Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы N 556 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 15 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2045

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі көші-қон полициясы Департаментінің, Астана, Алматы қалалары ішкі істер Бас басқармасының, облыстардағы ішкі істер Бас Басқармасының - ішкі істер Басқармасының бастықтары:
      1) осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын, көші-қон полициясы жеке құрамының оны оқып - үйренуін ұйымдастырсын және оның талаптарын бұлжытпай орындауын қамтамасыз етсін;
      2) қалалық, аудандық ішкі істер органдарына тұратын жері бойынша өтініш берушілерді, оларға тиісті сауалнама - өтініштер бланкілерін беруді, Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелер жөнінде материалдарды қарау және тіркеуге қабылдауды тапсырсын. Өтініш беруші және оның барлық жақын туыстары туралы  қажетті мәліметтерді  алуды қамтамасыз етсін және көрсетілген материалдарды бағыныстылығы бойынша облыстық ішкі істер басқармаларына жіберсін;
      3) облыс орталықтарында және Астана, Алматы қалаларында тұратын адамдардан құжаттар қабылдауды өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша тікелей көші-қон полициясында жүргізсін;
      4) сауалнама - өтініштердің, анықтамалардың және журналдардың бланкілерін әзірлеуді қамтамасыз етсін (Нұсқаулыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшалар).
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон полициясы Департаменті (М.О.Нүкенов) облыстардағы, қалалық Ішкі істер басқармаларынан азаматтық туралы материалдарды алғаннан кейін оның белгіленген тәртіппен келісілуін, қорытынды әзірлеуді және оларды Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің қарауына жіберуді, сондай-ақ қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. "Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы ережені жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 1996 жылғы 23 желтоқсандағы N 370 , "Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келіп жатқан Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасы азаматтығын алу тәртібін жеңілдетумен байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы" Нұсқаулықты  бекіту туралы 1997 жылғы 23 қыркүйектегі N 344  бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының вице-Министрі полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Көші-қон полициясы департаментіне (М.О.Нүкенов) жүктелсін.
      6.  Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      генерал-полковник

      "КЕЛІСІЛДІ"             

      Қазақстан Республикасының     
      Бас прокуроры            
      2 дәрежелі мемлекеттік кеңесші   
      2002 жылғы 15 қазан        

      Қазақстан Республикасы      
      Жоғарғы сотының төрағасы     
      2002 жылғы 18 қыркүйек      

      Қазақстан Республикасы Ұлттық    
      қауіпсіздік комитетінің төрағасы  
      генерал-лейтенант        
      2002 жылғы 12 қыркүйек     
Қазақстан Республикасы ішкі істер 
Министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы
N 556 бұйрығымен бекітілген   

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының
Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты
мәселелерді қарау туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

      Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына , "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120 Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Ресей Федерациясында тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін келген Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық алу тәртібін жеңілдету туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, Беларусь Республикасында тұрақты тұру үшін келген, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін келген Беларусь Республикасының азаматтарының азаматтық алу тәртібін жеңілдету туралы 1996 жылғы 17 сәуірдегі, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы азаматтық алу тәртібін жеңілдету туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы , Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы Украинада тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Украина азаматтарының азаматтық алу мен одан айырылу тәртібін жеңілдету және азаматтығы болмау және қос азаматтық алу жағдайларын болдырмау туралы 2000 жылғы 19 мамырдағы  келісімдерге (бұдан әрі - Келісім) сәйкес өтінішті қабылдау, ресімдеу және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау мен қайтадан алу туралы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу мен айырылу туралы рәсімдерді белгілейді.

1. Жалпы анықтама

      1. Осы Нұсқаулықтағы сөздерді дәл белгілеп білдіру мақсатпен төмендегі мағыналарды ұсынамыз:
      "өтініш иесі" - Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, қайтадан алу, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу немесе айырылу туралы өтініш беретін жеке тұлға;
      "құзыретті орган" - өтініш беретін жеке тұлғаның азаматтықта болуын немесе болмауын анықтауға құқығы бар, тиісті елдің мемлекеттік органы.

2. Жалпы ережелер

      2. Қазақстан Республикасында тұрып жатқан адамдардың азаматтық туралы құжаттарын қабылдауды өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы ішкі істер органына келіп түскен азаматтық туралы материалдар мұқият тексеріледі. Азаматтығын өзгерту, сондай-ақ сауалнамалық мәліметтің толықтығына, тегінің, аты мен әкесінің атының және оның отбасы мүшелерінің аты мен әкесінің атының дұрыс жазылғандығына ерекше назар аудару қажет.
      Толық емес және дұрыс емес мәліметтер анықталған жағдайда олар тиісті өзгерістер мен түзетулер енгізу үшін өтініш берушіге кешіктірілмей қайтарылуы тиіс.
      Өтініші осы Нұсқаулықпен қарастырылған сауалнама-өтініште тиісті белгі қойылатын барлық құжаттарды тапсырған күннен бастап өтініш орындауға қабылданған болып есептеледі.

      3. Тиісті түрде ресімделген материалдарды өтінішінің тұрғылықты жеріндегі аудандық ішкі істер органы тиісті облыстардың ішкі істер Бас Басқармасына - ішкі істер Басқармасына (бұдан әрі - ІІББ-ІІБ) жібереді.
      Астана, Алматы қалаларының ІІББ, облыстардағы ІІББ-ІІБ азаматтық туралы материалдардың дұрыс ресімделуін тексереді, осы мәселелер жөнінде іс жүргізеді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келіседі, ол бойынша бекітілген қорытынды әзірлейді және Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігіне жібереді.

      4. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, қайта алу және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш беруші адамды Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы мен оның аумақтық бөлімшелерінің жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының  есептері бойынша, сондай-ақ барлық есептері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары тексереді.

      5. Азаматтық мәселелері жөніндегі ІІББ-ІІБ-нің қорытындыларында өтініш берушіні сипаттайтын тексерілген деректер толық жазылуы тиіс.

      6. Қорытындыны ІІББ-ІІБ бастығы немесе оның орынбасары бекітеді.

      7. Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келіскеннен кейін, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, қайта алу және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы материалдармен бірге Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөліміне жіберетін өз қорытындысын жасайды.

      8. Қазақстан Республикасының ішкі істер органы өтініштен бас тартқан жағдайда азаматтық мәселелері туралы материалдарды қайтарған адам өтінушіге бас тартудың себебі көрсетілген анықтама береді. Анықтаманың екінші данасын өтінушінің ісіне тіркейді.

      9. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ  белгіленген тәртіпте әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған адамға байланысты Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, қайта алу және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішті заңды өкілдер баланың тууы туралы куәлігінің не әрекет қабілеттігі жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариус куәландырған көшірмесімен бірге ұсынады (асырап алушылар, қамқоршылар және қорғаншылар жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін ұсынады). Осы орайда 14-тен 18-ге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған баланың өзі қол қоятын және бір уақытта әдеттегідей олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері берілетін жеке келісімі қажет.
      Баланың келісімі нотариалды түрде куәландырылады және ата-анасының біреуінің қолдаухатына қоса беріледі. Ата-анасының өтінішіне сондай-ақ сауалнамаларда-өтініштерде көрсетілген баланың тууы туралы куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      10. Жергілікті ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасының басқа да органдарының өтінішті қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір айдан, ал жалпы алғанда - алты айдан аспауы тиіс.

      11. Ата-анасының азаматтығы өзгергенде және асырап алу кезінде баланың азаматтығы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  4-тарауының ережелеріне сәйкес белгіленеді.

3. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау

      12. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдана алады:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрған не Қазақстан Республикасының азаматымен кемінде үш жыл некеде тұрған адамдар.
      Мыналардан осы тармақтың бірінші тармақшасында көзделген шарттардың болуы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, пайым қабілетін жоғалтқан адамдардан және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сіңірген адамдар, сондай-ақ Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтарынан, егер олар тарихи Отаны ретінде тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасына қайтып оралған болса;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген, олардың жақын туыстарының ішіндегі біреуі, Қазақстан Республикасында тұру мерзіміне қарамастан -  балалары (оның ішінде асырап алған балалары), жұбайы (зайыбы), ата-анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтарынан талап етілмейді.

      13. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  38-бабына сәйкес Қазақстан аумағында тұру мерзімінде мыналар ескеріледі:
      1) егер де адам бұған дейін республикада тұрған болса, әскерде қызмет еткен уақыты және әскерден кету күні мен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген күннің арасындағы үзіліс үш айдан аспауы тиіс;
      2) егер де оқуды аяқтағанына немесе оқу орнынан шыққанына және Қазақстан Республикасына келгеніне үш айдан аспаған болса, республикадан тысқары жерлерде оқыған уақыты;
      3) егер де іссапардың аяқталғанына және Қазақстан Республикасына келгеніне үш айдан аспаған болса, республикадан тысқары жерлерде іссапарда болған уақыты.
      Үш ай мерзімді санау ауруға душар болған, табиғи апатқа ұшыраған жағдайларда және басқа да дәлелді себептер бойынша тоқтатылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзімдеріне басқа мемлекеттердің сот органдары тағайындаған қылмыстық жазаны өтеу уақыты, сондай-ақ республиканың аумағын да іссапарда болған, емделген және уақытша тұрудың басқа да жағдайларындағы уақыт есепке алынбайды.
      Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзімдеріне адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына ие екендігін қайта қарауға себеп болған кезең есепке алынбайды.

      14. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдар, Қазақстан Республикасы Президентінің атына Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жазады және тұрақты тұратын жеріндегі ішкі істер органына тапсырады.
      Өтініште Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудың барлық себептері көрсетілуі тиіс.

      15. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі  бекіткен нысандағы екі дана сауалнама-өтініш (1-қосымша);
      2) екі данадағы толық өмірбаян;
      3) бас киімсіз түсірілген анфас өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
      4) белгіленген нысанда толтырылатын, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  1-бабында қарастырылған шарттарды қадағалауға міндеттемесі (3-қосымша);
      5) лауазымы көрсетіле отырып жұмыс орнынан немесе оқу орнынан берілген екі дана анықтама;
      6) сотталғаны немесе сотталмағаны жөніндегі анықтама;
      7) жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
      8) басқа мемлекеттің азаматтығын алмағандығы немесе оны тоқтатқаны туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген анықтама (осы Нұсқаулықтың 12-тармағының 1) тармақшасындағы екінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы жазбаша өтініш жасаған адамдарды қоспағанда. Мұндай өтініш беру фактісі туралы, ақпарат, осындай адамды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған жағдайда оның шетелдік паспорты белгіленген тәртіппен шетел мемлекетіне жіберіледі);
      9) мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны жөніндегі құжат.
      Қазақстан Республикасының "Салық және міндетті түрде бюджетке төленетін төлемдер туралы (Салық Кодексі)", Кодексінің  504-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алу кезінде мемлекеттік баж салығын төлеуден жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңінде, өзге де адамгершілікке жат саяси акциялардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға ниет білдірген олардың ұрпақтары босатылады.
      Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінім білдірген адам өтініш берген кезінде Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрса, неке туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін тапсырады.
      Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бұрынғы кеңестік республикалардың азаматтары олардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстығын куәландыратын құжаттарды (тууы туралы куәлік, неке туралы куәлік және т.б.), өз туысының тұрғылықты жері туралы мекен-жай бюросының анықтамасын және оның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар екендігін растайтын құжаттың көшірмесін береді.

      16. Барлық ұсынылған құжаттарда оларды қабылдау күні мен өтінушінің қолы қойылады. Егер де өтінуші өзінің сауатсыздығынан немесе дене кемістігінен өтінішке қол қоя алмаса, онда "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  33-бабына сәйкес оның өтініші бойынша басқа адам қол қояды. Мемлекеттік нотариус өтінішті тиісті түрде куәландырады.

4. Қазақстан Республикасының азаматтығын қайта алу

      17. Бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған адам өтініш беру арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығын қайтадан ала алады. Бұл орайда ол адамға осы Нұсқаулықтың 12-тармағының 1) тармақшасындағы ережелері қолданылмайды.
      Қазақстан Республикасының азаматтығын қайта алу туралы өтініш Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазылады.
      Қазақстан Республикасының азаматтығын қайта алу туралы құжаттарды ресімдеу осы Нұсқаулықтың 3-бөліміндегі белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

      18. Республиканың аумағында заңды негізде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің атына өтініш жазады және оны тұрғылықты тұратын жеріндегі Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырады.
      Өтінішке мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі бекіткен нысандағы екі дана сауалнама-өтініш (2-қосымша);
      2) екі данадағы толық өмірбаян;
      3) 3,5 х 4,5 см өлшемдегі үш фотосурет;
      4) жеке куәлігінің, баланың тууы туралы және неке туралы куәліктерінің екі дана көшірмесі;
      5) жұмыс орнынан немесе оқу орнынан берілген анықтама, ал жұмыс істемейтіндерге - Қазақстан Республикасының  Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің аумақтық органдарынан ол адамның мемлекет алдында міндеттері жоқ немесе бар екендігі, не меншіктілік нысанына қатыссыз азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттері туралы көрсетілген екі дана анықтама;
      6) әскерге шақырылу жасындағы (18-ден 27-ге дейін) адамды міндетті әскери қызмет өткеруден босату туралы әскери комиссариаттан берілген анықтама;
      7) мемлекеттік бажды төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат қоса тіркеледі.

      19. Өтінушінің Қазақстан Республикасында күйеуі (әйелі) болса немесе оның асырауында адамдар бар болса, ол осы адамдардың оған қатысты материалдық және өзге де наразылықтары жоқ екендігі туралы нотариалды куәландырылған өтінішін ұсынады.

      20. Қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған  некенің бұзылғаны, ата-анасының біреуінің өлімі, асырап алу, қамқоршылық және қорғаншылық (тиісті жергілікті атқарушы органның), ата-аналық құқығынан айыру, алимент төлеу туралы құжаттардың көшірмелері ұсынылуы тиіс.
      Егер де ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтары болып, олардың біреуі азаматтықтан кәмелетке толмаған баласын шығару туралы өтініш беруімен бір уақытта Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығатын болса, онда баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына қарсылығы жоқ екендігі көрсетілетін әкесінің (шешесінің) нотариалды куәландырылған өтініші ұсынылады.

      21. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы сауалнама-өтінішті беру кезінде өтініш берушіге Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтудың құқықтық және өзге де салдары түсіндіріледі. Бұл жөнінде өтініш беруші қол қойған материалдарға қоса берілетін анықтамада жазылады.

      22. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы құжаттарды ресімдеу осы Нұсқаулықтың 16-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      23. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініштер бойынша ІІББ-ІІБ-нің қорытындыларында өтініш берушінің мемлекет алдында орындалмаған міндеттері немесе меншіктілік нысанына қатыссыз азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттері туралы, оның айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы, не оның соттың заңды күші бар үкімімен жазасын өтегені туралы, не аталған адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келетіндігі туралы, сондай-ақ азаматтықтан шығу себептері мен дәлелдері туралы нақты мәліметтер хабарланады.

      24. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға Қазақстан Республикасының алдында орындалмаған міндеттері немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің  мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттері бар адамдарға рұқсат етілмеуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға өтініш беруші адам айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылса, не соттың күшіне енген үкімімен жазасын өтесе, не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келтіретін болса рұқсат етілмейді.

6. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу

      25. Қазақстан Республикасының азаматтығынан мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған мән-жайлардан басқа жағдайларда адамның басқа мемлекеттің әскери қызметінде, қауіпсіздік қызметінде, полициясында, әділет органдарында немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарында қызмет етуі салдарынан;
      2) егер де Қазақстан Республикасының азаматтығы өтірік жазылған мәліметтерді немесе жалған құжаттарды ұсыну нәтижесінде алынған болса;
      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен алдын ала қарастырылған негіздерде;
      4) егер де Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан адам үш жыл бойы дәлелді себептерсіз консулдық есепке тұрмаса айырылады.

      26. Қазақстан Республикасының азаматының паспортымен немесе жеке куәлігімен тұрып жатқан адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтындығы туралы мәлімет немесе өтініш келіп түскенде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қажетті тексеру жүргізеді. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен алдын ала қарастырылған мән-жайлардан басқа жағдайларда өзге мемлекеттің әскери қызметінде тұруы және Қазақстан Республикасының азаматтығын өтірік жазылған мәліметтерді немесе жалған құжаттарды ұсыну нәтижесінде алғандығы туралы фактілер анықталған жағдайда бұл адамның азаматтықтан айырылғандығы тіркеледі.

      27. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуды тіркеу адамға оны Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру жөнінде шешім қабылдаудың негіздері және себептері хабарланғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылуды белгіленген нысандағы журналға тіркейді (4-қосымша) және Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігіне тоқсан сайын есеп берудің қосымшаларын жазып хабарлап отырады.

      28. Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік - құқықтық бөліміне әрбір жартыжылдың және жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдар туралы ақпарат береді.

7. Қазақстан Республикасының азаматтығына
қатыстылығын анықтау 

      29. Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтауға мына адамдар:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін келген шетел азаматтары және өздерін Қазақстан Республикасының азаматтарымыз деп өтініш жазған азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын қатыстылығы туралы мәліметтері бар адамдар;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтары емес деген мәліметтер немесе негізді өтініштер келіп түскен кезде паспорт пен жеке куәлік бойынша тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары;
      3) егер де бұрын Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының есебінде тұрмаған болса, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар екендігі көрсетілген босату туралы анықтама ұсынған адамдар;
      4) егер де бұрын Қазақстан Республикасының аумағында тұрғандығы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығында болғандығы туралы дәлелді негіздері бар болса, бұрын шетелге кеткендер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін қайта оралған және шетелдік паспорт ұсынған адамдар;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында туған және шетел мемлекетінің азаматтығында тұрмаған адамдар жатады.

      30. Тұратын жеріндегі Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға қатыстылығы тексерілетін адамдардың толық сауалнамасын жасайды. Онда мыналар:
анықталушылар қайда және қашан туған, олар туған кездегі ата-аналарының азаматтығы, Қазақстан Республикасына қашан және қандай құжаттармен келген, туыстары қайда тұрған немесе тұрады, олардың азаматтығы және жағдайға байланысты басқа да сұрақтарға жауаптар көрсетіледі. Материалдарға өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет және іске қатысы бар құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұру фактісін растайтын кемінде үш куәгердің өтініші қоса беріледі.
      Мұндай адамдар Қазақстан Республикасының жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының және оның аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, ал қажет болған жағдайда басқа да дереккөздердің есептері бойынша тексеріледі.
      Шетелден мәліметтер алу қажет болған жағдайда сұрау салулар Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің көші-қон полициясы Департаментіне жолданады.
      Тексеру нәтижелері бойынша ІІББ-ІІБ-нің бастығы немесе оның орынбасары бекіткен, дәлелденген қорытынды шығарылады.
      Келіп түскен материалдар жеке номенклатуралық істе ресімделеді. Ол іс аяқталған соң мұрағатқа тапсырылады және ұдайы сақталады.

      31. Қазақстан Республикасының азаматтығына қатысы бар адамдарға оларды Қазақстан Республикасы азаматының паспортымен және жеке куәлігімен құжаттандыруға негіз болып табылатын анықтама беріледі (5-қосымша).

8. Азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдердің орындалуы

      32. Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтық мәселелері жөніндегі жарлығын алғаннан кейін жеті күндік мерзімде бұл туралы материалдарды жолдаған ІІББ-ІІБ-ге хабар береді.
      ІІББ-ІІБ өтінушінің тұратын жеріндегі қалалық, аудандық ішкі істер органдары арқылы аталған шешімдерді алған соң жеті күндік мерзімде оларға қаралған өтініштердің нәтижелері туралы хабардар етеді.
      Егер де аталған адам тұратын жерін өзгерткен болса, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары шешім қабылдау туралы хабарды өтінушінің жаңа тұратын жеріндегі ішкі істер органдарына жібереді және бұл жөнінде Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігіне ақпарат береді.
      ІІББ-ІІБ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған адамдарға белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және куәлігін беру үшін негіз болып табылатын, мөрмен куәландырылған анықтама береді (6-қосымша), оларды шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар есебінен шығарады және дер кезінде құжаттандырылуын қамтамасыз етеді.
      ІІББ-ІІБ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған адамдардан ұлттық паспортын алып қояды және белгіленген тәртіпте оларды берген органға жібереді. Азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері жеке іске тіркеледі.
      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы шешім шығарылған адамдардан Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігін алып қояды және оларға белгіленген тәртіппен азаматтығы жоқ адамның куәліктері мен анықтамаларын береді (7-қосымша).
      ІІББ-ІІБ Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының орындалғаны жөнінде Жарлыққа қол қойылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігіне ақпарат береді.

9. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың
жеңілдетілген тәртібіне байланысты мәселелерді қарау

      33. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы 1996 жылдың 26 ақпанындағы Келісімге сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудың жеңілдетілген тәртібін республика аумағында тұрақты тұру мерзіміне қатыссыз заңды негізде мынадай шарттардың біреуі бар болғанда:
      1) егер өтінуші Беларус ССР, Қазақ ССР, Қырғыз ССР немесе РСФСР-дың азаматтығында және бір уақытта бұрынғы КСРО-ның азаматтығында тұрған болса, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының аумағында туған немесе тұрған болса;
      2) егер өтініш берушінің азаматтық алатын Тараптың аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және оның азаматы болып табылатын ең болмаса бір жақын туысқаны: жұбайы (зайыбы), ата-анасының (асырап алушыларының) бірі, баласы (оның ішінде асырап алғаны), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі, немересі (немере қызы) екендігін растайтын құжат.

      34. Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғызстан Республикасының азаматтары жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және басқа Тараптың азаматтығын тоқтату үшін облыстардағы ІІББ-ІІБ бастығының атына өтініш жазады және оны тұрақты тұратын жеріндегі қалалық, аудандық ішкі істер органдары көші-қон полициясының бөлімшелеріне береді.
      Өтінішке мынадай құжаттар:
      1) белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш (1-қосымша);
      2) еркін түрде жазылған толық өмірбаян;
      3) бас киімсіз түсірілген анфас өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
      4) белгіленген нысанда толтырылған, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  1-бабында қарастырылған шарттарды орындау міндеттемесі (3-қосымша);
      5) жеке басын куәландыратын және Келісімге қатысушы-елдердің біреуінің азаматтығына қатыстылығы растайтын паспорттың немесе басқа құжаттың көшірмесі;
      6) тууы туралы және неке туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      7) мемлекеттік баж төлегендігі жөнінде құжат қоса беріледі.

      35. Қажет болған жағдайда шарттардың біреуінің бар екендігін растайтын жеңілдетілген тәртіппен азаматтықты қабылдауға қажетті құжаттар қоса беріледі. Мұндай құжаттар ретінде туу туралы куәліктің, паспорттың, Қазақстан Республикасының аумағында туғандығын растайтын басқа да құжаттың көшірмелері, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін тұратын жері бойынша Келісімге қатысушы-елдердің аумағында тіркелгендігі туралы белгісі бар паспорт парағының немесе бұл жөніндегі құзыретті орган анықтамасының көшірмесі, тууы туралы және неке туралы куәлігінің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық байланысын растайтын өзге де құжаттың көшірмесі пайдаланылады.

      36. Украина азаматтары келесі құжаттарды береді:
      1) өтініш (1-қосымша);
      2) үш фотосурет;
      3) өтініш беруші немесе оның ата-анасының (асырап алушыларының) бірі, атасы немесе әжесі азаматтық алатын Тараптың аумағында туса немесе заңды негізде тұрақты тұрған болса немесе өтініш берушінің азаматтық алатын Тараптың аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және оның азаматы болып табылатын ең болмаса бір жақын туысқаны: жұбайы (зайыбы), ата-анасының (асырап алушыларының) бірі, баласы (оның ішінде асырап алғаны), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі, немересі (немере қызы) екендігін растайтын құжат;
      4) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындығын растайтын құжат;
      5) әскери міндетін атқарғандығын немесе әскери міндеттен босатылғандығын растайтын құжат (әскерге шақырылатын жастағы тұлғаға).

      37. Келіп түскен материалдар Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібі жөніндегі тіркеу журналына тіркеледі (8-қосымша) және осы сияқты журналдарға тіркеу үшін ІІББ-ІІБ-ге жолданады.

      38. ІІББ-ІІБ азаматтық алу жөнінде өтініш берген адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының және оның аумақтық органдарының есептері бойынша тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының барлық есептері бойынша тексереді. Содан соң материалдар белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының қауіпсіздік органдарымен келісіледі.

      39. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша ІІББ-ІІБ-нің бастығы немесе оның орынбасары бекітетін дәлелді қорытынды шығарылады. Бұл жөнінде анықтама (6-қосымша) жолдау арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібіне байланысты мәселелер жөнінде материалдар берген қалалық, аудандық ішкі істер органдары хабардар етіледі. Қалалық, аудандық ішкі істер органдары ІІББ-ІІБ-ден шешімді алған соң өтініш иесіне өтінішті қараудың нәтижелері туралы хабарлайды және олардың дер кезінде құжаттандырылуын қамтамасыз етеді. Азаматтық алу туралы анықтаманың түбіршегі материалдарға тіркеу үшін ІІББ-ІІБ-ге жіберіледі.

      40. Егер де өтініш иесі азаматтық алу туралы өтінішті қарау кезеңінде мекен-жайын ауыстырса, өтінішті қараудың нәтижелері туралы оның жаңа мекен-жайындағы ішкі істер органына хабар жіберіледі.

      41. Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу туралы өтініш, егер де осы жөнінде өтініш берген адам:
      1) адамзатқа қарсы халықаралық құқықтармен қарастырылған қылмыстар жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;
      2) Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырса;
      3) мемлекеттік қауіпсіздікке, халықтың денсаулығына зиян келтіретін қарсы әрекеттерді жүзеге асырса;
      4) мемлекетаралық, халықаралық және діни соғыстарды тұтатса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің қалыптасуына қарсы әрекеттер жасаса;
      5) бұрын террористік іс-әрекеті үшін сотталған болса;
      6) сот оны кәнігі қылмыскер деп таныған болса қабылданбайды.
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш қабылданбаған жағдайда өтініш иесіне шешімді кім және қашан қабылдағаны жазылған тиісті хабарлама жіберіледі және хабарламаның көшірмесі материалдарға қосылады.

      42. Азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш беру сәтінен бастап үш айдан аспауы тиіс.

      43. Жеңілдетілген түрде Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген түрде қабылданған адам бұрын азаматтығында болған елдің ұлттық паспортын тапсырады. Ол белгіленген нысанда Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы хабарламамен бірге әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігіне беріледі (8-қосымша).

      44. 18 жасқа дейінгі балалардың азаматтығы Келісімнің ережелеріне сәйкес анықталады.

      45. Жеңілдетілген тәртіппен азаматтықты қабылдау туралы материалдар азаматтыққа қабылдау жөніндегі белгіленген тәртіппен сақталатын жеке іске тігіледі. Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған тәртіппен алу жөніндегі тіркеу журналдары ІІББ-ІІБ-де ұдайы, ал қалалық, аудандық органдарда - соңғы жазба жазылған сәттен бастап 5 жыл бойы сақталады.

      46. Келісімге қатысушы-елдердің құзыретті органдарынан Қазақстан Республикасы азаматының өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдағаны туралы ақпарат келіп түскенде, ол азаматтың 1-нысандағы өтінішіне тиісті белгі жасалады.

Қазақстан Республикасы ІІМ
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер органдарының
 Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты
мәселелерді қарау туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы"
2002 жылғы 23 тамыздағы
N 556 Бұйрығымен бекітілген
 Нұсқаулыққа 1-қосымша 

                                             Фотосуреттің
                                                 орны

САУАЛНАМА-ӨТІНІШ

1. Мені Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауыңызды өтінемін

2. Мынадай өзім туралы мәліметтерді, сондай-ақ азаматтыққа қабылдау
туралы өтінуіме ықпал еткен себептерді хабарлаймын

------------------------------------------------------------------
               Сұрақтар:              !        Жауаптар:
------------------------------------------------------------------
3. Тегі, аты, әкесінің аты

4. Бұрынғы тегіңізді, атыңызды және
   әкеңіздің атын көрсетіңіз. Оларды
   өзгертсеңіз - қашан, қайда және не
   себеппен өзгерттіңіз

5. Туған жері, жылы, айы, күні (ауыл,
   қала, аудан, облыс, егер шетелде
   туылсаңыз, туған жеріңізді
   көрсетіңіз)

6. Ұлты

7. Білімі бойынша мамандығы мен кәсібі
   (қашан, қай жерде және қандай оқу
   орнын бітірген)

8. Отбасы жағдайы (некеде тұрмын,
   ажырасқанмын, жесірмін)

9. Қазіргі уақыттағы азаматтығы

10. Сіздің жеке басыңызды куәландыратын
    қандай құжаттарыңыз бар (ұлттық
    паспорт, шетел азаматының
    ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның
    жеке куәлігі) оларды қашан, қай
    жерде және кім берді

11. Егер де бұрын басқа мемлекеттің
    (елдің) азаматтығында тұрған болсаңыз,
    оны қайда, қашан және ненің негізінде
    қабылдағаныңызды және айрылғаныңызды
    толық көрсетіңіз

12. Бұған дейін Қазақстан Республикасының
    азаматтығын қабылдау туралы өтініш
    жасадыңыз ба, қашан, қай жерде және
    қандай шешім қабылданды

13. Шетелде тұрдыңыз ба, кету мақсатыңызды
    және Қазақстан Республикасына қашан
    келгеніңізді көрсетіңіз

14. Қазақстан Республикасына келгенге
    дейін соттың қудалауында болдыңыз ба,
    қашан, қайда және не үшін

15. Шетел мемлекетінде әскери қызмет
    өткердіңіз бе, әділет органдарында
    немесе өзге де мемлекеттік билік және
    басқару органдарында, қауіпсіздік
    қызметінде болдыңыз ба

16. Қазақстан Республикасында сот
    тәртібінде қылмыстық немесе азаматтық
    жауапкершілікке тартылдыңыз ба, егер
    тартылсаңыз - қашан, қайда және не үшін

17. Қазақстан Республикасында атқарған
    қызметіңіз
------------------------------------------------------------------
   Айы және жылы   !     Мекеме, ұйым,    !  Мекеменің, ұйымның,
                   ! кәсіпорын, лауазымы  !     кәсіпорынның
-------------------!                      !    орналасқан жері
  келген ! кеткен  !                      !
уақытының!уақытының!                      !
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------

18. Сіздің жақын туыстарыңыз (күйеуіңіз, әйеліңіз, әке-шешеңіз,
аға-іні, апа-қарындастарыңыз).

*  Осы тармақты толтыру кезінде Қазақстан Республикасында тұратын,
сондай-ақ шетелдегі барлық туыстарыңыз көрсетіледі. Егер де әйелі
күйеуінің тегін алған болса, некеге отырғанға дейінгі тегі көрсетіледі.

------------------------------------------------------------------
  Туыстық !  Тегі, аты, әкесінің аты  !Туған жері!  Тұрғылықты
 қатынасы !                           ! мен жылы !     жері
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------

19. Өзіммен бірге кәмелетке толмаған мынадай балаларымды Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылдауды өтінемін

------------------------------------------------------------------
 N !      Т.А.Ә.       ! Туған жылы !  Туған жері !   Ескерту
р/р!                   !  мен айы   !             !
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------

20. Үйінің мекен-жайы және телефон нөмірі

200__ж. "____" _____________              ____________________
           толтырған күні                         қолы

21. Сауалнама-өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп
қабылдаған
__________________________________________________________________
      ішкі істер бөлімі қызметкерінің қолы, қызметі мен тегі

200__ж. "___" ______________
құжаттар қабылдап алынған күн

      Қазақстан Республикасы ІІМ
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер органдарының
 Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты
мәселелерді қарау туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы"
2002 жылғы 23 тамыздағы
N 556 Бұйрығымен бекітілген
 Нұсқаулыққа 2-қосымша 

                                             Фотосуреттің
                                                 орны

САУАЛНАМА-ӨТІНІШ

      Маған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуыма рұқсат етіңіз

------------------------------------------------------------------
               Сұрақтар:              !        Жауаптар:
------------------------------------------------------------------
1. Тегі, аты, әкесінің аты

2. Бұрынғы тегіңізді, атыңызды және
   әкеңіздің атын көрсетіңіз. Оларды
   өзгертсеңіз - қашан, қайда және не
   себеппен өзгерттіңіз

3. Туған жері, жылы, айы, күні (ауыл,
   қала, аудан, облыс, егер шетелде
   туылсаңыз, туған жеріңізді
   көрсетіңіз)

4. Ұлты

5. Білімі бойынша мамандығы мен кәсібі
   (қашан, қай жерде және қандай оқу
   орнын бітірген)

6. Отбасы жағдайы (некеге отырғанмын,
   ажырасқанмын, жесірмін)

7. Егер де бұрын басқа мемлекеттің
   (елдің) азаматтығында тұрған
   болсаңыз, оны қайда, қашан және
   ненің негізінде қабылдағаныңызды
   және жоғалтақаныңызды толық
   көрсетіңіз

8. Қазақстан Республикасында сот
   тәртібінде қылмыстық немесе
   азаматтық жауапкершілікке
   тартылдыңызба, егер тартылсаңыз,
   қашан, қайда және не үшін

9. Мемлекет алдында орындалмаған
   міндеттеріңіз не мемлекеттік
   органдар мен ұйымдар азаматтарының
   мүдделерімен байланысты мүліктік
   міндеттеріңіз бар ма

10. Еңбекке араласқаннан бастап
    атқарған жұмысы (бұған қоса
    жоғарғы және орта оқу орындарындағы
    оқуы, әскери қызметі)
------------------------------------------------------------------
      Осы тармақты толтыру кезінде кәсіпорынның, ұйымның және
мекеменің Сіз қызмет атқарған кездегі атаулары жазылады және әскери
қызметтегі лауазымыңызды көрсете отырып жазуыңыз қажет. Шартты атауы
бар кәсіпорындар (пошта жәшігі және т.б.), осы шартты атауларымен
көрсетіледі. Әскери қызметті өткергендігі әскери билетіндегі жазуға
сәйкес көрсетіледі.

------------------------------------------------------------------
   Айы мен жылы    ! Мекеме, ұйым, кәсіпорын,! Мекеменің, ұйымның,
-------------------!         лауазымы        !    кәсіпорынның
 келген  ! Кеткен  !                         !   орналасқан жері
уақытының!уақытының!                         !
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------

11. Сіздің жақын туыстарыңыз (күйеуіңіз, әйеліңіз, әке-шешеңіз,
аға-іні, апа-қарындастарыңыз).

*  Осы тармақты толтыру кезінде Қазақстан Республикасында тұратын,
сондай-ақ шетелдегі барлық туыстарыңыз көрсетіледі. Егер де әйелі
күйеуінің тегін алған болса, некеге отырғанға дейінгі тегі көрсетіледі.

------------------------------------------------------------------
Туыстық қатынасы! Тегі, аты, !Туған жері мен жылы!Тұрғылықты жері
                !әкесінің аты!                   !
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------

12. Өзіммен бірге кәмелетке толмаған мынадай балаларыма Қазақстан
Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат етіңіз

------------------------------------------------------------------
 N !     Т.А.Ә.      !Туған жылы мен айы! Туған жері !  Ескерту
р/р!                 !                  !            !
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------
               Сұрақтар               !          Жауаптар
------------------------------------------------------------------
13. Әскери міндетке қатысы және әскери
    атағы. Әскерге шақыру жасындағы
    адамдар Қазақстан Республикасындағы
    нақты әскери қызметтен босату
    туралы әскери комиссариаттан
    анықтама әкеледі     

14. Үйінің мекен-жайы және телефон нөмірі

15. Жеке куәліктің сериясы мен нөмірі,
    қашан және кім берді
------------------------------------------------------------------

200__ж. "____" _____________              ____________________
         толтырған күні                           қолы   

16. Сауалнама-өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын
тексеріп қабылдаған ______________________________________________
құжаттар қабылдап алынған күн
                                200__ж. "___" __________________

     

Қазақстан Республикасы ІІМ
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер органдарының
 Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты
мәселелерді қарау туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы"
2002 жылғы 23 тамыздағы
N 556 Бұйрығымен бекітілген
 Нұсқаулыққа 3-қосымша 

МІНДЕТТЕМЕ

      Мен ________________________________________________________ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды өтіне отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын сақтауға, оның мүдделері мен аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тілге және аумағында тұратын барлық ұлт өкілдерінің тіліне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-қуатын, егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға міндеттенемін.

200 ___ ж. "____" __________                ______________
                                                 қолы

     

      Қазақстан Республикасы ІІМ
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер органдарының
 Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты
мәселелерді қарау туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы"
2002 жылғы 23 тамыздағы
N 556 Бұйрығымен бекітілген
 Нұсқаулыққа 4-қосымша

------------------------------------------------------------------
 N ! Азаматтықтан айырылған!   Т.А.Ә.  !Нұсқаулықтың 19-тармағына
р/р!                       !           !  сәйкес айырылу негізі
------------------------------------------------------------------
 1 !            2          !      3    !             4
------------------------------------------------------------------

     

      Қазақстан Республикасы ІІМ
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер органдарының
 Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты
мәселелерді қарау туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы"
2002 жылғы 23 тамыздағы
N 556 Бұйрығымен бекітілген
 Нұсқаулыққа 5-қосымша  

                                               фотосурет орны

      ІІМ
      ІІБ
      -----------------
      200 __ ж. "___"_______

N ______ АНЫҚТАМА

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (паспортын) алу үшін берілді

Тегі _____________________________________________________________

Аты ______________________________________________________________

Әкесінің аты _____________________________________________________

Туған жылы _______________________________________________________

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

      Негіз: _____________________________________________________

      облысы ІІББ-ІІБ-нің 200____ж. "_____"___________ қорытындысы.

      Өзімен бірге балалары: _________________ ___________________

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
______________________________________ Қазақстан Республикасының азаматы болып танылды.

КПБ ІІББ-ІІБ-нің бастығы __________________________________
                                       (қолы)

М.О.

N _______ АНЫҚТАМАНЫҢ ТҮБІРШЕГІ

Тегі ________________________________________________

Аты _________________________________________________

Әкесінің аты ________________________________________

Туған жылы __________________________________________

Бұрынғы азаматтығы __________________________________

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылады.

      Негіз: _________________________________

      облысы ІІББ-ІІБ-нің 200____ж. "_____"___________ қорытындысы.

                           инспектор _______________________
                                            (қолы)
                           Анықтаманы алдым _____________
                                               (қолы)

200___ ж. "______"_____________

М.О.

Қазақстан Республикасы ІІМ
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер органдарының
 Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты
мәселелерді қарау туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы"
2002 жылғы 23 тамыздағы
N 556 Бұйрығымен бекітілген
 Нұсқаулыққа 6-қосымша 

                                               фотосурет орны

      ІІМ
      ІІБ
      -----------------
      200 __ ж. "___"_______

N ______ АНЫҚТАМА

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (паспортын)
алу үшін берілді

Тегі _____________________________________________________________

Аты ______________________________________________________________

Әкесінің аты _____________________________________________________

Туған жылы _______________________________________________________

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 200__ ж. "__"_________
N ___ Жарлығына (мемлекетаралық Келісімдерге) сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылданды.

      Өзімен бірге балалары: _________________ ___________________

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
______________________________________ Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылданды.

КПБ ІІББ-ІІБ-нің бастығы __________________________________
                                       (қолы)

М.О.

N _______ АНЫҚТАМАНЫҢ ТҮБІРШЕГІ

Тегі ________________________________________________

Аты _________________________________________________

Әкесінің аты ________________________________________

Туған жылы __________________________________________

Бұрынғы азаматтығы __________________________________

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 200__ ж. "__"_________
N ___ Жарлығына (мемлекетаралық Келісімдерге) сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылданды.

      инспектор _______________________
                       (қолы)

      Анықтаманы алдым _____________
                           (қолы)

200___ ж. "______"_____________

М.О.

Қазақстан Республикасы ІІМ
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер органдарының
 Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты
мәселелерді қарау туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы"
2002 жылғы 23 тамыздағы
N 556 Бұйрығымен бекітілген
 Нұсқаулыққа 7-қосымша 

200 ___ ж. "____"__________

N________

АНЫҚТАМА

      ____________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________ берілді.
                     туған жылы

Оған және оның балаларына: _______________________________________

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Президентінің 200__ ж. "____" ___________
N _________ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығынан
шығуға рұқсат етілді.

_______________________________________ облысы ІІББ-ІІБ КПБ бастығы

М.О.

     

Қазақстан Республикасы ІІМ
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер органдарының
 Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты
мәселелерді қарау туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы"
2002 жылғы 23 тамыздағы
N 556 Бұйрығымен бекітілген
 Нұсқаулыққа 8-қосымша 

------------------------------------------------------------------
 N !Т.А.Ә.!Туған жылы!Ұлты!Бұрынғы азаматтығын!    Қазақстан
р/р!      ! мен жері !    !  растайтын құжат  ! Республикасындағы
   !      !          !    ! (құжаттың атауы,  !  тұрғылықты жері,
   !      !          !    ! сериясы, нөмірі,  !     мекен-жайы
   !      !          !    ! берілген күні және!
   !      !          !    !   берген орган)   !
------------------------------------------------------------------
 1 !  2   !     3    !  4 !         5         !         6
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
------------------------------------------------------------------
 Қазақстан Республикасына ! Қазақстан Республикасының азаматтығын
  келгенге дейінгі соңғы  !              алған күні
     тұрғылықты жері      !
------------------------------------------------------------------
             7            !                   8
------------------------------------------------------------------