Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 72-Ө-а бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3148

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 № 782 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 № 782 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 
      2. Осы бұйрық белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілсін.
      3. Осы бұйрықтың орындауын қадағалау төрағаның орынбасары Қ.Ө.Раймбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
                                    Жер ресурстарын басқару жөніндегі
                                          агенттігі төрағасының     
                                        2004 жылғы 7 қыркүйектегі   
                                     № 72-Ө-а бұйрығымен бекітілген

      Ескерту. Оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 № 782 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару қағидалар

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 № 782 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      1. Осы Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару қағидалар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес жасалған және жерге орналастыру қызметінің көрсетілген түрлерін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 № 782 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      2. Атқарушы органдардың шешімі немесе мүдделі жеке меншікті жер учаскесі иелерінің немесе жер пайдаланушыларының өтініші бойынша жүргізілетін жерге орналастыру жұмыстары жерге орналастыру жұмыстарын жүзеге асыруды орындайтын азаматтар және заңды тұлғалармен (бұдан әрі - Жерге орналастырушы) жасалатын келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен жүргізілетін жерге орналастыру жұмыстары республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен атқарылады.
      Мүдделі жеке меншікті жер учаскесі иелерінің және жер пайдаланушыларының өтініштері бойынша жерге орналастыру жұмыстары олардың өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2012.01.20 № 12-ОД (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйырығымен.

      3. Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстары келесі тізбек бойынша атқарылады:
      дайындық жұмыстары;
      жерге орналастыру жобасын жасау;
      жерге орналастыру құжаттарының қарастырылуы, келісілуі және бекітілуі;
      жерге орналастыру жобасын орындау.

      4. Жерге орналастыру жұмыстарының орындалуы жөніндегі келісім-шарт жасасқаннан кейін Жерге орналастырушы мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері, жерге орналастыру, қала құрылысы құжаттары, картографиялық және жерді пайдаланумен байланысты мәліметтері мен құжаттары негізінде жер учаскесі туралы және оның орналасқан аумағы туралы мәліметтерді зерттеп, талдау жасайды.
      Қажетті жағдайда Жерге орналастырушы бекітілген тәртіп бойынша жер учаскесі туралы немесе оның орналасқан аумағы туралы ақпараты бар ұйымдардан жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу үшін қажет мәліметтер мен құжаттарды сұрайды.
      Ақпаратты айқындау және (немесе) жетіспейтін ақпаратты анықтау мақсатында дала жұмыстары жүргізілуі мүмкін.

      5. Жерге орналастыру жобасын жасау бойынша жұмыс мазмұны осы жұмыстарды жүргізу тапсырмасымен (келісім-шартымен) анықталады және оған:
      жердің қазіргі жағдайын және пайдаланылуын талдау;
      аумақтарды және алаптарды пайдалануды реттестіру мен ұйымдастыру;
      табиғатты қорғау шараларын жасау;
      жобаны жүзеге асыру жоспары;
      жер пайдаланумен байланысты басқа құжаттарды дайындау жатады.

      6. Жерге орналастыру құжаттарының қарастырылуы, келісілуі және бекітілуі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 150 бабының 4 тармағымен бекітілген тәртіпте жүргізіледі.

      7. Жерге орналастыру жобасын орындау: жобаны жер бетіне көшіруді; жобаның барлық элементтерін игеруді, жерге орналастыру мәліметтері мен құжаттарын ресімдеуді және беруді қамтиды.

      8. Жерге орналастыру жұмыстарының нәтижесінде алынған және жасалған құжаттар мен мәліметтер жерге орналастыру құжаттамасын құрайды.
      Жерге орналастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін, тіркеу және сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу мақсатында жер учаскелерін тіркеу бойынша жұмыстарды өндіру үшін жерге орналастыру құжатының бір көшірмесі мемлекеттік жер кадастрын жүргізуші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) беріледі. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 150-бабының 4-тармағына сәйкес жерге орналастыру құжаттамасындағы жер учаскелері туралы мәліметтердің дұрыстығын жерге орналастыру құжатын бекіткен өкілетті органдар қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 158-бабының 5-тармағына сәйкес жер-кадастрлық құжаттамаға бекітілген жерге орналастыру құжаттамасынан жер учаскелері туралы енгізілетін мәліметтердің дұрыстығын Мемлекеттік корпорация қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 № 782 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.