Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1948.

Қолданыстағы
      "Темір жол көлігі туралы" Z010266_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде жылжымалы құрамды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (М.Т.Бейсембаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі В.В.Шнейдмюллерге жүктелсін.
      4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
                                        Қазақстан Республикасы Көлік және 

коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-I бұйрығымен бекітілген


                    Қазақстан Республикасында жылжымалы
                         темір жол құрамын тіркеу
                                  ЕРЕЖЕСІ

                            1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) темір жол көлігімен жолаушыларды, жүктер және теңдеме жүкті тасымалдау бойынша қызметте пайдаланылатын жылжымалы темір жол құрамын қызметтің осы түрін мемлекеттік реттеу, көлік қызметтері рыногының жұмысын және олардың тұтынушыларының мүдделері қорғалуын қамтамасыз ету, жылжымалы темір жол құрамының бар екендігі және жұмысқа қабілеттігінің бірыңғай мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру, қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында тіркеу тәртібін анықтайды.
      2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, жүктерді және теңдеме жүкті темір жол көлігімен тасымалдау үшін қолданылатын жылжымалы темір жол құрамын тіркеуді Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - тіркеуші орган) жүргізеді.
      3. Тіркеуге меншік нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан, жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығуға құқығы бар, ішкі технологиялық мақсаттар үшін пайдаланылатын жылжымалы темір жол құрамының бірліктері жатады. Оның қатарына Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, шетел заңды тұлғаларының, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың меншікті немесе жалға алған, сондай-ақ сенімгерлік басқарудағы немесе мүліктік жалға алынғандар кіреді.
      4. Тіркеуден өткен темір жол құрамын тіркеуші орган Мемлекеттік жылжымалы темір жол құрамы тізіліміне енгізуге тиіс.

                   2. Тіркеудің тәртібі және шарттары

      5. Жылжымалы темір жол құрамын тіркеу барлық тұлғалар үшін бірдей негізінде және шарттарда жүзеге асырылады.
      6. Сатылған, сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға берілген кезде, сонымен қатар тіркеуден кейін үш жыл өткен кезде жылжымалы темір жол құрамы, жылжымалы темір жол құрамын сатуды, сенімгерлік басқаруға немесе жалдауға беруді растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін тиісті органда қайта тіркеуге жатады. Шетелдік тұлғаларға сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға одан әрі Қазақстан Республикасының шетінен тыс қолдануға берілген кезде жылжымалы темір жол құрамы қайта тіркелмейді.
      7. Жеке және заңды тұлғалар жылжымалы темір жол құрамының бірнеше

үлгілерін тіркеуді жүргізе алады.
     8. Жылжымалы темір жол құрамының мынадай түрлері белгіленеді:         
     1) жүк жылжымалы құрамы;
     2) жолаушы жылжымалы және оған теңестірілген почталық, 
почталық-теңдеме жүк және теңдеме жүк жылжымалы құрамы;
     3) тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрам.
     9. Темір жол жүк жылжымалы құрамдары үшін, мынадай тіркеу санаттары 
белгіленеді:
     1) жабық вагондар;
     2) платформалар;
     3) жартылай вагондар;
     4) цистерналар;
     5) рефрижераторлық және изотермиялық вагондар;
     6) астық тасығыш;
     7) цемент тасығыш;
     8) фитинктік платформалар;
     9) битум тасығыш платформалар;
     10) басқалар (жүк тасымалдауға арналған мамандырылған вагондар, соның 
ішінде бункерлік түрі, транспортерлер, контейнер тасығыш және арнайы жүк 
вагондар түрі).
     10. Темір жол жолаушы жылжымалы және оған теңестірілген почталық, 
почталық-теңдеме жүк және теңдеме жүк жылжымалы құрамдарына мынадай тіркеу 
санаттары белгіленеді:
     1) купелік вагондар;
     2) плацкарттық вагондар;
     3) "СВ";
     4) "РИЦ";
     5) вагон-мейрамханалар; 
     6) облысаралық вагондар;
     7) "ЗАК";
     8) қызметтік вагондар;
     9) қызметтік техникалық вагондар;
     10) почталық вагондар;
     11) теңдеме жүк вагондары.
     11. Темір жол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамдарына 
мынадай тіркеу санаттары белгіленеді:


      1) жалпы пайдалымдағы жолдар арқылы кез келген санаттағы поездарды жүргізу үшін пайдаланылатын магистральдық тартқыш жылжымалы құрам (МГТЖҚ);
      2) жалпы пайдалымдағы жолдарда пайдаланылатын маневрлік тартқыш жылжымалы құрам (МНТЖҚ);
      3) жалпы және жалпы емес пайдаланымдағы жолдар арқылы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін пайдаланылатын мотор-вагонды жылжымалы құрам (МВЖҚ);
      4) өнеркәсіптік көлік жолдарында пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам;
      5) өнеркәсіптік көлік жолдарында кез келген санаттағы пойыздарды жүргізу үшін пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам.
      12. Жылжымалы темір жол құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі өз сериясы және есепке алу нөмірі бар қатаң есеп беру құжаты болып табылады. Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерін жасауды, есепке алуды, сақтауды қамтамасыз ету тіркеуші органға жүктеледі.
      13. Жылжымалы темір жол құрамын тіркеу үшін заңды және жеке тұлғалар

мынадай құжаттарды ұсынады:
     1) бірінші басшының және бас бухгалтердің қолымен расталған осы 
Ереженің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес темір жол жылжымалы құрамының 
мүкәммал паркінің, оның ішінде сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға 
берілгеннің тізбесін;
     2) 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі жылжымалы темір жол 
құрамын тіркеу туралы өтініш;
     3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәліктің көшірмесін;
     4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыру құжатының көшірмесін.
     14. Тіркеуші органның ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеруге 
құқығы бар.
     15. Тіркеу туралы шешім барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш 
берілген күннен бастап он күннен кешіктірілмей қабылданады. Тіркеуден бас 
тартқан кезде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
     16. Тіркеу құжатын жоғалтқан немесе кездейсоқта бүлдіріп алған 
жағдайда жылжымалы құрамды тіркеген тұлға көшірме беру туралы өтініш 
береді.
     17. Жылжымалы темір жол құрамын тіркеген тұлға, тіркеу күнінен бастап 
оны пайдалану құқығын алады.
                        3. Құқықтар мен міндеттер
     18. Жылжымалы темір жол құрамын тіркеген тұлғалар:


      1) тіркеуші органның талабы бойынша тіркелген темір жол жылжымалы құрамы туралы мәліметтер ұсынады, оның пайдаланылуына бақылау жасау үшін тіркеуші органның қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      2) тіркеуші органды заңды тұлға таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда хабардар етеді.
      19. Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеуден бас тартуға байланысты даулар заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.
      20. Тіркеу органы темір жол жылжымалы құрамын тіркеуден:
      1) жеке және заңды тұлғалар осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаса;
      2) жеке және заңды тұлғалар ұсынған құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмесе;
      3) тіркеуші органға ұсынылған құжаттарда өшірулер, қолжазбаларында немесе машина жазбаларында түзетулер немесе көшірмелерді куәландыратын қолы және мөрі болмаған жағдайда бас тарта алады.

          4. Жылжымалы темір жол құрамын мемлекеттік тіркеу туралы
                 куәлікті ауыстыру және көшірмесін беру тәртібі

      21. Жылжымалы темір жол құрамына мемлекеттік тіркеу туралы жаңа куәлік жылжымалы темір жол құрамының меншік иесі мен иеленушісі өзгерген жағдайда тіркеуші органға өтініштің осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса куәлікті ауыстыру туралы берілген өтініштің негізінде беріледі.
      22. Жылжымалы темір жол құрамына мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жылжымалы темір жол құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін кездейсоқта бүлдіріп немесе жоғалтып алған жағдайда тіркеуші органға жылжымалы темір жол құрамын тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін беру туралы өтініштің негізінде беріледі.

                5. Жылжымалы темір жол құрамын Мемлекеттік
                         Тізілімнен шығару тәртібі

      23. Жылжымалы темір жол құрамын Қазақстан Республикасының жылжымалы темір жол құрамының Мемлекеттік Тізілімінен:
      1) жылжымалы темір жол құрамын шығынға жазған, оның қалпына келмейтіндей зақымдануы немесе алты айдан астам жоғалып оны іздестіру тоқтатылған;
      2) жылжымалы темір жол құрамын шетелдік тұлғаларға иелікке берген одан әрі Қазақстан Республикасының шетінен тыс қолдануға алып шығарған жағдайда шығарылады.
      24. Жылжымалы темір жол құрамын шығынға жазған немесе пайдаланудан шығарған кезде меншік иесі немесе оған теңестірілген тұлға тіркеуші органға өтініш және мынадай құжаттарды беруге міндетті:
      1) жылжымалы темір жол құрамын тіркеу туралы куәлік;
      2) жылжымалы темір жол құрамын шығынға жазу актісі немесе шетелдік иесіне тапсыру құжаты.
      25. Тіркеуші орган жылжымалы темір жол құрамының Мемлекеттік Тізіліміне жылжымалы құрамды пайдалану бойынша қызметті тоқтату туралы мәлімет енгізеді.
      26. Жылжымалы темір жол құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 10 күнтізбелік күн ішінде тіркеуші органға қайтаруға жатады.
                                       Қазақстан Республикасы Көлік және   

коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N№240-I бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесіне 1-қосымша


         ______________________________________________________

                           иесінің толық атауы
      тиесілі тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамның тізбесі
___________________________________________________________________________
р/с|Серия.|Зауыт.|Мүкәм.|Жа. |Норматив|  Шын   | КЖ-1  | КЖ-2  | ЭПТ
 N | сы   |тық   | мал  |сал.|бойынша |мәнінде |соңғы  |соңғы  |жабдық.
   |      |нөмі. |нөмірі|ған | қызмет | қызмет |жөндеу.|жөндеу.|талған
   |      | рі   |      |жылы|  ету   |  ету   |  дің  |  дің  | (жол.
   |      |      |      |    |мерзімі |мерзімі | күні  |  күні |  қоз.
   |      |      |      |    |        |        |       |       | қолд.)
___________________________________________________________________________
1
2
3
...     
___________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
_______________________
Санаты | Пайдал.
       | болуы
       |немесе бос
       | тұруы
_______________________
     
_______________________
М.О. Басшы
     Бас бухгалтер


                                       Қазақстан Республикасы Көлік және   

коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N№240-I бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесіне 2-қосымша


         ______________________________________________________

                           иесінің толық атауы
               тиесілі жылжымалы жүк құрамының тізбесі
___________________________________________________________________________
р/с|Вагон|Нөмірі|Жасал.|Нормативтік |  Шын   | ДЖ    |  КЖ   | Пайдал.
 N | түрі|      | ған  |  қызмет    |мәнінде |соңғы  |соңғы  | болуы
   |     |      |жылы  |ету мерзімі |қызмет  |жөндеу.|жөндеу.| немесе
   |     |      |      |            |  ету   | дің   | дің   | бос тұруы
   |     |      |      |            |мерзімі | күні  | күні  |
___________________________________________________________________________
1
2
3
...     
___________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы     
______________________________
Техник. |Жол жүру |Тіркелген
жай-күйі|аумағы*  |станция.
        |         | сы** 
______________________________
______________________________
     * жол жүру аумағы - республикаішілік (РІ), мемлекетаралық (МА), ішкі 
техникалық (ІТ)
     ** жүк вагондарының меншік иелері үшін
М.О. Басшы
     Бас бухгалтер


                                       Қазақстан Республикасы Көлік және   

коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N№240-I бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесіне 3-қосымша


                _______________________________________________

                             иесінің толық атауы
                 тиесілі жылжымалы жолаушы құрамның тізбесі
___________________________________________________________________________
р/с |Вагон|Нөмірі|Жасал.|Нормативтік|  Шын  |  ДЖ   |  КЖ-1  |   КЖ-2 
 N  |түрі |      | ған  |  қызмет   |мәнінде| соңғы | соңғы  |  соңғы 
    |     |      |жылы  |ету мерзімі| қызмет|жөндеу.|жөндеу. |жөндеудің 
    |     |      |      |           |  ету  |  дің  |  дің   |   күні 
    |     |      |      |           |мерзімі|  күні |  күні  |
___________________________________________________________________________
1     
2
3
...     
___________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
________________________________     
 Пайдал. | Техник. |Тіркелген
 болуы   |  жай-   |  депосы
 немесе  |  күйі   |
бос тұруы|         |
________________________________     
________________________________
М.О. Басшы
     Бас бухгалтер     


                                       Қазақстан Республикасы Көлік және   

коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N№240-I бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесіне 4-қосымша

                                   Қазақстан Республикасының Көлік 

және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасына _______________________________________

                                 Өтініш 




     Қоса беріліп отырған тізімге сәйкес _________________________________ 
_____________________ меншік құқығында тиесілі жылжымалы темір жол құрамын 
тіркеуіңізді сұраймын. 
     Меншік иесі          ___________________  / _________________
                            (басшының қолы)         (Т.А.Ә.а.)
     М.О.
     
     
     Мамандар:
            Омарбекова А.Т.
            Икебаева А.Ж.