Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 38-н бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2262. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 559 Бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009.12.29 № 559 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын белгілеуді тәртіпке келтіру мақсатында  бұйырамын :
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесі бекітілсін.
     2. Байланыс және халықаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат басқармасы (Клюева Т.К.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге тапсырсын.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары А.Қ.Жұмағалиевқа жүктелсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

     Төраға

Қазақстан Республикасы Көлік    
және коммуникациялар министрлігі  
Байланыс және ақпараттандыру    
жөніндегі комитет төрағасының   
2003 жылғы 28 наурыздағы    
N 38-н бұйрығымен         
бекітілген             

  Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін
нөмірлеудің ресурстарын бөлу және пайдалану ережесі

  1. Жалпы ережелер

     1. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеудің ресурстарын бөлу және пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес және дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағына кіретін Қазақстан Республикасының өзара байланыстырылған телекоммуникациялар желісінің, жалпы пайдаланымдағы құрлықтық жылжымалы радиотелефон байланысының, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық телефон байланысы қызметін көрсететін байланыстың бөлінген желілерінің барлық операторлары үшін Қазақстан Республикасының нөмірлер ресурсын тағайындау тәртібін анықтайды.

     2. Нөмірлеу ресурсын бөлу және пайдалану жөніндегі мемлекеттік басқару мынадай мақсаттар үшін жүзеге асырылады:
     1) пайдаланушылардың оларға жеке телефон нөмірін бөлу жөніндегі талаптарын қанағаттандыру;
     2) байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін ұтымды дамыту;
     3) халықаралық, қалааралық және жергілікті телефон байланысының қызметін ұсынатын операторлар желілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
     4) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желісінде (бұдан әрі - ЖПТЖ) байланыстың жаңа қызмет көрсетулерін енгізу.

     3. Осы Ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:
     1) желінің абоненттік терминалы - абоненттің (пайдаланушының) қарамағындағы және байланыс желісіне қосылған байланыстың соңғы аппаратурасы;
     2) нөмірлеудің географиялық аймағы - ЖПТЖ-да ұйымдастырылған және белгілі бір географиялық аумақпен байланысқан нөмірлеу аймағы;
     3)  алынып тасталды ;
     4) нөмірлеу аймағы - "АВС" немесе "DEF" коды белгілеген, көптеген нөмірлермен шектелген, тағайындалған телекоммуникациялар  желісі, телекоммуникациялар желісінің бөлігі не қызмет көрсетулеріне;
     5) аймақтық нөмір - нөмірлеу аймағындағы абонент нөмірі;
     6) интеллектуалдық байланыс желісі (бұдан әрі - БИЖ) - оның көмегімен автоматты немесе жартылай автоматты режимде телефонмен кез келген ақпарат ұсынуға болатын немесе жедел жиын ұйымдастыруға болатын, сондай-ақ абоненттерді басқа қосымша байланыс қызмет көрсетулерімен қамтамасыз етуге болатын электр байланыс желісі;
     7) "ab" коды - сыйымдылығы жүз мың нөмірге дейінгі нөмірлеу аймағы бөлігінің сәйкестігін анықтайтын екі таңбалы код;
     8) "АВС" коды - телекоммуникациялар желісін немесе оның бөлігінің сәйкестігін анықтайтын, нөмірлеудің географиялық аймағының коды;
     9) "DEF" коды - нөмірлеудің географиялық емес аймағының коды немесе БИЖ қызмет көрсетулерін сәйкестендірілімдік коды;
     10) БИЖ операторының коды - БИЖ операторының сәйкестігін анықтайтын, БИЖ Х1Х2Х3 қызметі абоненті нөмірінің бөлігі;
     11) корпоративті байланыс желісі - заңды тұлғалардың басқарушылық және өндірісішілік мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған байланыс желілері;
     12) БИЖ қызметінің абоненттік логикалық нөмірі - БИЖ қызметі абонентінің сәйкестігін тікелей анықтайтын, БИЖ Х4Х5...ХN қызметі абоненті нөмірінің бөлігі;
     13) нөмірлеудің географиялық емес аймағы - белгілі бір географиялық аумақпен байланыспаған, телекоммуникациялар желісінде ұйымдастырылған нөмірлеу аймағы;
     14) желі абонентінің нөмірі - нөмірлеу аумағының желісіндегі жылжымалы немесе стационарлық терминалдың қосылу нүктесін бір мағналы анықтайтын ондық сандардың тізбесі;
     15) нөмірлеу жоспары - жоспарда қолданылатын нөмірлеудің форматы мен құрылымы. Нөмірлеу жоспарына шақыруды жүзеге асыруға қажет префикс пен қосымша мәліметті қажет етпейді;
     16) нөмірлеу ресурсын алушы - байланыс операторы немесе Қазақстан Республикасының өзара байланыстырылған телекоммуникациялар желісінің құрамына кіретін ведомстволық, корпоративті және өзге де желісінің иесі, ЖПТЖ-ға қосылатын автоматты телефон станциясының иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
     17) нөмірлеу ресурсы - телефон байланысының қызмет көрсетулерін қамтамасыз етуге арналған нөмірлер жиынтығы;
     18) құжаттамалық электр байланыс қызметі - оптикалықты қоса алғанда, кабелдер бойымен немесе спутниктік және радиорелелік желілер бойымен сигналдар беру арқылы хабарламаларды жеткізуді қамтамасыз ететін электр байланыс қызметі;
     19) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы қызметін реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-п   бұйрығымен .

     4. Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінің нөмірлер ресурсы мыналардан тұрады:
     1) ЖПТЖ нөмірлеудің географиялық аймағының "АВС" кодтары;
     2) құрылықтағы жылжымалы радиотелефон байланысы желілерінің "DEF" кодтары;
     3) Қазақстан Республикасы телекоммуникацияларының корпоративті және өзге де желілерін нөмірлеудің географиялық емес аймақтарының "DEF", "DEFab" кодтары;
     4) БИЖ қызметінің "DEF" кодтары;
     5) құжаттық электр байланыс желілерінің қызметіне және Интернет желісіне қол жеткізудің "DEF" кодтары;
     6) жергілікті желілердің "ab" коды және "abx" индекстері;
     7) арнайы қызмет нөмірлері;
     8) телефон байланысына, түрлі қызметтерге қол жеткізуге және Интернет желісіне енуге арналған абонент нөмірлері.

     5. БИЖ қызмет көрсетулерінің "АВС" кодтары, "DEF" кодтары, арнайы қызмет нөмірлерінің нақты алушылары болмайды және нақты географиялық аймақ аумағында ("АВС" кодтары, арнайы қызметтер нөмірлері) немесе Қазақстан Республикасының барлық аумағында "DEF" кодтары, арнайы қызметтер индекстері) абоненттерге байланыс қызметтерін көрсету жөнінде іс-қимыл жасайтын байланыс операторларының өтініштері бойынша уәкілетті орган белгілейді. 

     6. Телефон нөмірлерінің ресурсы Қазақстан Республикасының ұлттық ресурсының бөлігі ретінде басыбайлы иелікте болып табылады (сатуға, сатып алуға, жалға беруге болмайды, ол кәсіпорынды (операторды) және телекоммуникациялар желілерін қайта ұйымдастырудың немесе таратудың нәтижесінде мирасқорға берілмейді).

     7. Уәкілетті орган таратылған және резервтік "ABC", "DEF", "DEFab", "ab" кодтарының, "abx" индекстерінің бірыңғай тізілімін жүргізеді.

     8. Қазақстан Республикасының нөмірлеу жоспары әрбір нөмірлеу аймағына үш таңбалы "АВС" немесе "DEF" коды белгіленетін аймақтық қағидат бойынша құрылады.

     9. "АВС коды нөмірлеудің географиялық аймағына белгіленуі мүмкін, бұл ретте бір географиялық аймақтың нөмірлер ресурстарын басқа географиялық аймақтың аумағында пайдалануға рұқсат етілмейді. "DEF" коды желі немесе қызмет көрсетулер базасында ұйымдастырылатын нөмірлеудің географиялық емес аймағына белгіленуі мүмкін. 

     10. Телекоммуникациялар желілерінің абоненттерінің ұлттық (мәнді) нөмірі аймақ кодын және аймақ нөмірін қамтиды. Телекоммуникациялар желілерінің әрбір абоненттік терминалына жеке ұлттық нөмір меншіктеледі. Нөмірлеудің географиялық емес аймағына бір абоненттік терминалды шақыру үшін бірнеше нөмірлерді пайдалануға рұқсат етіледі (шақыруларды қайта адрестеу қызмет көрсетулерін пайдалана отырып).

     11. Байланыстың тиісті қызмет түрін көрсетуге Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті белгіленген тәртіппен берген лицензиясы бар байланыс операторы не ведомстволық немесе корпоративтік желінің иесі ғана нөмірлеу ресурсын алушы болуы мүмкін.

  2. Нөмірлеу ресурстарын бөлу өлшемдері

     12. Уәкілетті орган осы Ережеге сәйкес:
     1) желінің дамуы;
     2) байланыс операторының лицензиясының шарттары өзгерген;
     3) байланыс операторлары халықаралық және қалааралық трафикті өткізу тәртібін ұйымдастыру бөлігінде қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия шарттарын бұзған;
     4) ХЭО-Т жаңа ұсыныстары, стандарттау секторы қабылданған жағдайларда қолданылып жүрген нөмірлеудің географиялық аймағының "АВС" кодын немесе нөмірлеудің географиялық емес аймағының "DEF" кодын, байланыстың бөлінген желілерінің "DEF" және "DEFab", "ab" кодтарын, арнайы қызмет нөмірлерін, нақты кодтарды бөлу, айырбастау, алу немесе жабу және дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағы резервіне ауыстыру туралы шешім қабылдайды.

     13. Уәкілетті орган ЖПТЖ абоненттік нөмірлерін, "abх" индекстерін белгілеуді және жоспарлауды, желісі ЖПТЖ-ға қосылған байланыс операторларының лицензиясының шарттары өзгерген жағдайда, оларды әрбір нөмірлеудің географиялық аймағының қолданылып жүрген нөмірлеу жоспарына сәйкес айырбастауды және резервке ауыстыруды жүзеге асырады.
     Телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурсын бөлу өтінімдегі көрсетілген нөмірлеу ресурсының 50% көлемінде бөлінеді. Нөмірлеу ресурсының 50% көлемінде қалған бөлігі нөмірлеу ресурсын алушыға резервленеді және іс-әрекет ету шамасына қарай бөлініп отырады.
      Ескерту: 13-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-п   бұйрығымен 2005 жылғы 31 мамырдағы N 160-ө   бұйрығымен .

     14. Байланыс операторларының қолданыстағы желілерін дамытқан жағдайда уәкілетті орган байланыс операторының тапсырысы бойынша қажетті нөмірлеу ресурстарын қосымша бөлу немесе басқаша өзгерту мүмкіндігін қарайды, бірақ байланыс операторына тиісті телефон байланысы қызмет көрсетулерін ұсынуға берілген лицензияда көрсетілген жоспарлы желі көлемінен артық емес.
     Егер жергілікті телекоммуникациялар желісінің ресурс бөлінетін қолданыстағы нөмірлеу жүйесі оны ұлғайтуға мүмкіндік бермесе, уәкілетті орган осы жергілікті желінің нөмірлеу ресурсын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды, осыдан кейін оператордың өтініші осы Ереженің 19-тармағында белгіленген тәртіппен қайтадан қаралады.
      Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-п   бұйрығымен .

     15. Жаңадан құрылатын желілерге арналған нөмірлеу ресурсы осы Ереженің 19, 20-тармақтарында белгіленген тәртіппен бөлінеді.

     16. Байланыс операторының қолдану шарттарының бірі болып оператор желісінің аймақішілік деңгейдегі ЖПТЖ-ға қосылуы көзделген лицензиясы бар болғанда, "АВС" ресурсынан бос "ab" кодын бөлуді уәкілетті орган жүзеге асырады. Лицензияда көзделген қосып алынатын желінің жоспарланып отырған сыйымдылығы қарастырылып отырған нөмірлеудің географиялық аймағының жергілікті желісінің орташа іске қосылған сыйымдылығынан кем болмауы тиіс, өтінім берілген сәтте іске қосылған сыйымдылық жоспардағының елу пайызынан кем болмауы тиіс.
     Желінің сыйымдылығы бір жарым еседен артқан жағдайда, оған біреуден көбірек "ab" коды бөлінуі мүмкін.

     17. Нөмірлеудің географиялық емес аймағының "DEF" кодтары ЖПТЖ операторларына, тиісті қызмет көрсетулерді ұсынуға уәкілетті орган берген лицензиясы бар болғанда, жалпы пайдаланымдағы жылжымалы радиотелефон байланысының республикалық желілерінің операторларына, ведомстволық және корпоративті желілердің иелеріне мынадай жағдайларда, егер:
     1) оператордың меншікті коммутациялық станциялары желісінің қосынды құрастырылған сыйымдылығы, оны іске қосу дәрежесі елу пайыздан кем болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бір географиялық аймағының жергілікті желісінің орташа сыйымдылығынан кем болмауы тиіс;
     2) алушының желісіне кірістік қалааралық және/немесе халықаралық трафикті жіберу үшін транзиттік тораптарда, ЖПТЖ қалааралық және халықаралық станцияларында кодтарды бағдарламалық тіркеу қалааралық транзиттік торап арқылы қалааралық деңгейде телекоммуникациялар желісінің ЖПТЖ-ға қосылу шарты негізінде жүргізіледі. Қосылуға тек қолданыстағы (жұмыс істеп тұрған) желілерге ғана рұқсат етіледі;
     Жылжымалы радиотелефон байланысының республикалық желілерінің операторларына "DEF" коды желіні құру жөніндегі құрылыс-монтаждық жұмыстарын аяқтау сатысында, қосылу - желіні тәжірибелік пайдалану сатысында бөлінеді.
     Егер өтініш беруші желі учаскелерін (фрагменттерін) бір нөмірлеу кодының астына біріктірген жағдайда өндірістік және басқарушылық қызметтің тиімділігінің едәуір жоғарылайтындығын дәлелдейтін негіздеулер келтіретін болса, ведомстволық немесе корпоративтік желілердің иелеріне "DEF" коды құрастырылған және іске қосылған сыйымдылықтардың аз көлемінде белгіленуі мүмкін. 

     18. Қазақстан Республикасының бөлінген желілері операторларына олардың желілерінің сыйымдылығына байланысты дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағы ресурсының сәйкес бөлігінен келесі кодтар бөлінуі мүмкін:
     1) "DEF" - егер бөлінген желінің жоспарланған сыйымдылығы осы Ереженің 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сыйымдылыққа сәйкес болса;
     2) "DEFab" - қалған жағдайларда. Бөлінген желінің сыйымдылығы лицензияға сәйкес бір жарым еседен артқанда, оған қосымша бірден артық "DEFab" коды бөлінуі мүмкін.
     "DEFab" кодын белгілеу бұрын "DEF" коды белгіленген бөлінген желілердің операторлардың біреуімен келісім бойынша жүргізілуі мүмкін.

  3. Кодтар мен abx индекстерін
белгілеу және алу тәртібі

     19. Байланыс операторының нөмірлеудің географиялық емес аймақта "DEF" (" DEFad") кодын, "ad" кодын "adx" индексін, ИБЖ қызметінің "DEF" кодын алу үшін ведомстволық немесе корпоративтік желілердің, ИБЖ операторының коды иелері уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
     1) өтініш берушінің бланкісінде 1-қосымшаға сәйкес ресімделген  телекоммуникация желілерін нөмірлеу ресурсын бөлуге арналған өтінімді;
     2) 2-қосымшаға сәйкес ресімделген түсіндірме жазбасын;
     3) телекоммуникациялар қызметін көрсету құқығына лицензиясының нотариалды куәландырылған көшірмесін (қажеттілігіне қарай), ИБЖ қызметін қоспағанда;
     4) желі түріне байланысты өтініш беруші ұсынатын өзге де құжаттарды.
     Құжаттарға өтініш берушінің бірінші басшысының не оның орнындағы адамның қолы қойылып тапсырылады.
     Кодты белгілеу немесе одан дәлелді түрде бас тарту туралы шешім өтінім және оған қоса берілген құжаттарды қабылдаған күннен бастап, сонымен сәйкес құжаттар түсіндірме жазбада көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін байланыс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі кемінде отыз күннің ішінде қабылдануы тиіс. Қабылданған шешім туралы өтініш берушіге жазбаша хабарланады.
      Ескерту: 19-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-п   бұйрығымен , 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 100-б    бұйрығымен 2005 жылғы 31 мамырдағы N 160-ө   бұйрығымен .

     20. ЖПТЖ құрамына кіретін телекоммуникациялар желілерінде пайдаланылатын "ab" кодтары мен "abх" индекстері, уәкілетті орган бекітетін осы нөмірлеудің географиялық аймағының ЖПТЖ қолданыстағы нөмірлеу жоспарына сәйкес таңдалады.

     21. Оларға белгіленген нөмірлеудің географиялық емес аймағының "DEF" кодымен байланыс операторларының желілерінде қолданылатын "ab" кодтары мен "abх" индекстері тиісті желілердің операторлары мен иелері (корпоративті, ведомстволық жалпы пайдаланымдағы жылжымалы радиобайланыс желілері) олар әзірлейтін нақты желілерді нөмірлеу жоспарына сәйкес дербес бөледі.
     Бұрын "АВС" нөмірлеудің географиялық аймағындағы корпоративті немесе ведомстволық желілерінің операторлары желісінде пайдаланылатын "ab" кодтары мен "abх" индекстері нөмірлеудің географиялық аймағы емес "DEF" кодын белгілегеннен кейін уәкілетті органға қайтарылады.
     Уәкілетті органға нөмірлеудің географиялық аймағы емес "DEF" кодын алған және жаңа нөмірлеу жоспарын енгізген байланыс операторының өзара келісушілігі бойынша екі абоненттік нөмірді - жаңасын ("DEF" нөмірлеу аймағында) және бұрыннан бөлінгенді ("АВС" нөмірлеу аймағында) бірмезгілде пайдалану мүмкіндігі көзделуі мүмкін.
      Ескерту: 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-п   бұйрығымен .

     22. Бөлінген желі ЖПТЖ-мен түйіндескенде жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желісі санатына көшеді, "DEF" коды алынады және резервке аударылады, ал түйіндесетін желінің құрастырылған коммутациялық сыйымдылығы үшін ЖПТЖ-ның "ab" кодтары мен "abх" АТС индекстерін белгілеу осы Ереженің 20 және 21-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
     Байланыс операторына осындай географиялық таратылған желілерге арналған "DEFab" коды белгіленуі мүмкін.

     23. БИЖ қызмет көрсетулерінің "DEF" кодтарының нақты алушылары болмайды және оларды уәкілетті орган мынадай тәртіппен белгілейді.
     Жаңадан енгізілетін қызмет көрсетулер үшін "DEF" кодын БИЖ операторының тиісті өтінімі негізінде уәкілетті орган белгілейді. Берілген өтінім мыналарды қамтуы тиіс:
     1) қызмет көрсетулерді егжей-тегжейлі суреттеу;
     2) осы қызмет көрсетулерді ұйымдастырудың орындылығын негіздеу;
     3) ұсынылған қызмет көрсету тәсілін нақты суреттеу;
     4) шақырулардың тарифі мен бағыты туралы ұсыныс.

     24. БИЖ операторының "Х1Х2Х3" кодын уәкілетті орган белгілейді.
     "Х1Х2Х3" кодын алу үшін БИЖ операторы өтінім мен осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарды ұсынуы қажет.
     БИЖ қызмет көрсетулері абоненттерінің "Х4Х5...ХN" логикалық нөмірлерін Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес қызмет көрсетулерді абоненттеу кезінде БИЖ операторы белгілейді.

     25. Егер ЖПТЖ-да БИЖ қызметін ұсыну үшін немесе құжаттық электрбайланыс желілеріне және "Интернет" желісіне қол жеткізу үшін "DEF" кодтарын белгілеген болса, онда ЖПТЖ "DEF" кодындағы құжаттық электр байланысы желілеріне және "Интернет" желісіне қол жеткізу қызметінің оператор-провайдерлерінің байланыс желілерінің "abХ1Х2" кодтарын уәкілетті орган белгілейді.
     "Х3Х4Х3" қызмет көрсетулерінің кодын уәкілетті орган шығаратын нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес абоненттеу кезінде оператор белгілейді.
     ЖПТЖ жергілікті желісінің абоненттері құжаттамалық электр байланыс қызметтеріне және Интернет желісіне қол жеткізуі үшін соңғылардың операторлары осы желінің АТС сериялық нөмірлерін жергілікті желінің байланыс операторымен жасасқан шарт талаптары негізінде жалға алуы мүмкін.
      Ескерту: 25-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-п   бұйрығымен .

     26. Республикалық желілерге (құжаттамалық электр байланыс желісіне, "Интернет" желісіне, интеллектуалдық және басқа желілерге) қол жеткізу қызметтерінің нөмірлерін белгілеуді осы Ереженің 19-тармағында мазмұндалған тәртіпке тақылеттес қаралатын өтінім негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту: 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-п   бұйрығымен .

     27. Шұғыл, ақпараттық-анықтама және тапсырыс қызметтеріне қол жетімділіктегі 3 сандық нөмірлерді тағайындауды уәкілетті орган 3 сандық қызметтерді нөмірлеу жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту: 27-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-п   бұйрығымен .

     28. Абоненттерге абоненттік нөмір байланыс операторларымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қазанда N 3177 тіркелген Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 204-ө бұйрығымен бекітілген телефон байланысы қызметін көрсету  Ережелеріне сәйкес оператор желісі нөмірлеу жоспарының шеңберінде шарт жасасқан кезде беріледі.
     Ескерту: 28-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-п   бұйрығымен .

  4. Нөмірлеу ресурсын алу және өзгерту

     29. Нөмірлеу ресурсын алу ("ABC", "DEF", "DEFab" кодтары) осы Ереженің 12-тармағында жазылған негіздер бойынша, сондай-ақ мынадай жағдайларда уәкілетті орган жүзеге асырады:
     1) байланыс операторының лицензиясы күшінің жойылуы;
     2) нөмірлеу ресурсын алушының өтініші бойынша.

     30. Уәкілетті органмен нөмірлеу ресурсын ("adx" индексі, абоненттік нөмірлер) алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
     1) нөмірлеу ресурсын алушының өтініші бойынша;
     2) байланыс операторы лицензиясының қолданылуы тоқтатылғанда;
     3) байланыс операторларының нөмірлеу ресурсын пайдалануды реттейтін нормативтік құжаттарды бұзғанда;
     4) жергілікті телекоммуникация желісінің бөлінген нөмірлеу ресурсын алған сәттен бастап екі жылдың ішінде елу пайызға дейін оператормен қолданылмаса.
      Ескерту: 30-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-п   бұйрығымен .

     31. Уәкілетті орган байланыс операторына нөмірлеу ресурсын алу туралы жазбаша хабарлайды.
      Ескерту: 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-п   бұйрығымен .

     32. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеудің жоспары өзгерген жағдайда, уәкілетті орган байланыс операторларына бөлінген нөмірлеу ресурсын, сондай-ақ нақты алушысы жоқ нөмірлеу ресурстарын өзгерту туралы шешім қабылдайды.
     Мұндай жағдайларда тиісті шешім қабылдағанға дейін байланыс операторларына пайдаланымдағыға баламалы нөмірлеу ресурсы ұсынылады.
     Нөмірлеу ресурсын өзгерту туралы шешім қабылдағанда операторлардың шығынын барынша азайту қажеттілігі, сондай-ақ пайдаланушылардың мүдделері ескерілуі тиіс. 

Қазақстан Республикасы Көлік  
және коммуникациялар      
министрлігі Байланыс және    
ақпараттандыру жөніндегі    
комитеті төрағасының      
2003 жылғы 28 наурыздағы   
N 38-н бұйрығымен бекітілген  
Қазақстан Республикасының    
телекоммуникациялар желілерін  
нөмірлеудің ресурстарын бөлу  
және пайдалану ережесіне    
1-қосымша           

Нөмірлеу ресурстарын бөлуге арналған өтінім нысаны

     1. Өтінім беруші (толық және қысқаша атауы).
     2. Почталық мекен-жайы.
     3. Байланыс реквизиттері (телефон, факс, телекс).
     4. Банкілік реквизиттер.
     5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті берген лицензия реквизиті.
     6. Желінің толық және қысқартылған атауы (егер болса).
     7. Желіні құруға және пайдалануға жауапты тұлғаның қызметі, аты жөні.
     Өтінімге қоса беріледі:
     1) түсіндірме жазба;
     2) комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылған және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті бекіткен Желіні басқару және трафикті есепке алу жүйесі орталығының Зерттеу актісінің көшірмесі (телекоммуникациялардың бөлінген желілерінің "DEF" кодтарын алу үшін);
     3) "DEF" коды белгіленген бөлінген желі операторының өтінім берушінің желісіне, егер оның желісі "DEF" кодын белгілеу талаптарына сәйкес келмесе, "DEFab" кодын белгілей отырып, қосып алуға келісуін растайтын келісімнің, шарттың немесе өзге құжаттың көшірмесі.

_____________________________        ____________________________
(өтінімге қол қоюға өкілетті          (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
    тұлғаның лауазымы)

                                                  М.О.

Қазақстан Республикасы Көлік  
және коммуникациялар      
министрлігі Байланыс және    
ақпараттандыру жөніндегі    
комитеті төрағасының      
2003 жылғы 28 наурыздағы   
N 38-н бұйрығымен бекітілген  
Қазақстан Республикасының    
телекоммуникациялар желілерін  
нөмірлеудің ресурстарын бөлу  
және пайдалану ережесіне    
2-қосымша           

Түсіндірме жазбаның мазмұны

     1. Желінің атауы мен түрі
     2. Желінің қызмет етуін қамтамасыз ететін әкімшілік-ұйымдастыру қағидаттары (меншік нысандары, иесі, пайдаланылатын кәсіпорындар, кәсіпорын-халықаралық оператор, олардың құқықтық және функционалдық қатынастары)
     3. Тапсырыс беру сәтіндегі желінің пайдалануға дайындығы (немесе пайдалануды бастау мерзімі)
     4. Желіні құрудың қысқаша техникалық қағидаттары:
     құрылымы, оның ішінде қалааралық (халықаралық, аймақішілік) желілермен өзара іс-қимылын жүзеге асыратын элементтер;
     қалааралық (халықаралық, аймақішілік) желілермен түйіндесуді техникалық қамтамасыз ету (желіаралық қосылу протоколдары, тікелей қосылулар, байланыс арналарының түрлері және оларды ұйымдастыру тәсілдері).
     5. Желінің қалааралық халықаралық, аймақішілік байланысты, БИЖ қызметін ұсынуға ұйымдастыру-техникалық дайындығы (шет елдердің қосылу желілерінің операторларымен, отандық желілермен немесе халықаралық транзиттік тораптармен транзит беру туралы, халықаралық арналар жабдықтаушыларымен келісімдердің болуы, техникалық құралдардың бар болуы және функционалдық дайындығы)
     6. Желі қызметінің масштабтары:
     1) желі топологиясы (желі қамтитын Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің, басқа да шет елдердің қалалары мен аймақтарының тізбесі);
     2) пайдаланушылардың, оның ішінде қалааралық (халықаралық, аймақішілік) байланыс қызметін пайдаланушылардың саны;
     3) тікелей қосылу жүргізілетін шет ел желілері мен транзиттік тораптарының тізімі;
     4) пайдаланушыларға, тапсырыс берілген желімен тікелей қосылуы жоқ шет ел желілерінің абоненттеріне қосылу мүмкіндігін ұсыну;
     5) қалааралық (халықаралық, аймақішілік) трафик (кіретін, шығатын);
     6) қызмет құрамы.
     7. Желінің нөмірлеу жоспарын құру қағидаттары.

      Ескертулер:
     4, 5-тармақтар бойынша мәліметтер тапсырыс беру кезіндегі жағдайы бойынша жазылады және желіні дамыту жоспары бойынша деректер келтіріледі.
     5-тармақ тек нөмірлеу аймағының ("ABC", "DEF", "DEFab" кодтарын, БИЖ операторларының "Х1Х2Х3" кодтарын сұрататын операторларға ғана міндетті;
     6-тармақтың 3)-5) тармақшалары тек "DEF", "DEFab" кодтарын сұрататын операторларға ғана міндетті.