Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу ережесiн бекiту

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 286-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3317

Жаңартылған

      "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi  Заңын , "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132  қаулысын  iске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Әлеуметтiк нормативтер және мүгедектердi оңалту департаментiнiң директоры К.А.Манабаева осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық департаменттерiне жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.Б.Дүйсеноваға жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

       Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Десаулық сақтау министрі

      2004 ж. 07.12.

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі

      2004 ж. 07.12.

Қазақстан Республикасы     
Еңбек және халықты       
әлеуметтік қорғау Министрінің 
2004 жылғы 7 желтоқсандағы  
N 286-ө бұйрығымен      
бекітілген         

  Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына, "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132  қаулысына  сәйкес әзірленген және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеудің тәртібін белгілейді
        Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі - ОЖБ) - оңалту шараларының нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек түрлерін айқындайтын, тиісті мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, меншік нысанына және шаруашылықты жүргізу нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдар орындауға міндетті құжат болып табылады.

  2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
әзірлеудің тәртібі

      3. ОЖБ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) медициналық ұйымдардың, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің, және оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлерін тарта отырып (қажет болған жағдайда) мүгедек куәландырылған күннен бастап бір айдың ішінде әзірлейді.
      Мүгедектік қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген жағдайларда ОЖБ мынадай құжаттардың негізінде әзірленеді:
      оңалтудың медициналық, кәсіптік бөліктерін, санаторлық-курорттық емдеуді, жеке басының негізгі әлеуметтік дағдыларына, өзіне өзі қызмет көрсетуге, жүріп-тұруға, қарым-қатынасқа үйретуді жүргізу үшін медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы, мүгедектігін растайтын анықтамасы, жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның көшірмесі;
      үйде, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету үшін ресімделген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей берілген медициналық картасы, мүгедектігін растайтын анықтамасы, жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның көшірмесі;
      протездік-ортопедиялық көмек, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету үшін, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшін мүгедектігін растайтын анықтамасы немесе медициналық-әлеуметтік сараптама актісі, жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның көшірмесі;
      ОЖБ мүгедектік белгіленген мерзімге әзірленеді.
       Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      4. ОЖБ әзірлеу мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) оңалту-сараптамалық диагностика жүргізу;
      2) оңалту іс-шараларының түрлерін, шарттарын, көлемі мен орындау мерзімдерін айқындау.
      Оңалту-сараптамалық диагностика - клиникалық болжамның, оңалту әлеуетінің, оңалту болжамының бағасы.
      Клиникалық болжам - клиникалық-функционалдық деректер талдауына, аурудың этиология, патогенез және ағымының ерекшеліктеріне, тіршілік-тынысының шектелуіне әкеп соқтырған жарақаттар мен кемістіктер салдарына, тиімді емдеу мүмкіндіктеріне негізделген аурудың, жарақаттар мен кемістіктердің даму және аяқталу болжамы.
      Клиникалық болжам:
      1) қолайлы - ағзаның бұзылған функцияларының және шектелген тіршілік әрекетінің толық сауығуы (толығымен қалпына келуі) немесе орнының толтырылуы;
      2) біршама қолайлы - аурудың, жарақаттың немесе кемістіктің қалған белгілері бар толық емделмеу, ағзаның бұзылған функцияларының және тіршілік әрекеті шектелуінің бәсеңдеуі, тұрақтануы немесе ішінара орны толтырылуы;
      3) қолайсыз - денсаулық күйін тұрақтандыру, патологиялық процестің өршуін тоқтату және ағза функцияларының бұзылу дәрежесін және тіршілік әрекетінің шектелуін төмендету мүмкіндігінің болмауы;
      4) күмәнді - аурудың, жарақаттану немесе кемістік салдарларының түсініксіз ағымы.
      Оңалту әлеуеті - денсаулық күйінің (толық саулықтан функциялардың айқын білініп бұзылуына дейін), тіршілік әрекетінің (қалыптысынан әрекет етуге, оның ішінде еңбек қызметін атқаруға қабілетсіздікке дейін) және әлеуметтік жағдайының (қалыптысынан өзге адамдарға толығымен тәуелді болуға дейін) сипаттамасын талдауға негізделетін биологиялық, психофизиологиялық және әлеуметтік-орта факторларының кешені.
      Оңалту әлеуеті:
      1) жоғары - денсаулықтың, әлеуметтік мәртебесінің, тіршілік әрекетіндегі шектеулердің толығымен қалпына келтірілуі (толық оңалту);
      2) қанағаттанарлық - шамалы білініп бұзылуы, тіршілік ету санаттарын қиындықпен, шектелген көлемде немесе техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдар арқылы орындау, мүгедектің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығы (жартылай оңалтылу - мүгедектің 1 немесе 2 топтан 3 мүгедектік тобына ауысуы);
      3) төмен - ағза функциялары бұзылушылығының айқын білінуі, тіршілік ету санаттарының көпшілігін едәуір шектеулермен орындау, мүгедектің әлеуметтік қолдауға үнемі мұқтаж болуы (жартылай оңалту - 1 топтан 2 мүгедектік тобына ауысу);
      4) оңалту әлеуетінің болмауы - ағза функцияларының күрт бұзылуы, негізгі қызмет түрлерінің орнын толтыруға немесе өзіндігімен орындауға мүмкіндіктің болмауы, өзгелердің күтіміне мұқтаж болу (оңалту мүмкін емес - мүгедектіктің тұрақтылығы немесе оның ауырлануы) деп бағаланады;
      Оңалту болжамы - оңалту әлеуетін іске асырудың болжамды мүмкіндігі мен мүгедектің қоғамға кірігуінің болжамды деңгейі.
      Оңалту болжамы:
      1) ағзаның бұзылған функциялары мен тіршілік етудегі шектеулер санаттарын толық қалпына келтіру, мүгедектің қоғамға толығымен кірігуі мүмкіндігі болғанда - қолайлы деп;
      2) ағзаның бұзылған функциялары мен тіршілік етудегі шектеулер санаттарын ішінара қалпына келтіру мүмкіндігі болғанда, олардың шектелу дәрежесін төмендету немесе тұрақтандыру, мүгедектің қоғамға кірігу қабілеттерінің ұлғаюы және оның әлеуметтік қолдауға деген толық мұқтаждықтан жарым-жартылай мұқтаждыққа ауысқанда - біршама қолайлы деп;
      3) болжам анық емес болған жағдайда - күмәнді деп бағаланады;
      4) қолайсыз - ағзаның бұзылған функцияларын және тіршілік әрекеті санаттарын қалпына келтіру немесе орнын толтыру мүмкіндігінің болмауы.
      Оңалту-сараптамалық қорытындыда мүгедектің оңалту іс-шараларына деген мұқтаждығы қысқаша негізделеді.
      Оңалту-сараптау қорытындысының мазмұны мен құрылымы клиникалық болжамға, оңалту әлеуетіне және оңалту болжамына қарай айқындалады.
        Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      5. ОЖБ:
      ОЖБ картасынан (1-қосымша);
      ОЖБ картасынан үзінді көшірмесінен (2-қосымша);
      оңалтудың медициналық бөлігінен (3-қосымша);
      оңалтудың әлеуметтік бөлігінен (4-қосымша);
      оңалтудың кәсіптік бөлігінен (5-қосымша) тұрады.
      Оңалтудың медициналық және/немесе әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөліктері жүргізілген оңалту-сараптамалық диагностиканың нәтижелеріне және мүгедектік белгілеуге әкеп соқтырған, организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығының бұзылуы салдарынан туындаған мүгедектің тыныс-тіршілігі шектелуінің толық немесе ішінара орнын толтыруға бағытталған оңалту іс-шараларының нақты түрлерін тағайындауға деген сұранымына қарай әзірленеді.
        Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

       6. <*>
        Ескерту: 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

       7. Оңалтудың медициналық, әлеуметтік, кәсіптік бөлігінің тіркеу нөмірлері ОЖБ картасының тіркеу нөміріне сәйкес болуға тиіс.
        Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

       8. Оңалтудың медициналық бөлігі медициналық ұйымдардың медициналық-әлеуметтік сараптамаға N 088у нысаны бойынша жолдамасында көрсетілген оңалту іс-шаралары жоспарының негізінде, ал мүгедектігі қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген адамдарға медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысында көрсетілген ұйғарымдардың негізінде әзірленеді.
        Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      9. Оңалтудың әлеуметтік бөлігі жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасы нәтижелерінің, мүгедектің әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүру жағдайларын зерттеу негізінде әзірленеді.
       Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      10. Оңалтудың кәсіптік бөлігі жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасы нәтижелерінің негізінде әзірленеді. Мүгедек балалар үшін олардың психикалық жай-күйі, интеллектуалдық даму ерекшеліктерін, ойын әрекетіне, білім алуға, қарым-қатынасқа, еңбек қызметі дағдыларын игеруге және орындауға ықтимал мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді.
       Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      11. ОЖБ әзірленген медициналық, әлеуметтік және кәсіби бөліктеріне аумақтық бөлімшенің бастығы бекітеді, куәландыру үшін мөртабанмен расталады.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жызылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен , өзгерту енгізілді - 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      12. ОЖБ үзінді көшірме мүгедекке (немесе оның заңды өкіліне) беріледі.
       Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      13. Оңалту бекітілген медициналық, әлеуметтік және кәсіби бөліктері 3 күн мерзім ішінде мыналарға жолданады:
      1) тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына - оңалтудың медициналық бөлігі (2-қосымша);
      2) халықты әлеуметтік қорғау органына - оңалтудың әлеуметтік бөлігі, оңалтудың кәсіби бөлігі (3, 4-қосымшалар).
       Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жызылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен , өзгерту енгізілді - 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      14. <*>
       Ескерту: 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      15. Оңалту шараларын өткізу кезінде оңалту шараларын жүзеге асырудың дәйектілігі, кешенділігі және үзіліссіздігі, жүргізілген оңалту шараларын динамикалық бақылау және олардың тиімділігін бақылау қамтамасыз етіледі.

      16. Оңалтудың медициналық бөлігін денсаулық сақтау ұйымдары мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
       Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      17. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, арнаулы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
       Ескерту: 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      18. Оңалтудың кәсіптік бөлігін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, сондай-ақ білім беру қызметімен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен алған лицензия негізінде айналысатын ұйымдар жүргізеді.
       Ескерту: 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      19. Оңалтудың жүргізілген медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінің тиімділігін бағалауды аумақтық бөлімше мүгедекті кезекті қайта куәландыру кезінде немесе оны динамикалық қадағалау тәртібімен жүзеге асырады.
       Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жызылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      20. ОЖБ уақытында түзету үшін және одан арғы оңалту шараларын әзірлеу аумақтық бөлімше динамикалық қадағалауды ұйымдастырады, ол үшін мүгедектің аумақтық бөлімшеде болуының бақылау мерзімдерін айқындайды.
      ОЖБ іске асырылуын динамикалық қадағалау мерзімдері тағайындалған оңалту іс-шараларының аяқталу күнімен айқындалады.
       Ескерту: 20-тармақ жаңа редакцияда жызылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      21. Кез келген оңалту іс-шараларының орындалмау себебіне қарай, айғақтамалар болған кезде, аумақтық бөлімше оңалтудың медициналық және/немесе әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөлігі бойынша қосымша іс-шараларды әзірлейді немесе оңалту іс-шараларын одан әрі жүргізудің қажеттігі мен тиімділігі туралы мәселені шешеді.
       Ескерту: 21-тармақ жаңа редакцияда жызылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      22. Жүргізілген оңалту іс-шараларының аяқталуына орай оңалтудың медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін ОЖБ орындалуына жауапты ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің басшысы қолын қояды, мөртаңбалармен расталады және көрсетілген іске асыру мерзіміне дейін бір айдан кешіктірмей аумақтық бөлімшеге қайтарылады.
       Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жызылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .
      23. ОЖБ іске асыру жөніндегі қорытындыны аумақтық бөлімше кезекті куәландыру кезіндегі алқалық талқылаудан кейін, оңалтудың медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін іске асыру тиімділігін бағалау негізінде шығарады, оны аумақтық бөлімшенің бастығы бекітеді, куәландыруға арналған мөртабанмен расталады.
       Ескерту: 23-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .
      24. ОЖБ іске асырылуын бақылауды аумақтық бөлімше жүзеге асырады.
       Ескерту: 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Еңбек және халықты әлеуметтік
                                             қорғау министрінің
                                         2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                       N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                          Мүгедекті оңалтудың жеке
                                            бағдарламасын әзірлеу
                                             ережесіне 1-қосымша

       Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

        Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасы (ОЖБ)
             (аумақтық бөлімше маманы толтырады)

      200 _ жылғы " ___" ___________ N ______ медициналық-әлеуметтік
                    сараптама актісіне N ____
1. Т.А.Ә. __________________________________________________________
2. Туған жылы, айы, күні____________________________________________
3. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (астын сызу)
4. ОЖБ әзірлеу күні ________________________________________________
5. Клиникалық болжам: қолайлы, біршама қолайлы, күдікті (астын сызу)
6. Оңалту әлеуеті: жоғары, қанағаттанарлық, төмен (астын сызу)
7. Оңалту болжамы: қолайлы, біршама қолайлы, күдікті (астын сызу)
8. Оңалту-сараптама қорытындысы (оңалту іс-шараларын жүргізуге
мүгедектің мұқтаждығы туралы)
____________________________________________________________________
9. Іске асыру мерзімдері: медициналық оңалту __________, әлеуметтік
оңалту _________, кәсіби оңалту ___________

 

Болатын күні

Болғандығы туралы белгі

Болатын күні

Болған-дығы туралы белгі

Болатын күні

Болғандығы туралы белгі

аумақ-тық бөлім-ше

 

 

 

 

 

 

   Динамикалық бақылау процесінде ОЖБ орындалуы туралы
                      қорытынды  

р/с

Қабілеттің шектелуі (функцио-
налдық класс бойынша)

күні

күні

Күні

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

Оңал-
туға дейін 

Оңал-
тудан кейін

Оңал-
туға дейін 

Оңал-
тудан кейін

Оңал-
туға дейін 

Оңал-
тудан кейін

1.

өзін-өзі күтуге

 

 

 

 

 

 

2.

өздігінен жүріп-тұ-
руға

 

 

 

 

 

 

3.

қарым-қа-
тынасқа

 

 

 

 

 

 

4.

бағдарға

 

 

 

 

 

 

5.

өзінің мінез-құл-қын бақы-
лау

 

 

 

 

 

 

6

оқуға

 

 

 

 

 

 

7.

еңбек қызметіне 

 

 

 

 

 

 

8.

ойын қызметіне

 

 

 

 

 

 

10. Тұжырымдары:
      1) оңалту әлеуетінің жеткен нәтижесіне сәйкестілік дәрежесі бойынша (астын сызу): толық іске асырылды, жартылай, іске асырылмады;
      2) мүгедектік динамикасы бойынша (астын сызу): толық, жартылай оңалту, тұрақты мүгедектік, мүгедектіктің ауырлауы.
11. ОЖБ іске асыру күні_______________

Аумақтық бөлімше
бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә._______________   ______________
                           (қолы)

Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә._______________  _______________
                           (қолы)

Куәландыру үшін мөртаңба

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Еңбек және халықты әлеуметтік
                                             қорғау министрінің
                                         2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                       N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                          Мүгедекті оңалтудың жеке
                                            бағдарламасын әзірлеу
                                             ережесіне 2-қосымша

       Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

      N___ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасынан
                            ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ
                    (аумақтық бөлімше маманы толтырады)
Мүгедектің Т.А.Ә.___________________________________________________
Тұрақты тұратын мекен-жайы__________________________________________
Куәландыру күні_____________________________________________________
Мүгедектік санаты___________________________________________________
Мүгедектік _____________________________________ мерзімге белгіленді
Қайта куәландыру күні_______________________________________________
Оңалтудың медициналық бөлігінің іске асыру мерзімі__________________
Оңалтудың әлеуметтік бөлігінің іске асыру мерзімі___________________
Оңалтудың кәсіби бөлігінің іске асыру мерзімі_______________________

 

Болатын күні

Болған-дығы туралы белгі

Болатын күні

Болған-дығы туралы белгі

Болатын күні

Болған-дығы туралы белгі

Аумақтық бөлімше

 

 

 

 

 

 

Тұжырымдары:
      1) оңалту әлеуетінің жеткен нәтижесіне сәйкестілік дәрежесі бойынша (астын сызу): толық іске асырылды, жартылай, іске асырылмады;
      2) мүгедектік динамикасы бойынша (астын сызу): толық, жартылай оңалту, тұрақты мүгедектік, мүгедектіктің ауырлауы.

Аумақтық бөлімше
бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә._______________   ______________
                           (қолы)
Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә._______________  _______________
                           (қолы)
Куәландыру үшін мөртаңба

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Еңбек және халықты әлеуметтік
                                             қорғау министрінің
                                         2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                       N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                          Мүгедекті оңалтудың жеке
                                            бағдарламасын әзірлеу
                                             ережесіне 3-қосымша

       Ескерту: 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

       Оңалтудың медициналық бөлігі
          200 _ жылғы" ___" _____________ N ______
       медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне N ____

1. ТАӘ (мүгедек)____________________________________________________
2. Туған жылы, айы, күні ___________________________________________
3. Оңалтудың медициналық бөлігін әзірлеу күні_______________________
4. Мекен-жайы_______________________________________________________
5. Мүгедектік санаты________________________________________________
6. Мүгедектік себебі________________________________________________
7. Клиникалық-сараптама диагнозы: (негізгі және ілеспелі)___________
____________________________________________________________________

р/с

Оңалту іс-шара-
лары

Аумақтық бөлімшенің ұсынымдары

орындалуы

Орында-лу ор-
ны (ем-
хана,
үйде, стацио-
нар, оңалту орталы-
ғы, сана-
торий)

орындал-
мады, себебі

Курстар-дың ұзақтығы және еселігі

Орындалу мерзім-
дері

Курстар-
дың ұзақтығы және еселігі

Орында-лу мерзімі

(аумақтық бөлімше маманы толтырады)

(ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Қалыпқа келтіру терапиясы(енгізіп жазу)

 

 

 

 

 

 

2.

Реконст-
рукциялық хирургия  (енгізіп жазу)

 

 

 

 

 

 

3.

Санатор-
лық емдеу (денсау-
лық сақ-
тау ұйы-
мының желісі бойынша өткізіле-
ді) (бейінді көрсету)

 

 

 

 

 

 

8. Оңалтудың медициналық бөлігі бойынша іске асырудың нәтижесін бағалау (астын сызу): бұзылған функцияларды қалпына келтіру (толық немесе ішінара), бұзылған функцияларды өтеу (толық немесе ішінара), жағымды нәтижелердің болмауы (ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады).
9. Оңалтудың медициналық бөлігін әзірлеу күні ______________________
(аумақтық бөлімше маманы толтырады)
10. Оңалтудың медициналық бөлігін іске асыру мерзімі _______________
(ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)

Аумақтық бөлімше
бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә._______________   ______________
                           (қолы)
Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә._______________  _______________
                           (қолы)
Куәландыру үшін мөртаңба
ОЖБ іске асыруға жауапты ұйым, кәсіпорын, мекеме басшысының
Т.А.Ә.                                   
                            (қолы)
М.О.

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Еңбек және халықты әлеуметтік
                                             қорғау министрінің
                                         2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                       N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                          Мүгедекті оңалтудың жеке
                                            бағдарламасын әзірлеу
                                             ережесіне 4-қосымша

       Ескерту: 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

        Оңалтудың әлеуметтік бөлігі
          200 _ жылғы" ___" _____________ N ______
       медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне N ____

1. ТАӘ (мүгедектің)_________________________________________________
2. Туған жылы, айы, күні____________________________________________
3. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін әзірлеу күні _______________________
4. Мекен-жайы ______________________________________________________
5. Мүгедектік санаты _______________________________________________
6. Мүгедектік себебі _______________________________________________
7. Клиникалық-сараптама диагнозы: (негізгі және ілеспелі)___________
____________________________________________________________________

р/с

 Оңалту іс-шара-
лары

 

 

Аумақтық бөлімшенің ұсынымдары

Орындаушы (орындалуына жауапты маман толтырады)

Орындалу күні

Орындалмады, себебі

орындалу мерзімдері (аумақтық бөлімше маманы толтырады)

(ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)

1

2

3

4

5

6

1.

Протездік-ортопедиялық кө-
мек көр-
сету (енгізіп жазу)

 

 

 

 

2.

Техника-
лық кө-
мекші (орнын толтыру-
шы) құ-
ралдармен қамтама-
сыз ету (енгізіп жазу)

 

 

 

 

3.

Жүріп-тұру кезін-
де пайда-
ланылатын бұйымдар-
мен қам-
тамасыз ету (ен-
гізіп жазу)

 

 

 

 

4.

Жеке гигиена, өзін-өзі күту, жүріп-тұ-
ру негіз-
гі әлеу-
меттік дағдылар-
ды үйре-
ту (ас-
тын сызу)

 

 

 

 

5.

Әлеумет-
тік қыз-
меттер ұсыну (астын сызу): жеке көмекші, ымдау тілінің маманы

 

 

 

 

6.

Әлеумет-
тік қыз-
мет көр-
сету (енгізіп жазу)

 

 

 

 

7.

Халықты әлеумет-
тік қор-
ғау жүйе-
сінің ұйымдары өткізетін санатор-
лық ем-
деу (бей-
інді көрсету)

 

 

 

 

8.

Басқалары(енгізіп жазу)

 

 

 

 

8. Оңалтудың медициналық бөлігі бойынша іске асырудың нәтижесін бағалау (астын сызу): өзін-өзі күту, дербес тұру, жүріп-тұру дағдыларын, бағдарын, әлеуметтік-психологиялық мәртебесін толық немесе ішінара қалпына келтіру (ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады).
9. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін іске асыру мерзімі _________________
      (аумақтық бөлімше маманы толтырады)
10. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін іске асыру күні____________________
      (ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)
Аумақтық бөлімше бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә.____________________________________        __________________                                                         (қолы)
Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә.____________________________________        __________________                                                         (қолы)
Куәландыру үшін мөртабан
 
Оңалту іс шараларын іске асыруға жауапты ұйым, кәсіпорын, мекеме басшысының
Т.А.Ә. ___________________________________        __________________
                                                        (қолы)
М.О.

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Еңбек және халықты
                                     әлеуметтік қорғау Министрінің
                                       2004 жылғы 7 желтоқсандағы
                                     N 286-ө бұйрығымен бекітілген
                                        Мүгедекті оңалтудың жеке
                                          бағдарламасын әзірлеу
                                           ережесіне 5-қосымша

       Ескерту: 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 03 шілдедегі N 157-ө   бұйрығымен .

        Оңалтудың кәсіби бөлігі
           200 _ жылғы" ___" _____________ N ______
        медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне N ____

1. ТАӘ (мүгедектің)_________________________________________________
2. Туған жылы, айы, күні____________________________________________
3. Оңалтудың кәсіби бөлігін әзірлеу күні____________________________
4. Мекен-жайы ______________________________________________________
5. Мүгедектік санаты _______________________________________________
6. Мүгедектік себебі _______________________________________________
7. Клиникалық-сараптама диагнозы: (негізгі және ілеспелі) __________
____________________________________________________________________

р/с

Оңалту іс-шаралары

Аумақтық бөлімшенің ұсынымдары

Орындаушы 

Орындалу күні

Орындалмады, себебі

орындалу мерзімдері (аумақтық бөлімше маманы толтырады)

(ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)

1

2

3

4

5

6

1.

Психологиялық-
педагогикалық коррекциялық жұмыс, мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру (астын сызу)

 

 

 

 

2.

Кәсіптік білім: бастауыш, орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары арқылы (астын сызу)

 

 

 

 

3.

Оқу шарты: үйде, мамандандырылған мекемелерде, жұмыс орны бойынша және басқалары (енгізіп жазу)

 

 

 

 

4.

Жұмыс орны, квота бойынша, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары және басқалары арқылы жұмысқа орналастыру (енгізіп жазу)

 

 

 

 

5.

Жұмысқа орналастыру шарты  

 

 

 

 

5.1. жұмыс режимін ұйымдастыру: толық немесе қысқартылған жұмыс күні және басқа (енгізіп жазу)

 

 

 

 

5.2. жағымсыз өндірістік факторлардың әсерін қоспағанда

 

 

 

 

5.3. жұмыс орнын арнаулы құралдармен жабдықтау

 

 

 

 

6. 

Басқалары (енгізіп жазу)

 

 

 

 

8. Оңалтудың кәсіби бөлігі бойынша іске асырудың нәтижесін бағалау: оқытылды, қайта оқытылды, кәсіпті иегерді, жұмыс орны құрылды, жұмысқа орналастырылды, жағымды нәтиженің болмауы (ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады).
9. Оңалтудың кәсіби бөлігін әзірлеу күні ___________________________
(аумақтық бөлімше маманы толтырады)
10. Оңалтудың кәсіби бөлігін орындау күні___________________________
 (ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)
Аумақтық бөлімше бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә.____________________________________        __________________                                                         (қолы)
Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә.____________________________________        __________________                                                         (қолы)
Куәландыру үшін мөртабан
 
Оңалту іс шараларын іске асыруға жауапты ұйым, кәсіпорын, мекеме басшысының
Т.А.Ә. ___________________________________        __________________
                                                        (қолы)
М.О.

      
                                                     6-қосымша
                                                     7-қосымша

       Ескерту: 5, 6, 7-қосымшалар алынып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3-п   бұйрығымен .