Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 10 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2484

Жаңартылған

      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы  Заңының  күшіне енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (1-қосымша) бекітілсін.
      2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамы осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап алты ай ішінде екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға және халықаралық қаржы ұйымдарының зейнетақы активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздарына инвестициялардың мөлшерін Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінің 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтірсін.
      4. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап алты айдың ішінде қатысушылары (акционерлері) Қазақстан Республикасының ұйымдары ғана болып табылатын шетелдік ұйымдар - SPV ("Special Purpose Vehicles"/"Арнайы кәсіпорындар") шығарған, зейнетақы активтері есебінен сатып алынған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды сататын болсын.
      5. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шаралар қабылдайтын болсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттық ұйымдастырушысына, "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамына, жинақтаушы зейнетақы қорларына, кастодиан банктерге жіберсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
      7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізіледі.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкі Басқармасының   
"Зейнетақы активтерін      
инвестициялық басқару     
жөніндегі қызметті жүзеге    
асыру ережесін бекіту туралы" 
2003 жылғы 29 шілдедегі    
N 264 қаулысына        
1-қосымша           

  Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  51-бабына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

  1-тарау. Инвестиция объектілері

      1. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйым (бұдан әрі - Ұйым) және/немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - Қор) әрбір жеке Қордың инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерін төменде көрсетілген қаржы құралдарына зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен мынадай мөлшерлерде дербес орналастыруға құқылы (мәміле жасалған күні кастодианда Қордың инвестициялық шоттарындағы инвестициялар мен ақша қалдығының ағымдағы көлемін қоса алғанда):
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланғандарын қоса алғанда), Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда - 25%-тен кем емес;
      2) жергілікті атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған), сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерінде осы бағалы қағаздар айналысқа жіберілгенде және бағалы қағаздар рыногында қалыптасып отырған қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берген жағдайда - 5%-тен көп емес;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі, сондай-ақ осы Ереженің 3-тармағының шарттарына сәйкес айқындалған екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға (осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында белгіленген шектеулермен) - 20%-тен көп емес;
      4) осы Ереженің 3-1-тармағының шарттарына сәйкес келетін шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары, осы Ереженің 4-тармағының шарттарына сәйкес келетін шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары мен инвестициялық қорлардың пайлары, осы Ереженің 2-тармағында айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары - 40%-тен көп емес, оның ішінде:
      осы Ереженің 3-1-тармағының 2) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары және осы Ереженің 4-тармағының 3)-4) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары мен инвестициялық қорлардың пайлары - 30%-тен көп емес;
      осы Ереженің 3-1-тармағының 3) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары және осы Ереженің 4-тармағының 5)-6) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін шетелдік эмитенттердің  мемлекеттік емес бағалы қағаздары мен инвестициялық қорлардың пайлары - 20%-тен көп емес;
      осы Ереженің 3-1-тармағының 4) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары және осы Ереженің 4-тармағының 7)-8) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін шетелдік эмитенттердің  мемлекеттік емес бағалы қағаздары - 10%-тен көп емес;
      5)  алынып тасталды ;
      6)  алынып тасталды ;
      7) Қазақстан Республикасы ұйымдарының сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялары - 20%-тен көп емес;
      8) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған, сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне "А" санаты бойынша енгізілген, Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигацияларынан басқа мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары ВВ"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) рейтингтік бағасы бар және Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарында айналыста болатын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's"-тың ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар және шетел мемлекеттерінің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарында айналыста болатын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздар - 50%-тен көп емес (осы Ереженің 7-тармағында белгіленген шектеулермен);
      9) "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-ның облигациялары және "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-ның кепіліне шығарылған бағалы қағаздар - 15%-тен көп емес;
      10) Лондонның қымбат металдар рыногының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдар - 5%-тен көп емес;
      11) Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары - 10% астам емес.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгертулeр енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 488   қаулысымен ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 202  қаулысымен ,  2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 382   қаулысымен .

      2. Ұйым (Қор) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары эмиссиялаған бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы:
      1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      2) Еуропа қайта құру даму банкі;
      3) Америкааралық даму банкі;
      4) Халықаралық есеп айырысу банкі;
      5) Азия даму банкі;
      6) Африка даму банкі;
      7) Халықаралық қаржы корпорациясы (The International Finance Corporation);
      8) Ислам даму банкі;
      9) Еуропа инвестициялық банкі.

      3. Қордың зейнетақы активтері салымдарға орналастырылатын екінші деңгейдегі банк орналастыру күні бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне "А" санаты бойынша енгізілген банк немесе резидент емес басты банкінің "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің  жіктемесі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) санаттарынан төмен емес ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және жеке рейтингі бар еншілес резидент банк болуы тиіс.

      3-1. Ұйым (Қор) осы Ереженің 1-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып шетел мемлекеттерінің мынадай бағалы қағаздарын сатып алуға құқылы:
      1) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ААА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің  жіктемесі бойынша) немесе "Ааа"-дан ("Moody's Investors Service" рейтингік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары;
      2) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің  жіктемесі бойынша) немесе "Аа2"-дан ("Moody's Investors Service" рейтингік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары;
      3) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "А"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің  жіктемесі бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтингік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары;
      4) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің  жіктемесі бойынша) немесе "Ваа2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтингік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары.
       Ескерту: 3-1-тармапен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 202  қаулысымен .

      4. Ұйым (Қор) осы Ереженің 1-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып шетелдік эмитенттердің мынадай мемлекеттік емес бағалы қағаздарын және инвестициялық қорлардың пайларын сатып алуға құқылы:
      1) "ААА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің  жіктемесі бойынша) немесе "Ааа"-дан ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар мен инвестициялық қорлардың пайлары;
      2) борыштық бағалы қағаздарының "ААА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің  жіктемесі бойынша) немесе "Ааа"-дан ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
      3) "АА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің  жіктемесі бойынша) немесе "Аа2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар мен инвестициялық қорлардың пайлары;
      4) борыштық бағалы қағаздарының "АА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің  жіктемесі бойынша) немесе "Аа2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
      5) "А"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің  жіктемесі бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар мен инвестициялық қорлардың пайлары;
      6) борыштық бағалы қағаздарының "А"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
      7) "ВВВ"-ден ("Standart & Poor`s" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) төмен емес немесе "Ваа2"-ден ("Moody`s Invesіtors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтинг бағасына ие борыштық бағалы қағаздар;
      8) борыштық бағалы қағаздары "ВВВ"-ден ("Standart & Poor`s" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) төмен емес немесе "Ваа2"-ден ("Moody`s Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтинг бағасына ие эмитенттердің акциялары.
       Ескерту: 4-тармаққа толықтырулар енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 488   қаулысымен ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 202  қаулысымен .

  2-тарау. Инвестициялау шарттары және тәртібі

      5. Мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер бастапқы рынокта (оларды орналастыру кезінде) Бастапқы дилер ұйымдар арқылы олармен жасалған шарттар негізінде жасалады.
      Ұйымның (Қордың) мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін бастапқы ұйымдаспаған рынокта (оларды орналастыру кезінде) Ұйым (Қор) дербес жасайды.
      Ұйымның (Қордың) мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін қайталама рынокта Ұйым (Қор) тек қана бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасайды.

      6. Зейнетақы активтерінің қатысуымен ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілесі ашық сауда-саттық әдісімен жасалуы тиіс.
      Зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын "кері репо" мәмілесі 30 күннен аспайтын мерзімге жасалынады.

      7. Ұйымның (Қордың) бір эмитенттің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға инвестицияларының мөлшері және екінші деңгейдегі бір банктегі салымдар Компания (Қор) үшін пруденциалдық нормативтермен белгіленген шектеулерге сәйкес келуі тиіс.
      Ұйым (Қор) егер сауда-саттықты ұйымдастырушы осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтатқан жағдайда бастапқы рынокта (оларды орналастыру кезінде) сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы емес.

      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе Ұйымның (Қордың) меншікті активтері және Қордың зейнетақы активтері орналастырылатын екінші деңгейдегі банктегі салым бойынша алынатын сыйақының (мүдденің) жылдық ставкасы салым мерзімімен бірдей инвестициялау кезеңіндегі номиналы ұлттық немесе шетел валютасымен белгіленген (салым бойынша ставка белгіленген валютаға байланысты) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша жуықталған кірістілік ставкасынан кем болмауы тиіс. Көрсетілген жуықталған кірістілікті Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарымен сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізген сауда-саттық нәтижелері бойынша қалыптасып отырған баға негізінде логарифмдік жуықтау әдісімен:
      1) Қазақстан Республикасының номиналы ұлттық валютамен көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаздарына - зейнетақы немесе меншікті активтерді салымға орналастырған күннен кейінгі бір апта кезең ішінде;
      2) Қазақстан Республикасының номиналы шетел валютасымен көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаздарына, - зейнетақы немесе меншікті активтерді салымға орналастырған күннен кейінгі бір апта кезең ішінде уәкілетті орган айқындайды.
      Жуықталған кірістілік мынадай формула бойынша есептеледі:

      I = a*ln(x) + b, мұнда x - салым мерзімі,

           n               n       n
           E(I i(t) * lnt) - (EI i(t) * EInt)/n
          i=l              i=l    i=l
      a = _________________________________
             n         n
             E(Int) - E(Int) 2 /n
             i=l      i=l

          E I i(t)       E Int
      b = ______ _ a ______
            n         n

      мұнда

      I i(t)  - зерттелетін кезеңдегі белгілі мәндер бойынша процентпен кірістілік;
      t - өтелгенге дейінгі күн саны;
      n - теңестіру коэффициентін анықтаған кезде пайдаланылған кірістілік мәнінің саны.

      9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша номиналы ұлттық немесе шетел валютасымен белгіленген осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген жуықтатылған кірістілікті уәкілетті орган апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні алматы уақытымен 18.00 және 21.00 сағат аралығында "кiрiстiлiктiң қисық сызығы" түрiнде Интернет желiсiнде "Активтердi бағалау" бөлiмiнде жариялайды және жаңартады.

      10. Ұйымның (Қордың) меншікті активтерін және Қордың зейнетақы активтерін Ұлттық Банкте немесе екінші деңгейдегі банкте салымға орналастыру мерзімі отыз алты айдан аспайды. Осы мерзім өткенге дейін салым сомасы және ол бойынша сыйақы сомасы Қордың инвестициялық шотына есептелуі тиіс.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 202  қаулысымен ,  2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 382   қаулысымен .

      11. Қордың кастодиан банктегі инвестициялық шотына, осы Қордың шетелдік кастодиандық банктердегі кастодиан банктің корреспонденттік шотына және халықаралық депозитарий-есеп айырысу жүйесіне қатысушы - шетелдік ұйымдардағы кастодиан банктің шотына түсетін зейнетақы активтері жеті жұмыс күні ішінде ағымдағы шегерімдерді шығарып тастағанда толық көлемде Ұйымның (Қордың) инвестициялауына жатады.
      Ұйым (Қор) Қордың көрсетілген шоттарындағы ақша қалдығы осы Ереженің 12-тармағында белгіленген көлемнен аз болса, не уәкілетті орган қаржы құралдары рыногындағы жағдайларға орай Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтерін инвестициялау мерзімін ұзарту туралы негізді өтінішін қанағаттандырса, осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген шартты орындамауға құқылы.
      Ұйым (Қор) осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген шарттарды бұзған жағдайда ережені бұзған күннен бастап бір күннің ішінде уәкілетті органға осы ереже бұзу фактісі мен себептері туралы ақпарат береді.

      12. Қордың инвестициялауға арналған ақша қалдығының ең жоғары мөлшері:
      кастодиан банктегі инвестициялық шоттардағы;
      осы Қордың шетелдік кастодиан-банктердегі кастодиан банкінің корреспонденттік шоттарындағы;
      халықаралық депозитарий-есеп айырысу жүйесіне қатысушы - шетелдік ұйымдардағы кастодиан банктің шоттарындағы Қор ақшасының жиынтығын қоса алғанда,
      Ұйымның (Қордың) уәкілетті органға зейнетақы активтерін инвестициялау мерзімін өсімпұл есептемей ұзарту туралы өтініш беруі талап етілмеген жағдайда, зейнетақы активтерінің мөлшері бір миллиард теңгеге дейін болғанда - 400.000 (төрт жүз мың) теңге, ал зейнетақы активтерінің мөлшері бір миллиард және одан көп болғанда - зейнетақы активтерінің 0,1% мөлшерін құрайды.

      13. Осы Ереженің 11-тармағының екінші абзацында көрсетілген өтінішті уәкілетті орган осы Ереженің 11-тармағының бірінші абзацында сәйкес айқындалған мерзім аяқталғанға дейін алуға тиісті. Егер осы мерзім аяқталғанға дейін екі жұмыс күнінен аз қалса, өтініште оны кешіктіріп ұсыну себептері түсіндірілуі тиіс.

      14. Ұйым (Қор) зейнетақы активтері инвестициялық басқаруға қабылданған Қор салымшыларының мүдделері үшін ғана әрекет жасайды. Сонымен қатар Ұйым (Қор) бірдей ұлттық бірегейлендіру номері бар бағалы қағаздарды меншікті активтері есебінен сатып алу (сату) және Ұйымның (Қордың) инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алу (сату) туралы бір күнде инвестициялық шешім қабылдауға құқылы емес.

      15. Егер қандай да болмасын жағдайдың нәтижесінде Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы Ереженің 1 және 7-тармақтарында белгіленген жағдайларға сәйкес келмегенде, Ұйым (Қор) мұндай сәйкессіздікті тереңдететін инвестициялық қызметті дереу тоқтатады және бір күннің ішінде уәкілетті органға осы сәйкессіздік фактісі және себептері туралы оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса ұсыну арқылы хабарлайды.
     

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкі Басқармасының   
"Зейнетақы активтерін      
инвестициялық басқару      
жөніндегі қызметті жүзеге    
асыру ережесін бекіту туралы" 
2003 жылғы 29 шілдедегі    
N 264 қаулысына        
2-қосымша            

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің күші жойылды деп
танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
     1) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi ұйымдардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 641 тіркелген, 1999 жылғы 27 қаңтарда "Заң" газетінің N 4 жарияланған);
     2) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру  қағидалары  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 642 тіркелген, 1999 жылғы 27 қаңтарда "Заң" газетінің N 4 жарияланған);
     3) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 14 желтоқсандағы N 18  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 661 тіркелген, 1999 жылғы 27 қаңтарда "Заң" газетінің N 4 жарияланған);
     4) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 17 мамырдағы N 32  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 781 тіркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 8 жарияланған);
     5) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 11 маусымдағы N 34  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 832 тіркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 8 жарияланған);
     6) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 11 маусымдағы N 35  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 831 тіркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 8 жарияланған);
     7) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 24 маусымдағы N 36  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 848 тіркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 8 жарияланған);
     8) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына толықтыру енгізу туралы" 1999 жылғы 24 маусымдағы N 37  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 850 тіркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 8 жарияланған);
     9) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктарында зейнетақы активтерінің қатысуымен сатып алу-сату мәмілелерін жүргізу туралы" 1999 жылғы 24 маусымдағы N 352  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 853 тіркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 8 жарияланған);
     10) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 24 маусымдағы N 38  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 899 тіркелген, 1999 жылғы қазанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 10 жарияланған);
     11) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 57  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1051 тіркелген, 2000 жылғы ақпанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 2 жарияланған);
     12) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 24 маусымдағы N 352 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 30 маусымдағы N 633  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1206 тіркелген, 2000 жылғы қыркүйекте "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 9 жарияланған);
     13) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 27 маусымдағы N 75  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1210 тіркелген, 2000 жылғы қыркүйекте "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 9 жарияланған);
     14) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 81  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1264 тіркелген, 2000 жылғы қазанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 10 жарияланған);
     15) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 680  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1306 тіркелген, 2000 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 12 жарияланған);
     16) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 91  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1343 тіркелген, 2001 жылғы қаңтарда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 1 жарияланған);
     17) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1554 тіркелген, 2001 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 12 жарияланған);
     18) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына толықтыру енгізу туралы" 2001 жылғы 8 қазандағы N 388  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1660 тіркелген, 2001 жылғы 5-16 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Нацинального Банка Казахстана" басылымдарының N 23 жарияланған);
     19) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктарында зейнетақы активтерінің қатысуымен сатып алу-сату мәмілелерін жүргізу туралы" 1999 жылғы 24 маусымдағы N 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2001 жылғы 19 қазандағы N 410  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1707 тіркелген, 2002 жылғы 1-14 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Нацинального Банка Казахстана" басылымдарында N 14 жарияланған);
     20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидатураларды келісу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 538 қаулысының  2-тармағы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1750 тіркелген, 2002 жылғы 11-24 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Нацинального Банка Казахстана" басылымдарының N 4 жарияланған);
     21) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 5 сәуірдегі N 121 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" 2002 жылғы 13 мамырдағы N 176  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1891 тіркелген, 2002 жылғы 17-30 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Нацинального Банка Казахстана" басылымдарының N 13 жарияланған);
     22) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 680 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 13 мамырдағы N 177  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1897 тіркелген, 2002 жылғы 1-14 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Нацинального Банка Казахстана" басылымдарының N 14 жарияланған);
     23) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі N 251  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1951 тіркелген, 2002 жылғы 12-25 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Нацинального Банка Казахстана" басылымдарының N 17 жарияланған);
     24) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2002 жылғы 24 тамыздағы N 320  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1975 тіркелген, 2002 жылғы 9-22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Нацинального Банка Казахстана" басылымдарында N 19 жарияланған).