Берілген бір жолғы талондардың сомаларын бюджетке есепке алу тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2003 жылғы 16 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2273

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгіндe 2001 жылғы 30 қарашада N 1685 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 бұйрығымен  бекітілген бір жолғы талондарды беру Ережесіне сәйкес бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiр жолғы талондар берудi жүзеге асырушы уәкiлеттi органдар бiр жолғы талондар беруден қабылдаған сомаларды олар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнің банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкілерге, олардың филиалдары және есептік - касса бөлімдері немесе ұйымдарға ақша қабылдау жүргізген келесі банкі күнінен кешіктірмей бюджетке есептеу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күнделікті түсуі 10 айлық есептік көрсеткіштен кем болған жағдайда, онда тапсыру үш банкі күнінде бір рет тапсырылады.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті (С.Қанатов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жіберсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі