Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде N 2103 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнды және үмітсіз санатына жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 16 қарашадағы N 465 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 327 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2525

Қолданыстағы

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіз санатына жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 16 қарашадағы N 465 қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2103 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 1-12 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіз санатына жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру ережесінде:

      1-тармақта:
      тоғызыншы абзацта "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      "инвестициялық заем (кредит) - материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құру, кеңейту және жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын оның бизнес-жоспарына сәйкес заңды тұлғаға бес және одан да көп жылға берілген заем (кредит);";

      2-тарау мынадай мазмұндағы 9-1 тармағымен толықтырылсын:
      "9-1. Инвестициялық заемдарды (кредиттерді) және оларға байланысты шартты міндеттемелерді жіктеу осы Ереженің 3, 6 және 7-тарауларында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай редакциядағы 3-қосымшамен толықтырылсын:

Активтерді, шартты міндеттемелерді  
жіктеу және оларды күмәнді және   
үмітсіз санатына жатқыза отырып,  
провизиялар (резервтер) құру ережесіне
N 3 қосымша            

Инвестициялық заемдарды (кредиттерді) және
оларға байланысты шартты міндеттемелерді жіктеу

                                                         N 1 кесте
___________________________________________________________________
 N |        Критерийлер                                  |  Баллдар
___________________________________________________________________
1.  Қаржы жағдайы
1)  Тұрақты                                                    0
2)  Қанағаттанарлық                                            +1
3)  Тұрақсыз                                                   +2
4)  Өте қиын                                                   +4

2.  Жіктелетін актив бойынша кез келген төлемнің өтеу
    мерзімін өткізіп алу
1)  кредит бойынша   депозиттер,       дебиторлық
                     бағалы қағаздар   берешек
                     және шартты       бойынша
                     міндеттемелер
                     бойынша

    Жіктелетін актив бойынша төлемдерді өтеуде мерзімін
    өткізіп алудың болмауы                                     0
2)  1-30 күн         7 күнге дейін     14 күнге дейін          +1,5
3)  31-60 күн        7 күннен          14 күннен
                     15 күнге дейін    30 күнге дейін          +2,5
4)  61-90 күн        15 күннен         30 күннен
                     30 күнге дейін    60 күнге дейін          +3,5
5)  90 күннен астам  30 күннен астам   60 күннен астам         +4,5

3.  Қамтамасыз ету сапасы
1)  Сенімді                                                    -3
2)  Жақсы                                                      -2
3)  Қанағаттанарлық                                            -1
4)  Қанағаттанарлықсыз                                         +1
5)  Қамтамасыз етусіз                                          +2

4.  Мерзімді ұзарту
1)  Мерзімді ұзартудың болмауы                                 0
2)  Мерзімді ұзартудың болуы                               мерзімді
                                                           ұзарту.
                                                           лардың
                                                           санын
                                                           +1 балға
                                                           көбейтеді

5.  Басқа мерзімі өткен міндеттемелердің болуы (басқа
    мерзімі өткен міндеттемелердің болмауы - 0 балл)           +1

6.  Процентпен активтерді мақсатсыз пайдалану үлесі
    (25 процентке дейін - 0 балл)
1)  25 проценттен астам                                        1
2)  50 проценттен астам                                        2
3)  75 проценттен астам                                        3
4)  100 процент                                                4

7.  Басқа кредиторлар алдындағы есептен шығарылған
    берешектің болуы (есептен шығарылған берешектің
    болмауы - 0 балл)                                          +2

8.  Заемшыда (борышкерде) рейтинг болуы
1)  "А" және жоғары                                            -3
2)  Қазақстан Республикасының рейтингінен
    жоғары - "А"-ға дейін                                      -2
3)  Қазақстан Республикасының рейтингі деңгейінде              -1
4)  Қазақстан Республикасының рейтингінен төмен және
    рейтингісіз                                                0

    Жиынтығы
___________________________________________________________________

      Кестені толтыру бойынша ереже:
      1. Кредиттерді жіктеу кезінде осы кестенің 1-8 тармақтарымен көзделген барлық критерийлер пайдаланылады.
      2. Дебиторлық берешекті жіктеу кезінде осы кестенің 1, 2, 4, 5, 7 және 8-тармақтарында көзделген критерийлер пайдаланылады. Осы кестенің 1-тармағында көзделген критерий берешек бір дебиторға есептегенде банктің меншікті капиталының 5 проценттен астамын құраған жағдайда пайдаланылады.
      3. Шартты міндеттемелерді жіктеу кезінде осы кестенің 1, 2, 3, 5, 7 және 8-тармақтарында көзделген критерийлер пайдаланылады.
      4. Егер заемшы (борышкер) оффшорлық аймақтарда тіркелген не оффшорлық аймақта тіркелген тұлғаға қатысы бойынша тәуелді немесе еншілес тұлға болып табылса, 8-тармақ қолданылмайды.
      Активтің жіктеу санаты осы қосымшаның N 1 кестесінде көрсетілген критерийлер бойынша осы активті бағалау нәтижелері бойынша айқындалады. Актив бойынша жиналған балл санын негізге ала отырып, оның жіктеу санаты және осы қосымшаның N 2 кестесіне сәйкес қажетті провизиялардың (резервтердің) мөлшері белгіленеді.
      5. Қаржы жағдайы былайша жіктеледі:
      тұрақты - заемшының қаржы жағдайы тұрақты; компания зиянсыз, төлем жасауға қабілетті, актив бойынша шарттың қолдану мерзімі ішінде заемшының қаржы жағдайын едәуір төмендетуге ықпал жасайтын ішкі немесе сыртқы факторлар анықталмаған; клиенттің өз міндеттемесі бойынша банкпен есеп айырысу мүмкіндігі күдік туғызбайды; заемшының активтері мен міндеттемелері мерзімдер бойынша шамалас;
      қанағаттанарлық - заемшының қаржы жағдайының уақытша төмендеуін көрсететін белгілер бар: кредиттеу басталғаннан бері үш жыл ішіндегі борышкердің бизнес-жоспарында көзделген деңгейден аспайтын жыл сайынғы зияны, кірісінің, төлем қабілеті деңгейінің, рыноктық позициясының төмендеуі немесе актив бойынша шарттың қолдану мерзімі ішінде заемшының қаржы жағдайын төмендетуге ықпал жасайтын ішкі және сыртқы факторлардың анықталуы; клиенттің өз міндеттемелері бойынша банкпен есеп айырыса алмау ықтималдығы бар, бірақ ол жоғары емес; сонымен бірге заемшы уақытша қиындықтарды жеңуге қабілетті және банк алдындағы өзінің міндеттемелерімен есеп айырыса алады деген сенімділік бар;
      тұрақсыз - заемшының қаржы жағдайында тұрақты және елеулі төмендеу белгілері бар: кредиттеу басталғаннан бері үш жылдан астам уақыт ішіндегі борышкердің бизнес-жоспарында көзделген деңгейден аспайтын жыл сайынғы зияны; төлем қабілетінің төменгі деңгейі, рыноктық үлесінің тұрақты төмендеуі; сонымен бірге заемшы өзінің қаржы жағдайын тұрақтандырады және жақсартады деген сенімнің болмауы; заемшының өзінің міндеттемелері бойынша банкпен мерзімінде есеп айырыса алмауының жоғары ықтималдығы бар; заемшыға бір жылдан аспайтын мерзімге санация жарияланған; төтенше жағдайлар, сондай-ақ заемшыға материалдық залал келтіретін, бірақ оның қызметін тоқтатпайтын өзге де жағдайлар бар; заемшының кредиттік досьесі жоқ;
      өте қиын - заемшының қаржы жағдайының тұрақты төмендеуі өте қиын деңгейге жетті: төлем қабілетсіздік, рыноктық позицияны жоғалту; заемшыға бір жылдан аспайтын мерзімге санация жарияланған; заемшыда материалдық залал келтіретін және/немесе оның қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайлар бар. Заемшының (борышкердің) қаржы жағдайы туралы ақпарат болмаған кезде оның қаржы жағдайы өте қиын ретінде бағаланады.
      6. Қамтамасыз ету сапасы былайша жіктеледі:
      1) сенімді (өтімділігі жоғары қамтамасыз ету) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының ұлттық валютадағы тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінен төмен рейтинг санаты екі сатыдан аспайтын шетел валютасындағы рейтинг агенттіктерінің біреуінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар банктердің кепілдіктері (кепіл болуы), депозиттегі, мемлекеттік бағалы қағаздардағы, Қазақстан Республикасының шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінен төмен емес рейтинг агенттіктерінің біреуінің шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар шетел мемлекеттерінің Үкіметтері шығарған бағалы қағаздардағы ақша кепілі, құны актив бойынша (негізгі борыш және сыйақы бойынша) заемшы міндеттемелерінің кемінде 100 процентін жабатын монетарлық қымбат металдар түрінде қамтамасыз ету;
      2) жақсы - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шетел валютасындағы Қазақстан Республикасының тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісінен төмен рейтинг санатының екі деңгейінен аспайтын бір рейтинг агенттігінің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар банктердің резервтік аккредитивтер түріндегі, тиісті қаржы жылына республикалық немесе жергілікті бюджеттегі инвестициялық кредиттер бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету үшін қарастырылған мүлік, ақша, құны актив бойынша (негізгі борыш және сыйақы) заемшының міндеттерінің кемінде 70 процентін жабатын төлем қабілетті (қаржы жағдайы тұрақты) заемшылардан кепілдік берілген төлемдер бойынша түскен ақша түріндегі, ал қалғаны - болашақта бизнес-жоспарға, талап ету құқығына, айналыстағы тауарлар түрінде түсетін борышкердің мүлкі және басқа да заңмен көзделген қамтамасыз ету тәсілдері;
      3) қанағаттанарлық:
      осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген банктердің кепілдіктері немесе резервтік аккредитивтері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінен төмен рейтинг санаты үш сатыдан аспайтын шетел валютасындағы бизнес-жоспарға сәйкес болашақта түсетін, құны актив бойынша (негізгі борыш және сыйақы бойынша) заемшы міндеттемелерінің кемінде 60 процентін жабатын, тиісті қаржы жылына мемлекеттік бюджеттердегі инвестициялық кредиттер бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеуге көзделген ақша, ал қалғаны - борышкердің мүлкі түріндегі, талап ету құқығы, айналыстағы тауарлар және заңмен белгіленген басқа қамтамасыз ету тәсілдері;
      осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген банктердің кепілдіктері немесе резервтік аккредитивтері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінен төмен рейтинг санаты төрт сатыдан аспайтын шетел валютасындағы бизнес-жоспарға сәйкес болашақта түсетін, құны актив бойынша (негізгі борыш және сыйақы бойынша) заемшы міндеттемелерінің кемінде 100 процентін жабатын, тиісті қаржы жылына мемлекеттік бюджеттердегі инвестициялық кредиттер бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеуге көзделген ақша;
      4) қанағаттанарлықсыз - құны актив бойынша (негізгі борыш және сыйақы бойынша) борышкер міндеттемесінің кемінде 50 процентін жабатын толық емес қамтамасыз ету;
      5) қамтамасыз етусіз - бланкілік кредит не ішінара қамтамасыз етілген, мұндайда қамтамасыз ету құны актив бойынша (негізгі борыш және сыйақы бойынша) борышкер міндеттемесінің 50 процентінен азын жабады.
      Банктің қамтамасыз ету сапасы бағалау сәтінде оны өткізу (сату) ықтималдығы жағдайында, ағымдағы сәтте қамтамасыз ету құнының әділ (рыноктық) бағалауы негізінде айқындалады.

                                                        N 2 кесте
___________________________________________________________________
Балл саны        | Активтің жіктеу | Провизия мөлшері (негізгі
                 | санаты          | борыштың сомасынан процентпен)
___________________________________________________________________
1-ге дейін        Стандарттық 0
(қоса алғанда)
                  Күмәнді
                  1-санат           5 процент - төлемді уақтылы
                                    және толық төлеген кезде
                  2-санат           10 процент - төлемді
                                    кешіктірген немесе толық
                                    төлемеген кезде
2-ден 3-ке дейін  3-санат           20 процент - төлемді уақтылы
(қоса алғанда)                      және толық төлеген кезде
                  4-санат           25 процент - төлемді
                                    кешіктірген немесе толық
                                    төлемеген кезде
3-тен 4-ке дейін  5-санат           50 процент - барлық жағдайларда
(қоса алғанда)
4 және одан       Үмітсіз           100 процент - барлық жағдайларда
да көп
___________________________________________________________________

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы