Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2438

Жаңартылған

       Ескерту. Бұйрықтың атауына өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 142-НҚ , 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 бабының  2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       Ескерту. Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.02.17 N 48-НҚ бұйрығымен.
      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 142-НҚ , 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
      1) оны белгiленген тәртiпте ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      1) "Табиғи монополия субъектiлерінiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) өндiруге және ұсынуға бағалар (тарифтер) есептеу кезiнде ескерiлетiн шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі комитетiнiң 1998 жылғы 15 тамыздағы N 03-2-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1998 жылғы 5 қарашада N 634 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде 1999 жылы N 3 жарияланған);
      2) "1998 жылғы 15 тамыздағы N 03-2-НҚ бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 17 мамырдағы N 28-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 2 маусымда N 786 тiркелген);
      3) "Коммуналдық қызметтердi есептеу құралдарын орнатуды қаржыландыру механизмi туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 73-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 27 қыркүйекте N 952 тiркелген).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Ж.Ж.Ертiлесоваға жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төрағаның міндетін атқарушы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының Еңбек және
      халықты әлеуметтік қорғау министрі

      2003 жылғы 30 шілде

Қазақстан Республикасының    
      Табиғи монополияларды реттеу  
      және бәсекелестікті қорғау   
жөніндегі агенттігі төрағасының
2003 жылғы 30 шілдедегі     
N 185 НҚ бұйрығымен       
бекітілген           

  Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар,
алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды
қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы ереже

      Ескерту. Ереженің атауына өзгертулер енгізілді;
      барлық мәтін бойынша "индикативтік" деген сөз "орташа мерзімді" деген сөздермен ауыстырылды;
      барлық мәтіні бойынша "қызметтері (тауарлары, жұмыстары)", "қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)", "қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын)", "қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының)" деген сөздер тиісінше "реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары)", "реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)", "реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын)", "реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының)" деген сөздермен ауыстырылды
      барлық мәтiн бойынша "тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту", "тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын) қалыптастырған және бекiткен", "тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiту", "тарифiн (бағасын, алым ставкасын) бекiту", "тарифтi (бағаны, алым ставкасын), жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстарды бекiткен" деген сөздер тиiсiнше "тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту", "тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын) және тарифтiк сметаларын қалыптастырған және бекiткен", "тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметалар бекiту", "тарифiн (бағасын, алым ставкасын) және тарифтiк сметасын бекiту", "тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметаны, жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстарды бекiткен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 142-НҚ , 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) және тарифтiк сметалар және тарифтiк сметалар бекiту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы осы ереже (бұдан әрі - Ерекше тәртіп) Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006.03.17 N 78-НҚ ,  2009.02.17 N 48-НҚ Бұйрықтарымен.

      2. Ерекше тәртіп мынадай ережелерді қамтиды:
      1) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізілетін шығындарды реттеу;
      2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптар шегінде табиғи монополия субъектісінің шығыстар баптарын шектеу;
      3) тарифті (бағаны, алым ставкасын) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесін белгілеу;
      4) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізілетін пайдаларды шектеу;
      5) негізгі құралдардың тозуын есептеудің қолданылатын әдістерін келісу;
      6) табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген негізгі құралдарды қайта бағалау мен амортизациялық аударым құралдарын пайдалану бағыттарын келісу.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ , 2006 жылғы 14 тамыздағы N 203-НҚ бұйрықтарымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз).

      3. Ерекше тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігі - тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметалар бекiту кезінде ескерілетін табиғи монополия субъектісінің қызмет (жұмыс) көрсетуге байланысты шығындардың жиынтығы. Осы шығындар қызметтің (тауардың, жұмыстың) өзіндік құнынан және кезең шығыстарынан (жалпы және әкімшілік шығыстар, іске асыру жөніндегі шығыстар, сыйақы төлеу жөніндегі шығыстар) тұрады;
      тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін шығын түрлерін шектеу - тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметалар бекiту кезінде ескерілмейтін шығындар тізбесін белгілеу;
      шығыстар деңгейін шектеу - шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларының, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптар мен лимиттердің негізінде ескерілетін тарифте (бағада, алым ставкасында) шығындар деңгейінің шегін белгілеу;
      шығыстар - уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуден алынған табысы есебінен олар жүзеге асыратын табиғи монополия субъектісінің шығындары;
      табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы және уәкілетті орган мемлекеттік реттеуге жатқызған, белгілі бір тауарды тұтынушыға қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрінде беру жағдайын қоса, табиғи монополия субъектісі ұсынатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      құзыреттi орган - салалық министрлiк және (немесе) ведомство, ал су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - жергiлiктi атқарушы органдар;
      уәкілетті орган - табиғи монополияр салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005.04.21 N 142-НҚ , 2006.03.17 N 78-НҚ , 2006.08.14 N 203-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз), 2009.02.17 N 48-НҚ Бұйрықтарымен.

      4. Ерекше тәртіп реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынатын табиғи монополия субъектілеріне қолданылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 142-НҚ Бұйрығымен.

      5. Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастыру реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша табыстарды, шығындар мен тартылған активтерді есепке алу негізінде жүргізіледі.
      Шығындар реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастырған кезде осы Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып, енгізіледі. Шығындардың баптарын қалыптастыру бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес келуі тиіс.
      Есеп саясаты табиғи монополия субъектісі уәкілетті органмен келіскеннен кейін тігін қабылдайды.
      Ескерту. 5-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 142-НҚ Бұйрығымен.

2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының,
жұмыстарының) тарифіне (бағасына, алым ставкасына)
енгізілетін шығындарды реттеу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 142-НҚ Бұйрығымен.

      6. Табиғи монополия субъектісінің тарифіне (бағасына, алым ставкасына) енгізілетін шығындарды реттеу тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін шығын түрлерін шектеу және табиғи монополия субъектісінің шығыс деңгейін шектеу жолымен жүзеге асырылады.

      7. Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгiне енгiзiлетiн материалдық шығыстар өнiмнiң (қызметтердiң, тауарлардың, жұмыстардың) бiрлiгiн шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларына (бұдан әрi - материалдық ресурстар) және (немесе) уәкілетті органның ол белгілеген тәртіппен бекітілген материалдық ресурстардың нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тендерлiк (конкурстық) сатып алулардың нәтижелерi бойынша анықталған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып айқындалады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ , 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 203-НҚ бұйрықтарымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз).

      7-1. Шығыстарға бағытталған, тарифтің шығын бөлігінде ескерілмеген субсидияларды қоспағанда, табиғи монополия субъектісіне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлiнетiн демеуқаржы тарифтiң шығын бөлiгін азайтуда ескерiледi.
      Сонымен бiрге, табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тоқсан сайын демеуқаржыны пайдалану туралы есеп беруге мiндетті.
      Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003.11.14 N 270-НҚ , өзгерту енгзілді - 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрықтарымен .

      8. Аудиторлық, консалтингілік, маркетингілік қызметтер мен мердігерлік тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, бөгде ұйымдар жүзеге асыратын, сатып алатын өндірістік сипаттағы басқа қызметтерге жұмсалған шығыстар тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізіледі.

      9. <*>
      Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығымен.

      10. <*>
      Ескерту. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Б ұйрығымен.

      11. Уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық ысыраптарға байланысты шығыстар тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізіледі.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Б ұйрығымен.

      12. Табиғи монополия субъектiсiнiң негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу және басқа жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына арналған қаражаттары уәкілетті органмен келісілген шығындардың жылдық сметасына сүйене отырып, тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізіледі.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006.03.17 N 78-НҚ 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрықтарымен .

      13. Субъекті қызметкерлерінің еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе жергілікті атқару органымен келісім бойынша құзыретті орган бекітеді.
      Шығындарға енгізілетін өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарында көзделген тұтынушылар бағасы индексінің болжамды өзгеруі есебімен қолданыстағы тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қабылданған орташа айлық жалақыны жоғарылатпайтын және нақты санына сүйене отырып анықталады.
      Шығындарға енгізілетін әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын жоғарылатпайтын нақты санына сүйене отырып анықталады.
      Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа табиғи монополия субъектілері басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің және әкімшілік персоналдардың басқа қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары бойынша шығындарға енгізілетін әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары штат кестесіне сәйкес табиғи монополия субъектісінің лауазымдық жалақысының 15 еседен аспайтын ең жоғарғы және ең төменгі деңгейінің арасындағы ара қатынасы негізінде шектеледі.
      Еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайларына қосымша ақы (өтемақы), үстемақы төлеумен байланысты шығыстар Ерекше тәртіптің 28-тармағында көрсетілген шығыстардан басқа, тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастырған кезде ескеріледі.
      Тарифтің шығындық бөлігіне енгізілмейтін сыйақыны және жалақыға басқа да сыйақының түрлерін табиғи монополия субъектісі (мемлекеттік кәсіпорындардан басқа) таза табыс есебінен (нақты пайда) жүргізуге құқылы.
      Уәкілетті орган осындай немесе ұқсас қызмет түрімен айналысатын табиғи монополия субъектілерінің жалақыларына жұмсалатын шығындарды салыстырып талдау негізінде, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемі қысқарған жағдайда тарифке (бағаға, алымдар ставкаларына) енгізілетін әкімшілік және (немесе) өндірістік персоналдардың еңбегіне ақы төлеу шығыстарын төмендету және жоғарылатудан бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006.03.17 N 78-НҚ , 2006.08.14 N 203-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрықтарымен .

      14. Тік жолды (бір қалыпты) есептеу тәсілі бойынша есептелген негізгі құралдардың және материалды емес активтердің амортизациялық аударымдары тарифтің шығындық бөлігіне енгізіледі.
      Негізгі құралдардың және материалды емес активтердің тозуын тік жолды (бір қалыпты) есептеу тәсілін қолдану уәкілетті органның келісімін талап етпейді.
      Амортизацияны есептеудің өзге тәсілдерімен амортизацияны қолдану және есептеу белгіленген тәртіпте Уәкілетті органмен келісіледі.

      15. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізуін келіседі.
      Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісі негізгі құралдарына қайта бағалау жүргізгеннен кейін тарифті (бағаны, алым ставкасын) амортизациялық аударымдарды көбейтудің шығын бөлігіне енгізуге құқылы.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005.04.21 N 142-НҚ Бұйрығымен, өзгерту енгізілді - 2008.11.14 N 349-НҚ Б ұйрығымен

      16. Амортизациялық аударымдар негізгі құралдар құнының артуына әкелетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталады.

      17. <*>
      Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Б ұйрығымен.

      18. Табиғатты қорғау шығыстары, табиғат ресурстарын пайдалануға төлем Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ставкаларға, тәртіпке және талапқа сәйкес анықталады.

      19. Заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшін заемдық қаражат сыйақысын төлеу шығыстары кезең шығыстарында ескеріледі.
      Инвестициялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған заемдық қаражаттар бойынша сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2 есе ресми ставкасын қолдана отырып есептелген сома шегінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу кезінде ескеріледі.
      Инвестициялық жобаны іске асыру үшін шетел валютасында алынған заемдық қаражаттар бойынша сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстар Қазақстан Республикасының Лондон банкаралық рыногының 4 есе ставкасын қолдана отырып есептелген сома шегінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу кезінде ескеріледі.
      Шетел валютасында алынған заемдық қаражаттар үшін сыйақы Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарының негізгі көрсеткіштерінің және Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштерінің негізінде шетел валютасына теңге бағамының болжамды өзгеруін ескере отырып, тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігі кезеңіндегі шығыстарда ескеріледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасы мен Лондон банк аралық рыногының ставкасы табиғи монополия субъектісінің тарифiн (бағасын, алым ставкасын) және тарифтiк сметасын бекiту жөніндегі шешім қабылдаған күніне қолданылады.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрығымен .

      20. Кезең шығыстарында ескерілетін сақтандыру, салық, алымдар мен төлемдердің міндетті түрлеріне жұмсалған шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ставкаларға, төлем тәртібі мен шарттарына сәйкес айқындалады.

      21. Уәкілетті органның бастамасы бойынша тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметаны, жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстарды бекiткен жағдайда, уәкілетті орган алдағы тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) өзгерту кезеңі үшін тұтынушылар бағаларының индексін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алым ставкаларында) қабылданған шығыстар шегінде тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) енгізуге құқылы.

      22. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектілерінің қызметіне жүргізілген қаржылық сараптаманың нәтижелері бойынша, не табиғи монополия субъектілерінің қызмет тиімділігін кеміткен (көрсетілген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бірлігінің өзіндік құнын арттыру, көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін кеміту, кредиторлық және дебиторлық берешектерді арттыру) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізілетін жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстар сомасының өзгеруі туралы шешім қабылдауға құқылы.
       Кезең шығыстарына әкімшілік басқару жүйесі мен қаражаттарын құру және жетілдіру жөніндегі шығыстарды енгізуге уәкілетті органның келісімімен ғана көрсетілген мақсаттарға қаражат салудан алынған экономикалық тиімділік есебін ұсынғаннан кейін жол беріледі.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрығымен .

      23. Әкімшілік персоналының өкілеттік, іссапарлық шығыстары және байланыс қызметінің шығыстары, мерзімдік баспасөзге, қызметтік автокөлікті ұстауға, ақпараттық, консультациялық және маркетингілік қызметтерге жұмсалған шығыстар уәкілетті органның келісімі бойынша табиғи монополия субъектісі белгілеген лимиттер шегінде тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) енгізіледі.
      Өндірістік қажеттілікке байланысты әкімшілік персоналының біліктілігін арттыруға жұмсалған шығын деңгейі уәкілетті органның алдын-ала келісімі бойынша тарифтің (бағаның, алым ставкасының) есебіне енгізіледі.
       Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрығымен .

      24. Табиғи монополия субъектісі мынадай қызметтерді ұсынған жағдайда:
      электр энергиясын аймақтық және (немесе) жергілікті деңгейдегі желілері арқылы беру және (немесе) бөлу жөнінде;
      жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу жөнінде;
      табиғи газды бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде;
      су шаруашылығы және (немесе) арналық жүйелерді;
      тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігінде уәкілетті органмен келісілген нормативтен тыс ысырапты кемітуге бағытталған инвестициялық бағдарлама (жоба) болған жағдайда, тауарды (қызметті) өткізу көлемінен 0,8 пайыз мөлшерінде нормативтен тыс ысырап құны ескеріледі.

      25. Уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алым ставкасының) жобаларына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартады және жүргізілген сараптама негізінде түзету жүргізеді.
       Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрығымен

3. Табиғи монополия субъектілерінің инвестициясы

      26. Инвестиция табиғи монополия субъектілерінің өзінің және (немесе) заемдық қаражаттардың есебінен жүзеге асырылады. Өзінің қаражатының көздері пайда (таза табыс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.
      Заемдық қаражаттарды қайтару пайданың және (немесе) амортизациялық аударымдардың есебінен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрығымен

      27. <*>
      Ескерту. 27-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008.11.14 N 349-НҚ Б ұйрығымен.

4. Табиғи монополия субъектілерінің тарифтерін
(бағаларын, алым ставкаларын) қалыптастыру кезінде
ескерілмейтін шығыстардың тізбесі

      28. Табиғи монополия субъектілерінің тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын) және тарифтiк сметаларын қалыптастырған және бекiткен кезде тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігінде мынадай шығыстар ескерілмейді:
      нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысырапқа, тауар-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлінуі мен жетіспеушілігіне жұмсалған шығыстар, 24-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;
      қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсеткен, ұсынған кезде пайдаланылмайтын негізгі қаражаттардың амортизациялық аударымдары;
      лизинг бойынша сенімді басқаруға, мүлікті жалға алынған негізгі құралдарды (жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардан басқа) пайдалану үшін жалдау төлеміне жұмсалған шығыстар;
      былғағыш заттардың нормативтен тыс тасталындысы (лақтырындысы) үшін төлемдер;
      сот шығындары;
      сенімсіз қарыздар;
      шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыз төлемдер мен санкциялардың басқа түрлері;
      табысты қысқартқаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
      талан-тараждан келген залалдар;
      ақаудан болған ысырап;
      қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтарды (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т.б.) ұстау жөніндегі шығыстар;
      денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындарына, кәсіптік-техникалық училищелер объектілерін, құзыретті органмен келісілген технологиялық қажеттіліктен басқа, ұстауға жұмсалған шығыстар:
      сауықтыру лагерлерін, мәдени және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстауға жұмсалған шығыстар;
      мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт іс-шараларын (демалыс кештерін, спектакльдер мен концерттер өткізу) өткізуге жұмсалған шығыстар;
      кәсіпорындардың қызметкерлеріне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығын жүргізуге берілген несиелерді (пайыссыздарын қоса) өтеуге жұмсалған шығыстар;
      бақшалық серіктестіктерді (оның ішінде жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа шығыстарды жүзеге асыру) абаттандыру жөніндегі шығыстар;
      лекциялар, көрмелер, пікірсайыстар, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге және ұйымдастыруға, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардағы мүшелік жарнамаларға жұмсалған шығыстар;
      бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар жөніндегі, жарнамалық, плакаттық және баспаханалық өнімдер шығару жөніндегі шығыстар, өндірістік мақсаттарға пайдаланылатын өнімдерден басқа;
      пәтерлер, тұрғын үй ғимараттарын және үй-жайлар, табиғи монополия субъектісінің персоналы үшін жатақханадан және қонақ үйлерден орындар сатып алуға, жалдауға және ұстауға жұмсалған шығыстар;
      қаланы көріктендіру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды және осы тәріздес басқа жұмыстарды орындауға жұмсалған шығыстар;
      білім ұйымдарында оқитын қызметкерлердің еңбек демалыстарына ақы төлеуге жұмсалған шығыстар;
      жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беруге және сыйақының басқа нысандарына жұмсалған шығыстар;
      қызметкерлерге және олардың балаларына емделуге, демалуға және саяхатқа шығуға жолдамаларға табиғи монополия субъектісі қаражаттарының есебінен, кәсіби ауруларды оңалту еміне байланысты шығындардан басқа, ақы төлеу жөніндегі шығыстар;
      денсаулық сақтау органдарымен өз қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуге жасалған шарттар бойынша емхана қызметкерлеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстар;
      сақтандыру төлемдері (кәсіпорындармен өз қызметкерлерінің пайдасына жасалған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлеген жарналар);
      қызметкерлерге, оның ішінде балалар тәрбиелейтін әйелдерге қосымша берілетін демалыстарға (заңда көзделгеннен тыс), қызметкердің отбасы мүшелеріне демалысты өткізетін жеріне және қайтар жолына жолақы төлеу, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлеу жөніндегі шығыстар;
      демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге жұмсалған шығыстар;
      табиғи монополия субъектісінің қызметкерлеріне (қызметкерлерге тамақты тегін немесе төмендетілген баға бойынша беру, сауықтыру, секцияларда, клубтарда шұғылданатын, протез салатын және т.б. топтардағы абонементтерге ақы төлеу) заңнамада көзделгеннен басқа жеңілдіктер;
      мерей тойлық күндерге сыйлықтар немесе қызметкерлерге ынталандыру түрінде берілген (автокөлік, пәтерлер, ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар мен басқа тауарлар, сондай-ақ қызметкерлердің бет есептерінің пайыздық ставкаларын арттыру) сатып алу жұмсалған шығыстар;
      мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі, санаторилердегі және сауықтыру лагерлеріндегі балалар тамақтарының құнын өтеуге жұмсалған шығыстар;
      ұжымдық шарт айқындаған мақсаттар үшін кәсіподақтарға аударым жасау шығыстары;
      өндірістің өнертапқыштықпен және рационализаторлықпен: тәжірибе-эксперименттік жұмыстарды өткізуге, өнертапқыштық пен рационализаторлық ұсыныстар (реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынған кезде қолданылатын жұмыстарды қоспағанда) бойынша модельдер мен үлгілерді жасауға және сынауға, өнертапқыштық пен рационализаторлық бойынша көрмелер, байқаулар, конкурстар мен басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақылар төлеуге және т.б байланысты шығыстар;
      өндіріске және қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуге тікелей қатысы жоқ және тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) өсуіне алып келетін шығыстардың басқа да түрлері.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005.04.21 N 142-НҚ , 2006.06.16 N 156-НҚ , 2008.11.14 N 349-НҚ Бұйрықтарымен.

5. Табиғи монополия субъектілерінің тарифтеріне
(бағасына, алым ставкасына) енгізілетін
пайданы шектеу

      29. Табиғи монополиялар субъектiлерi тарифiнiң (бағасының, алым ставкасының) есебiне қолданысқа енгiзiлген активтердiң реттелетiн базасының шамасына пайда ставкасының туындысы ретiнде анықталатын пайданың (таза табыстың) деңгейi енгiзiледi. Пайда ставкасы және қолданысқа енгiзiлген активтердiң реттелетiн базасы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен айқындалады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығымен.

6. Ерекше тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік

      30. Ерекше тәртіпті бұзуға жол берген табиғи монополия субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.