізгі әлеу-
меттік дағды-
ларға үйрету

  

  

  

  

  

  

1.2.

мүгедек баланың
отбасын бейім-
делуге оқыту

  

  

  

  

  

  

2.

Мүгедекке үйде
әлеуметтік
қызмет көрсету

  

  

  

  

  

  

3.

Протез-ортопе-
диялық құрал-
дармен қамта-
масыз ету

  

  

  

  

  

  

3.1.

жоғарғы буындар-
дың шинна - терi
протездерi

  

  

  

  

  

  

3.2.

жоғарғы буындар-
дың функционал-
дық протездерi

  

  

  

  

  

  

3.3.

астыңғы буындар-
дың шинна - терi
протездерi

  

  

  

  

  

  

3.4.

астыңғы буындар-
дың функционал-
дық протездерi

  

  

  

  

  

  

3.5.

сүт бездерiнiң
протезi

  

  

  

  

  

  

3.6.

тутор

  

  

  

  

  

  

3.7.

ортопедиялық
аяқ киiм

  

  

  

  

  

  

4.

Есту аппаратымен
қамтамасыз ету

  

  

  

  

  

  

5.

Сурдотехникалық
құралдармен
қамтамасыз ету

  

  

  

  

  

  

6.

Көз протездерi-
мен қамтамасыз
ету

  

  

  

  

  

  

7.

Тифлотехникалық
құралдармен
қамтамасыз ету

  

  

  

  

  

  

8.

Арнайы жүріп-
тұру құралда-
рымен қамта-
масыз ету: 

  

  

  

  

  

  

9.

Заттай және
материалдық
көмек көрсету

  

  

  

  

  

  

10.

Санаторлық-
курорттық
емдеумен қамта-
масыз ету

  

  

  

  

  

  

11.

Өзгелер

  

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

Оңалту шараларының шарттары,
көлемі және күні

Қол
жеткi-
зiлген
нәтиже

Оңалту ша-
раларының
орындалма-
уы туралы
белгі және
олардың
орындал-
мауының
себептерi

арнаулы білім беру мекемелері жағдайларында

өзгеде мамандандыр-
ылған мекемелер
жағдайларында

өзге жағдайларда

ұзақ-
тығы
мен
есе-
лігі

орын-
дау
күні

ұзақ-
тығы
мен
есе-
лігі

орын-
дау
күні

ұзақ-
тығы
мен
есе-
лігі

орын-
дау
күні

6

7

8

9

10

  

  

  

  

  

  

  

  

 
      * Көрсетiлген iс-шаралар тiзбесi үлгі ретінде келтiрiлген

      Әлеуметтік оңалту картасының мазмұнымен келiсемiн:

      мүгедектiң T. А. Ә. ________________   _____________
                                                (қолы)

      аумақтық бөлiмшенiң
      бас маманының
      (реабилитологтың) Т.А.Ә. ___________   ______________
                                                (қолы)

      аумақтық бөлiмше
      бастығының Т.А.Ә.  ________________   _______________
                                                (қолы)

                                       М.О.

      Күні ______________

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Еңбек және халықты
                                     әлеуметтік қорғау Министрінің
                                       2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                     N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                        Мүгедекті оңалтудың жеке
                                          бағдарламасын әзірлеу
                                           ережесіне 4-қосымша

                    N____ Кәсiби оңалту картасы

р/р

Оңалту iс-
шараларының
түрлерi

Оңалту шараларының шарттары,
көлемі және күні

мек-
тепке
де-
йiнгi
меке-
мелер
жағ-
дай-
лары-
нда

арн-
аулы
мек-
тепке
де-
йiнгі
меке-
мелер
жағ-
дай-
лары-
нда

жалпы
бiлiм
беру
оқу
меке-
меле-
рiнде

арн-
аулы
жалпы
бiлiм
беру
оқу
орын-
дары
жағ-
дай-
лары-
нда

үйде

жоғары
оқу
орын-
дары-
нда
немесе
орта
кәсiби
меке-
мелер
жағ-
дайла-
рында

орын-
дау
күні

орын-
дау
күні

орын-
дау
күні

орын-
дау
күні

орын-
дау
күні

орын-
дау
күні

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Жалпы бiлiм

  

  

  

  

  

  

1.1.

мектепке
дейiнгі бiлiм

  

  

  

  

  

  

1.2.

бастапқы бiлiм

  

  

  

  

  

  

1.3.

орта бiлiм

  

  

  

  

  

  

2.

Кәсіптік бiлiм

  

  

  

  

  

  

3.

Кәсiби қайта
оқыту

  

  

  

  

  

  

4.

Арнайы жұмыс
орнын құру

  

  

  

  

  

  

5.

Жеке кәсiпкер-
лiкті, шағын
және орта
бизнесті дамыту арқылы
қосымша жұмыс
орындарын ашу

  

  

  

  

  

  

6.

Жұмысқа
орналастыру

  

  

  

  

  

  

7

Өзгелер

  

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

Оңалту шараларының шарттары,
көлемі және күні

Қол
жеткi-
зiлген
нәтиже

Оңалту ша-
раларының
орындалма-
уы туралы
белгі және
олардың
орындал-
мауының
себептерi

орта
кә-
сіби
меке-
мелер
жағ-
дай-
лары-
нда

әдет-
тегі
еңбек
жағ-
дай-
лары-
нда

арнайы
жасал-
ған
еңбек
жағ-
дайла-
рында

мүге-
дектер
қоғам-
дары-
ның
емдеу-
еңбек
шебер-
хана-
лары
жағ-
дайла-
рында

өзге
жағ-
дай-
ларда

орын-
дау
күні

орын-
дау
күні

орын-
дау
күні

орын-
дау
күні

орын-
дау
күні

9

10

11

12

13

14

15

  

  

  

  

  

  

  

 
      * Тiзбеде көрсетiлген iс-шаралар үлгi ретiнде көрсетiлген

      Кәсіби оңалту картасымен келiсемiн:

      мүгедектiң T.А.Ә. ________________   _____________
                                             (қолы)

      аумақтық бөлiмшенiң
      бас маманының
      (реабилитологтың) Т.А.Ә. ___________   ______________
                                                (қолы)

      аумақтық бөлiмше
      бастығының Т.А.Ә.  ________________   _______________
                                                (қолы)

                                       М.О.

      Күні ______________

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Еңбек және халықты
                                     әлеуметтік қорғау Министрінің
                                       2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                     N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                        Мүгедекті оңалтудың жеке
                                          бағдарламасын әзірлеу
                                           ережесіне 5-қосымша

           Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан
                       КӨШІРМЕ N_________

Мүгедектің Т.А.Ә. _________________________________________________
___________________________________________________________________

Тұрақты тұратын мекен-жайы: _______________________________________

Куәландырылған күні _______________________________________________

Мүгедектік санаты _________________________________________________

Мүгедектік ___________________________________ мерзімге белгіленген

Медициналық оңалтуды жүзеге асыру мерзімі _________________________

Әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру мерзімі __________________________

Кәсіптік оңалтуды жүзеге асыру мерзімі ____________________________

Динамикалық бақылау мерзімі _______________________________________

Аумақтық бөлімшеге бару күндері ___________________________________
___________________________________________________________________

Денсаулық сақтау ұйымдарына бару күндері __________________________
___________________________________________________________________

Оңалту іс-шараларын өткізуге жауапты ұйымдарға бару күндері _______
___________________________________________________________________

Өткізілген оңалту шаралары нәтижелерінің бағасы ___________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Қайта куәландыру күні _____________________________________________

МӘС бөлімішесі бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә. __________________________________        ______________
                                                     (қолы)

МӘС бөлімшесінің бастығы
Т.А.Ә. _________________________________         _____________
                                                     (қолы)

Күні __________________                           М.О.

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Еңбек және халықты
                                     әлеуметтік қорғау Министрінің
                                       2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                     N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                        Мүгедекті оңалтудың жеке
                                          бағдарламасын әзірлеу
                                           ережесіне 6-қосымша

                  ДИНАМИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ПРОЦЕСІНДЕ
        МҮГЕДЕКТІ ОҢТАЙЛАНДЫРУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
               ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ N ______

р/н

ОЖБ іске асыру
нәтижелерінің бағасы

Динамикалық
бақылаудың күндері

1.

Медициналық оңалту бойынша

  

  

  

  

  

1.1.

бұзылған функцияларды
қалпына келтіру
(толық немесе ішінара)

  

  

  

  

  

1.2.

бұзылған функциялардың
орнын толтыру (толық
немесе ішінара)

  

  

  

  

  

1.3.

оң нәтиженің болмауы

  

  

  

  

  

2.

Әлеуметтік оңалту бойынша

  

  

  

  

  

2.1.

өзіне-өзі қызмет ету,
өздігінен өмір сүру,
жүріп-тұру, бағдарлану
дағдыларын, әлеуметтік-
психологиялық мәртебесін
қалпына келтіру (толық
немесе ішінара)

  

  

  

  

  

2.2.

оң нәтиженің болмауы

  

  

  

  

  

3.

Кәсіптік оңалту бойынша

  

  

  

  

  

3.1.

оқытудың (қайта оқытудың)
нәтижесі

  

  

  

  

  

3.2.

мамандық алу

  

  

  

  

  

3.3.

жұмыс орнын құру

  

  

  

  

  

3.4.

оң нәтиженің болмауы

  

  

  

  

  

4.

Аумақтық бөлімше (реабили-
толог) бас маманының қолы

  

  

  

  

  

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Еңбек және халықты
                                     әлеуметтік қорғау Министрінің
                                       2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                     N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                        Мүгедекті оңалтудың жеке
                                          бағдарламасын әзірлеу
                                           ережесіне 7-қосымша

            МҮГЕДЕКТІ ОҢАЛТУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
         ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ЖИЫНТЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ N_______

1) Медициналық оңалтуды жүзеге асыру қорытындысы:
бұзылған функцияларды қалпына келтіру
орнын толтыруға жету
оң нәтиже жоқ (астын сыз)

2) Әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қорытындысы:
өзіне-өзі қызмет етуді қамтамасыз ету
өз бетімен өмір сүруді қамтамасыз ету
оң нәтиже жоқ (астын сыз)
техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету
(қандай) __________________________________________________________
___________________________________________________________________
арнаулы құралдарымен қамтамасыз ету (қандай) ______________________
___________________________________________________________________

3) Кәсіптік оңалтуды жүзеге асыру қорытындысы:
мамандық алу
жұмыс орнын құру
оң нәтиже жоқ (астын сыз)

4) Оның толық орындалуы бойынша:
толық _____________________________________________________________
ішінара ___________________________________________________________
орындалмағаны _____________________________________________________ 

5) Мүгедектік динамикасы бойынша:
мүгедектік белгіленбеген (толық оңалту)
жеңілдеу топ белгіленген (ішінара оңалту)__________________________
мүгедектік тобы өзгеріссіз қалды (тұрақты мүгедектік)
мүгедектіктің ауырлау түрі белгіленген (мүгедектіктің қиындауы)
(астын сыз)

6) Оңалту әлеуетінің нәтижесіне сәйкес дәрежелер бойынша:
оңалту әлеуетінің толық іске асырылуы
оңалту әлеуетінің ішінара іске асырылуы
оңалту әлеуетінің іске асырылмауы (астын сыз)

7) Қорытындысы ____________________________________________________
___________________________________________________________________

МӘС бөлімшесі бас маманының
(реабилитолог) 
Т.А.Ә.         ______________________   ________________
                                             (қолы)

МӘС бөлімшесі бастығының
Т.А.Ә.         ______________________   ________________
                                              (қолы)

Күні ____________________                         М.О.