Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 629 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 512 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 28 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2106.

Жаңартылған

      "Бухгалтерлік есеп алу және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  14-бабының 3-тармағын және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы  Кодексінің  10-бабы 1-тармағының 27-1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН/ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтаудың мынадай тәртібі белгіленсін:
      1) Қазақстан қор биржасының ертеңгілік (негізгі) сессиясында (бұдан әрі - сессия) сауда-саттық өткізілетін (жүргізілген) шетел валюталары бойынша валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы теңгенің Алматы уақытымен 11 00  сағаттағы жағдай бойынша сессияда қалыптасқан осы валютаға шаққандағы орташа өлшелген биржалық бағамы ретінде анықталады;
      2) сессияда сауда-саттық өткізілмеген (жүргізілмеген) осы бұйрыққа/қаулыға N 1 қосымшада көрсетілген шетел валютасы бойынша валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы "REUTERS" ақпараттық агенттігінің каналдары бойынша алынған сұранысқа баға белгілеуге сәйкес Алматы уақытымен 15 00  сағаттағы жағдай бойынша қалыптасқан АҚШ долларына кроссбағамын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі есептейді.
      2. Осы бұйрықтың/қаулының 1-тармағында белгіленген тәртіппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы сессияда сауда-саттық өткізу күнінен кейінгі келесі күн қолданылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) осы бұйрықтың/қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;
      2) осы бұйрық/қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында осы бұйрықты/қаулыны жарияласын.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күндік мерзімде екінші деңгейлі банктердің және банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың назарына осы бұйрықты/қаулыны жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың/қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы Бірінші вице-министрі Б.Б.Жәмішевке және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Н.К.Абдулинге жүктелсін.
      6. Осы бұйрық/қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасы
           Қаржы министрі                     Ұлттық Банкінің
                                                  төрағасы

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
2002 жылғы 23 желтоқсандағы 
N 629 және         
Қазақстан Республикасы   
Ұлттық Банк Басқармасының  
2002 жылғы 23 желтоқсандағы 
N 512 бұйрығына/қаулысына  
қосымша          

  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюта
айырбастаудың рыноктық бағамын есептейтін  ш етел
валюталарының тізбесі

       Ескерту: Тізбеге толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 299 бұйрығы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 94   қаулысымен .

      1. 1 австралия доллары;
      2. 1 англия фунт стерлингі;
      3. 1 дат кроны;
      4. 1 Біріккен Араб Эмиратының дирхамы;
      5. 1 евро;
      6. 1 канада доллары;
      7. 1 қытай юаны;
      8. 1 кувейт динары;
      9. 1 қырғыз сомы;
      10. 1 латвия латы;
      11. 1 литва литі;
      12. 1 молдава лейі;
      13. 1 норвег кронасы;
      14. 1 Сауд Аравия риялы;
      15. 1 ресей рублі;
      16. 1 СДР;
      17. 1 сингапур доллары;
      18. 1000 түрік лирасы;
      19. 1 өзбек сомасы;
      20. 1 украина гривнасы;
      21. 1 швед кронасы;
      22. 1 швейцария франкісі;
      23. 1 эстон кронасы;
      24. 100 оңтүстік-корея воны;
      25. 10 жапон иені;
      26. 1 беларусь рублі;
      27. 1 польша злотыйы;
      28. 1 Оңтүстік Африка ранды.