Мүгедектердің сұранысын қазіргі заман талаптарына жауап беретін протездік-ортопедиялық бұйымдармен анағұрлым толық қамтамасыз ету мақсатында Бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасының халқына протездік-ортопедиялық көмек берудің тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1998 жылғы 2 сәуірдегі N 88-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 763 тіркелген), Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 106-ө бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1910 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 33, 666-құжат) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына протездік-ортопедиялық көмек беру тәртібі туралы Нұсқаулықта:
7-тармақтағы "және т.б." деген сөздер ", жіңішке таяқтар, балдақтар, жетек арбалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Негізгі протез берілгенге дейін, мүгедектер медициналық көрсеткіштері бойынша пайдалану мерзімі 6 айдан аспайтын үйрену-жаттығу протездерімен қамтамасыз етіледі.
Мүгедектер негізгі протездермен осы нұсқаулықтың 10, 12-тармақтарында белгіленген пайдалану мерзіміне қамтамасыз етіледі.
Жұмыс протездері мүгедектерге, олардың тілектері бойынша қосалқы құралдарымен бұйымның негізгі түрін алумен бір мезгілде беріледі.";
9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген протездік-ортопедиялық бұйымдарды медициналық айғақтамалар бойынша беру, сондай-ақ оларды жөндеу тегін жүргізіледі:";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазіргі заманғы технология бойынша жасалған модульдер мен бөлшектер негізіндегі қол және аяқ протездерін ауыстыру оларды алған күннен бастап үш жылдан кейін, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін - екі жылдан кейін жүргізіледі.
Көкірек бездері протездерін ауыстыру оларды алған күннен бастап екі жылдан кейін жүргізіледі.
Қазіргі заманғы технологиямен жасалған табан модулінің, косметикалық қаптауларды, протез тысқаптарын пайдаланудың кепілді мерзімі - бір жылға дейін.";
15-тармақ "Көкірек бездерінің протездері ішкиімнің (бюстгалтер) екі жиынтығымен беріледі." деген сөйлеммен толықтырылсын;
24-тармақ "шұғылдығын" деген сөзден кейін "Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдарды және 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрі
"23" маусым 2004 ж.
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау
Министрі
"25" маусым 2004 ж.