Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1988.

Қолданыстағы

      " Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ", " Әділет органдары туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, авторлық құқық саласындағы халықаралық Конвенциялар мен шарттардың принциптерін басшылыққа алып және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы N 411 қаулысы  негізінде бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
      2. Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитет:
      1) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментіне тіркеу үшін ұсынсын.
      2) Нұсқаулықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрінің "Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын
туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 тамыздағы N 160 Бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің төрайымы Н.Н.Сахиповаға жүктелсін.

      Министр

     

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2002 жылғы 27 қыркүйектегі
N 146 бұйрығымен бекітілді

Авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын
туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетінің авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметін регламенттейді және "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  (Бұдан әрі - Заң), "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының , "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы N 411 қаулысы  негізінде жасалды.

      2. Заңның 7, 34-баптарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге:
      1) әдеби туындылар;
      2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
      3) сценарий туындылары;
      4) хореография және пантомима туындылары;
      5) мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар;
      6) дыбыс-бейнежазу туындылары (кино-, теле- және бейнефильмдер, диафильмдер және басқа кино- және телетуындылар);
      7) мүсіндеме, кескіндеме, графика және бейнелеу өнерінің басқа да туындылары;
      8) қолданбалы өнер туындылары;
      9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері туындылары;
      10) суретке түсіру туындылары және суретке түсіруге орайлас әдістермен жасалған туындылар;
      11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
      12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
      13) өзге де туындылар қабылданады.
      Бұдан басқа:
      1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйіндер, шолулар, инсцинировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);
      2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының іріктелуі және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын басқа да құрама туындылар;
      3) сабақтас құқықтар объектілері (қойылымдар, орындаушылықтар, фонограммалар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткізілу әдісі мен нысанына қарамастан) қабылданады.

      3. Авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің ресми расталуы - мәліметтердің мемлекеттік тізілімге енгізілуі және осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес Комитет төрағасы немесе оны алмастырушы тұлғаның қолы қойылған зияткерлік меншік объектісінің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік болып табылады.
      Зияткерлік меншік объектілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз уақытқа беріледі және сот тәртібімен бұл туындының авторы немесе құқық иесі басқа тұлға екені анықталмайынша қолданылады.

1. Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын
туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу

      5. Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларды мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу) немесе одан бас тартуды Комитет автор немесе құқық иесі өтініш берген күннен бастап жиырма күндік мерзім ішінде жүргізеді.

      6. Мемлекеттік тіркеу автордың немесе авторлардың өтініші негізінде тегі, аты-жөні, төлқұжат деректері, туындының атауы, нысаны немесе жанры, оның түпнұсқалық дәрежесі (түпнұсқалық немесе туынды) міндетті түрде көрсетіліп жүзеге асырылады. Егер шығарма туынды болса, пайдаланылған туынды авторының тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет, егер өтінішті туындыға құқық иесі берген болса, қосымша оның тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат деректері, тұратын жері немесе оның атауы, орналасқан жері көрсетіледі.

      7. Әдеби, драмалық, сценарий туындыларын тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) туындының түпнұсқасы және көшірмесі;
      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылады.

      8. Музыкалық және музыкалық-драмалық туындыларды тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) туынды жазылған дыбыстаспа, туындының мәтіні, ноталары немесе партитурасы (мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туынды);
      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылады.
      Тең авторлардың жеке жасаған музыкалық туындылары жеке де, бірге де тіркелуі мүмкін.

      9. Хореография, пантомима, дыбыс-бейнежазу туындыларын (кино, теле- және бейнефильмдер, диафильмдер мен басқа да кино-, телетуындылар) тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) туынды жазылған бейнетаспа;
      3) туынды сипаттамасы (атауы, шығарылған күні және т.б.);
      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылады.

      10. Сәулет, қала құрылысы, мүсіндеме, кескіндеме, графика, сондай-ақ басқа да бейнелеу, бау-саябақ және сәндік-қолданбалы өнер туындыларын тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) туындының нобайлары, сызбалары, суреттері, безендірулері немесе туындының суретке түсіру түріндегі бейнесі;
      3) туындының егжей-тегжейлі сипаттамасы;
      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылады.

      11. Суретке түсіру туындылары және суретке түсіруге орайлас әдістермен жасалған туындыларды, сондай-ақ карталарды, жоспарларды, нобайларды, безендірулерді және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындыларды тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) туындының түпнұсқасы;
      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылады.

      12. Электронды есептеуіш мәшинеге (бұдан әрі - ЭЕМ) арналған бағдарламаларды, деректер базасын тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) ЭЕМ-ге арналған бағдарламасы, деректер базасы бар тасушы (дискета және т.б.);
      3) ЭЕМ-ге арналған бағдарламасының, деректер базасының атауын, өтініш берушінің атауын (тегі, аты, әкесінің аты), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, қызмет мүмкіндігін, негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асыратын ЭЕМ-ның түрін және т.б. қамтитын ЭЕМ-ға арналған бағдарламаның немесе деректер базасының рефераты;
      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылады.
      Құрамына бірнеше бағдарлама енген (бағдарламалық кешендер) ЭЕМ-ға арналған бағдарламалар толық тіркелуі тиіс.

      13. Фонограммаларды тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) орындаушы мен автор арасындағы авторлық шарттың көшірмесі;
      3) фонограмма жазылған дыбыс-бейнежазу таспасы немесе фонограмма жазылған компакт-диск;
      4) фонограмманың сипаттамасы (атауы, шығарылған күні, дыбысталу уақыты, фонограмманың мазмұны және т.б.);
      5) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, заңды тұлға үшін - мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады.

      14. Эфирлік және кабельдік хабарларды тарату ұйымдары тіркелгенде:
      1) өтініш;
      2) туындының сценарийі;
      3) туынды авторымен туындыны пайдалануға ерекше құқықтарды беру туралы жасалған шарттың көшірмесі;
      4) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, заңды тұлға үшін - мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады.

      15. Қызмет бабында міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібі бойынша жасалған қызметтік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде, осы немесе өзге де туындыны тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, қызметтік туындыны пайдалануға мүліктік құқықтардың иелікте болуы туралы автор мен жұмыс берушінің арасындағы шарттың көшірмесін ұсыну қажет.

      16. Құжаттарды сенімді тұлға арқылы ұсыну кезінде:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған, автор қол қойған, сенімхатты;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қосымша ұсыну қажет.

      17. Тіркеуге ұсынылатын құжаттар нөмірленуі және оларға автордың қолы қойылуы қажет.

      18. Қажет болған жағдайда Комитет өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін. Мұндайда көрсетілген мәліметтердің растығына өтініш беруші жауап береді.

2. Қорытынды ережелер

      19. Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге және туындыларды тіркеу туралы ақпарат беруге байланысты даулар заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.

      20. Комитет тіркеу тәртібін және тіркеу туралы ақпарат беру тәртібін бұзғаны үшін жауап береді.

Қазақстан Республикасы       
Әділет министрінің         
2002 жылғы 27 қыркүйектегі     
N 146 бұйрығымен бекітілген    
Авторлық құқық және сабақтас   
құқықтармен қорғалатын туындыларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы
нұсқаулыққа қосымша      

Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы
КУӘЛІК

 N _____                                      200_ ж "____"________

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік
құқықтары жөніндегі комитетінде өзінің өтініші бойынша авторы ____________________________________________________________
           (тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның __________________________________________________ болып табылатын,
                толық атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________ деп аталған
зияткерлік меншік объектісі тіркелгенін осы куәлік растайды.
    Автордың өтініші бойынша зияткерлік меншікке ерекше (мүліктік)
құқығы және ______________________________________________________
                               (күні, айы, жылы)
жасалған объекті__________________________________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты немесе зияткерлік меншік объектісінің
         авторы болып табылатын заңды тұлғаның толық атауы)
иелігіне жатады және автор жоғарыда көрсетілген объектіні жасаған
кезде басқа адамдардың зияткерлік меншік құқығы бұзылмағандығына
кепілдік береді.
     Тізілімде 200__ жылғы  "____"________ жасалған N____ жазба бар.

     Төрайым                                       _______________