Ескерту: Бұйрықтың тақырыбына және кіріспесіне өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 336 бұйрығымен .
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау мәселелерi бойынша заңдарды нақтылау мақсатында
Бұйырамын
:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауға сараптама өткiзу және құқық беру жөнiндегi нұсқаулық;
2) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауға сараптама өткiзу және құқық беруге өтiнiш нысаны бекiтiлсiн.
Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 336
бұйрығымен
.
2. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауға құқық алуда құжаттарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Заңнама департаментiне жүктелсiн.
Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182
бұйрығымен
,
2004 жылғы 24 мамырдағы N 144
бұйрығымен
,
2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 336
бұйрығымен
.
3. "Құқықтық ақпараттың республикалық орталығы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және Құқықтық насихат, мемлекеттiк тiлдi дамыту және жұртшылықпен байланыс департаментi баспасөз басылымдарына берiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiнiң нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiне сәйкестiгiне сараптама өткiзуде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Заңнама департаментiне көмек көрсетсiн.
Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182
бұйрығымен
,
2004 жылғы 24 мамырдағы N 144
бұйрығымен
.
4. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң шаруашылық басқармасы" Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны "Официальный текст. Министерство юстиции Республики Казахстан" және "Ресми мәтiн. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген жазумен мөр дайындап және Нормативтiк құқықтық актілердi жүйелеу және жинақтау басқармасына берсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Әділет вице-министріне жүктелсiн.
Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182
бұйрығымен
.
6. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастан күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрiнiң
2002 жылғы 22 қазандағы
N 155 бұйрығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық
актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға
сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі
Нұсқаулық
Ескерту: Нұсқаулықтың тақырыбына өзгертулер енгізілді;
барлық мәтiн бойынша "ресми" деген сөз алып тасталынды, "кейiннен" деген сөзден кейiн "ресми" деген сөзбен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 336
бұйрығымен
.
Осы Нұсқаулықтың мақсаты Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің мәтіндерiн кейiннен ресми жариялауға сараптама өткізу және құқық беру рәсiмiн нақтылау болып табылады.
1. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi;
2) сараптама - оның барысында баспа басылымдары ұсынатын нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң эталондық бақылау банкiнде сақталатын нормативтiк құқтық актiлердiң мәтiндерiне сәйкестiгiн тексерудi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын рәсiм;
3) макет - кейiннен ресми жариялауға жататын нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң алдын ала үлгiсi.
Макет жарияланған нормативтiк құқықтық актiнiң нақты көшiрмесiн бiлдiредi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерi кейiннен ресми жариялауға құқық алу үшiн қажеттi құжаттар пакетi түскенде, уәкiлеттi органмен олардың толықтығы және шынайылығы тексеріледi.
3. Белгiленген тәртiпте ұсынылған қажеттi құжаттар пакетi сараптама өткiзуге қабылданады.
Нормативтiк құқтық актілердiң мәтiндерi кейiннен ресми жариялауға құқық алу үшін барлық қажеттi құжаттар Заңнама департаментiне (бұдан әрі - Департамент) тапсырылады.
Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182
бұйрығымен
,
2004 жылғы 24 мамырдағы N 144
бұйрығымен
.
4. Сараптама Департамент қызметкерлерiмен ұсынылған макеттердi эталондық бақылау банкiнде сақталатын, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актілердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқтық актiлердiң мәтiндерiмен салыстыру жолымен жүргiзiледi.
Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182
бұйрығымен
.
6. Әдiлет органдарында тiркелген орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердiң мәтіндерін кейіннен жариялауға құқық алуға өтініш берген кезде макет
нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген нормативтік құқықтық актілердің мәтiнiмен салыстырылады.
7. Сараптама уәкілеттi органға барлық қажеттi құжаттарды
ұсынған кезден бастап 30 күн iшiнде жүргiзiледi.
8. Оң қорытынды болған кезде баспа басылымы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауға құқық алады.
9. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауға құқық беру туралы шешiм жетекшілік ететін вице-министр қорытындыны бекіткеннен кейін тиісті мөртаңба (2-қосымшаға сәйкес) қою арқылы ресімделеді. Мөртаңбаны Ішкі әкімшілік департаментінің директоры қояды.
Кейiннен ресми жариялауға құқық берiлетiн макеттiң мәтiнiнiң бiрiншi парағының оң жақ жоғарғы бұрышында мемлекеттiк тiлде мәтiнде - "Ресми мәтiн. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi", орыс тiлiндегi мәтiнде - "Официальный текст. Министерство юстиции Республики Казахстан" жазулармен көк түстi мөртаңба қойылады. Мөртаңба Ішкі әкімшілік департаментінде сақталады.
Ескерту: 9-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182
бұйрығымен
.
10. Кейiннен ресми жариялауға құқық берiлген нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi жолдама хатпен тиiсiнше баспа басылымына жолданады немесе баспа басылымының заңға сәйкес уәкiлеттi адамына әдейi берiледi.
11. Баспа басылымының құрылтай құжаттарының көшiрмелерi мен макеттiң көшiрмесi Департаментте қалады.
Ескерту: 11-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182
бұйрығымен
.
4-тарау. Keйіннен ресми жариялауға құқық беруден
бас тарту
12. Қазақстан Республикасының нормативтік құқтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауға құқық беруден баспа басылымының теріс қорытындысы болғанда бас тартылады.
13. Қазақстан Республикасының нормативтік құқтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауға құқық беруден бас тарту туралы шешiм бас тарту дәлелдi себептерiмен жазбаша нысанда баяндалады, баспа басылымы құрылтайшы құжаттарының көшiрмесiмен және баспа басылымының макеттерiмен бiрге жiберiледi, макет көшірмесi Департаментте қалады. Сонымен бiрге макетке мөртаңба қойылмайды.
Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182
бұйрығымен
.
5-тарау. Нормативтік құқтық актiлердiң мәтiндерiн
есепке алу
14. Департаментте мәтiндерiне Нормативтік құқтық актiлердiң және баспа басылымдарының олардың кейіннен ресми жариялауға құқық алушы мәтіндеріне есеп жүргiзiледi.
Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182
бұйрығымен
.
15. Есеп 1-қосымшаға сәйкес нысанда жүргiзiлетін нормативтiк құқтық актілердiң мәтiндерiн кейіннен ресми жариялауға құқықтарды есепке алу кiтабына жазба енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
Ескерту: 15-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182
бұйрығымен
.
16. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте шешiледi.
17. Сараптама жүргiзiлудiң дұрыстығы мен шынайылығына Департамент директоры немесе оны алмастыратын адам жауапкершiлiкте болады.
Ескерту: 17-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182
бұйрығымен
.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрiнiң
2002 жылғы 22 қазандағы
N 155 бұйрығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми
жариялауға құқық алуға
ӨТIНIШ
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
30-бабы мен "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 тамыздағы N 938
қаулысының
негiзiнде___________________________________________
___________________________________________________________________
(баспасөз басылымдарының атауы)
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнен Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiсiнiң(лерiнiң) мәтiнiн(дерiн) кейiннен ресми жариялауға құқық берудi сұрайды.
- Өзге де мәлiметтер:_________________________________________
____________________________________________________________________
(баспасөз басылымының орналасқан жерi мен өзге де деректемелерi)
Баспасөз басылымы басшысының қолы_____________________________
"____"____________200__ жылы
Қазақстан Республикасы
Әділет министрiнiң
2002 жылғы 22 қазандағы
N 155 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің мәтіндерін кейін
ресми жариялауға сараптама
өткізу және құқық беру жөніндегі
Нұсқаулығына
1-қосымша
Ескерту: Қосымша толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182 бұйрығымен .
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен
ресми жариялауға құқықтарды есепке алу
кітабы
N |
Баспасөз басылымының атауы |
Нормативтік құқықтық актілердің тізбесі |
Құжаттарды
|
Кейіннен ресми
|
Өзге де мәліметтер |
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің
мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға
сараптама өткізу және құқық беру
жөніндегі Нұсқаулығына
2-қосымша
Ескерту: 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182 бұйрығымен .
РЕСМИ МӘТІН
|