Тұтыну, қамтамасыз ету нормативтерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 22 қарашадағы N 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2057. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 114 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.03.19 № 114 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінің 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған тұтыну, қамтамасыз ету нормативтерін бекіту жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
      2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

       Төраға

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрлігінің   
Нашақорлыққа және есірткі 
бизнесіне қарсы күрес   
жөніндегі комитеті    
төрағасының        
2002 жылғы 22 қарашадағы 
N 126 бұйрығымен     
бекітілген        

  Прекурсорларды тұтыну, қамтамасыз ету нормативтерін бекіту жөніндегі нұсқаулық

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Біріккен Ұлттар Ұйымының "Есірткі құралдары туралы" 1961 жылғы, "Психотроптық заттар туралы" 1971 жылғы, "Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы" 1988 жылғы Конвенцияларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысымен бекітілген "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасындағы есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Ережелеріне сәйкес әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулық прекурсорларды тұтыну мен қамтамасыз ету нормативтерін есептеуді, ресімдеуді және бекітуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды ретке келтіру мақсатында даярланды.

      3. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу және әкету-есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке ауыстыру;

      2) прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативі - сәйкес қызмет түрін жүзеге асыратын нақты заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында сатуға рұқсат етілген прекурсорлар көлемі;

      3) прекурсорларды тұтыну нормативі - сатуды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) берген, мемлекеттік лицензияға және оған қосымшаларға сәйкес прекурсорлар айналымы саласындағы заңды тұлғалардың қызметін жүзеге асыру үшін қажет және рұқсат етілген прекурсорлар көлемі; Қараныз P040000260

      4) прекурсорлар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, сонымен қатар 1988 жылғы Есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес тексерілуге тиіс есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өндіру, жасау, өңдеу кезінде пайдаланылатын заттар;

      5) Қазақстан Республикасында бақылануға тиіс есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімі (бұдан әрі - тізім) - Қазақстан Республикасында бақылануға тиіс, халықаралық конвенциялардың негізінде номерленген және тиісті кестелер мен тізімдерге біріктірілген есірткінің, психотроптық заттардың және прекурсорлардың "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі N 279 Заңымен бекітілген тізбесі;

      6) тұтынушы заңды тұлғалар - меншік нысанына тәуелсіз, Комитет берген мемлекеттік лицензияда бекітілген қызмет түрлерінің бірі прекурсорларды пайдалану, өндіру, не өңдеу болып табылатын заңды тұлғалар;

      7) сатушы заңды тұлғалар - меншік нысанына тәуелсіз, Комитет берген мемлекеттік лицензияда бекітілген қызмет түрлерінің бірі прекурсорларды сату болып табылатын заңды тұлғалар.

  2-тарау. Прекурсорларды тұтыну және қамтамасыз ету нормативтерін бекітуге құжаттарды ұсыну және қарау, сондай-ақ сәйкес нормативтерді бекіту

      4. Жыл сайын Комитет тұтынушы заңды тұлғалар үшін келесі күнтізбелік жылға прекурсорларды тұтыну нормативін бекітеді, оған сәйкес осы Нұсқаулықта белгіленген мемлекеттік лицензияға қосымша беріледі.

      5. Жыл сайын Комитет сатушы заңды тұлғалар үшін келесі жылға прекурсорларды қамтамасыз ету нормативін бекітеді, оған сәйкес күнтізбелік осы Нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік лицензияға қосымша беріледі.

      6. Тұтынушы заңды тұлғалар ағымдағы жылғы сәуірдің біріне дейін Комитетке прекурсорларды тұтыну нормативін бекітуге келесі күнтізбелік жылға өтінімдер беруге тиіс.
      Прекурсорларды тұтыну нормативін бекітуге өтінім еркін нысанда ұсынылады және өзіне негіздемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес, заңды тұлға туралы деректерді, заңды тұлғаның келесі жылғы қызметі үшін қажетті прекурсорлардың атауы мен санын және мәлімделген прекурсорлар көлемінің есеп-негіздемесін қамтуға тиіс.

      7. Комитет заңды тұлғалар ұсынған прекурсорларды тұтыну нормативтері өтінімдерінің негізділігін тексереді, бекітуге берілген прекурсорларды тұтыну нормативтерін біріктіреді және мемлекеттік квотаны бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

      8. Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы күнтізбелік жылға арналған Қазақстан Республикасының прекурсорларға қажеттілік нормасын - мемлекеттік квотаны бекітеді, оған сәйкес Комитет заңды тұлғалар үшін прекурсорларды тұтыну және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативтерін бекітеді.

      9. Прекурсорларды сатуды жүзеге асырушы заңды тұлғалар ағымдағы жылдың 1-қазанынан 1-қарашасына дейінгі кезеңде Комитетке прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативтерін бекіту және келесі күнтізбелік жылға мемлекеттік лицензияға қосымша алу үшін құжаттар пакетін ұсынуға тиіс.

      10. Прекурсорларды тұтынушы заңды тұлғалар ағымдағы жылдың 1-қарашасынан 1-желтоқсанына дейінгі кезеңде Комитетке прекурсорларды қамтамасыз ету нормативтерін бекіту және келесі күнтізбелік жылға мемлекеттік лицензияға қосымша алу үшін құжаттар жиынтығын ұсынуға тиіс.

      11. Сонымен бір уақытта тұтынушы және сатушы болып табылатын заңды тұлға Комитетке прекурсорлармен қамтамасыз ету, прекурсорларды тұтыну нормативтерін бекіту және келесі күнтізбелік жылға мемлекеттік лицензияға қосымша алу үшін осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көзделген тәртіппен құжаттар пакетін ұсынады.

      12. Алдағы жылға прекурсорларды тұтыну және (немесе) қамтамасыз ету нормативін бекітуге арналған құжаттар пакеті мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) прекурсорларды тұтыну және (немесе) қамтамасыз ету нормативін бекітуге, лицензияға қосымша алуға өтінішті (1-қосымша);

      2) прекурсорларды тұтыну және (немесе) қамтамасыз ету нормативінің мәлімделген көлемі және Комитет үшін басқа да қажет ақпарат тиісті нысан бойынша құжатта көрсетіледі (2, 3-қосымшалар);
      прекурсорларды тұтыну нормативінің мәлімделген көлеміне осы көлемнің еркін нысанда жасалатын есеп-негіздемесі қоса беріледі;
      прекурсорларды тұтыну нормативінің мәлімдеген көлеміне осы көлемнің еркін нысанда жасалған есеп - негіздемесі қоса беріледі;

      3) көзделген нысанда ұсынылған қатаң бақылануға тиіс прекурсорлардың айналымы туралы есебін (4-қосымша) қамтуға тиіс.

      13. Комитет ұсынылған құжаттардың осы Нұсқаулықтың 11-тармағына сәйкестігін, прекурсорларды тұтыну және олармен қамтамасыз ету нормативтерінде заңды тұлғалар мәлімдеген көлемдердің негізділігін, сондай-ақ осы көлемдердің жеткізушілер мен (немесе) тұтынушылардың шарттарына сәйкестігін тексерді.

      14. Прекурсорларды тұтыну және (немесе) қамтамасыз ету нормативтері нақты өтініш беруші - заңды тұлғалар үшін ұсынылған құжаттардың барлық қажетті талаптарға сәйкес келген жағдайда Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

      15. Алдағы күнтізбелік жылға қамтамасыз ету нормативтерінің бекітілген көлемдерін көрсете отырып, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік лицензияға қосымшаны Комитет прекурсорларды сатуды жүзеге асырушы заңды тұлғаларға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей береді.

      16. Алдағы күнтізбелік жылға тұтыну нормативтерінің бекітілген көлемдерін көрсете отырып, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік лицензияға қосымшаны Комитет тұтынушы заңды тұлғаларға ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей береді.

      17. Осы Нұсқаулықтың 12-тармағына сай Комитет мәлімделген тұтыну және (немесе) қамтамасыз ету нормативтерін бекітуден бас тартқаны туралы теріс шешім қабылдаған жағдайда ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін заңды тұлғаларға хабарлайды.

      18. Заңды тұлға бекітілген тұтыну және (немесе) қамтамасыз ету нормативін өзгертуді қажет деп есептеуіне байланысты жағдайлар туындағанда, ол Комитетке тиісті нормативті өзгертуге өтініш және осындай қажеттілік негіздемесі бар түсіндірме хат ұсынады (5, 6-Қосымша).

      19. Бекітілген тұтыну және (немесе) қамтамасыз ету нормативтерін өзгертуге заңды тұлға ұсынған құжаттарды Комитет олар берілген күннен бастап екі апта мерзімде қарайды.

      20. Комитет өтініш беруші-заңды тұлға үшін прекурсорларды тұтыну және (немесе) қамтамасыз ету нормативін өзгерту туралы оң шешім қабылдаса, Комитеттің екі апта мерзім ішінде тиісті шешім қабылдаған күнінен бастап қосалқы қосымша беру жолымен лицензияның қосымшасына өзгерістер енгізіледі.
      Тұтыну және (немесе) қамтамасыз ету нормативін өзгерту туралы шешім Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

      21. Комитет өтініш беруші заңды тұлға үшін прекурсорларды тұтыну және (немесе) қамтамасыз ету нормативін өзгерту туралы теріс шешім қабылдаған жағдайда, Комитет шешім қабылданған күннен бастап екі апта мерзімде осы туралы заңды тұлғаға жазбаша түрде хабарлайды.

      22. Заңды тұлға Комитет қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда, ол прекурсорларды тұтыну және (немесе) қамтамасыз ету нормативін өзгерту туралы мәселені қайта қарау туралы талап етуіне құқығы бар.

      23. Прекурсорларды тұтыну және (немесе) қамтамасыз ету нормативін өзгерту туралы мәселені қайта қарау туралы шешімді Комитет комиссиялық түрде қабылдайды.

Қазақстан Республикасы     
Әділет министрлігінің     
Нашақорлыққа және есірткі   
бизнесіне қарсы күрес     
жөніндегі комитеті      
Төрағасының          
2002 жылғы 23 қарашадағы   
N 126 бұйрығымен бекітілген 
Прекурсорларды тұтыну,   
қамтамасыз ету нормативтерін 
бекіту туралы нұсқаулыққа  
1-қосымша          

ҚР Әділет министрлігінің   
Нашақорлыққа және есірткі  
бизнесіне қарсы күрес    
жөніндегі комитетіне    
кімнен _______________________ 
заңды тұлғаның аты-жөні 

ӨТІНІШ

      200__ жылға прекурсорларды (прекурсорлармен) тұтыну/қамтамасыз ету:
      1) өтінімге сәйкес 200__ жылға арналған прекурсорларды тұтыну нормативтерін бекітуді (2-қосымша);
      2) бекітілген прекурсорларды (прекурсорлармен) тұтыну/қамтамасыз ету нормативімен қоса 200__ жылға  "__" _____ жылғы N______ мемлекеттік лицензияға қосымша беруді өтінемін.
      Ұйым туралы мәліметтер:
      1. Меншік нысаны ____________________________________________
      2. Құрылған жылы ____________________________________________
      3. Тіркеу туралы куәлік _____________________________________
                                   (N, кім және қашан берді)
      4. Мекен-жайы _______________________________________________
         (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің N, телефон, факс)
      5. Есеп айырысу шоты ________________________________________
                       (шот N, банкінің атауы және орналасқан жері)
      6. Филиалдары, өкілдіктері___________________________________
                                (орналасқан жері мен реквизиттері)
      7. Қоса беріліп отырған құжаттар: ___________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

       Басшы _________      ___________________________________
             (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты)

      Мөр орны

      "___"_______________200___ж.

      Өтініш 200_жылғы "___"__________________ қарауға қабылданды.

Қазақстан Республикасы      
Әділет министрлігінің      
Нашақорлыққа және есірткі    
бизнесіне қарсы күрес      
жөніндегі комитеті Төрағасының 
2002 жылғы 23 қарашадағы    
N 126 бұйрығымен бекітілген  
Прекурсорларды тұтыну,    
қамтамасыз ету нормативтерін  
бекіту туралы нұсқаулыққа   
2-қосымша           

      "БЕКІТЕМІН"          
ҚР Әділет министрлігі     
Нашақорлыққа және есірткі   
бизнесіне қарсы күрес     
жөніндегі комитетінің төрағасы 
_______________________    
аты-жөні    
          2002 жылғы "___"__________  

200_жылға арналған
қатаң бақылануға тиіс
прекурсорларды тұтыну нормативі

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      (ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, телефон, факс, Е-mail)
___________________________________________________________________
N |Прекур.|Тұтыну норма.|  Келесі    |Қалдықты  |Жеткізуші|Ескерт.
  |сорлар |тивін берген |күнтізбелік |қоса ал.  |  ұйым   |пе
  |атауы  |күнгі прекур.|жылға қажет.|ғандағы   | (ұйым   |
  |       | сорлардың   | ті көлем   |прекур.   | атауы,  |
  |       |  қалдығы    | (жылдық    |сорларды  | заңды   |
  |       |  туралы     |  тұтыну    |тұтынудың | мекен-  |
  |       | 200_жылғы   |нормативі)  |  жалпы   | жайы)   |
  |       |"__"_______  |            |  көлемі  |         |
  |       |             |            |(3-баған) |         |
___________________________________________________________________
1    2          3            4            5          6         7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

       Заңды тұлға
      басшысы ___________      Қолы ________ 200_ ж."___" ________

      Мөр

       * Прекурсорлардың көрсетілген көлеміне жеткізушімен жасалатын шарттардың көшірмелері міндетті түрде ұсынылады.

Қазақстан Республикасы      
Әділет министрлігінің      
Нашақорлыққа және есірткі    
бизнесіне қарсы күрес      
жөніндегі комитеті Төрағасының 
2002 жылғы 23 қарашадағы    
N 126 бұйрығымен бекітілген  
Прекурсорларды тұтыну,    
қамтамасыз ету нормативтерін  
бекіту туралы нұсқаулыққа   
3-қосымша           

      "БЕКІТЕМІН"          
ҚР Әділет министрлігі     
Нашақорлыққа және есірткі   
бизнесіне қарсы күрес     
жөніндегі комитетінің    
төрағасы ___________________ 
аты-жөні      
2002 жылғы "___"__________   

200_жылға арналған
қатаң бақылануға тиіс
прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативі

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      (ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, телефон, факс, Е-mail)
___________________________________________________________________
N |Прекур.|Тұтыну норма.|  Келесі    |Қалдықты  |Тұтынушы |Ескерт.
  |сорлар |тивін берген |күнтізбелік |қоса ал.  |  ұйым   |пе
  |атауы  |күнгі прекур.|жылға қажет.|ғандағы   | (ұйым   |
  |       | сорлардың   | ті көлем   |прекурсор.| атауы,  |
  |       |  қалдығы    | (жылдық    |лар мен   | заңды   |
  |       |  туралы     |  тұтыну    |қамтамасыз| мекен-  |
  |       | 200_жылғы   |нормативі)  | етудің   | жайы)   |
  |       |"__"_______  |            |  жалпы   |         |
  |       |             |            |көлемі    |         |
  |       |             |            |(3 және 4 |         |
  |       |             |            |баған) |         |
___________________________________________________________________
1    2          3            4            5          6         7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

       Заңды тұлға
      басшысы ___________      Қолы ________ 200_ ж."___" ________

      Мөр

       * Прекурсорлардың көрсетілген көлеміне жеткізушімен жасалатын шарттардың көшірмелері міндетті түрде ұсынылады.

Қазақстан Республикасы      
Әділет министрлігінің      
Нашақорлыққа және есірткі    
бизнесіне қарсы күрес      
жөніндегі комитеті Төрағасының 
2002 жылғы 23 қарашадағы    
N 126 бұйрығымен бекітілген  
Прекурсорларды тұтыну,    
қамтамасыз ету нормативтерін  
бекіту туралы нұсқаулыққа   
4-қосымша           

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетінің
200_жылғы _______ арналған қатаң бақылануға тиіс прекурсорлар айналымы туралы
ЕСЕП

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      (ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, телефон, факс, Е-mail)
___________________________________________________________________
N |Прекур.|Өлшем|01.01. | _____ 200_  | _____ 200_       |200_жылғы
  |сорлар |бір. |200_   | жылғы кіріс | жылғы шығыс      |_._. (құ.
  |атауы  |лігі |жылғы  |             |                  | жаттарды
  |       |     |қалдық |________________________________| берген
  |       |     |       |Жеткі.|Көлем |Сатып алушы|Көлем | сәттегі)
  |       |     |       |зуші  |(кг)  |   ұйым    |(кг)  |қалдық
  |       |     |       |(заңды|      | (заңды ме.|      |
  |       |     |       |мекен-|      |  кен-жайы)|      |
  |       |     |       |жайы) |      |           |      |
___________________________________________________________________
1     2      3     4           5           6         7        8
___________________________________________________________________

       Заңды тұлға
      басшысы ___________      Қолы ________ 200_ ж."___" ________

      Мөр

Қазақстан Республикасы     
Әділет министрлігінің     
Нашақорлыққа және есірткі   
бизнесіне қарсы күрес     
жөніндегі комитеті      
Төрағасының          
2002 жылғы 23 қарашадағы   
N 126 бұйрығымен бекітілген 
Прекурсорларды тұтыну,   
қамтамасыз ету нормативтерін 
бекіту туралы нұсқаулыққа  
5-қосымша          

ҚР Әділет министрлігінің   
Нашақорлыққа және есірткі  
бизнесіне қарсы күрес    
жөніндегі комитетіне    
кімнен _______________________ 
заңды тұлғаның аты-жөні 

ӨТІНІШ

      1) ұсынылған өтінімге сәйкес 200__ жылға арналған прекурсорларды (прекурсорлармен) тұтыну/қамтамасыз ету нормативін ұлғайтуды (қажеті жоғын сызып тастау);
      2) 200__ жылғы "__" _____ N ___  мемлекеттік лицензияға 200__ жылға арналған, қосымша бекітілген прекурсорларды (прекурсорлармен)  тұтыну/қамтамасыз ету нормативіне қосымшаға өзгерістер енгізуді өтінемін.
      Ұйым туралы мәліметтер:
      1. Меншік нысаны ____________________________________________
      2. Құрылған жылы ____________________________________________
      3. Тіркеу туралы куәлік _____________________________________
                                   (N, кім және қашан берді)
      4. Мекен-жайы _______________________________________________
         (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің N, телефон, факс)
      5. Есеп айырысу шоты ________________________________________
                       (шот N, банкінің атауы және орналасқан жері)
      6. Филиалдары, өкілдіктері __________________________________
                               (орналасқан жері мен реквизиттері)
      7. Қоса беріліп отырған құжаттар: ___________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

       Басшы _____________  _______________________________________
                (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты)

      Мөр орны

      200___ж. "___"__________

      Өтініш 200_ жылғы "___"__________________ қарауға қабылданды.

Қазақстан Республикасы      
Әділет министрлігінің      
Нашақорлыққа және есірткі    
бизнесіне қарсы күрес      
жөніндегі комитеті Төрағасының 
2002 жылғы 23 қарашадағы    
N 126 бұйрығымен бекітілген  
Прекурсорларды тұтыну,    
қамтамасыз ету нормативтерін  
бекіту туралы нұсқаулыққа   
6-қосымша           

      "БЕКІТЕМІН"          
ҚР Әділет министрлігі     
Нашақорлыққа және есірткі   
бизнесіне қарсы күрес     
жөніндегі комитетінің    
төрағасы ___________________ 
аты-жөні 
      2002 жылғы "___"__________   

200_жылға арналған
қатаң бақылауға тиіс прекурсорларды
(прекурсорлармен) тұтыну/қамтамасыз ету нормативіне толықтыру

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      (ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, телефон, факс, Е-mail)
___________________________________________________________________
N |Прекур.|Тұтыну/қамта. | 200_жылға|Прекурлар.|Тұтынушы/|Ескерт.
  |сорлар |сыз ету қосым.| арналған |ды/прекур.|жеткізуші|пе
  |атауы  |ша нормативін |бекітілген|сорлармен |ұйым (ұй.|
  |       | берген күнгі | норматив |тұтыну/   |ым атауы,|
  |       | прекурсорлар.| (көлемі) |қамтамасыз| заңды   |
  |       | дың қалдығы  |          |  етудің  | мекен-  |
  |       | туралы есеп  |          | қосымша  | жайы)   |
  |       |  200_жылғы   |          |  көлемі  |         |
  |       | "__"_______  |          |          |         |
___________________________________________________________________
1    2          3             4          5          6         7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

       Заңды тұлға
      басшысы ___________      Қолы ________  200_ ж."___" ________

      Мөр

       * Прекурсорлардың көрсетілген көлеміне жеткізушімен/тұтынушы.
мен жасалатын шарттардың көшірмелері міндетті түрде ұсынылады.