Қазақстан Республикасы нормативтік құқықытық актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қазандағы N 155 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 23 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2021

Қолданыстағы

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау мәселелерi бойынша заңдарды нақтылау мақсатында Бұйырамын:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға сараптама өткiзу және құқық беру жөнiндегi нұсқаулық;
      2) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға сараптама өткiзу және құқық беруге өтiнiш нысаны бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға құқық алуда құжаттарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлердi жүйелеу және жинақтау басқармасына жүктелсiн.

      3. "Құқықтық ақпараттың республикалық орталығы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және Құқықтық насихат, мемлекеттiк тiлдi дамыту және жұртшылықпен байланыс департаментi баспасөз басылымдарына берiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiнiң нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiне сәйкестiгiне сараптама өткiзуде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Нормативтiк актiлердi жүйелеу және жинақтау басқармасына көмек көрсетсiн.

      4. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң шаруашылық басқармасы" Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны "Официальный текст. Министерство юстиции Республики Казахстан" және "Ресми мәтiн. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген жазумен мөр дайындап және Нормативтiк құқықтық актілердi жүйелеу және жинақтау басқармасына берсiн.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-Министрi Р.Ш.Шамсутдиновке жүктелсiн.

      6. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастан күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Әділет министрі

     

Қазақстан Республикасы
Әділет министрiнiң  
2002 жылғы 22 қазандағы
N 155 бұйрығымен  
Бекітілген     

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық
актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға
сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі
Нұсқаулық

      Осы Нұсқаулықтың мақсаты Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің ресми мәтіндерiн кейiннен жариялауға сараптама өткізу және құқық беру рәсiмiн нақтылау болып табылады.

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi;
      2) сараптама - оның барысында баспа басылымдары ұсынатын нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң эталондық бақылау банкiнде сақталатын нормативтiк құқтық актiлердiң ресми мәтiндерiне сәйкестiгiн тексерудi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын рәсiм;
      3) макет - кейiннен жариялауға жататын нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң алдын ала үлгiсi.
      Макет ресми жарияланған нормативтiк құқықтық актiнiң нақты көшiрмесiн бiлдiредi.

      2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерi кейiннен жариялауға құқық алу үшiн қажеттi құжаттар пакетi түскенде, уәкiлеттi органмен олардың толықтығы және шынайылығы тексеріледi.

      3. Белгiленген тәртiпте ұсынылған қажеттi құжаттар пакетi сараптама өткiзуге қабылданады.
      Нормативтiк құқтық актілердiң ресми мәтiндерi кейiннен жариялауға құқық алу үшін барлық қажеттi құжаттар Нормативтiк құқтық актілердi жүйелеу және жинақтау басқармасына (бұдан әрi - Басқарма) тапсырылады.

2-тарау. Сараптама жүргiзу тәртiбi

      4. Сараптама Басқарма қызметкерлерiмен ұсынылған макеттердi эталондық бақылау банкiнде сақталатын, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актілердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқтық актiлердiң ресми мәтiндерiмен салыстыру жолымен жүргiзiледi.

      5. Салыстыру грамматикалық және орфографиялық қателердi анықтау мәнiне жүргiзiледі.

      6. Әдiлет органдарында тiркелген орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердiң ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға құқық алуға өтініш берген кезде макет
нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген  нормативтік құқықтық актілердің  мәтiнiмен салыстырылады.

      7. Сараптама уәкілеттi органға барлық қажеттi құжаттарды
ұсынған кезден бастап 30 күн iшiнде жүргiзiледi.

3-тарау. Құқық беру

      8. Оң қорытынды болған кезде баспа басылымы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға құқық алады.

      9. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға құқық беру туралы шешiм тиiсiнше мөртаңба қою арқылы ресiмделедi.
      Кейiннен жариялауға құқық берiлетiн макеттiң мәтiнiнiң бiрiншi парағының оң жақ жоғарғы бұрышында мемлекеттiк тiлде мәтiнде - "Ресми мәтiн. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi", орыс тiлiндегi мәтiнде - "Официальный текст. Министерство юстиции Республики Казахстан" жазулармен көк түстi мөртаңба қойылады.

      10. Кейiннен жариялауға құқық берiлген нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi жолдама хатпен тиiсiнше баспа басылымына жолданады немесе баспа басылымының заңға сәйкес уәкiлеттi адамына әдейi берiледi.

      11. Баспа басылымының құрылтай құжаттарының көшiрмелерi мен макеттiң көшiрмесi Басқармада қалады.

4-тарау. Keйіннен жариялауға құқық беруден
бас тарту

      12. Қазақстан Республикасының нормативтік құқтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға құқық беруден баспа басылымының теріс қорытындысы болғанда бас тартылады.

      13. Қазақстан Республикасының нормативтік құқтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға құқық беруден бас тарту туралы шешiм бас тарту дәлелдi себептерiмен жазбаша нысанда баяндалады, баспа басылымы құрылтайшы құжаттарының көшiрмесiмен және баспа басылымының макеттерiмен бiрге жiберiледi, макет көшірмесi Басқармада қалады. Сонымен бiрге макетке мөртаңба қойылмайды.

5-тарау. Нормативтік құқтық актiлердiң мәтiндерiн
есепке алу

      14. Басқармада мәтiндерiне Нормативтік құқтық актiлердiң және баспа басылымдарының олардың кейіннен жариялауға құқық алушы мәтіндеріне есеп жүргiзiледi.

      15. Есеп қосымшаға сәйкес нысанда жүргiзiлетін нормативтiк құқтық актілердiң ресми мәтiндерiн кейіннен жариялауға құқықтарды есепке алу кiтабына жазба енгiзу жолымен жүзеге асырылады.

6 тарау. Қорытынды ереже

      16. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте шешiледi.

      17. Сараптама жүргiзiлудiң дұрыстығы мен шынайылығына Басқарма бастығы немесе оны алмастыратын адам жауапкершiлiкте болады.

     

Қазақстан Республикасы
Әділет министрiнiң 
2002 жылғы 22 қазандағы
N 155 бұйрығымен  
Бекітілген       

Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға құқық алуға
ӨТIНIШ

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы мен "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 тамыздағы N 938 қаулысының негiзiнде___________________________________________
___________________________________________________________________
                     (баспасөз басылымдарының атауы)

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнен Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiсiнiң(лерiнiң) ресми мәтiнiн(дерiн) кейiннен жариялауға құқық берудi сұрайды.
      - Өзге де мәлiметтер:_________________________________________
____________________________________________________________________
(баспасөз басылымының орналасқан жерi мен өзге де деректемелерi)

      Баспасөз басылымы басшысының қолы_____________________________

      "____"____________200__ жылы

Қазақстан Республикасы
Әділет министрiнiң 
2002 жылғы 22 қазандағы
N 155 бұйрығымен  
бекітілген,   
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің ресми  
мәтіндерін кейін  
жариялауға сараптама 
өткізу және құқық  
беру жөніндегі    
Нұсқаулығына      
Қосымша        

     

Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға құқықтарды есепке алу
кітабы

N

Баспасөз басылымының атауы

Нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Құжаттарды
берген күн

Кейіннен
жариялауға құқық берілген күні

Өзге де мәліметтер