Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1948.

Жаңартылған

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде жылжымалы құрамды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (М.Т.Бейсембаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі В.В.Шнейдмюллерге жүктелсін.
      4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы        
Көлік және коммуникациялар     
министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі
N 240-I бұйрығымен бекітілген  

Қазақстан Республикасында жылжымалы
темір жол құрамын тіркеу
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) темір жол көлігімен жолаушыларды, жүктер және теңдеме жүкті тасымалдау бойынша қызметте пайдаланылатын жылжымалы темір жол құрамын қызметтің осы түрін мемлекеттік реттеу, көлік қызметтері рыногының жұмысын және олардың тұтынушыларының мүдделері қорғалуын қамтамасыз ету, жылжымалы темір жол құрамының бар екендігі және жұмысқа қабілеттігінің бірыңғай мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру, қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында тіркеу тәртібін анықтайды.

      2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, жүктердi және теңдеме жүктi темiр жол көлiгiмен тасымалдау үшiн қолданылатын жылжымалы темiр жол құрамын тiркеудi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүргiзедi.
      Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 14 ақпандағы N 36 бұйрығымен.

      3. Тіркеуге меншік нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан, жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығуға құқығы бар, ішкі технологиялық мақсаттар үшін пайдаланылатын жылжымалы темір жол құрамының бірліктері жатады. Оның қатарына Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, шетел заңды тұлғаларының, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың меншікті немесе жалға алған, сондай-ақ сенімгерлік басқарудағы немесе мүліктік жалға алынғандар кіреді.

      4. Тіркеуден өткен темір жол құрамын тіркеуші орган Мемлекеттік жылжымалы темір жол құрамы тізіліміне енгізуге тиіс.

  2. Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу, қайта тіркеу және кепілге қою тәртібі және шарттары

      Ескерту: 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 280бұйрығымен.

      5. Жылжымалы темір жол құрамын тіркеу барлық тұлғалар үшін бірдей негізінде және шарттарда жүзеге асырылады.

      5-1. Осы ережелерде белгiленген тәртiппен тiркелетiн жылжымалы темiр жол құрамын тiркеу, қайта тiркеу және кепiлге беру:
      1) егер өтiнiш берушi заңды тұлға болып табылса, заңды тұлғаның тiркелу орны бойынша;
      2) егер өтiнiш берушi жеке тұлға, жеке кәсiпкер болған жағдайда салық төлеушi ретiнде тiркелу орны бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 14 ақпандағы N 36 бұйрығымен.

      6. Сатып алған-сатылған, сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға (жалға беру), сыйға берілген, айырбастаған жағдайларда, растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін, сондай-ақ тіркелген күнінен бастап үш жыл өткен соң жылжымалы темір жол құрамы тіркейтін органда қайта тіркеуге жатады. Жылжымалы темір жол құрамы шетелдік тұлғаларға сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға Қазақстан Республикасының шегінен тыс одан әрі пайдалануға берілген жағдайда қайта тіркелмейді.
      Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 280бұйрығымен.

      7. Жеке және заңды тұлғалар жылжымалы темір жол құрамының бірнеше үлгілерін тіркеуді жүргізе алады.

      8. Жылжымалы темір жол құрамының мынадай түрлері белгіленеді:
      1) жүк жылжымалы құрамы;
      2) жолаушы жылжымалы және оған теңестірілген почталық,
почталық-теңдеме жүк және теңдеме жүк жылжымалы құрамы;
      3) тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрам.

      9. Темір жол жүк жылжымалы құрамдары үшін, мынадай тіркеу санаттары белгіленеді:
      1) жабық вагондар;
      2) платформалар;
      3) жартылай вагондар;
      4) цистерналар;
      5) рефрижераторлық және изотермиялық вагондар;
      6) астық тасығыш;
      7) цемент тасығыш;
      8) фитинктік платформалар;
      9) битум тасығыш платформалар;
      10) басқалар (жүк тасымалдауға арналған мамандырылған вагондар, соның ішінде бункерлік түрі, транспортерлер, контейнер тасығыш және арнайы жүк вагондар түрі).

      10. Темір жол жолаушы жылжымалы және оған теңестірілген почталық, почталық-теңдеме жүк және теңдеме жүк жылжымалы құрамдарына мынадай тіркеу санаттары белгіленеді:
      1) купелік вагондар;
      2) плацкарттық вагондар;
      3) "СВ";
      4) "РИЦ";
      5) вагон-мейрамханалар;
      6) облысаралық вагондар;
      7) "ЗАК";
      8) қызметтік вагондар;
      9) қызметтік техникалық вагондар;
      10) почталық вагондар;
      11) теңдеме жүк вагондары.

      11. Темiр жол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамдары үшiн мынадай тiркеу санаттары белгiленедi:
      1) магистралдық жолдар бойынша кез келген санаттағы поездарды жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МГЖҚ);
      2) кең жолтабанды магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-К);
      3) тар жолтабанды магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда сорапта маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-Т);
      4) тар және кең жолтабанды магистралдық және станциялық жолдар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын мотор-вагонды жылжымалы құрам (МВЖҚ);
      5) өнеркәсiптiк темiр жол көлiгi жолдарында пайдаланылатын және магистралдық пен станциялық жолға шықпайтын тартқыш жылжымалы құрам (ТЖҚ-ӨТКЖ);
      6) жолдың жоғарғы құрылысын, жасанды құрылыстарды, түйiспе тораптың және энергиямен жабдықтаудың, байланыстың, сигнализацияның, орталықтандырудың және бұғаттаудың құрылғалары мен желiлерiн күтiп-баптау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темiр жол қатынасы торабында төтенше жағдайларды жою бойынша технологиялық операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жылжымалы құрам, соның iшiнде мотор-вагонды (ЖҚМВТО).
      Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 167-І бұйрығымен.

      12. <*>
      Ескерту: 12-тармақ алынып тасталды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 280бұйрығымен.

      13. Заңды және жеке тұлғалар жылжымалы темiр жол құрамын тiркеу және қайта тiркеу үшiн тiркеушi органға мынадай құжаттарды:
      Заңды тұлғаның өкiлi:
      1) заңды тұлғаның бiрiншi басшысының және бас бухгалтердiң қолымен расталған осы Ереженiң 1, 2,  3-қосымшаларына сәйкес жылжымалы темiр жол құрамының бар мүкәммал паркiнiң, оның iшiнде сенiмгерлiк басқаруға немесе мүлiктiк жалға берiлгеннiң тiзбесiн;
      2) осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiшiн;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
      4) өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжатты, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттарды;
      5) жылжымалы темiр жол құрамын иелiктен айыру шартының немесе сенiмгерлiк басқаруға беру шартының, немесе мүлiктi жалдау (жалға алу) шартының көшiрмесiн;
      6) жылжымалы темiр жол құрамына арналған техникалық куәлiктi.
      Жеке тұлғалар:
      1) Жеке тұлғаның бiрiншi басшысының және бас бухгалтердiң қолымен расталған осы Ереженiң 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жылжымалы темiр жол құрамының бар мүкәммал паркiнiң, оның iшiнде сенiмгерлiк басқаруға немесе мүлiктiк жалға берiлгеннiң тiзбесiн;
      2) осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiшiн;
      3) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      4) жылжымалы темiр жол құрамын иелiктен айыру шартының немесе сенiмгерлiк басқаруға беру шартының, немесе мүлiктi жалдау (жалға алу) шартының көшiрмесiн;
      5) жылжымалы темiр жол құрамына арналған техникалық куәлiктi ұсынады.
      Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 14 ақпандағы N 36 бұйрығымен.

      13-1. Тіркеуші орган жылжымалы темір жол құрамының кепілін тіркеу үшін жылжымалы темір жол құрамы кепілін тіркеу тізілімін жүргізеді және кепіл ұстаушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды, кепіл ұстаушының келісімінсіз кепілдікке алынған жылжымалы темір жол құрамын иеліктен айыруға жол бермейді.
      Ескерту: 13-1-тармақпен толықтырылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 280бұйрығымен.

      14. Тіркеуші органның ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеруге құқығы бар.

      15. Жылжымалы темiр жол құрамын тiркеу, қайта тiркеу туралы шешім барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз күннен кешіктірілмей қабылданады. Тіркеуден бас тартқан кезде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
      Ескерту: 15-тармаққа өзгертулер енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 280бұйрығымен, 2006 жылғы 14 ақпандағы N 36 бұйрығымен.

      15-1. Кепiлдi тiркеу туралы шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күнiнен бастан екi жұмыс күнiнiң iшiнде қабылданады. Өтiнiш берушiге кепiлiн тiркеуден бас тартқан жағдайда бес жұмыс күнiнiң iшiнде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
      Ескерту: 15-1-тармақпен толықтырылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2006 жылғы 14 ақпандағы N 36 бұйрығымен.

      16. Тіркеу құжатын жоғалтқан немесе кездейсоқта бүлдіріп алған жағдайда жылжымалы құрамды тіркеген тұлға көшірме беру туралы өтініш береді.

      17. Жылжымалы темір жол құрамын тіркеген тұлға, тіркеу күнінен бастап оны пайдалану құқығын алады.

      17-1. Жылжымалы темір жол құрамын тіркеу, кепiл беру туралы куәлік қатаң есептегі құжат болып табылады, оның есептік сериясы мен нөмірі болады. Куәліктерді жасауды, есепке алуды, сақтауды қамтамасыз ету тіркеуші органға жүктеледі.
      Ескерту: 17-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 280бұйрығымен, 2006 жылғы 14 ақпандағы N 36 бұйрығымен.

      17-2. Жылжымалы темiр жол құрамын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi бланк болып табылады және жылжымалы құрамының әрбiр тiркелетiн бiрлiгiне берiледi.
      Ескерту: 17-2-тармақпен толықтырылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2006 жылғы 14 ақпандағы N 36 бұйрығымен.

3. Құқықтар мен міндеттер

      18. Жылжымалы темір жол құрамын тіркеген тұлғалар:
      1) тіркеуші органның талабы бойынша тіркелген темір жол жылжымалы құрамы туралы мәліметтер ұсынады, оның пайдаланылуына бақылау жасау үшін тіркеуші органның қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      2) тіркеуші органды заңды тұлға таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда хабардар етеді.

      19. Жылжымалы темiр жол құрамын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға және берiлген куәлiктердi қайтарып алуға байланысты даулар заңнамада  белгiленген тәртiппен шешiледi.
      Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 167-І бұйрығымен.

      20. Тіркеу органы темір жол жылжымалы құрамын тіркеуден:
      1) жеке және заңды тұлғалар осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаса;
      2) жеке және заңды тұлғалар ұсынған құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмесе;
      3) тіркеуші органға ұсынылған құжаттарда өшірулер, қолжазбаларында немесе машина жазбаларында түзетулер немесе көшірмелерді куәландыратын қолы және мөрі болмаған жағдайда бас тарта алады.

      20-1. Тiркеушi орган, егер жылжымалы құрамға иелiк ету құқығына байланысты даулы ситуациялар туындаған жағдайда заңнамалық кесiмдерде өзгеше көзделмесе, жылжымалы темiр жол құрамын мемлекеттiк тiркеу туралы берiлген куәлiктi сот шешiмi бойынша керi қайтарып алады.
      Ескерту: 20-1-тармақпен толықтырылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 167-І бұйрығымен.

4. Жылжымалы темір жол құрамын мемлекеттік тіркеу туралы
куәлікті ауыстыру және көшірмесін беру тәртібі

      21. Жылжымалы темір жол құрамына мемлекеттік тіркеу туралы жаңа куәлік жылжымалы темір жол құрамының меншік иесі мен иеленушісі өзгерген жағдайда тіркеуші органға өтініштің осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса куәлікті ауыстыру туралы берілген өтініштің негізінде беріледі.

      22. Жылжымалы темір жол құрамына мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жылжымалы темір жол құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін кездейсоқта бүлдіріп немесе жоғалтып алған жағдайда тіркеуші органға жылжымалы темір жол құрамын тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін беру туралы өтініштің негізінде беріледі.

5. Жылжымалы темір жол құрамын Мемлекеттік
Тізілімнен шығару тәртібі

      23. Жылжымалы темір жол құрамын Қазақстан Республикасының жылжымалы темір жол құрамының Мемлекеттік Тізілімінен:
      1) жылжымалы темір жол құрамын шығынға жазған, оның қалпына келмейтіндей зақымдануы немесе алты айдан астам жоғалып оны іздестіру тоқтатылған;
      2) жылжымалы темір жол құрамын шетелдік тұлғаларға иелікке берген одан әрі Қазақстан Республикасының шетінен тыс қолдануға алып шығарған жағдайда шығарылады.

      24. Жылжымалы темір жол құрамын шығынға жазған немесе пайдаланудан шығарған кезде меншік иесі немесе оған теңестірілген тұлға тіркеуші органға өтініш және мынадай құжаттарды беруге міндетті:
      1) жылжымалы темір жол құрамын тіркеу туралы куәлік;
      2) жылжымалы темір жол құрамын шығынға жазу актісі немесе шетелдік иесіне тапсыру құжаты.

      25. Тіркеуші орган жылжымалы темір жол құрамының Мемлекеттік Тізіліміне жылжымалы құрамды пайдалану бойынша қызметті тоқтату туралы мәлімет енгізеді.

      26. Жылжымалы темір жол құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 10 күнтізбелік күн ішінде тіркеуші органға қайтаруға жатады.

Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар министрінің   
2002 жылғы 11 шілдедегі   
N№240-I бұйрығымен бекітілген  
Қазақстан Республикасында жылжымалы
темір жол құрамын тіркеу ережесіне
1-қосымша           

_____________________________________________________
иесінің толық атауы
тиесілі тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы
құрамның тізбесі

____________________________________________________________________
р/с|Серия.|Зауыт.|Мүкәм.|Жа. |Норматив|  Шын   | КЖ-1  | КЖ-2  |
N  | сы   |тық   | мал  |сал.|бойынша |мәнінде |соңғы  |соңғы  |
   |      |нөмі. |нөмірі|ған | қызмет | қызмет |жөндеу.|жөндеу.|
   |      | рі   |      |жылы|  ету   |  ету   |  дің  |  дің  |
   |      |      |      |    |мерзімі |мерзімі | күні  |  күні |
   |      |      |      |    |        |        |       |       |
____________________________________________________________________
1
2
3
...
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
_______________________________
ЭТП жабдық.| Санаты | Пайдал.
талған жол |        | болуы
(жол.қоз.  |        |немесе бос
қолд.)     |        | тұруы
_______________________________   

_______________________________

М.О. Басшы
     Бас бухгалтер

Қазақстан Республикасы Көлік және 
коммуникациялар министрінің    
2002 жылғы 11 шілдедегі     
N№240-I бұйрығымен бекітілген  
Қазақстан Республикасында жылжымалы
темір жол құрамын тіркеу ережесіне
2-қосымша           

______________________________________________________
иесінің толық атауы
тиесілі жылжымалы жүк құрамының тізбесі

____________________________________________________________________
р/с|Вагон|Нөмірі|Жасал.|Нормативтік |  Шын   | ДЖ    |  КЖ   |Пайдал
N  | түрі|      | ған  |  қызмет    |мәнінде |соңғы  |соңғы  |болуы
   |     |      |жылы  |ету мерзімі |қызмет  |жөндеу.|жөндеу.|немесе
   |     |      |      |            |  ету   | дің   | дің   |бос
   |     |      |      |            |мерзімі | күні  | күні  |тұруы
____________________________________________________________________
1
2
3
...
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
______________________________
Техник. |Жол жүру |Тіркелген
жай-күйі|аумағы*  |станция.
        |         | сы**
______________________________

  ______________________________
     * жол жүру аумағы - республикаішілік (РІ), мемлекетаралық (МА), ішкі техникалық (ІТ)
     ** жүк вагондарының меншік иелері үшін

М.О. Басшы
     Бас бухгалтер

Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар министрінің  
2002 жылғы 11 шілдедегі    
N№240-I бұйрығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасында жылжымалы
темір жол құрамын тіркеу ережесіне
3-қосымша           

______________________________________________
иесінің толық атауы
тиесілі жылжымалы жолаушы құрамның тізбесі

____________________________________________________________________
р/с |Вагон|Нөмірі|Жасал.|Нормативтік|  Шын  |  ДЖ   |  КЖ-1  |КЖ-2 
N   |түрі |      | ған  |  қызмет   |мәнінде| соңғы | соңғы  |соңғы
    |     |      |жылы  |ету мерзімі| қызмет|жөндеу.|жөндеу. |жөндеу
    |     |      |      |           |  ету  |  дің  |  дің   |дің 
    |     |      |      |           |мерзімі|  күні |  күні  |күні
____________________________________________________________________
1
2
3
...
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
________________________________
Пайдал.  | Техник. |Тіркелген
болуы    |  жай-   |  депосы
немесе   |  күйі   |
бос тұруы|         |
________________________________

________________________________

М.О. Басшы
     Бас бухгалтер

Қазақстан Республикасы Көлік және 
коммуникациялар министрінің    
2002 жылғы 11 шілдедегі     
N№240-I бұйрығымен бекітілген  
Қазақстан Республикасында жылжымалы
темір жол құрамын тіркеу ережесіне
4-қосымша             

Қазақстан Республикасының Көлік       
және коммуникациялар министрлігі      
Көліктік бақылау комитетінің төрағасына
_______________________________________

Өтініш

      Қоса беріліп отырған тізімге сәйкес___________________________
_____________________ меншік құқығында тиесілі жылжымалы темір жол құрамын тіркеуіңізді сұраймын.

     Меншік иесі          ___________________  / _________________
                            (басшының қолы)         (Т.А.Ә.а.)

     М.О.

Қазақстан Республикасы Көлік және 
коммуникациялар министрінің    
2002 жылғы 11 шілдедегі      
N 240-І бұйрығымен бекітілген   
Қазақстан Республикасында жылжымалы
темір жол құрамын тіркеу ережесіне
5-қосымша            

      Ескерту: 5-қосымшамен толықтырылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 280бұйрығымен.

__________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі кепілге берілетін тартымды және мотор-вагонды жылжымалы құрамның тізбесі

____________________________________________________________________
Р/|Сериясы|Зауыт.|Мүкәммал|Жасалған|Норматив| Іс-   |  КЖ-1 | КЖ-2
с |       | тық  | нөмірі |  жылы  |бойынша |жүзінде| соңғы |соңғы
N |       |нөмірі|        |        | қызмет |қызмет |жөндеу.|жөндеу.
  |       |      |        |        |   ету  |  ету  |  дің  | дің
  |       |      |        |        | мерзімі|мерзімі|  күні | күні
____________________________________________________________________
  |       |      |        |        |        |       |       |
____________________________________________________________________

кестенің жалғасы
_______________________________
  ЭПТ      |Санаты |Пайдалануда
жабдықтал. |       |  болуы
ған (жол.  |       |  немесе
қоз. қолд.)|       | бос тұруы
_______________________________
           |       |
_______________________________

М.О.  Басшы
      Бас бухгалтер

________________________________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі кепілге берілетін жылжымалы жүк құрамының тізбесі

____________________________________________________________________
Р/с|Вагон|Нөмірі|Жасалған|Нормативтік|Іс-жүзінде|ДЖ соңғы |КЖ соңғы
N  |түрі |      | жылы   |қызмет ету |қызмет ету|жөндеудің| жөндеу.
   |     |      |        | мерзімі   | мерзімі  |  күні   | дің күні
____________________________________________________________________
   |     |      |        |           |          |         |
____________________________________________________________________

кестенің жалғасы
_____________________________________________
Пайдалануда|Техника.| Жол жүру | Тіркелген
   болуы   |  лық   |   өңірі* | станциясы**
немесе бос |жай-күйі|          |
  тұруы    |        |          |
_____________________________________________
           |        |          |
_____________________________________________

      * жол жүру өңірі - республикаішілік (РІ), мемлекетаралық (МА),   техникаішілік (ТІ)
      ** жүк вагондарының меншік иелері үшін

  М.О Басшы
      Бас бухгалтер

________________________________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі кепілге берілетін жылжымалы жолаушы құрамының тізбесі

____________________________________________________________________
Р/с|Вагон|Нөмірі|Жасалған|Нормативтік|Іс-жүзінде|ДЖ соңғы |  КЖ-1
N  |түрі |      | жылы   |қызмет ету |қызмет ету|жөндеудің| соңғы
   |     |      |        | мерзімі   | мерзімі  |  күні   | жөндеу.
   |     |      |        |           |          |         |дің күні
____________________________________________________________________
   |     |      |        |           |          |         |
____________________________________________________________________

кестенің жалғасы
________________________________________
  КЖ-2  | Пайдал. | Техник.| Тіркелген
соңғы   | болуы   |жай-күйі|  депосы
жөндеу. | немесе  |        |
дің күні|бос тұруы|        |
________________________________________
        |         |        |
________________________________________

М.О Басшы
    Бас бухгалтер

                                           Қазақстан Республикасы
                                         Көлiк және коммуникациялар
                                                 министрiнiң
                                          2002 жылғы 11 шiлдедегi
                                       N 240-I бұйрығымен бекiтiлген
                                          Қазақстан Республикасында
                                         жылжымалы темiр жол құрамын
                                              тiркеу ережесiне
                                                   6-қосымша

      Ескерту: 6-қосымшамен толықтырылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2006 жылғы 14 ақпандағы N 36 бұйрығымен.

                                               Қазақстан Республикасы
                Көлiк және коммуникация министрлiгi
                    КӨЛIКТIК БАҚЫЛАУ КОМИТЕТI

         КББ_ _ _ _ _Серия_ _ _ _ _ _N_ _ _ _ _ _
         Жылжымалы темiр жол құрамын мемлекеттiк
                       тiркеу туралы
                          КУӘЛIК

      Осы куәлiк "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берiлдi
____________________________________________________________________
                   (мүлiк иесiнiң толық атауы)
және______________________________үлгiлi
санаты______________________________________________________________
сериясы, вагон түрi_________________________________________________
зауыттық нөмiрi_____________________________________________________
мүліктік нөмірі_____________________________________________________
секциясы____________________________________________________________
жасалған жылы_______________________________________________________
20__жылғы "__"_________________________жылжымалы темiр жол құрамын
мемлекеттiк тiркеудi растайды.
      Осы куәлiк Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген барлық жағдайларда қолданылады және жылжымалы құрамның иесiн растайтын құжатпен бiрге көрсетiледi және ондағы келтiрiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда ауыстырылуға жатады.
____________________________________________________________________

                                  Берiлген күнi 20__ж. "__"_________

М.О.                              Тiркеушi органның басшысы
                                                ____________________
                                                    Қолы, Т.А.Ә.а