Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 6 қарашадағы N 441 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2568

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Біржолғы талондар беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 417 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылдың 22 сәуірінде N 1832 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, маусым, N 21) бұйрығымен, "Біржолғы талондарды беруді ұйымдастырудың және шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 182 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылдың 17 мамырында N 2280 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 27 қыркүйекте жарияланған, N 39 (144)) бұйрығымен енгізілген өзгерістермен "Біржолғы талондар беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылдың 30 қарашасында N 1685 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, қаңтар, N 4) бұйрығына :
      аталған бұйрықпен бекітілген, Біржолғы талондар беру Ережелерінде:

      2 және 3 тармақтар алынып тасталсын;

      4-тармақта "күн" деген сөзден кейін "осы Ережелердің
1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша", "ай" деген сөзден кейін "осы Ережелердің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 21 мамырдағы N 535 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 384  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылдың 14 маусымында N 1156 болып тіркелген) бұйрығымен, "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 21 мамырдағы N 535 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 10 тамыздағы N 1147  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылдың 13 қыркүйегінде N 1642 болып тіркелген) бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен қоса Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 21 мамырдағы N 535 бұйрығымен  бекітілген Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшін салық салудың жеңілдетілген режимі туралы нұсқаулықтың 13-қосымшасының күші жойылған деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Өндірістік емес төлемдер басқармасы (Ю.Ж.Тілеумұратов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Осы бұйрық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің
      Төрағасы