Темекi өнiмдерiнiң қалдықтары мен (немесе) айналымы туралы декларация нысанын, ережелерi мен тапсыру мерзiмдерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитетінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 537 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2675.

Қолданыстағы

      "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  iске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Мыналар:
      1) Темекi өнiмдерiнiң қалдықтары мен (немесе) айналымы туралы декларация нысаны (бұдан әрi - Декларация);
      2) Декларацияны тапсыру ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Декларация есептiден кейiнгi айдың 15 күнiнен кешіктiрмей, ай сайын тапсырылатын болып белгіленciн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Акциздердi әкiмшілiктендiру басқармасы (Ким Р.Ю.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тіркеуге жiберсiн.
      4. Осы бұйрық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Төраға

"Темекi өнiмдерiнiң қалдықтары 
мен (немесе) айналымы туралы 
декларация нысанын, ережелері 
мен тапсыру мерзiмдерiн бекiту
туралы" Қазақстан     
Республикасының Қаржы     
министрлiгі Салық комитетi   
Төрағасының         
2003 жылғы 26 желтоқсандағы 
N 537 бұйрығымен бекiтiлген 

  Темекi өнiмдерiнiң қалдықтары мен (немесе) айналымы
туралы декларацияны тапсыру ережелерi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзiрленген және Темекi өнiмдерiнiң қалдықтары мен (немесе) айналымы туралы декларацияны (бұдан әрi - Декларация) тапсыру ережелерiн жасау және табыс ету тәртiбiн айқындайды.

      2. Декларация Декларацияның өзiнен (440.00-нысан) және оған қосымшалардан (440.01, 440.02 және 440.03-нысандар) тұрады.

      3. Декларацияны темекi өнiмдерiн импорттау мен көтерме сатуды жүзеге асырушы тұлға темекi өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрi - декларант) уәкiлетті органның тиiстi аумақтық органына (бұдан әрi - салық органы) тапсырады. Темекi өнiмдерiн өндiрушiлер Декларация тапсырмайды.

      4. Декларация тапсырудың есептi кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.

      5. Декларацияны жасау кезiнде:
      1) қағаз тасығышта - нысандар айналмалы немесе қауырсын қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әрiптерiмен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
      2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексiнiң  69-бабына  сәйкес толтырылады.

      6. Декларацияны толтыру кезiнде түзетуге, тазартуға, былғауға жол берiлмейдi.

      7. Декларация акциздер сомасын (теңге) және жеткiзу құнын көрсете отырып заттай көрсеткiштерде (дана) толтырылады.

      8. Көрсеткiштер жоқ болған кезде Декларацияның тиiстi ұяшықтары толтырылмайды.

      9. Тиiстi қосымшаларда көрсеткiштердi ашуды талап ететiн жолдарды толтыру кезiнде, аталған қосымшалар мiндеттi тәртiпте толтыруға жатады.

      10. Қосымшаларда көрсетiлуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берiлмейдi.

      11. Декларация қағаз тасығышта және (немесе) электрондық тасығышта табыс етiледi.

  2. Декларацияны жасау (440.00-нысан)

      12. Декларацияда декларанттардың темекi өнiмдерiнiң қалдықтары мен (немесе) айналымы көрсетiледi.

      13. "Декларант туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде декларант мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.
      Салық кезеңi араб сандарымен көрсетiледi.
      Егер айдың нөмiрі екi белгiден кем болса, онда ол оң ұяшықта көрсетiледi;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес декларанттың толық атауы немесе жеке кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      4) ЭҚЖЖ коды. Экономикалық қызметтiң жалпы жiктеуiшi (ЭҚЖЖ) бойынша қызмет түрлерiнiң коды және олардың үлес салмағы көрсетiледi.
      "ЭҚЖЖ" ұяшықтарында ЭҚЖЖ кодтары (бес белгiге дейiн) ұйым қызметiнiң түрлерi бойынша олардың үлес салмағының кему тәртiбiмен көрсетiлуi тиiс. "Yлec салмағы, %" ұяшықтарында осы қызмет түрiнiң үлес салмағын (бiр ондық белгiмен) көрсету қажет (осы ұяшықтардың сомасы 100 %-ке тең болуы мiндеттi емес).
      ЭҚЖЖ үлес салмағын есептеу үшiн салық төлеушi N1-ӨН (жылдық) мемлекеттiк статистикалық есептiлiгiнiң (бұдан әрi - МСЕ) I-бөлiмiнiң ("Өнiм") 100-жолында көрсететiн деректердi пайдалану қажет. ЭҚЖЖ үлес салмағы 100 жол бойынша 3 бағанның деректерiне 100 жолдың сәйкес бағаны деректерiнiң қатынасы ретiнде айқындалады.
      Мысалы, қызметiнiң негiзгi түрi ғимараттар құрылысы болып табылатын ұйым (ЭҚЖЖ коды 45211), N1-ӨН (жылдық) есептiң I бөлiмiнiң 100 жолында мынадай деректердi көрсеттi:

                                                           1-кесте
___________________________________________________________________
Көрсеткіш.|Жол |Есепті |     оның ішінде
тердің    |коды|кезең  |___________________________________________
атауы     |    |үшін   |Қызметтің|қосалқы (басқа да) қызмет түрлері
          |    |барлығы|негізгі  |_________________________________
          |    |       |түрі     |сауда |аңшы. |жарна.|балық|балық
          |    |       |         |      |лық   |ма    |аулау|өсіру
          |    |       |         |_________________________________
          |    |       |         | 5010 | 01500| 74400|05010|05020 
__________|____|_______|_________|______|______|______|_____|______
    1     |  2 |   3   |   4     |  5   |  6   |  7   |  8  | 9
__________|____|_______|_________|______|______|______|_____|______
Өндірілген 100  250     150       50     35     5      2     1
өнімдер.        000,0   000,0     000,0  000,0  000,0  000,0 000,0
дің
(тауарлар,
қызмет
көрсету.
лердің)
көлемі,
мың теңге
___________________________________________________________________
      Онда ЭҚЖЖ бойынша мәлiметтер кестесi мынадай түрде болады:

________________________________
ЭҚЖЖ          |     Yлес        |
              |     салмағы, %  |
______________|_________________|
45211         |  60,0           |
              |                 |
5010          |  20,0           |
              |                 |
01500         |  14,0           |
______________|_________________|

      бұл ретте, мысалы құрылыстың үлес салмағы 150 000,0 (1-кестенiң 4-бағаны)/ 250 000,0 (1-кестенiң 3-бағаны) * 100 ретiнде есептелген. Қалған ЭҚЖЖ кодтары бойынша үлес салмағы осындай жолмен есептелген.
      N 2-ШК нысанының МСЕ тапсыратын заңды тұлға - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi ЭҚЖЖ бойынша мәлiметтердi 2-ШК (жылдық) нысанының 2-бөлiмiнiң ("Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) шығару және оларды өндiру үшiн шығыстар туралы мәлiметтер") -  шаруашылық қызметiнiң нәтижесi") 100-107-жолдарының деректерiн негiзге ала отырып, жоғарыда көрсетiлген тәсiлмен толтырады.
      N СОЦФИН (денсау.сақ.) нысанының MCE тапсыратын денсаулық сақтау (әлеуметтiк қызмет) ұйымдары және N СОЦФИН (бiлiм) нысанының МСЕ тапсыратын бiлiм ұйымдары, жоғарыда көрсетiлген нысандар есептiлiгiн тапсырмайтын банктер, сақтандыру ұйымдары, қоғамдық, бюджеттiк және өзге де ұйымдар ЭҚЖЖ мәлiметтерiнде тек қана негiзгі қызметтің ЭҚЖЖ кодын көрсетедi;
      5) Декларацияның түрi. Декларацияның түрiне байланысты тиiстi ұяшықтар белгiленедi.
      "Бастапқы" ұяшығы, егер акциздiк тауарлармен байланысты қызметтi жүзеге асыруды бастағаннан кейiн алғаш рет декларант Декларация берiлгенде белгiленедi.
      Одан кейiнгi декларацияларды беру кезiнде "Кезектi" ұяшығы белгiленедi.
      Бұрын берiлген декларацияларға өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу кезiнде "Қосымша" ұяшығы белгiленедi.
      "Хабарлама бойынша" ұяшығы, егер декларант салық органынан хабарлама алынса, соның негiзiнде бұрын көрсетiлген Декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қажет ететiн жағдайда белгiленедi. Бұл жағдайда декларант "Хабарлама бойынша" және "Қосымша" ұяшықтары бiр мезгiлде белгiленедi.
      Декларантты таратқанда немесе қайта құрғанда салық органына тапсыратын соңғы Декларацияда "Тарату" ұяшығы белгiленедi.
      6) берiлген қосымшалар. Берiлген қосымшалардың торкөздерi белгiленедi;
      7) хабарламаның нөмiрi мен күнi, хабарлама бойынша қосымша Декларацияны табыс еткен жағдайда толтырылады;
      8) 440.01-нысанның толтырылған беттерiнiң жалпы саны көрсетiледi;
      9) 440.02-нысанның толтырылған беттерiнiң жалпы саны көрсетiледi;
      10) 440.03-нысанның толтырылған беттерiнiң жалпы саны көрсетiледi.

      14. "Eceптi кезең басындағы қалдықтар" бөлiмiнде:
      1) 440.00.001 жолында есептi кезең басындағы декларантта бар фильтрлi темекi өнiмдерінiң қалдықтары көрсетiледi;
      2) 440.00.002 жолында есептi кезең басындағы декларантта бар фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң қалдықтары көрсетiледi.

      15. "Есептi кезеңде алынды" бөлiмiнде:
      1) 440.00.003 жолында темекі өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы саласында қызметiн жүзеге асырушы тұлғалардың есептi кезеңде фильтрлi темекi өнiмдерi санының жалпы түсуi көрсетiледi;
      2) 440.00.004 жолында темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы саласында қызметiн жүзеге асырушы тұлғалардың есептi кезеңде фильтрсiз темекi өнiмдерi санының жалпы түсуi көрсетiледi;
      3) 440.00.005 жолында Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған фильтрлi темекi өнiмдерi саны көрсетiледi;
      4) 440.00.006 жолында Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған фильтрсiз темекi өнiмдерi саны көрсетiледi.

      16. "Есептi кезеңде өткiзiлдi" бөлiмiнде:
      1) 440.00.007 жолында есептi кезеңде өткiзiлген фильтрлi темекi өнiмдерiнiң жалпы саны көрсетiледi. Бұл жолдың көрсеткiшi мына формула бойынша қалыптасады: 440.00.007 жолы = 440.00.009 жолы + 440.00.011 жолы + 440.00.013 жолы-+ 440.00.015 жолы;
      2) 440.00.008 жолында есептi кезеңде өткiзiлген фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң жалпы саны көрсетiледi. Бұл жолдың көрсеткiшi мына формула бойынша қалыптасады: 440.00.008 жолы = 440.00.010 жолы + 440.00.012 жолы + 440.00.014 жолы + 440.00.016 жолы;
      3) 440.00.009 жолында темекi өнiмдерiн көтерме өткiзудi жүзеге асырушы тұлғаларға өткiзген фильтрлi темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi;
      4) 440.00.010 жолында темекi өнiмдерiн көтерме өткiзудi жүзеге асырушы тұлғаларға өткiзген фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi;
      5) 440.00.011 жолында бөлшек саудада өзi немесе темекi өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асырушы тұлғаларға өткiзген фильтрлi темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi;
      6) 440.00.012 жолында бөлшек саудада өзi немесе темекi өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асырушы тұлғаларға өткiзген фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi;
      7) 440.00.013 жолында экспортқа өткiзген фильтрлi темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi;
      8) 440.00 014 жолында экспортқа өткiзген фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi;
      9) 440.00.015 заттай төлегенде пайдаланған, бүлiнген, жоғалған және өзгелей, құжаттай расталған, өткiзген фильтрлi темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi;
      10) 440.00.016 заттай төлегенде пайдаланған, бүлiнген, жоғалған және өзгелей, құжаттай расталған, өткiзген фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi.

      17. "Есептi кезең соңындағы қалдықтар" бөлiмiнде:
      1) 440.00.017 жолында есептi кезең соңындағы декларанттағы фильтрлi темекi өнiмдерiнiң қалдықтары көрсетiледi. Бұл жолдың көрсеткiшi мына формула бойынша қалыптасады: 440.00.017 жол = 440.00.001 жол + 440.00.003 жол - 440.00.007 жол. Келесi есептi кезеңi үшiн декларацияны тапсырғанда бұл жолдың көрсеткіші аталған декларацияның 440.00.001 жолына көшiрiледi;
      2) 440.00.018 жолында есептi кезең соңындағы декларанттағы фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң қалдықтары көрсетiледi. Бұл жолдың көрсеткiшi мына формула бойынша қалыптасады: 440.00.018 жол = 440.00.002 жол + 440.00.004 жол - 440.00.008 жол. Келесi есептi кезеңi үшiн декларацияны тапсырғанда бұл жолдың көрсеткiшi аталған декларацияның 440.00.002 жолына көшiрiледi.

      18. Темекi өнiмдерiнiң импорты мен көтерме өткiзудi осы Ережелердi бұзып жүзеге асырушы тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауапкершiлiкте болады.

  3. 440.01-қосымшаны жасау - Темекi өнiмдерiнiң
көлемi туралы мәлiметтер

      19. Осы Ережелерге 440.01-қосымша декларанттардың есептi кезеңде алған және өткiзген, басында және соңында қалған, дербес сәйкестендiру нөмiрлер-кодтар (бұдан әрi - ДСН-код) арқылы, атаулары бойынша темекi өнiмдерiнiң көлемi туралы ақпараттарды көрсетуге арналған.

      20. "Декларант туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.
      Салық кезеңi араб сандарымен көрсетiледi.
      Егер айдың нөмiрi екi белгiден кем болса, онда ол оң ұяшықта көрсетiледi.

      21. "Темекi өнiмдерiнiң көлемi" бөлiмiнде:
      1) 440.01.001 жолында Декларацияның түсiндiрiлетiн жолының, әрқайсысы жеке коды көрсетiледi;
      2) 440.01.002 жолы бес бағаннан тұрады:
      А бағанда жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      В бағанда жеткiзушiнiң немесе алушының атауы көрсетiледi;
      С бағанда жеткiзушiнiң немесе алушының СТН-i көрсетiледi, мұндайдың импорт немесе экспорт кезiнде болмаған жағдайында бұл баған толтырылмайды;
      D бағанда темекi өнiмдерiне арналған ДСН-коды көрсетiледi. Темекi өнiмдерiне ДСН-кодын берудi темекi өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымына бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган жүргiзедi;
      E бағанда темекi өнiмдерiнiң жiберiлетiн, алынатын немесе қалдықтарының көлемi (дана) көрсетiледi;
      3) 440.01.003 жолында қосымшада көрсетiлген фильтрлi темекi өнiмдерiнiң жиынтық саны көрсетiледi;
      4) 440.01.004 жолында қосымшада көрсетiлген фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң жиынтық саны көрсетiледi.

  4. 440.02-қосымшаны жасау - Импорт бойынша
темекi өнiмдерiнiң түсуi туралы мәлiметтер

      22. 440.02-қосымша темекi өнiмдерiнiң импортын жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорты туралы ақпараттарды көрсетуге арналған.

      23. "Декларант туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.
      Салық кезеңi араб сандарымен көрсетiледi.
      Егер айдың нөмiрi екi белгiден кем болса, онда ол оң ұяшықта көрсетiледi;
      3) ТН СЭҚ коды. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай Тауарлық номенклатурасына сәйкес тауарлардың коды көрсетiледi;
      4) темекi өнiмдерi импортталғанына сәйкес кедендiк жүк декларациясының нөмiрi;
      5) импорт бойынша келiсiм (шарт). Жеткiзушімен жасалған келiсiмнiң (шарттың) нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

      24. "Темекi өнiмдерi импортының көлемi" бөлiмiнде:
      1) 440.02.001 жолы жеткiзуге жасалған келiсiмге (шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын фильтрлi темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi. Бұл жолдың көрсеткiшi осы Ережелерге 1-қосымшада түсiндiрiлуi тиiс;
      2) 440.02.002 жолы жеткiзуге жасалған келiсiмге (шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi. Бұл жолдың көрсеткiшi 440.01-нысанда түсiндiрiлуi тиiс.

      25. "Жеткiзудiң жалпы құны" бөлiмi теңгеде толтырылады:
      1) 440.02.003 жолында жеткiзушiмен жасалған келiсiмге (шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын фильтрлi темекi өнiмдерiнiң құны көрсетiледi;
      2) 440.02.004 жолында жеткiзушімен жасалған келiсiмге (шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң құны көрсетiледi.

      26. "Есептi кезеңде импортталған темекi өнiмдерiнiң саны" бөлiмiнде:
      1) 440.02.005 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған фильтрлi темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi;
      2) 440.02.006 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi.

      27. "Есептi кезеңде импортталған темекi өнiмдерiнiң құны" бөлiмi құндық көрсеткiшпен (теңге) толтырылады:
      1) 440.02.007 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған фильтрлi темекі өнiмдерiнiң құны көрсетiледi;
      2) 440.02.008 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң құны көрсетiледi.

      28. "Импортқа арналған акциз" бөлiмi құндық көрсеткiшпен (теңге) толтырылады:
      1) 440.02.009 жолында Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған фильтрлi темекi өнiмдерiне есептелген акциз сомасы көрсетiледi;
      2) 440.02.010 жолында Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған фильтрсiз темекi өнiмдерiне есептелген акциз сомасы көрсетiледi;
      3) 440.02.011 жолында Қазақстан Республикасының кеден аумағына алып келгенде фильтрлi темекi өнiмдерiне төленген акциз сомасы көрсетiледi;
      4) 440.02.012 жолында Қазақстан Республикасының кеден аумағына алып келгенде фильтрсiз темекi өнiмдерiне төленген акциз сомасы көрсетiледi.

  5. 440.03-қосымшаны жасау - Экспорт бойынша
темекi өнiмдерiнiң түсуi туралы мәлiметтер

      29. 440.03-қосымша темекi өнiмдерiнiң экспортын жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспорты туралы ақпараттарды көрсетуге арналған.

      30. "Декларант туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.
      Салық кезеңi араб сандарымен көрсетiледi.
      Егер айдың нөмiрi екi белгiден кем болса, онда ол оң ұяшықта көрсетiледi;
      3) ТН СЭҚ коды. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай Тауарлық номенклатурасына сәйкес тауарлардың коды көрсетiледi;
      4) темекi өнiмдерi экспортталғанына сәйкес кедендiк жүк декларациясының нөмiрi;
      5) экспорт бойынша келiсiм (шарт). Жеткiзушiмен жасалған келiсiмнiң (шарттың) нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

      31. "Темекi өнiмдерi экспортының көлемi" бөлiмiнде:
      1) 440.02.001 жолы жеткiзуге жасалған келiсiмге (шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына экспортталатын фильтрлi темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi. Бұл жолдың көрсеткiшi 440.01-нысанда түсiндiрiлуi тиiс;
      2) 440,03.002 жолы жеткiзуге жасалған келiсiмге (шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына экспортталатын фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi. Бұл жолдың көрсеткiшi осы Ережелерге 1-қосымшада түсiндiрiлуi тиiс.

      32. "Экспортқа жеткiзудiң жалпы құны" бөлiмi теңгеде толтырылады:
      1) 440.03.003 жолында жеткiзушiмен жасалған келiсiмге (шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталатын фильтрлi темекi өнiмдерiнiң көрсетiледi;
      2) 440.03.004 жолында жеткiзушiмен жасалған келiсiмге (шартқа) сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталатын фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң көрсетiледi.

      33. "Есептi кезеңде экспортталған темекi өнiмдерiнiң саны" бөлiмiнде:
      1) 440.03.005 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталған фильтрлi темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi;
      2) 440.03.006 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталған фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң саны көрсетiледi.

      34. "Есептi кезеңде экспортталған темекi өнiмдерiнiң құны" бөлiмi құндық көрсеткiшпен (теңге) толтырылады:
      1) 440.03.007 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталған фильтрлi темекi өнiмдерiнiң құны көрсетiледi;
      2) 440.03.008 жолында есептi кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспортталған фильтрсiз темекi өнiмдерiнiң құны көрсетiледi.

  Нысан 440.00
"Темекi өнiмдерiнiң қалдықтары  
мен (немесе) айналымы туралы  
декларация нысанын, ережелері  
мен тапсыру мерзiмдерiн бекiту 
туралы" Қазақстан Республикасының
 Қаржы министрлiгі Салық комитетi
Төрағасының          
2003 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 537 бұйрығымен бекiтiлген  

Темекі өнімдерінің қалдықтары мен (немесе)
айналымы туралы декларация

       РҚАО-ның ескертуі: Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз.

Нысан 440.01

Темекі өнімдерінің көлемі туралы мәліметтер
(Декларацияға N 1 қосымша)

       РҚАО-ның ескертуі: Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз.

Нысан 440.02

Импорт бойынша темекі өнімдерінің түсуі
туралы мәліметтер
(Декларацияға N 2 қосымша)

       РҚАО-ның ескертуі: Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз.

Нысан 440.03

Экспортқа темекі өнімдерінің түсуі
туралы мәліметтер
(Декларацияға N 3 қосымша)

       РҚАО-ның ескертуі: Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз.