Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге маманға рұқсат берудің тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 31 тамыздағы N 131/167 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3059

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заңының  12,  50-3 баптарына  сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
      1. Қоса берілген электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге маманға рұқсат берудің тәртібі жөніндегі Ережелері бекітілсін.
      2. Осы қаулыны басшылыққа алу үшін облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрайымы

Қазақстан Республикасы Орталық     
сайлау комиссиясының "Электрондық   
сайлау жүйесін пайдаланып дауыс    
беруге арналған үй-жайда электрондық 
сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге    
маманға рұқсат берудің тәртібі     
жөніндегі Ережелерді бекіту туралы"  
2004 жылғы 31 тамыздағы         
N 131/167 қаулысымен бекітілген    

Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге маманға рұқсат берудің тәртібі жөніндегі
Ережелер

      1. Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге, осы учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері болуы мүмкін, мамандарға рұқсат беріледі.
      2. Электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандарды дайындауды және оқытуды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы тиісті шарт жасаған ұйым жүргізеді.
      3. Электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандыққа кандидат мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына жауап беруі тиіс:
      1) БЭЕМ-мен Windows 2000/XP аясында жұмыс машығы;
      2) Microsoft Office (Word, Excel) пакетімен жұмыс тәжірибесі.
      4. Сайлау учаскесінің электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандарды оқыту тақырыптарының бағдарламасын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрайымы бекітеді.
      5. Оқыту аяқталған соң электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге рұқсат беру жөнінде маманды бағалау үшін сынақ өткізіледі.
      6. Сайлау учаскесінің электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандарды сынақтан өткізуге арналған сұрақтардың тізімін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы әзірлейді.
      7. Оқытатын ұйым берген табысты дайындау және оқыту курсы туралы құжаттың негізінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары маманға электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.