Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы бұйрығымен бекітілген, N 2810 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 324-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 16 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3069

Жаңартылған

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  66-бабына сәйкес Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы  бұйрығымен  бекітілген, N 2810 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Қазақстан Республикасы Көлік    
және коммуникациялар министрінің   
2004 жылғы 18 наурыздағы       
N 122-І бұйрығымен бекітілген,   
N 2810 нөмірімен тіркелген,    
Қазақстан Республикасында темір   
жол көлігімен жолаушыларды, багажды 
және жүк-багажын тасымалдау ережесін
тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды
жүзеге асыру ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Көлік және  
коммуникациялар министрінің    
2004 жылғы 31 тамыздағы      
N 324-І бұйрығымен бекітілген   

  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығымен бекітілген, N 2810 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І  бұйрығымен  бекітілген, N 2810 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін, тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  және темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдаумен байланысты қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді.

      2. Ереже Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І  бұйрығымен  бекітілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2810 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін (бұдан әрі - Жолаушыларды тасымалдау ережесі) тасымалдаушылардың сақтауына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.

      3. Мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көліктік бақылау органдарының лауазымды тұлғалары (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) жүзеге асырады.

      4. Лауазымды тұлғалар жол жүру құжаттарын сату, ресімдеу және қайта ресімдеу, багажды және жүк-багажын ресімдеу мен тасымалдау тәртібінің, жолаушылардың темір жол станцияларының вокзалдарында және жолаушы поездарында болуы шарттарының сақталуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады.

      5. Тексерулер жүргізу кезінде лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде:
      1) жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдауды ұйымдастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан ақпарат пен мәліметтер сұрайды;
      2) темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдауды ұйымдастыру саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нұсқамалар береді;
      3) темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажы тасымалдарын ұйымдастыруды реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныстар енгізеді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  2. Жолаушылар тасымалын бақылауды ұйымдастыру

      6. Жолаушылар тасымалының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асыру кезінде жол жүру құжаттарын сату және ресімдеу орындарында, темір жол станцияларының вокзалдарында және өзге де құрылыстарында, сондай-ақ жолаушы поездарында мынадай мәселелер қарауға жатады:
      1) тасымалдаушылардың және темір жол көлігі ұйымдарының Жолаушыларды тасымалдау ережесін сақтауы;
      2) жол жүру құжаттарын сатуды ұйымдастыру, соның ішінде тасымалдау және жол жүру құжаттарын беру және ресімдеу дұрыстылығы;
      3) темір жол ұйымдары бекіткен жолаушы поездарын құрау сұлбасына сәйкес белгіленген санаттағы вагондарды пайдалану дұрыстығының сақталуы;
      4) темір жол көлігі объектілері үшін белгіленген өрт және санитарлық қауіпсіздік нормаларының сақталуы;
      5) жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      6) қауіпті заттарды тасымалдау кезінде сақтық шарттары мен шараларын қамтамасыз ету;
      7) тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасы  лицензиялық  заңнамасының белгіленген нормаларын сақтауы;
      8) темір жол көлігі саласында заңнамамен көзделген  әкімшілік құқық бұзушылықтарды  анықтау және тыю;
      9) ішкі жабдықтың және алмалы-салмалы құрал-саймандардың жай-күйі, соның ішінде жылыту, жарықтандыру, желдету және салқындату жүйесінің санитарлық жай-күйі, жұмысқа қабілеттілігі;
      10) төсек-орынның жұмсалуын есепке алу;
      11) жолаушыларда жол жүру құжаттарының (билеттердің), сондай-ақ поезд бастығында ГУ-57 нысанындағы түбіртектің бар болуы, оларды толтыру жөніндегі талаптардың сақталуы, жолаушылар ұсынған жол жүру құжаттарының жол жүріп келе жатқан вагондардың санатына сәйкестігі;
      12) осы жол жүру құжаттарының (билеттердің) жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкестігі;
      13) жолаушылар алып жүрген қол жүгін алып жүрудің белгіленген нормаларына сәйкестігі;
      14) жолаушы поезы бастығының және вагон жолсеріктерінің лауазымдық нұсқаулық пен басқа да нормативтік кесімдердің белгіленген талаптарын орындауы.

      7. Жолаушы поездарын тексеру Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға бекіткен жолаушы поездарына тексеру жүргізудің жоспар-кестесіне (3-қосымша) сәйкес жүргізіледі.
      Тексеру жүргізуге арналған нұсқаманы (2-қосымша) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің немесе оның аумақтық органының басшысы береді.
      Бақылау жасауға нұсқама, бақылау басталмай оны тіркеу үшін оның шығарылу күні Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне (әрі атауы - комитет) көрсетіледі.
      Ерекше жағдайларда, бақылау әлеуметтік-экономикалық жағдайымен туындаған кезде, яғни қоғамдық тәртіпке, тұрғындардың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесіне, төнген қауіптілікті тез арада жоюмен байланысты, жұмыс уақытынан тыс (түнгі, демалыс және мейрамдар күндері) және де, бұзақылық жасалған уақытта айқындап тапқан кезде және бұзақылықтың дәлелдемелерін бекітіп орнықтыру үшін жедел әрекеттерді қажет ететін, бақылауды тағайындау туралы Нұсқама, бақылау басталғаннан кейін келесі жұмыс күні аралығында Комитетке көрсетіледі.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту, толықтыру енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 470-І   бұйрығымен

      8. Лауазымды тұлғалардың жолаушы поездарына тексеру жүргізу тәртібі мынадай ретпен жүзеге асырылады:
      1) жолаушылар поезын (жолаушы, багаж, почта-багаж, почта немесе қызметтік вагондарды) тексеру алдында лауазымды тұлғалар қызметтік куәлігін және осы поезды тексеруге арналған нұсқаманы көрсетеді, бұл ретте жолаушы поезының бастығын (жолаушы, багаж, почта-багаж, почта немесе қызметтік вагондардың қабылдаушы-тапсырушысын) тексерудің басталғаны туралы хабардар етеді;
      2) поездардың жолаушы вагондарындағы жолаушылардың жол жүру құжаттарын тексеруді лауазымды тұлғалар поезд жөнелту және/немесе құрау станциясынан жүріп өткеннен кейін бастайды;
      3) тексеру жолаушы поезының тексеріліп жатқан құрамының барлық вагондарында билетсіз жолаушының жүріп өтуін және ресімделмеген багаж бен жүк-багажын алып жүруді болдырмау бөлігінде жүзеге асырылады;
      4) вагондардың барлық үлгілерінде билетсіз жолаушылар анықталған кезде лауазымды тұлғалар акт (1-қосымша) жасайды;
      5) тексеру барысында анықталған барлық бұзушылықтар поездың (вагонның) рейстік журналында бейнеленеді.

      9. Жолаушылар поездарында билетсіз жолаушылардың бар немесе жоқ екендігін түнгі уақытта тексеру жолаушыларды мазаламайтындай етіп жүргізілуі тиіс.

  3. Багаж, жүк-багажы тасымалдарын
бақылауды ұйымдастыру

      10. Жолаушы, багаж, почта-багаж және почта вагондарының жол жүруі кезінде багаж, жүк-багажы тасымалдарының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырғанда лауазымды тұлғалар:
      1) тасымалданатын багаждың және жүк-багажының ілеспе құжаттарға сәйкестігін, сондай-ақ қауіпті заттар және багаж немесе почта-багаж вагонында тасымалдауға тыйым салынған заттар болып табылатын бұйымдардың бар болуын тексереді;
      2) багаж, почта-багаж және почта вагонында бөгде (жүріп өтуге құқық беретін құжаттарсыз) тұлғалар анықталған кезде акт (1-қосымша) жасайды, онда вагонды қабылдаушы-тапсырушының (немесе тасымалдауға жауапты тұлғаның) деректері, анықталған билетсіз жолаушылар саны көрсетіледі, олардан айыппұл өндіріп алынады. Вагонды қабылдаушы-тапсырушыны (немесе тасымалдауға жауапты тұлғаны) билетсіз жолаушылар алып жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартады;
      3) тиісті ресімдеусіз тасымалдауға қабылданған багажды және жүк-багажын анықтаған кезде анықталған бұзушылық туралы багаж немесе почта-багаж вагонының рейстік журналында жазу жазып, оны одан әрі ресімдеу үшін жақын арадағы темір жол станциясының багаж бөлімшесіне тапсыру жөнінде шаралар қабылдайды.

      11. Багаж, почта-багаж және почта вагондарын тексеруді лауазымды тұлғалар темір жол станцияларында және поездың жүру жолында жүргізеді, бұл ретте багаж, почта-багаж және почта вагондарының мөрленген қоймалары тек қана станцияларда почта тасымалдау бөлімшесінің және багаж бөлімшесінің әкімшілігі өкілінің қатысуымен тексеріледі.

  4. Арнайы вагондарды тексеруді ұйымдастыру

      12. Жолаушы поезының құрамына енгізілген арнайы вагондарды (вагон-мейманхана, купе-буфет, туристік вагондар, қызметтік, қызметтік-техникалық, жалға алынған) тексеруді ұйымдастыру жалпы негізде жүргізіледі.

      13. Вагон-мейманханаларды (купе-буфеттерді) оларда билетсіз жолаушылар бар немесе жоқ екендігіне қатысты тексерген кезде вагон-мейманхана (купе-буфет) қызметкерлерінің олардың жол жүру құқығын растайтын құжаттары тексеріледі. Жолаушылардың жол жүру құжаттарымен (билеттерімен) жүру фактісін растау мақсатында тексеру барысында лауазымды тұлғалар вагон-мейманханадағы (купе-буфеттегі) жолаушылардан олар жол жүріп келе жатқан вагонның поезд құрамындағы нөмірін көрсетуін талап етеді. Бұл ретте, вагон-мейманханадағы (купе-буфеттегі) жолаушының жол жүру құжатын (билетін) жеткізуді лауазымды тұлғалардың өтініші бойынша поезд бастығы ұйымдастырады. Билетсіз жолаушылар және оларды вагон-мейманхананың (купе-буфеттің) қызметкерлері алып жүргендігі анықталған жағдайда жол жүруге рұқсат берген жолаушылар мен тұлғалар заңнамалық кесімдерде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

      14. Қызметтік, қызметтік-техникалық вагондарды тексеру кезінде жолаушыларда жолаушы поезы құрамындағы вагонды пайдалану және оларда жол жүру құқығын белгілейтін құжаттардың бар болуы тексеріледі. Вагонда бөгде (жол жүруге құқық беретін құжаттарсыз) тұлғалар анықталған кезде тексеру актісі (1-қосымша) жасалады. Вагонның жолсерігі де (не тасымалдау үшін жауапты тұлға) билетсіз жолаушыларды алып жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

      15. Арнайы вагондарда багажды немесе жүк-багажын тиісті ресімдеусіз тасымалдау анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалар заңнамалық кесімдерде белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

      16. Темір жолында тасымалдау жасайтын жеке және заңды тұлғалар лауазымды тұлғалар тексеру кезінде:
      1) көлік бақылау қызметкерлерден тексеру кезінде тиісті құжаттар сұрайды (тексеруге нұсқама, қызметтік куәлік);
      2) тексеру қорытындысымен танысады.

  5. Анықталған бұзушылықтарды ресімдеу тәртібі

      17. Лауазымды тұлғалар Жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін бұзушылықтар анықталған жағдайда:
      1) тексеру актісін (1-қосымша) жасауы;
      2) бұзушылықтар анықталған жағдайда олардың қызметкерлерінің кінәсінен бұзушылықтарға жол берілген ұйымның басшысына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруі;
      3) темір жол көлігінде әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуы тиіс.

      18. Жолаушы поездарының барлық санаттағы вагондарында төлемсіз жолаушыларды, багажды немесе жүк багажын алып жүргені туралы тексеру актісі билетсіз жолаушыны, төлем жасалмаған багажды немесе жүк-багажын алып жүру оқиғасы көрсетіліп, үш данада жасалады, олардың әрқайсысына лауазымды тұлға, жолаушы поезының бастығы, вагон жолсерігі не вагон қабылдаушы-тапсырушы қол қояды. Тексеру актісінің бірінші данасы әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жұмыс орнына жіберіледі, екінші данасы жолаушы поезының бастығына (багаж, почта-багаж, почта вагондарының қабылдаушы-тапсырушысына) қол қойдырып, тапсырылады, үшінші данасы бақылау жасау үшін лауазымды тұлғада қалады.

      19. Жолаушы поезының бастығы (багаж, почта-багаж, почта вагондарының қабылдаушы-тапсырушысы) немесе вагонның жолсерігі тексеру актісіне қол қоюдан және/немесе анықталған бұзушылықтар жөнінде жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда лауазымды тұлға бұл оқиғаны тексеру актісінде және рейстік журналда жазып көрсетеді.

      19-1. Тексеру актісі (1-қосымша) және Тексеру жүргізуге арналған нұсқама (2-қосымша) қатаң есеп беру бланкілері болып табылады.
       Ескерту: 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 470-І   бұйрығымен .

  6. Қауіпті заттарды тасымалдау тәртібін бақылау

      20. Қауіпті заттардың багаж және почта-багаж вагондарында тасымалдануын бақылауды ұйымдастыру кезінде лауазымды тұлға олардың ресімделу, тиелу және бекітілу дұрыстығына тексеру жүргізеді.

      21. Багаж, почта-багаж вагондарында жол жүру құжаттары ресімделмеген, тасымалдау шарттары сақталмай және алдын алудың белгіленген шаралары сақталмай тасымалданатын қауіпті заттар анықталған кезде лауазымды тұлға көрсетілген заттарды одан әрі ресімдеу үшін ең жақын багаж бөлімшесіне бере отырып, олардың вагондардан алып тасталуы жөнінде шаралар қабылдайды.

                                 Қазақстан Республикасы
                          Көлік және коммуникациялар министрінің    
                                 2004 жылғы 31 тамыздағы     
                              N 324-І бұйрығымен бекітілген  
                             Темір жол көлігімен жолаушыларды,
                            багажды және жүк-багажын тасымалдау
                                ережесін тасымалдаушылардың   
                               сақтауын бақылауды жүзеге асыру
                                     ережесіне 1-қосымша     

                   N 000000 KZ ТЕКСЕРУ АКТІСІ

20____ жылы "___"_____________ мынадай лауазымды тұлғалардың
қатысуымен _______________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
         (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, куәлік N)
___________________________________________________________________
    (тексерушінің тегі, аты, әкесінің аты, куәлік N көрсетілсін)
______________________________________________________ құрамындағы
____________________________________________________ қатынасындағы
N _______ жолаушы поезын (вагонын) тексеру барысында N ___________
вагонда ( ), _____________________________________________________
учаскеде
мыналар анықталды: _______________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________
 (тексерушілердің Т.А.Ә.а. және қолдары)

ТАНЫСТЫМ:
_______________________________________________________________
(поезд бастығының және вагон жолсерігінің Т.А.Ә.а және қолдары)

Актінің екінші данасын алдым  __________________________________
                                       (қолы, Т.А.Ә.а.)

                                 Қазақстан Республикасы
                          Көлік және коммуникациялар министрінің    
                                 2004 жылғы 31 тамыздағы     
                              N 324-І бұйрығымен бекітілген  
                             Темір жол көлігімен жолаушыларды,
                            багажды және жүк-багажын тасымалдау
                                ережесін тасымалдаушылардың   
                               сақтауын бақылауды жүзеге асыру
                                     ережесіне 2-қосымша     

                тексеру жүргізуге арналған
                  N ____________ Нұсқама

                                      20___ жылғы "___"____________

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүретін жолаушы
поездарына (вагондардың барлық санаттарына) тексеру жүргізу үшін
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
  (уәкілетті орган лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Тексеру кезеңі ______________________________________________
                                      (күні және айы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________________________________________ станция учаскесінде.

      Тексеру жүргізудің мақсаты __________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Осы нұсқама көрсетілген жол учаскелерінде жолаушы поездарын
тексеруге құқық береді және Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
комитетінде және оның аумақтық органдарында тіркелгеннен кейін
қолданылады.

      ___________________________              ________________
      (басшының лауазымы, Т.А.Ә.а)                  (қолы)

                                 Қазақстан Республикасы
                          Көлік және коммуникациялар министрінің    
                                 2004 жылғы 31 тамыздағы     
                              N 324-І бұйрығымен бекітілген  
                             Темір жол көлігімен жолаушыларды,
                            багажды және жүк-багажын тасымалдау
                                ережесін тасымалдаушылардың   
                               сақтауын бақылауды жүзеге асыру
                                     ережесіне 3-қосымша     

       Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 470-І   бұйрығымен .  

                                         "Бекітемін"                
                                  Қазақстан Республикасының      
                            Көлік және коммуникациялар министрлігі
                             Көліктік бақылау комитетінің басшысы  

           __________________ жолаушы поездарын
        тексерудің  20___жылғы ______ айына арналған
                        жоспар-кестесі

____________________________________________________________________
  N  | Іс-шараның атауы |Тексеру күні| Тексерушілердің |  Тексеру
     |                  |            |    Т.А.Ә.а.     | нәтижелері
____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Бөлім (жолаушы поездарын
      бақылау жөнінде жауапты) бастығы
      __________________________