Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2016 № 1122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 122 бабын iске асыру мақсатында, бұйырамын:
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 194 "Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесiн бекiту туралы" (нормативтi-құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу реестерiнде N 2498 болып тiркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесiне:
17 тармақ үшiншi абзацпен мына мазмұнда толықтырылсын:
"Күшейтiлген айдауыл сонымен қатар өмiрлiк бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан сотталғандарды айдауылдау кезiнде де тағайындалады.";
18 тармақ 3) тармақшамен мына мазмұнда толықтырылсын:
"3) өмiрлiк бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жеке тiнтуден өткiзгеннен кейiн қолын артынан келтiрiп кiсен салынады және ол арнайы пунктке келген бойында шешiледi.";
22 тармақ екiншi абзацпен мына мазмұнда толықтырылсын:
"Өмiрлiк бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан сотталғандар қамауға алынған кезде сапта бiр-бiрден (екi-екiден) және айдауыл бастығының (аға айдауыл) бұйрығы бойынша қозғалады.";
23 тармақ үшiншi абзацпен мына мазмұнда толықтырылсын:
"Өмiрлiк бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан сотталғандарды арнайы автомобильдiң камераларына екi адамнан арттырмай орналастырады, оларды айдауылдау басқа сотталғандардан бөлек жүргiзiледi.";
30 тармақтың бiрiншi абзацында "барлығынан бөлек" деген сөздерден кейiн "және өмiрлiк бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан сотталғандар" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енеді.
Министр | |
Келісілді | |
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер министрі |
_________________________
27 мамыр 2004 жыл