Аса қауіпті қылмыскерлерді айдап алып жүру мен күзетудің кейбір мәселелерін ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қызмет атқаруды ұйымдастыру, уақытша ұстау изоляторында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 386
бұйрығына
(12 маусым 2002 жылы 1878 нөмірде тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқару органдарының нормативтік құқықтың актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 5-6) мынадай толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Нұсқаулықта:
11-тармақта:
1) тармақшадағы "күшейтілген" деген сөзден кейін "ерекше" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) сезіктілер мен айыпталушыларды ерекше күзетудің қосымша күзет орны ақпараттардың тарап кетуін және ерекше мәні бар қылмыстық істер бойынша аса қауіпті қылмыскерлер арасындағы рұқсат берілмеген байланыстарды болдырмау мақсатында қойылады. Шешімді Ішкі істер органының басшылығы мұндай қылмыстық істерді тергейтін жедел-тергеу топтары жетекшілерінің ұсынымхаттары бойынша қабылдайды.".