Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын алуға және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификатына өзгерістер енгізуге өтініш беруші ұсынатын құжаттардың тізбесін және Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттық тексерудің үлгілік бағдарламасын бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 10 тамыздағы N 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 31 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3043. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 бұйрығымен

Күшін жойған

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 (3-тармақты қараңыз) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер базасын "Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106  қаулысымен бекітілген Аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау ережесімен сәйкестікке келтіру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын алуға және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификатына өзгерістер енгізуге өтініш беруші ұсынатын құжаттардың тізбесі (1-қосымша);
      2) Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттық тексерудің үлгілік бағдарламасы (2-қосымша) бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Б.М.Наурызәлиевке жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

"Аса жеңіл авиацияның әуе   
кемелерін пайдаланушының    
сертификатын алуға және     
аса жеңіл авиацияның әуе    
кемелерін пайдаланушының    
сертификатына өзгерістер    
енгізуге өтініш беруші     
ұсынатын құжаттардың      
тізбесін және Аса жеңіл    
авиацияның әуе кемелерін   
пайдаланушыны сертификаттық 
тексерудің үлгілік       
бағдарламасын бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасының   
Көлік және коммуникациялар  
министрлігі Азаматтық авиация 
комитеті төрағасының     
2004 жылғы 10 тамыздағы    
N 146 бұйрығына       
1-қосымша          

  Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын алуға және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификатына өзгерістер енгізуге өтініш беруші ұсынатын құжаттардың тізбесі

      1. Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын алуға өтініш беруші ұсынатын құжаттардың тізбесі:
      1. Мынадай ақпаратты:
      1) өтініш берушінің негізгі деректерін;
      2) орналасқан орнын, базалануын, жоспарланып отырған авиациялық жұмыс түрлерін, ұшу өңірлерін;
      3) ұйымдастырушылық құрылымын;
      4) әуе кемелерінің деректерін;
      5) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды;
      6) ұшу жұмысын ұйымдастыруды;
      7) ұшуды қамтамасыз етуді қамтитын өтінім.
      2. Өтініш беруші жарғысының көшірмесі және құрылтай шарты.
      3. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
      4. Қаржылық жай-күйі туралы анықтама.
      5. Штат кестесі.
      6. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты басшы құрамның және мамандардың міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар.
      7. Пайдаланушының басшысы бекіткен Экипаждың жұмыс уақыты мен демалысы туралы ереже.
      8. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты басшы құрам мен мамандар жөніндегі деректер.
      9. Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басшы қызметкерлері лауазымдарының уәкілетті органмен келісілуін растайтын құжаттар.
      10. Командалық ұшу, нұсқаушы және ұшу құрамы туралы деректер:
      1) лауазымы;
      2) тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы;
      3) алғашқы дайындық;
      4) куәліктің класы, нөмірі және жарамдылық мерзімі, кім берген;
      5) жалпы ұшуы;
      6) ұшулар орындалатын әуе кемелерінің түрлері бойынша, әуе кемесі командирінің ұшулары, минимумы, қатарға енгізуге өткізген (өткізілетін) құжаттың атауы, соңғы біліктілік тексерудің күні (ұшу техникасы, ұшақ жүргізу, ұшудағы тәжірибелік жұмыстар);
      7) мамандығы бойынша біліктілігін жоғарылатудың соңғы курстары;
      8) авариялық жағдайдағы іс-қимылдар бойынша машықтарға үйрету және қолдау көрсету;
      9) ұшу техникасын, ұшақ жүргізу мен ұшудағы іс-тәжірибелік жұмыстарды қамтамасыз ету, тренажерлік дайындық, техникалық оқу қандай құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
      11. Ұшу қызметі солардың негізінде жүзеге асырылатын пайдаланушының басшысы бекіткен құжаттардың тізбесі.
      12. Әзірлеуші бекіткен және уәкілетті органмен және Аса жеңіл авиация қауымдастығымен келісілген аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін ұшуға пайдалану жөніндегі басшылық.
      13. Техникалық қызмет көрсету солардың негізінде жүргізілетін пайдаланушының басшысы бекіткен құжаттардың тізбесі.
      14. Пайдаланушының басшысы бекіткен аса жеңіл авиацияның әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі басшылық.
      15. Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің, ұшу жарамдылығы сертификаттарының көшірмесі (егер әуе кемесі зауыттан сатып алынған болса - әуе кемесін тапсырыс берушінің қабылдап алғаны туралы техникалық акт).
      16. Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген тәртіппен міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмесі.
      17. Авиациялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету шарттарының көшірмелері.
      18. Кәсіпорынның тауарлық (фирмалық) белгісіне патенттің барлығын растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі.
      19. Пайдаланушының басшысы бекіткен және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетімен келісілген (бұдан әрі - уәкілетті орган) әуе кемелері бояуының үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы.
      20. Мынадай ақпаратты қамтитын әуе қозғалысын басқаруды ұйымдастыру туралы анықтама:
      1) әуе қозғалысын басқаруды ұйымдастырудың пайдаланылатын аймақтары, әуе жолдарының ішкі учаскелері;
      2) әуе қозғалысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын диспетчерлік пункттер;
      3) мамандармен толықтыру және оларды даярлау;
      4) ұшуды жоспарлау;
      5) ұшу жоспарын қамтамасыз ету;
      6) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      7) әуе қозғалысын ұйымдастырудың және байланыстың радиотехникалық құралдары;
      8) метеорологиялық қамтамасыз ету;
      9) әуежайлардың әуе қозғалысын ұйымдастыру қызметтерімен әуе қозғалысын қамтамасыз етуге шарттар жасасу.
      21. Мынадай ақпаратты қамтитын әуеайлақтар мен әуежайлар (негізгі және тіркелген) туралы анықтама:
      1) атауы, почталық мекен жайы;
      2) санатталған әуеайлақ сертификатының нөмірі, оның қолданылу және жарамдылық мерзімі;
      3) иесі;
      4) тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні;
      5) әуеайлақтың (ұшу-қону жолағы, рульдеу жолы, тұрақ орны, олардың таңбалары) қысқаша сипаттамасы;
      6) әуеайлақты қамтамасыз ету құралдарын пайдалануға арналған шарттардың бар болуы (атап көрсетілсін).
      22. Ұшуды іздестіру және апаттан құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың сипаттамасы немесе шарттың көшірмесі.
      23. Азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу әрекеттерін болдырмау жөніндегі шаралар туралы құжаттар, соның ішінде:
      1. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасы;
      2. Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже;
      3. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесі.
      24. Сертификаттау жұмысына ақы төлегені туралы төлемқағазы.

  2. Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін
пайдаланушының сертификатына өзгерістер енгізуге
арналған құжаттардың тізбесі

      25. Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификатына аса жеңіл авиацияның әуе кемесін енгізген кезде өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Аса жеңіл авиацияның әуе кемесін енгізуге арналған өтінімді;
      2) Аса жеңіл авиацияның әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
      3) ұшу жарамдылығы сертификатының көшірмесін;
      4) жалға алу туралы шартының көшірмесін (егер әуе кемесі жалға алынса);
      5) әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісін;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген тәртіппен сақтандырудың міндетті түрлерін растайтын сақтандыру полистерінің көшірмелерін;
      7) дезинсекция және дератизация жөніндегі жұмыстардың жүргізілгендігі туралы анықтаманы;
      8) әуе кемелерін техникалық жай-күйін тексеру және оның жарамдылығын анықтау актісін.
      26. Пайдаланушының сертификатына ұшу құрамын енгізген кезде өтінім беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) ұшу құрамын енгізуге арналған өтінімді;
      2) осы Тізбенің 10-тармағына сәйкес ұшу құрамы туралы деректерді;
      3) авиациялық персоналды сақтандыру полисінің көшірмелерін;
      4) мамандардың ұшу куәліктерінің көшірмелерін;
      5) біліктілігін жоғарылату курсын өткендігі туралы құжаттың көшірмесін.
      27. Уәкілетті органға берілетін құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылған болуы тиіс.
      28. Түзетілген, қолмен немесе машинкамен жазылып түзетілген, қолы және мөр қойылмаған құжаттар қарауға қабылданбайды.

"Аса жеңіл авиацияның әуе   
кемелерін пайдаланушының    
сертификатын алуға және     
аса жеңіл авиацияның әуе    
кемелерін пайдаланушының    
сертификатына өзгерістер    
енгізуге өтініш беруші     
ұсынатын құжаттардың      
тізбесін және Аса жеңіл    
авиацияның әуе кемелерін   
пайдаланушыны сертификаттық 
тексерудің үлгілік       
бағдарламасын бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасының   
Көлік және коммуникациялар  
министрлігі Азаматтық авиация 
комитеті төрағасының     
2004 жылғы 10 тамыздағы    
N 146 бұйрығына       
2-қосымша          

  Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификаттық тексерудің үлгілік бағдарламасы

Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының атауы ___________
Тексерілген күні, бұйрықтың N _____________________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә.а, лауазымы _________________________________

___________________________________________________________________
Р/с|   Бағдарлама бойынша позициялар      |Сәйкестік |Сәйкессіздік
N-і|нөмірлері және тексерілетін элементтер|бағасы(-+)|позициясының
   |                                      |          |   нөмірі
___________________________________________________________________
1                      2                        3          4
___________________________________________________________________
1. Ұсынылған дәлелдеу құжаттамасы жиынтығының болуы және сәйкестігі
___________________________________________________________________
1)  Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін
    пайдаланушы сертификатын алуға өтінім.
2)  Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін
    пайдаланушының өтініш беруші жарғысының
    көшірмесі (құрылтай шарты).
3)  Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің
    көшірмесі.
4)  Қаржылық жай-күйі туралы анықтама.
5)  Өтініш берушінің ұйымдастырушылық
    құрылымы, штат кестесі, жүктелген
    функцияларды орындауға жеткіліктілігі.
6)  Басшы құрамның және авиация мамандарының
    міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін
    лауазымдық нұсқаулықтар.
7)  Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен
    тікелей байланысты басшы құрам мен
    мамандар жөніндегі деректер, олардың
    сәйкестігі.
8)  Командалық-ұшу, инструкторлық, ұшу
    құрамы және қызмет көрсету персоналы
    туралы деректер және олардың дұрыстығы.
9)  Солардың негізінде ұшу қызметі жүзеге
    асырылатын құжаттардың тізбесі мен бар
    болуы.
10) Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін
    ұшуға пайдалану жөніндегі басшылық.
    Белгіленген талаптарға сәйкестігі және
    енгізілетін өзгерістердің уақтылығы.
11) Солардың негізінде аса жеңіл авиацияның
    әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету
    жүргізілетін құжаттардың тізбесі мен
    бар болуы.
12) Техникалық пайдалану жөніндегі басшылық.
    Белгіленген талаптарға сәйкестігі және
    енгізілетін өзгерістердің уақтылығы
13) Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін
    мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
14) Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін
    ұшуға жарамдылық сертификаты.
15) Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін
    жалға алу шартының көшірмесі және
    тапсырыс беруші оны қабылдағаны туралы
    техникалық акт (егер аса жеңіл
    авиацияның әуе кемесі жалға алынған
    немесе меншікке сатып алынған болса).
16) Ұшуды орындайтын мамандардың және
    қызмет көрсету персоналының сақтандыру
    полистері.
17) Үшінші адамдар алдындағы азаматтық-
    құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
    полистері.
18) Жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық
    жауапкершілікті сақтандыру полистері.
19) Ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз
    ету шарты.
20) Авиация персоналының біліктілігін
    жоғарылату курстарынан өту шарты.
21) Негізгі әуеайлақты пайдалану шарты
    (авиациялық қауіпсіздікті және апаттан
    құтқаруды қамтамасыз ету).
22) Техникалық қызмет көрсету (жедел,
    мерзімдік, күрделі жөндеу) шарты.
23) Экипаждардың тренажерлік дайындығын
    өткізу шарты.
24) Медициналық қамтамасыз ету
    (дәрігерлік-ұшу сараптама комиссиясы)
    ұшу алдындағы және ауысым алдындағы
    медициналық тексеру шарты.
25) Ұшуларды аэронавигациялық қамтамасыз
    ету шарты.
26) Іздестіруді және апаттан құтқаруды
    қамтамасыз етуді ұйымдастыру сипаттамасы.
27) Тауарлық белгіге патентінің барлығын
    растайтын құжат.
28) Әуе қозғалысын басқаруды ұйымдастыру
    туралы анықтама.
29) Негізгі әуеайлақтар мен пайдаланылатын
    әуежайлар туралы анықтама.
30) Азаматтық авиация қызметіне заңсыз
    араласу әрекеттерін болдырмау жөніндегі
    шаралар туралы басшылық.
31) Аса жеңіл авиация әуе кемелерінің
    түрлері бойынша деректер және әуе
    кемелерінің түрлері мен олардың жабдығы
    бойынша техникалық қызмет көрсетуді
    ұйымдастыру сипаттамасы, сондай-ақ
    әрбір әуе кеменің кемелерін орналасу
    орны туралы анықтама.
32) Азаматтық авиация комитетінде
    келісілген мәлімделген әуе кемелері
    бояуының мәтіндік сипаттамасы мен
    эскиздері.
___________________________________________________________________
                 2. Ұшу жұмысын ұйымдастыру.
___________________________________________________________________
1.  Ұйымдастырушылық құрылым.
1)  Штат саны және толықтығы.
2)  Басқару буынының біліктілігі,
    біліктілік талаптарына сәйкестігі.
3)  Басқа пайдаланушылардың ұшу құрамын
    пайдалану.
2.  Ұшу жұмысын жоспарлау
1)  Ұшу-штабтық құжаттаманы жүргізу.
2)  Ұшу-көтерілу құрамының дайындығы,
    жаттығуы және оны тексеру жоспары
    кестесінің бар болуы және оны жүргізу.
3)  Осы үлгідегі Аса жеңіл авиацияның әуе
    кемелерінде дербес ұшуға (жұмысқа)
    рұқсат беру үшін ұшу құрамын даярлау
    және тексеру.
4)  Мамандығы бойынша біліктілігін растау
    және жоғарылату.
5)  Ұшу құрамы куәлігінің қолданылу
    мерзімін ұзарту.
6)  Ұшу құрамының класын жоғарылату
    үшін дайындық.
7)  Ұшу жұмысындағы үзілістен кейін ұшу
    құрамын ұшуға жіберу тәртібінің
    сақталуы.
8)  Инструкторлық құрамды дайындау.
9)  Экипаждардың алдын ала дайындықтарын
    жүргізу.
10) Күзгі-қысқы мезгілге және көктемгі-
    жазғы мезгілге дайындық және дайындықты
    тексеру (дайындық жоспары, жоспардың
    құрылымдық мазмұны, іс-шараларды орындау
    мерзімдері, ұшу-техникалық конференциясын
    өткізу).
11) Кешенді тренажерлерде дайындық
    бағдарламаларының болуы немесе
    экипаж кабинасындағы тренаж.
12) Ұшу құрамын аса жеңіл авиация әуе
    кемелерінің басқа үлгілерінде қайта
    дайындау бағдарламаларының орындалуы.
13) Экипаж мүшелерінің ұшу және жұмыс уақыты
    нормаларын орындауы.
14) Командалық-ұшу құрамының дербес ұшу
    нормаларын жоспарлау, тұрақтылығы
    және орындау.
15) Ұшу құрамына еңбек демалысын жоспарлау,
    еңбек демалысы кестесі бойынша
    мерзімдерінің сақталуы.
16) Аса жеңіл авиация әуе кемелерінің
    бірнеше түрлерінде ұшуларды орындайтын
    ұшу құрамы үшін белгіленген талаптарды
    орындау.
17) Ұшу құрамының дәрігерлік-ұшу сараптама
    комиссиясын өту: (тоқсан сайынғы
    медициналық тексеру).
3.  Ұшу құрамының кәсіби дайындығы.
    Теориялық дайындық:
1)  Нормативтік құжаттаманың бақылау
    даналарының бар болуы.
2)  Жоспарланған кезеңге арналған
    теориялық дайындықтың жоспары мен
    тақырыбы.
3)  Дербес дайындық (жеке тапсырмалар).
4)  Ұшу бөлімшелері үй-жайларының бар
    болуы және олардың жай-күйі, оларда
    өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігінің
    ережесі талаптарының сақталуы.
5)  Оқу-әдістемелік базасының жабдығы:
    ұшу-әдістемелік бөлмелері, бөлімшелердің
    техникалық бөлмелері, техникалық
    кітапхана, азаматтық авиацияның
    әдістемелік құжаттары, оқу көрнекі
    құралдары, оқытудың техникалық құралдары
    мен әдістемелік құралдары.
6)  Білімді тексерудің нысандары, теориялық
    дайындықты тексерудің, есепке алудың
    нысандары мен әдістері.
    Тренажерлық дайындық.
7)  Ұшу құрамын тренажерлық дайындаудың
    жоспарлы мерзімдерінің, көлемі мен
    бағдарламаларының орындалуы.
8)  Командылық-ұшу құрамының тренажерлық
    дайындыққа жеке қатысуы және оны
    бақылау.
9)  Ерекше жағдайлардағы іс-қимылдар
    жөнінде экипаждардың жаттығуын
    ұйымдастыру және уақытшалығы.
10) Экипаждарды және оларды ұшуға
    жіберуді қалыптастыру.
11) Экипаждың құрамын бекіту тәртібі
    және оны есепке алу.
12) Экипаждардың тұрақтылығы.
13) Экипаждарды маршруттар (жұмыс
    аудандары) бойынша әуеайлақтарға
    жеткізу, экипаждардың таудағы
    әуеайлақтарға жеткізілуін ұйымдастыру.
14) Технология мен технологиялық кестеге
    сәйкес экипаждың ұшу алдындағы
    дайындығын өткізуді ұйымдастыру.
15) Ұшуларды орындауды қамтамасыз ететін
    қызметтерде экипаждарды дайындау.
16) Бақылауды ұйымдастыру және есепке
    алу мен ұшу құжаттамасын жүргізу
    (ұшуға берілетін тапсырма, кіндіктеу
    кестесі, штурмандық борт журналы,
    тасымалдау құжаттары).
17) Экипаждың ұшудан кейінгі талдауын
    ұйымдастыру және өткізу.
18) Ұшуларды базадан тыс орындайтын
    экипаждарды бақылауды ұйымдастыру.
___________________________________________________________________
    3. Ұшу жұмыстарын талдау және ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі:
___________________________________________________________________
1)  Ұшуларға талдау жүргізу мерзімдері
    және журналының болуы (бөлімшелер
    бойынша).
2)  Тексерушілердің ұшу құрамын тексеру
    материалдары (ұшу кітапшалары,
    дайындыққа тапсырмалар, ұшу техникасын,
    ұшақты жүргізуді тексеру актілері).
3)  Авиация персоналы куәлігінің бар
    болуы және оны ресімдеу.
4)  Авиациялық оқиғаларды белгіленген
    тәртіппен есепке алу.
5)  Ұшу қауіпсіздігі бойынша талдаулар
    жасау.
6)  Авиациялық оқиғаларды тексеру
    жөніндегі жұмысқа дайындалған
    мамандардың болуы.
7)  Авиациялық оқиғаларды болдырмау
    жөніндегі алдын алу.
8)  Қауіпсіздік жөніндегі тексерушілердің
    тексеру материалдары, ұшудың орындалуын
    жедел бақылау.
9)  Аттестациялық комиссияның құрамы және
    оның жұмысын ұйымдастыру.
___________________________________________________________________
      4. Инженерлік-авиациялық қамтамасыз етудің жай-күйі.
___________________________________________________________________
1)  Инженерлік-авиациялық қызметтің
    ұйымдастырушылық құрылымы, бөлімшелер
    туралы ереже.
2)  Инженерлік-авиациялық қызметтің
    штат саны, толықтығы.
3)  Инженерлік-авиациялық құрамның
    лауазымдық нұсқаулықтары.
4)  Инженерлік-авиациялық құрамның
    біліктілігі, инженерлік-авиациялық
    қызметтің авиациялық персоналы
    куәліктерінің бар болуы және
    жарамдылығы.
5)  Нормативтік құжаттаманың бақылау
    даналарының бар болуы және оны жүргізу,
    өзгерістерді енгізудің уақтылығы.
6)  Пайдалану құжаттамасының бақылау
    даналарының бар болуы және оны жүргізу
    (техникалық қызмет көрсету регламенті,
    аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін
    әрбір түріне арналған техникалық
    пайдалану жөніндегі басшылық).
7)  Техникалық қызмет көрсету бойынша
    өндірістік құжаттаманың бар болуы
    және оны жүргізу, оның ресімделуі.
8)  Аса жеңіл авиацияның әуе кемелері
    альбомдарының, негізгі жүйелері электр
    сызбаларының, бөлшектері мен тораптары
    каталогының бар болуы.
9)  Басқа кәсіпорындарымен жасасқан
    шарттар бойынша техникалық қызмет
    көрсетуді жоспарлауды ұйымдастыру мен
    орындау және пайдаланылатын әуе
    кемелерін техникалық қызмет көрсетуді
    орындауға жарамдылық сертификатының
    бар болуы.
10) Қордың (техникалық қызмет көрсету
    кезінде қажеттілігі туындайтын айналым
    қорының және қосалқы бөлшектердің,
    арнайы майлар мен сұйықтықтардың,
    шығыс материалдарының және с.с.)
    бар болуы.
11) Шектеулі ресурсы бар аса жеңіл
    авиацияның әуе кемелері паркінің
    жұмысын, авиақозғалтқыштарды, жабдықты
    және агрегаттарды есепке алудың
    белгіленген нысанын жүргізу.
12) Аса жеңіл авиация әуе кемелерінің
    бір реттік тексерулерін және жұмысын
    жоспарлау мен есепке алудың уақтылығы.
13) Агрегаттарды ауыстырып қою есебі.
14) Ұшу кезінде және жерде анықталған
    авиациялық техниканың істен шығулары
    мен ақаулары жөнінде деректерді жинау,
    есепке алу және өңдеу.
15) Авиациялық техниканың сенімділігін
    талдау, аса жеңіл авиацияның әуе
    кемелерін пайдалану тәжірибесін талдау
    және қорытындылау
16) Техникалық бақылау бөлімінің толықтығы.
17) Аса жеңіл авиацияның әуе кемелеріне
    техникалық қызмет көрсетудің
    ұйымдастырылуын бақылау.
18) Сапа талдауының болуы, оның
    технологиялық тәртіпті бұзулардың
    алдын алуға бағытталуы.
19) Метрологиялық қамтамасыз етуді бақылау.
20) Аса жеңіл авиацияның әуе кемелері
    ұшу-техникалық сипаттамаларының ұшуды
    пайдалану жөніндегі басшылықтың
    талаптарына сәйкестігін бақылау.
21) Күзгі-қысқы мезгілге және көктемгі-жазғы
    мезгілге дайындық жоспарының болуы және
    орындалуы.
22) Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін
    инспекторлық тексеру есебі және
    оны жүргізу.
___________________________________________________________________
                        5. Өндірістік база.
___________________________________________________________________
1)  Техникалық қызмет көрсету мен
    авиациялық техниканы жөндеуге
    арналған қоймалар мен ықтамалардың
    болуы және оларды күтіп ұстау. Олардың
    авиациялық техниканы техникалық
    пайдалану және жөндеу жөніндегі
    нұсқаулықтың талаптарына сәйкес болуы.
2)  Инженерлік-авиациялық персоналға
    арналған тұрмыстық үй-жайлардың,
    өндірістік ғимараттардың болуы және
    олардың жай-күйі, оларда өндірістік
    санитария, өрт қауіпсіздігінің ережесі
    талаптарының сақталуы.
3)  Жалға алынған құрылыстарды және жердегі
    қызмет көрсету құралдарын пайдалану
    шарттарының болуы.
___________________________________________________________________
                           6. Әуе кемелері.
___________________________________________________________________
1)  Қолда бар аса жеңіл авиация әуе
    кемелерінің, олардың жабдығының
    мәлімделген жұмыс түрлеріне сәйкестігі.
2)  Аса жеңіл авиация әуе кемелерінің
    түсінің бекітілген сипаттамаға
    сәйкестігі.
3)  Аса жеңіл авиация әуе кемелерінің
    жалпы техникалық жай-күйі.
4)  Кеме құжаттамасының жиынтығы, ресімделу
    тәртібі және мазмұны.
5)  Аса жеңіл авиация әуе кемелерінің
    санитарлық және эпидемиологиялық
    жай-күйі (медициналық дәрі-дәрмек
    қобдишасының болуы және жинақтылығы,
    санитарлық журнал).
6)  Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін
    жанар-жағар май құю ережесінің сақталуы
    және оның рәсімі.
7)  Тұрақ орындарының жай-күйі, олардың
    белгісі: тұрақтарда жердегі жабдықтарға
    арналған аймақтардың, жұмсалған жанар-
    жағар май материалдардың, өрт құралдарын
    жинау орнының болуы, ұшуға дайындық
    аялдамаларының жай-күйі.
8)  Экипаждарға жердегі қызметтерден аса
    жеңіл авиацияның әуе кемелерін
    қабылдауды-беруді ұйымдастыру және
    керісінше, аса жеңіл авиацияның әуе
    кемелерін күзетке тапсыру.
9)  Аса жеңіл авиация әуе кемелерінің
    маусымдық дайындығы.
___________________________________________________________________
                7. Ақпараттық қамтамасыз ету.
___________________________________________________________________
1)  Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттың
    (бұйрықтар мен нұсқаулардың) келіп
    түсуінің уақтылығы.
2)  Нормативтік және басшылық құжаттарға
    өзгерістердің түсуі және оларды енгізу.
3)  Пайдаланушының жеке құрамына ұшулардың
    қауіпсіздігі жөніндегі бұйрықтарды,
    нұсқаулар мен ақпаратты жеткізудің
    және зерделеудің уақтылығы.
___________________________________________________________________
    8. Еңбекті қорғау, қаржылық және материалдық қамтамасыз ету.
___________________________________________________________________
1)  Еңбекті қорғауды ұйымдастыру.
2)  Еңбекті қорғау жөніндегі құжаттардың
    болуы және сапасы.
3)  Авиациялық жұмыстарды орындау кезінде
    жеке қорғау құралдарының болуы.
4)  Авиация персоналының нысанды және
    арнайы киімдерінің болуы.
___________________________________________________________________

       Ескертпе:
      (*) аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін осы пайдаланушысы үшін міндетті емес;
      (-1) аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын беруге (ұзартуға) кедергі келтіретін сәйкессіздіктер.
      (-2) келісілген мерзімдерде жойған жағдайларда немесе шектеулер енгізілгенде, пайдаланушының сертификатын беруге кедергі келтірмейтін сәйкессіздіктер.
      Қайта табылған "2" санатының сәйкессіздігі, оларды толығымен жойғанға дейінгі аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын ұзартуға кедергі келтіретін сәйкессіздіктер санатына жатады.
      (-3) аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын беруге кедергі келтірмейтін әрі өндірісті және сапа жүйесін жетілдіргенде жоюға болатын сәйкессіздіктер.

Қосымша: Сәйкессіздіктер тізбесі ____ парақта (парақтарда)

Тексерушілер: _______________________________________
              _______________________________________
              _______________________________________
                          (қолы, Т.А.Ә.а)

Таныстым Ұйым басшысы: ___________ ______________________
                          (қолы)          (Т.А.Ә.а)

Сертификаттық тексерудің жүргізілген күні: "___"__________

Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттық тексерудің үлгілік бағдарламасына сәйкессіздіктер тізбесі

__________________________________________________________________
   (Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының атауы)

__________________________________________________________________
Сертификаттық тексерудің  |                            |
үлгілік бағдарламасындағы |Сәйкессіздіктің сипаттамасы | Ескертпе
сәйкессіздік позициясының N|                            |
__________________________________________________________________
              1                            2                 3
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Тексерушілер: ___________________________________________
              ___________________________________________
              ___________________________________________
                           (қолы, Т.А.Ә.а)

Таныстым: ___________________________________________________
                   (ұйымның басшысы, қолы, Т.А.Ә.а)

Сертификаттық тексерудің жүргізілген күні: "___"_____________