Қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 167 бұйрығына енгізілген өзгерістері бар (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде
N 2083
болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 4, 784-құжат), Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 154 бұйрығына енгізілген өзгерістері бар (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде
N 2878
болып тіркелген) "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148
бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған 2002 жыл, N 7-8, 542-құжат), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде:
3-тармақта:
"арнайы бөлім және медициналық бөлім қызметкерлерімен бірлесіп" деген сөздер "арнайы бөлім мен медициналық бөлім қызметкерлерінің міндетті түрде қатысуымен" сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Дене жарақаттары анықталған факті туралы кешіктірілмей жазбаша түрде қадағалаушы прокурорға хабарланады.";
10-тармақтың 10) тармақшасында "сотталғандардың" сөзінен кейін ", түрмеде, камералық үлгідегі үй-жайда отырған сотталғандарды және өмір бойы бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына сотталғандарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақта:
9) тармақшада "пайдалануына" сөзінен кейін ", лақап ат беруге және сол арқылы басқа сотталғандармен байланысуға" деген сөздермен толықтырылсын;
19) тармақшада "азық-түліктерді" деген сөзден кейін ", ыдыс-аяқтарды" деген сөзбен толықтырылсын;
29-тармақта "график бойынша," деген сөздердің алдынан "сотталғандардың назарына жеткізілетін" деген сөздерімен толықтырылсын;
65-тармақ "және" деген сөзден кейін "ТМ-нің қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға бағытталғандарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2-қосымшада:
Сотталғандарға өздерімен бірге ұстауға, посылкалармен, сәлемдемелермен, бандерольдермен алуға, түзеу мекемелерінің дүкендерінен сатып алуға рұқсат етілетін заттар мен бұйымдардың тізбесінде:
он алтыншы абзацтағы "арбалар" деген сөзден кейін ", қымбат бағалы емес металдардан жасалған оправасы бар көзәйнектер, контактілік линзалар және оларды күтіп-баптау құралдары" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толтырылсын:
"Телефонның Smart-карталары";
4-қосымшада:
Сотталғандар үшін омырауға және қолға тағатын айыру белгілерінің үлгісінде:
"20" және "80" деген сандар тиісінше "80" және "300" деген сандармен ауыстырылсын;
Сотталғандар үшін омырауға және қолға тағатын айыру белгілерінің сипаттамасында:
үшінші абзацта:
"лента" деген сөз "жұмыс орынында ғана тағылып байланатын шүберек" деген сөздермен ауыстырылсын;
"20х80" деген сандар "80х300" деген сандармен ауыстырылсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Омырау белгілері киімге кеуденің оң жағына тігіледі, қолға тағатын белгілер сол қолдың жеңіне тағылады";