Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2438

Жаңартылған

      Ескерту. Атауы өзгертілді - ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 142-НҚ  Бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы  Заңының  15-1 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополия субъектілерінiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 142-НҚ  Бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
      1) оны белгiленген тәртiпте ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      1) "Табиғи монополия субъектiлерінiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) өндiруге және ұсынуға бағалар (тарифтер) есептеу кезiнде ескерiлетiн шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі комитетiнiң 1998 жылғы 15 тамыздағы N 03-2-НҚ  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1998 жылғы 5 қарашада N 634 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде 1999 жылы N 3 жарияланған);
      2) "1998 жылғы 15 тамыздағы N 03-2-НҚ бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 17 мамырдағы N 28-НҚ  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 2 маусымда N 786 тiркелген);
      3) "Коммуналдық қызметтердi есептеу құралдарын орнатуды қаржыландыру механизмi туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 73-НҚ  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 27 қыркүйекте N 952 тiркелген).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Ж.Ж.Ертiлесоваға жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Төрағаның міндетін атқарушы

      Келісілді

       Қазақстан Республикасының Еңбек және
      халықты әлеуметтік қорғау министрі

      2003 жылғы 30 шілде

Қазақстан Республикасының     
      Табиғи монополияларды реттеу   
      және бәсекелестікті қорғау    
жөніндегі агенттігі төрағасының 
2003 жылғы 30 шілдедегі      
N 185 НҚ бұйрығымен        
бекітілген            

  Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды  қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы ереже

      Ескерту. Атауы өзгертілді - ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 142-НҚ  Бұйрығымен.

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "индикативтік" деген сөз "орташа мерзімді" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 142-НҚ  Бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Ереженің барлық мәтіні бойынша "қызметтері (тауарлары, жұмыстары)", "қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)", "қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын)", "қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының)" деген сөздер тиісінше "реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары)", "реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)", "реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын)", "реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының)" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 142-НҚ  Бұйрығымен.

      1. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы осы ереже (бұдан әрі - Ерекше тәртіп) табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді.

      2. Ерекше тәртіп мынадай ережелерді қамтиды:
      1) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізілетін шығындарды реттеу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген нормативтер шегінде табиғи монополия субъектісінің шығыстар баптарын шектеу;
      3) тарифті (бағаны, алым ставкасын) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесін белгілеу;
      4) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізілетін пайдаларды шектеу;
      5) негізгі құралдардың тозуын есептеудің қолданылатын әдістерін келісу;
      6) табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген негізгі құралдарды қайта бағалау мен амортизациялық аударым құралдарын пайдалану бағыттарын келісу.

      3. Ерекше тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігі - тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополия субъектісінің қызмет (жұмыс) көрсетуге байланысты шығындардың жиынтығы. Осы шығындар қызметтің (тауардың, жұмыстың) өзіндік құнынан және кезең шығыстарынан (жалпы және әкімшілік шығыстар, іске асыру жөніндегі шығыстар, сыйақы төлеу жөніндегі шығыстар) тұрады;
      тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін шығын түрлерін шектеу - тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту кезінде ескерілмейтін шығындар тізбесін белгілеу;
      шығыстар деңгейін шектеу - белгіленген және (немесе) бекітілген нормалардың, нормативтердің, стандарттар мен лимиттердің негізінде ескерілетін тарифте (бағада, алым ставкасында) шығындар деңгейінің шегін белгілеу;
      шығыстар - уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуден алынған табысы есебінен олар жүзеге асыратын табиғи монополия субъектісінің шығындары;
      табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы және уәкілетті орган мемлекеттік реттеуге жатқызған, белгілі бір тауарды тұтынушыға қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрінде беру жағдайын қоса, табиғи монополия субъектісі ұсынатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      құзыретті орган - салалық министрлік және (немесе) ведомство, ал су шаруашылығы және (немесе) су арнасы жүйесінің қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін - жергілікті атқарушы органдар;
      уәкілетті орган - табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 142-НҚ  Бұйрығымен.

      4. Ерекше тәртіп реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынатын табиғи монополия субъектілеріне қолданылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 142-НҚ  Бұйрығымен.

      5. Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастыру реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша табыстарды, шығындар мен тартылған активтерді есепке алу негізінде жүргізіледі.
      Шығындар реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастырған кезде осы Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып, енгізіледі. Шығындардың баптарын қалыптастыру бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес келуі тиіс.
      Есеп саясаты табиғи монополия субъектісі уәкілетті органмен келіскеннен кейін тігін қабылдайды.
      Ескерту. 5-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 142-НҚ  Бұйрығымен.

  2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифіне (бағасына, алым ставкасына) енгізілетін шығындарды реттеу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы өзгертілді - ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 142-НҚ  Бұйрығымен.

      6. Табиғи монополия субъектісінің тарифіне (бағасына, алым ставкасына) енгізілетін шығындарды реттеу тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін шығын түрлерін шектеу және табиғи монополия субъектісінің шығыс деңгейін шектеу жолымен жүзеге асырылады.

      7. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін материалдық шығыстар құзыретті органда және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларында бекітілген және сараптық бағалаудан өткен өнімдердің (қызметтердің, тауарлардың, жұмыстардың) бірлігін шығаруға жұмсалатын шикізат, материалдар, отын, энергия (бұдан әрі - материалдық шығыстар) шығысының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тендерлік (конкурстық) сатып алу нәтижелері бойынша анықталған материалдық ресурстардың баға нормаларына сүйене отырып, белгіленеді.
      Ескерту. 7-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 142-НҚ  Бұйрығымен.

      7-1. Табиғи монополия субъектісіне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлiнетiн демеуқаржы тарифтiң шығын бөлiгін азайтуда ескерiледi.
      Сонымен бiрге, табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тоқсан сайын демеуқаржыны пайдалану туралы есеп беруге мiндетті.
       Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 270-НҚ   бұйрығымен

      8. Аудиторлық, консалтингілік, маркетингілік қызметтер мен мердігерлік тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, бөгде ұйымдар жүзеге асыратын, сатып алатын өндірістік сипаттағы басқа қызметтерге жұмсалған шығыстар тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізіледі.

      9. Аудиторлық қызметке жұмсалған шығыстар, егер табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген аудит жүргізу шартына берілген қосымша талаптарға сай келмеген жағдайда, тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігінде ескерілмейді.

      10. Табиғи монополия субъектісі тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізілетін материалдық ресурстарды (шикізат пен материалдардың негізі түрлері), жабдықтарды, құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарын, қызметтерін (жұмыстарын) бөгде ұйымдардың бір көзден сатып алу қолданыстағы заңда белгіленген тәртіпте экономикалық мақсаттылығы негізінде уәкілетті органның келісімімен жүргізіледі.

      11. Нормативтік техникалық ысыраптарға байланысты шығыстар тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізіледі. Нормативтік техникалық ысырапты құзыретті орган бекітеді.

      12. Субъектінің негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу және басқа жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына арналған қаражаттары құзыретті органның оларды жүргізу қажеттілігін құжатты техникалық растауы бар болғанда тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізіледі.
      Құзыретті орган осы жұмыстарды (әрбір объектілер бойынша) жүргізу қажеттілігін және олардың көлемін белгілейді. Табиғи монополия субъектісі осы жұмыстың көлемін жиынтық сметалық есеппен, объектілік, жергілікті және ресурстық сметалармен растауға тиіс.

      13. Еңбекке ақы төлеу жүйесі, әкімшілік персоналдарға жататын қызметкерлер лауазымының, сондай-ақ әкімшілік және өндірістік персоналдың нормативтік санын құзыретті орган белгілейді және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) және Министрлік белгілеген тәртіппен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдарымен келісіледі.
      Шығындарға енгізілетін өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарында көзделген тұтынушылар бағасы индексінің болжамды өзгеруі есебімен қолданыстағы тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қабылданған орташа айлық жалақыны жоғарылатпайтын және нақты санына сүйене отырып анықталады.
      Шығындарға енгізілетін әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын жоғарылатпайтын нақты санына сүйене отырып анықталады.
      Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа табиғи монополия субъектілері басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің және әкімшілік персоналдардың басқа қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары бойынша шығындарға енгізілетін әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары штат кестесіне сәйкес табиғи монополия субъектісінің лауазымдық жалақысының 15 еседен аспайтын ең жоғарғы және ең төменгі деңгейінің арасындағы ара қатынасы негізінде шектеледі.
      Еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайларына қосымша ақы (өтемақы), үстемақы төлеумен байланысты шығыстар Ерекше тәртіптің 28-тармағында көрсетілген шығыстардан басқа, тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастырған кезде ескеріледі.
      Тарифтің шығындық бөлігіне енгізілмейтін сыйақыны және жалақыға басқа да сыйақының түрлерін табиғи монополия субъектісі (мемлекеттік кәсіпорындардан басқа) таза табыс есебінен (нақты пайда) жүргізуге құқылы.
      Уәкілетті орган осындай немесе ұқсас қызмет түрімен айналысатын табиғи монополия субъектілерінің жалақыларына жұмсалатын шығындарды салыстырып талдау негізінде, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемі қысқарған жағдайда тарифке (бағаға, алымдар ставкаларына) енгізілетін әкімшілік және (немесе) өндірістік персоналдардың еңбегіне ақы төлеу шығыстарын төмендету және жоғарылатудан бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Табиғи монополия саласында қызмет көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің еңбегіне ақы төлеу шығыстары, лауазымдық жалақыларының мөлшері, сондай-ақ оларға сыйақы беру және өзге сыйақы беру жүйесін Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіпте мемлекеттік басқару органдары белгілейді.

      14. Тік жолды (бір қалыпты) есептеу тәсілі бойынша есептелген негізгі құралдардың және материалды емес активтердің амортизациялық аударымдары тарифтің шығындық бөлігіне енгізіледі.
      Негізгі құралдардың және материалды емес активтердің тозуын тік жолды (бір қалыпты) есептеу тәсілін қолдану уәкілетті органның келісімін талап етпейді.
      Амортизацияны есептеудің өзге тәсілдерімен амортизацияны қолдану және есептеу белгіленген тәртіпте Уәкілетті органмен келісіледі.

      15. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарына қайта бағалау жүргізудің тәртібі мен жағдайын бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша бекітеді.
      Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісі негізгі құралдарына қайта бағалау жүргізгеннен кейін тарифті (бағаны, алым ставкасын) амортизациялық аударымдарды көбейтудің шығын бөлігіне енгізуге құқылы.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 142-НҚ  Бұйрығымен.

      16. Амортизациялық аударымдар негізгі құралдар құнының артуына әкелетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталады.

      17. Коммуналдық қызметтерді есептеу құралын сатып алуды және орнатуды субъект өзінің және (немесе) заемдық қаражат есебінен жүргізеді.
      Табиғи монополия субъектілерінің есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға салынған қаражатты қайтару амортизациялық аударымдар және (немесе) коммуналдық қызметтерді есептеу құралдарын сатып алған және орнатқан табысы есебінен жүргізіледі. Бұл жағдайда уәкілетті органның келісімімен жеделдетілген тәсіл бойынша амортизацияны аударуға болады.
      Егер есептеу құралдары тұтынушының меншігінде болған жағдайда табиғи монополия субъектісі өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) табиғи монополия субъектісінің тариф (баға, алым ставкасы) бойынша көзделген есептеу құралдарының амортизациялық аударымдарының және олардың табыстарының мөлшеріне уақытша төмендету коэффициентінің тарифін қолданып жүзеге асырады.

      18. Табиғатты қорғау шығыстары, табиғат ресурстарын пайдалануға төлем Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ставкаларға, тәртіпке және талапқа сәйкес анықталады.

      19. Заңнамада белгіленген тәртіпте келісілген және бекітілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшін заемдық қаражат сыйақысын төлеу шығыстары кезең шығыстарында ескеріледі.
      Бұл жағдайда заемдық ресурстарды қаржыландыру және қайтару шарты тендерлік (конкурстық) негізде не заемдық ресурстарды бұдан да экономикалық пайдалы алған жағдайда - уәкілетті органның келісімімен бір көзден, соның ішінде бағалы қағаздарды шығару, несие тарту есебінен алуы мүмкін.
      Инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде алынған заемдық қаражаттар бойынша сыйақының (кредиттер, комиссиялық төлемдер үшін пайыздар) көлемін өзгертуге құзыретті органның келісімі бойынша жол беріледі.
      Инвестициялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған заемдық қаражаттар бойынша сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2 есе ресми ставкасын қолдана отырып есептелген сома шегінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу кезінде ескеріледі.
      Инвестициялық жобаны іске асыру үшін шетел валютасында алынған заемдық қаражаттар бойынша сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстар Қазақстан Республикасының Лондон банкаралық рыногының 4 есе ставкасын қолдана отырып есептелген сома шегінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу кезінде ескеріледі.
      Шетел валютасында алынған заемдық қаражаттар үшін сыйақы Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарының негізгі көрсеткіштерінің және Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштерінің негізінде шетел валютасына теңге бағамының болжамды өзгеруін ескере отырып, тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігі кезеңіндегі шығыстарда ескеріледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасы мен Лондон банк аралық рыногының ставкасы табиғи монополия субъектісінің тарифін (бағасын, алым ставкасын) бекіту жөніндегі шешім қабылдаған күніне қолданылады.

      20. Кезең шығыстарында ескерілетін сақтандыру, салық, алымдар мен төлемдердің міндетті түрлеріне жұмсалған шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ставкаларға, төлем тәртібі мен шарттарына сәйкес айқындалады.

      21. Уәкілетті органның бастамасы бойынша тарифті (бағаны, алым ставкасын), жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарды бекіткен жағдайда, уәкілетті орган алдағы тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) өзгерту кезеңі үшін тұтынушылар бағаларының индексін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алым ставкаларында) қабылданған шығыстар шегінде тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) енгізуге құқылы.

      22. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектілерінің әкімшілік шығынының нақты құрамына жүргізілген қаржылық сараптаманың нәтижелері бойынша, не қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) іске асыру көлемдерін кеміткен және табиғи монополия субъектілерінің қызмет тиімділігін кеміткен (көрсетілген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бірлігінің өзіндік құнын арттыру, көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін кеміту, кредиторлық және дебиторлық берешектерді арттыру) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізілетін жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстар сомасының өзгеруі туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Жалпы шаруашылық және әкімшілік шығыстарды тұтынушылардың баға индексінен жоғары арттыру, сондай-ақ оларға әкімшілік басқару жүйесі мен қаражаттарын құру және жетілдіру жөніндегі шығыстарды енгізуге уәкілетті органның келісімімен ғана көрсетілген мақсаттарға қаражат салудан алынған экономикалық тиімділік есебін ұсынғаннан кейін жол беріледі.

      23. Әкімшілік персоналының өкілеттік, іссапарлық шығыстары, байланыстың қымбат түрлеріне, мерзімдік баспасөзге, қызметтік автокөлікті ұстауға, ақпараттық, консультациялық және маркетингілік қызметтерге жұмсалған шығыстар уәкілетті органның келісімі бойынша табиғи монополия субъектісі белгілеген лимиттер шегінде тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) енгізіледі.
      Өндірістік қажеттілікке байланысты әкімшілік персоналының біліктілігін арттыруға жұмсалған шығын деңгейі уәкілетті органның алдын-ала келісімі бойынша тарифтің (бағаның, алым ставкасының) есебіне енгізіледі.

      24. Табиғи монополия субъектісі мынадай қызметтерді ұсынған жағдайда:
      электр энергиясын аймақтық және (немесе) жергілікті деңгейдегі желілері арқылы беру және (немесе) бөлу жөнінде;
      жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу жөнінде;
      табиғи газды бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде;
      су шаруашылығы және (немесе) арналық жүйелерді;
      тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігінде уәкілетті органмен келісілген нормативтен тыс ысырапты кемітуге бағытталған инвестициялық бағдарлама (жоба) болған жағдайда, тауарды (қызметті) өткізу көлемінен 0,8 пайыз мөлшерінде нормативтен тыс ысырап құны ескеріледі.

      25. Уәкілетті орган тарифте (бағада, алым ставкасында) ескерілетін шығын түрлері бойынша шығыстардың деңгейіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптау жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар тартуға және тәуелсіз сарапшылардың ұсынған қорытындылардың негізінде шығыстарға түзету жүргізуге құқылы.

  3. Табиғи монополия субъектілерінің инвестициясы

      26. Инвестиция табиғи монополия субъектілерінің өзінің және (немесе) заемдық қаражаттардың есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпорынның өзінің қаражатының көздері пайда (таза табыс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.
      Заемдық қаражаттарды қайтару пайданың және (немесе) амортизациялық аударымдардың есебінен жүзеге асырылады.

      27. Акцияларды (үлестерді) сатып алу, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің коммерциялық ұйымдарға қатысуының өзге де нысаны уәкілетті органның келісімі бойынша табиғи монополия субъектісінің таза табысының (нақты пайдасының) есебінен жүзеге асырылады.

  4. Табиғи монополия субъектілерінің тарифтерін (бағаларын, алым ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстардың тізбесі

      28. Табиғи монополия субъектілерінің тарифтерін (бағаларын, алым ставкаларын) қалыптастырған және бекіткен кезде тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігінде мынадай шығыстар ескерілмейді:
      нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысырапқа, тауар-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлінуі мен жетіспеушілігіне жұмсалған шығыстар, 24-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;
      қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсеткен, ұсынған кезде пайдаланылмайтын негізгі қаражаттардың амортизациялық аударымдары;
      лизинг бойынша сенімді басқаруға, мүлікті жалға алынған негізгі құралдарды (жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардан басқа) пайдалану үшін сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстар;
      былғағыш заттардың нормативтен тыс тасталындысы (лақтырындысы) үшін төлемдер;
      сот шығындары;
      сенімсіз қарыздар;
      шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыз төлемдер мен санкциялардың басқа түрлері;
      табысты қысқартқаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
      талан-тараждан келген залалдар;
      ақаудан болған ысырап;
      қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтарды (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т.б.) ұстау жөніндегі шығыстар;
      денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындарына, кәсіптік-техникалық училищелер объектілерін, құзыретті органмен келісілген технологиялық қажеттіліктен басқа, ұстауға жұмсалған шығыстар:
      сауықтыру лагерлерін, мәдени және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстауға жұмсалған шығыстар;
      мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт іс-шараларын (демалыс кештерін, спектакльдер мен концерттер өткізу) өткізуге жұмсалған шығыстар;
      кәсіпорындардың қызметкерлеріне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығын жүргізуге берілген несиелерді (пайыссыздарын қоса) өтеуге жұмсалған шығыстар;
      бақшалық серіктестіктерді (оның ішінде жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа шығыстарды жүзеге асыру) абаттандыру жөніндегі шығыстар;
      лекциялар, көрмелер, пікірсайыстар, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге және ұйымдастыруға, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардағы мүшелік жарнамаларға жұмсалған шығыстар;
      бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар жөніндегі, жарнамалық, плакаттық және баспаханалық өнімдер шығару жөніндегі шығыстар, өндірістік мақсаттарға пайдаланылатын өнімдерден басқа;
      пәтерлер, тұрғын үй ғимараттарын және үй-жайлар, табиғи монополия субъектісінің персоналы үшін жатақханадан және қонақ үйлерден орындар сатып алуға, жалдауға және ұстауға жұмсалған шығыстар;
      қаланы көріктендіру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды және осы тәріздес басқа жұмыстарды орындауға жұмсалған шығыстар;
      білім ұйымдарында оқитын қызметкерлердің еңбек демалыстарына ақы төлеуге жұмсалған шығыстар;
      жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беруге және сыйақының басқа нысандарына жұмсалған шығыстар;
      қызметкерлерге және олардың балаларына емделуге, демалуға және саяхатқа шығуға жолдамаларға табиғи монополия субъектісі қаражаттарының есебінен, кәсіби ауруларды оңалту еміне байланысты шығындардан басқа, ақы төлеу жөніндегі шығыстар;
      денсаулық сақтау органдарымен өз қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуге жасалған шарттар бойынша емхана қызметкерлеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстар;
      сақтандыру төлемдері (кәсіпорындармен өз қызметкерлерінің пайдасына жасалған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлеген жарналар);
      қызметкерлерге, оның ішінде балалар тәрбиелейтін әйелдерге қосымша берілетін демалыстарға (заңда көзделгеннен тыс), қызметкердің отбасы мүшелеріне демалысты өткізетін жеріне және қайтар жолына жолақы төлеу, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлеу жөніндегі шығыстар;
      демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге жұмсалған шығыстар;
      табиғи монополия субъектісінің қызметкерлеріне (қызметкерлерге тамақты тегін немесе төмендетілген баға бойынша беру, сауықтыру, секцияларда, клубтарда шұғылданатын, протез салатын және т.б. топтардағы абонементтерге ақы төлеу) заңнамада көзделгеннен басқа жеңілдіктер;
      мерей тойлық күндерге сыйлықтар немесе қызметкерлерге ынталандыру түрінде берілген (автокөлік, пәтерлер, ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар мен басқа тауарлар, сондай-ақ қызметкерлердің бет есептерінің пайыздық ставкаларын арттыру) сатып алу жұмсалған шығыстар;
      мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі, санаторилердегі және сауықтыру лагерлеріндегі балалар тамақтарының құнын өтеуге жұмсалған шығыстар;
      ұжымдық шарт айқындаған мақсаттар үшін кәсіподақтарға аударым жасау шығыстары;
      өндірістің өнертапқыштықпен және рационализаторлықпен: тәжірибе-эксперименттік жұмыстарды өткізуге, өнертапқыштық пен рационализаторлық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгілерді жасауға және сынауға, өнертапқыштық пен рационализаторлық бойынша көрмелер, байқаулар, конкурстар мен басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақылар төлеуге және т.б байланысты шығыстар;
      өндіріске және қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуге тікелей қатысы жоқ және тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) өсуіне алып келетін шығыстардың басқа да түрлері.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 142-НҚ  Бұйрығымен.

  5. Табиғи монополия субъектілерінің тарифтеріне (бағасына, алым ставкасына) енгізілетін пайданы шектеу

      29. Су шаруашылығы және (немесе) арналық жүйе қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері мен энергетикалық секторының табиғи монополия субъектілеріне арналған тарифтің (бағаның, алым ставкасының) есебіне іске қосылған активтердің реттелетін базасының шамасына пайда ставкасын жүргізу ретінде айқындалған пайданың (таза табыстың) деңгейі енгізілетін. Пайданың ставкасы мен іске қосылған активтердің реттелетін базасы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.
      Көлік және телекоммуникациялық сектор қызметін көрсетуші табиғи монополия субъектілері үшін пайданың (таза табыстың) деңгейі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға қажетті қаражаттардың мөлшеріне сүйене отырып, пайданың есебінен жүзеге асырылатын және уәкілетті органмен келісілген қажетті және экономикалық жағынан негізделген шығындардың шегінде амортизациялық аударымдарды ескере отырып, айқындалады.

  6. Ерекше тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік

      30. Ерекше тәртіпті бұзуға жол берген табиғи монополия субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.