Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау жүргізу Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2786.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес, Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестациялау жүргізу Ережесі бекітілсін.
      2. Ветеринария департаментіне, Ауыл шаруашылық министрлігінің облыстық аумақтық басқармаларымен, Астана және Алматы қалалары бірлесе отырып, заңдылықтарда белгіленген тәртіпте, осы бұйрықтан туындайтын керекті шаралар қабылдансын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жүргізу Ветеринария департаментіне (Мыңжанов М.Т) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      орынбасары - Министр

Қазақстан Республикасы       
Премьер-Министрдің орынбасары   
Ауыл шаруашылығы Министрінің   
Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға
аттестаттау жүргізу Ережесі туралы   
2004 жылғы 17 наурыздағы N 135   
бұйрығымен бекітілді       

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларға аттестаттау
жүргізу Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға аттестаттау жүргізу Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзірленді және ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды (бұдан әрі - Кәсіпкерлер) аттестаттаудың  бірыңғай тәртібін белгілейді.

      2. Кәсіпкерлерді, ветеринариялық қызмет көрсету саласында білімділік деңгейін, кәсіпқойлық және жауапкершілігін арттыру және Кәсіпкерлер атқаратын жұмыстың сапасын жақсарту мақсатында аттестаттау жүргізіледі.

2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      3. Осы Ережелерде мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аттестаттау - ветеринария саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлердің білім деңгейі мен кәсіптік дайындығын айқындау мақсатында жүргізілетін және оның нәтижесі бойынша белгіленген үлгіде аттестаттау парағы берілетін рәсім;
      2) ветеринария саласындағы қызмет заңнамаға сәйкес міндетті түрде лицензиялауға жататын ветеринариялық қызмет;
      3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган -  Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн, өз өкiлеттiгi шегiнде ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

3. Аттестаттауды жүргізудің мерзімдері мен
Аттестаттау комиссиясының құрамы

      4. Кәсіпкерлерді аттестаттау жыл сайын жүргізіледі. Нақты мерзімдерін, сондай-ақ аттестаттауды жүргізу кестесін ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшелерінің басшылары бекітеді және аттестаттау басталғанға дейін бір ай бұрын Кәсіпкердің назарына жеткізіледі.

      5. Аттестаттауды жүргізу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аудандық (қалалық) аумақтық басқармалары бастықтарының бұйрықтарымен, құрамында кемінде бес адамнан тұратын аудандық (қалалық) аумақтық ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның өкілін немесе облыстық аумақтық басқармасының ветеринария саласындағы мемлекеттік өкілетті өкілін қоса алғанда, төрағадан, хатшыдан (дауыс беру құқығынсыз) және неғұрлым тәжірибелі мамандар қатарынан комиссия мүшелері бар Аттестаттау комиссиялары (бұдан әрі - Аттестаттау комиссиясы) құрылады.

      6. Аттестаттау комиссиясы консультативті-кеңес органы болып табылады және ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның аудандық (қалалық) аумақтық басқармасының басшысы бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес өз қызметін атқарады.
      Тиісті аудандық (қалалық) аумақтық басқарманың ветеринария саласындағы өкілетті органның ветеринариялық бөлімі, аттестаттық комиссиясының жұмыс органы болады.

4. Аттестаттауды жүргізу тәртібі мен шарттары

      7. Ветеринария саласында Кәсіпкерлік мәселелерін шешуді құзыреті кіретін Заңды тұлға болып табылатын Кәсіпкерлерді аттестаттау, осы заңды тұлғаның ветеринариялық мамандарын аттестаттау жолымен жүргізіледі.

      8. Кезекті аттестаттау алдында Кәсіпкер Аттестаттау комиссиясына алдыңғы болған аттестациялау парағын береді.

      9. Кәсіпкерлер ветеринариялық қызмет түрлері бойынша лицензияның көшірмесін Аттестаттау комиссиясына табыс етеді.

      10. Кәсіпкерлерді аттестаттау жүзеге асырылатын ветеринариялық қызметтің әрбір түрі бойынша жүргізіледі.

      11. Кәсіпкер аттестация өтуі үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен 20 тамыз айында N 1272 "Қазақстан Республикасында ветеринариялық қызметті лицензиялау туралы Ережесі" туралы қаулысымен бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс. см. P070545

      12. Аттестатталатын Кәсіпкерлердің білім деңгейін және кәсіптік даярлығын айқындау ветеринариялық қызмет түрлері бойынша арнайы сұрақтар тестілерін пайдалана отырып, жүргізіледі.

      13. Сұрақтардың тізбесін және тест үлгілерін ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық басқармалары белгілейді.

      14. Аттестаттау, ауданның, қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының немесе, Кәсіпкер ветеринариялық қызмет көрсететін ауылдық округтің ветеринариялық инспекторының қатысуымен, ветеринария саласында мемлекеттік уәкілетті органының аудандық және қалалық аумақтық басқармаларында өткізіледі.

      15. Тестілеу нәтижелері негізінде, Аттестаттау комиссиясы аттестацияны өткені немесе өтпегені туралы шешімді отырыс хаттамасына енгізіп, осы Ережедегі қосымшада көрсетілген үлгі бойынша, шығарады.

      16. Аттестаттау комиссиясының шешімі жабық отырыста қабылданады. Егер комиссияның отырысында оның құрамының үштен екісі болса, комиссия отырысы заңды болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда шешім Аттестаттаушыны жақтап қабылданады.
      Аттестаттау комиссияның хаттамасы негізінде Аттестаттау парағы толтырылады, ол 2 данада болып дайындалады. Аттестаттау парағының бір данасы, ветеринариялық қызметтің тиісті түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі және Кәсіпкердің аттестаттаудан бұрынғы өткен аттестаттау парағы, тиісті Аттестаттау комиссиясының іс қағаздарында сақталады.

      17. Аттестаттау парағының екінші данасын, аттестаттау аяқталғаннан кейін, Аттестаттау комиссиясы аттестатталған Кәсіпкерге қолын қойғызып береді.

      18. Қайта аттестаттау күнін Аттестаттау комиссиясы тағайындайды. Аттестаттау комиссиясы тағайындалған күнге қайта аттестаттауға себепсіз келмеген Кәсіпкер, аттестаттаудан өтпеген болып танылады. Ветеринариялық қызметтің әрбір түрі бойынша Кәсіпкерді қайта аттестаттау, аттестатталмаған әрбір факті бойынша бір реттен ғана жүргізіледі.

      19. Аттестаттау комиссияның шешімі заңнама белгіленген тәртіпте шағымдалуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасы          
Премьер-Министрдің орынбасары - 
Ауыл шаруашылығы Министрінің    
2004 жылғы 17 наурыздағы        
N 135 бұйрығымен бекітілген     
Ветеринария саласында кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын жеке   
және заңды тұлғаларға аттестаттау
жүргізу Ережесіне қосымша       
       

Аттестаттау парағы

      1. Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________
      2. Туылған жылы _______________________________________________
      3. Білімі және кәсіптік даярлығын арттыру туралы мәлімет ______
_____________________________________________________________________
       (қандай оқу орнын бітірді қашан, мамандығы и білімі бойыншы
_____________________________________________________________________
                     кәсібі, ғылымы деңгейі және атағы)
      4. Кәсіпкерлік қызмет түрі ____________________________________
_____________________________________________________________________
          (жеке, заңды тұлға құрамында)
      5. Ветеринариялық қызмет түрі және лицензия нөмірі ____________
_____________________________________________________________________

      6. Жалпы еңбек өтілі __________________________________________
      7. Кәсіпкерге сұрақтар және оған жауаптар _____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      8. Арнайы сұрақтар бойынша тестілеу нәтижелері ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      9. Кәсіпкер айтқан ұсыныстар мен ескертуле ____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      10. Комиссия мүшелерімен айтылған ұсыныстар мен ескертуле _____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      11. Кәсіпкерді тестілеу нәтижелерінің бағасы

      Дауыс саны: жақтағаны __________   қарсы _____________

      12. Кәсіпкердің аттестацияны өткені немесе өтпегені туралы аттестаттау комиссиясының шешімі ____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы ___________________________
      Аттестаттау комиссиясының хатшысы  ___________________________
      Аттестаттау комиссиясының мүшелері ___________________________
                                         ___________________________
                                         ___________________________
                                         ___________________________

      Аттестация өткізілген күн ____ ________________ 200 ___ г.

      Аттестаттау парағымен таныстым _____________________________
                                        (Кәсіпкердің қолы және күні)