Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары және мамандары лауазымдарының тізбесін бектіу туралы

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдәілет министрлігінде 2004 жылғы 14 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2948

Қолданыстағы

      "Авиация қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 746-қбпү  қаулысының  16 тармағының 5 абзацына, "Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік нұсқаулық-бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 12 қарашадағы N 523-ҚПҮБ  бұйрығының  11 тармағының 5 абзацына сәйкес, Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары және мамандары лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік авиациялық қадағалау басқармасының бастығы А.Б.Жолдыбаевқа жүктелсін.
      3. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Төраға

"Қазақстан Республикасы Азаматтық  
авиация ұйымдарының авиациялық   
қауіпсіздік қызметінің басшылары  
және мамандары лауазымдарының    
тізбесін бекіту туралы"       
Қазақстан Республикасы Көлік және 
коммуникациялар министрлігінің   
Азаматтық авиация комитеті      
төрағасының 2004 жылғы 22 маусымдағы
 N 113 бұйрығымен бекітілген    

Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары және мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Әуежайдың (авиакомпанияның) бірінші басшысының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары.
      2. Әуежайдың (авиакомпанияның) авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) бастығы.
      3. Әуежайдың АҚҚ тексеру бөлімшесі:
      1) тексеру бөлімшесінің бастығы;
      2) тексеру бөлімшесі бастығының орынбасары;
      3) тексеру бөлімшесі ауысымының бастығы;
      4) аға инспектор (инспектор, кіші инспектор);
      5) тексеру агенті.
      4. Әуежайдың АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі:
      1) қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы;
      2) қауіпсіздік бөлімше бастығының орынбасары;
      3) қауіпсіздік бөлімшесі ауысымының бастығы;
      4) аға инспектор (инспектор, кіші инспектор);
      5) бақылау-өткізу пунктінің инспекторы (кіші инспектор);
      6) инспектор - қызметтік иттер жетекшісі (патрульдік-із кесуші иттің бастаушысы).