Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1948. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 143 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.04.03 № 143 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде жылжымалы құрамды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (М.Т.Бейсембаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі В.В.Шнейдмюллерге жүктелсін.
      4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы        
Көлік және коммуникациялар     
министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі
N 240-I бұйрығымен бекітілген  

Қазақстан Республикасында жылжымалы
темір жол құрамын тіркеу
ЕРЕЖЕСІ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "тіркеуші орган", "тіркеуші органда", "тіркеуші органның", "тіркеуші органға", деген сөздер "уәкілетті орган", "уәкілетті органда", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009.09.07 N 384 бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

       1. Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) темір жол көлігімен жолаушыларды, жүктер және теңдеме жүкті тасымалдау бойынша қызметте пайдаланылатын жылжымалы темір жол құрамын қызметтің осы түрін мемлекеттік реттеу, көлік қызметтері рыногының жұмысын және олардың тұтынушыларының мүдделері қорғалуын қамтамасыз ету, жылжымалы темір жол құрамының бар екендігі және жұмысқа қабілеттігінің бірыңғай мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру, қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында тіркеу тәртібін анықтайды.

      2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, жүктердi және теңдеме жүктi темiр жол көлiгiмен тасымалдау үшiн қолданылатын жылжымалы темiр жол құрамын тiркеудi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - уәкілетті орган) жүргiзедi.
      Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 14 ақпандағы N 36 бұйрығымен.

      3. Тіркеуге меншік нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан, жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығуға құқығы бар, ішкі технологиялық мақсаттар үшін пайдаланылатын жылжымалы темір жол құрамының бірліктері жатады. Оның қатарына Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, шетел заңды тұлғаларының, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың меншікті немесе жалға алған, сондай-ақ сенімгерлік басқарудағы немесе мүліктік жалға алынғандар кіреді.

      4. Тіркеуден өткен темір жол құрамын уәкілетті орган Мемлекеттік жылжымалы темір жол құрамы тізіліміне енгізуге тиіс.
      4-1. Мемлекеттік тізілімге Қазақстан Республикасы Кеден одағының Бірыңғай кеден тарифімен белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолдануына қатысы бар темір жол жылжымалы құрамы туралы қосымша мәліметтер енгізіледі.
      Қосымша мәліметтер кедендік бажын төлеу туралы ақпаратты қамтиды.
      Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.06.21 N 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

2. Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу, қайта тіркеу және кепілге қою тәртібі және шарттары

      Ескерту: 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 280-І бұйрығымен.

      5. Жылжымалы темір жол құрамын тіркеу барлық тұлғалар үшін бірдей негізінде және шарттарда жүзеге асырылады.

      5-1. Осы ережелерде белгiленген тәртiппен тiркелетiн жылжымалы темiр жол құрамын тiркеу, қайта тiркеу және кепiлге беру:
      1) егер өтiнiш берушi заңды тұлға болып табылса, заңды тұлғаның тiркелу орны бойынша;
      2) егер өтiнiш берушi жеке тұлға, жеке кәсiпкер болған жағдайда салық төлеушi ретiнде тiркелу орны бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 14 ақпандағы N 36 бұйрығымен.
      5-2. Темір жол жылжымалы құрамы мынадай жағдайларда тіркеуге жатпайды:
      1) Қазақстан Республикасының резиденттері еместер Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін уақытша әкелгенде;
      2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүріп өткенде;
      3) Қазақстан Республикасының резиденттері еместер Қазақстан Республикасының аумағына жүктерді түсіру және тиеу үшін уақытша әкелгенде және әкеткенде.
      Ескерту: 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009.09.07 N 384 бұйрығымен.

      6. Сатып алған-сатылған, сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға (жалға беру), сыйға берілген, айырбастаған жағдайларда, растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін меншік, жалға алу, сыйға тарту, айырбастау, сенімгерлік басқару құқығын сатып алған, сондай-ақ заңды тұлғаның атауы және тегі, аты, әкесінің аты өзгерген сәттен бастап жылжымалы темір жол құрамы уәкілетті органда қайта тіркеуге жатады. Жылжымалы темір жол құрамы шетелдік тұлғаларға сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға Қазақстан Республикасының шегінен тыс одан әрі пайдалануға берілген жағдайда қайта тіркелмейді.
      Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004.07.21 N 280-І бұйрығымен, өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009.09.07 N 384бұйрығымен.
      6-1. Қазақстан Республикасы оған қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифтерінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданатын темір жол жылжымалы құрамын сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға берген жағдайда уәкілетті органды хабарлау, сонымен бірге жалға берушінің немесе жалға алушының Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің ставкалары бойынша есептелген кедендік әкелу баждарының сомасы айырмасының мөлшерінде кедендік бажды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсыну қажет.
      Ескерту: 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.06.21 N 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      7. Жеке және заңды тұлғалар жылжымалы темір жол құрамының бірнеше үлгілерін тіркеуді, қайта тіркеуді жүргізе алады.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009.09.07 N 384 бұйрығымен.

      8. Жылжымалы темір жол құрамының мынадай түрлері белгіленеді:
      1) жүк жылжымалы құрамы;
      2) жолаушы жылжымалы және оған теңестірілген почталық,
почталық-теңдеме жүк және теңдеме жүк жылжымалы құрамы;
      3) тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрам.

      9. Темір жол жүк жылжымалы құрамдары үшін, мынадай тіркеу санаттары белгіленеді:
      1) жабық вагондар;
      2) платформалар;
      3) жартылай вагондар;
      4) цистерналар;
      5) рефрижераторлық және изотермиялық вагондар;
      6) астық тасығыш;
      7) цемент тасығыш;
      8) фитинктік платформалар;
      9) битум тасығыш платформалар;
      10) басқалар (жүк тасымалдауға арналған мамандырылған вагондар, соның ішінде бункерлік түрі, транспортерлер, контейнер тасығыш және арнайы жүк вагондар түрі).

      10. Темір жол жолаушы жылжымалы және оған теңестірілген почталық, почталық-теңдеме жүк және теңдеме жүк жылжымалы құрамдарына мынадай тіркеу санаттары белгіленеді:
      1) купелік вагондар;
      2) плацкарттық вагондар;
      3) "СВ";
      4) "РИЦ";
      5) вагон-мейрамханалар;
      6) облысаралық вагондар;
      7) "ЗАК";
      8) қызметтік вагондар;
      9) қызметтік техникалық вагондар;
      10) почталық вагондар;
      11) теңдеме жүк вагондары.

      11. Темiр жол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамдары үшiн мынадай тiркеу санаттары белгiленедi:
      1) магистралдық жолдар бойынша кез келген санаттағы поездарды жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МГЖҚ);
      2) кең жолтабанды магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-К);
      3) тар жолтабанды магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда сорапта маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-Т);
      4) тар және кең жолтабанды магистралдық және станциялық жолдар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын мотор-вагонды жылжымалы құрам (МВЖҚ);
      5) өнеркәсiптiк темiр жол көлiгi жолдарында пайдаланылатын және магистралдық пен станциялық жолға шықпайтын тартқыш жылжымалы құрам (ТЖҚ-ӨТКЖ);
      6) жолдың жоғарғы құрылысын, жасанды құрылыстарды, түйiспе тораптың және энергиямен жабдықтаудың, байланыстың, сигнализацияның, орталықтандырудың және бұғаттаудың құрылғалары мен желiлерiн күтiп-баптау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темiр жол қатынасы торабында төтенше жағдайларды жою бойынша технологиялық операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жылжымалы құрам, соның iшiнде мотор-вагонды (ЖҚМВТО).
      Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 167-І бұйрығымен.

      12. <*>
      Ескерту: 12-тармақ алынып тасталды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 280-І бұйрығымен.

      13. Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу және қайта тіркеу үшін заңды және жеке тұлғалар уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      Заңды тұлға үшін:
      заңды тұлғаның бірінші басшысының қолымен және мөрімен расталған темір жол жылжымалы құрамының, соның ішінде сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалға немесе лизингке берілген бар мүкәммал паркінің тізбесін (осы Ережеге 1, 2, 3, 7-қосымшаларға сәйкес);
      белгіленген үлгідегі өтініш (осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес);
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      мүлікке меншік құқығын немесе жалға алу (жалдау), лизинг, немесе сенімгерлік басқару шартын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      жасаушы зауыттың темір жол жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне арналған техникалық паспортының (формулярының) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      басшының жеке басын растайтын құжаттардың немесе өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттардың және оның жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      Жеке тұлға үшін:
      жеке тұлғаның қолымен расталған темір жол жылжымалы құрамының, соның ішінде сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалға немесе лизингке берілген бар мүкәммал паркінің тізбесін (осы Ережеге 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес);
      белгіленген үлгідегі өтінішті (осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес);
      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      мүлікке меншік құқығын немесе жалға алу (жалдау), лизинг, немесе сенімгерлік басқару шартын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      жасаушы зауыттың темір жол жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне арналған техникалық паспортының (формулярының) нотариалды куәландырылған көшірмесін.
      Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009.09.07 N 384 бұйрығымен.

      13-1. Уәкілетті орган жылжымалы темір жол құрамының кепілін тіркеу үшін жылжымалы темір жол құрамы кепілін тіркеу тізілімін жүргізеді және кепіл ұстаушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды, кепіл ұстаушының келісімінсіз кепілдікке алынған жылжымалы темір жол құрамын иеліктен айыруға жол бермейді.
      Ескерту: 13-1-тармақпен толықтырылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 280-І бұйрығымен.

      14. <*>
      Ескерту: 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009.09.07 N 384 бұйрығымен.

      15. Уәкілетті орган темір жол жылжымалы құрамын тіркеу, қайта тіркеу туралы өтінішті жиырма жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.
      Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009.09.07 N 384 бұйрығымен.

      15-1. Кепiлдi тiркеу туралы шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күнiнен бастан екi жұмыс күнiнiң iшiнде қабылданады. Өтiнiш берушiге кепiлiн тiркеуден бас тартқан жағдайда бес жұмыс күнiнiң iшiнде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
      Ескерту: 15-1-тармақпен толықтырылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2006 жылғы 14 ақпандағы N 36 бұйрығымен.
      15-2. Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу және қайта тіркеу үшін, сондай-ақ Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу және қайта тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын берген кезде төлем өндіріп алынбайды.
      Ескерту: 15-2-тармақпен толықтырылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2009.09.07 N 384 бұйрығымен.

      16. Тіркеу құжатын жоғалтқан немесе кездейсоқта бүлдіріп алған жағдайда жылжымалы құрамды тіркеген тұлға көшірме беру туралы өтініш береді.

      17. Жылжымалы темір жол құрамын тіркеген тұлға, тіркеу күнінен бастап оны пайдалану құқығын алады.

      17-1. Жылжымалы темір жол құрамын тіркеу, кепiл беру туралы куәлік қатаң есептегі құжат болып табылады, оның есептік сериясы мен нөмірі болады. Куәліктерді жасауды, есепке алуды, сақтауды қамтамасыз ету уәкілетті органға жүктеледі.
      Ескерту: 17-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 280-І бұйрығымен, 2006 жылғы 14 ақпандағы N 36 бұйрығымен.

      17-2. Жылжымалы темiр жол құрамын мемлекеттiк тiркеу, қайта тіркеу туралы куәлiк осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi бланк болып табылады және жылжымалы құрамының әрбiр тiркелетiн бiрлiгiне берiледi.
      Ескерту: 17-2-тармақпен толықтырылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2006 жылғы 14 ақпандағы N 36, өзгерту енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрінің 2009.09.07 N 384 Бұйрықтарымен.

3. Құқықтар мен міндеттер

      18. Жылжымалы темір жол құрамын тіркеген тұлғалар:
      1) уәкілетті органның талабы бойынша тіркелген темір жол жылжымалы құрамы туралы мәліметтер ұсынады, оның пайдаланылуына бақылау жасау үшін уәкілетті органның қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      2) уәкілетті органды заңды тұлға таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда хабардар етеді.

      19. Жылжымалы темiр жол құрамын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға және берiлген куәлiктердi қайтарып алуға байланысты даулар заңнамада  белгiленген тәртiппен шешiледi.
      Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 167-І бұйрығымен.

      20. Уәкілетті орган темір жол жылжымалы құрамын тіркеу туралы өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушінің өтінішінен жазбаша түрде келесі жағдайларда бас тартады:
      1) жеке және заңды тұлғалар осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаса;
      2) жеке және заңды тұлғалар ұсынған құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмесе;
      3) уәкілетті органға ұсынылған құжаттарда өшірулер, қолжазбаларында немесе машина жазбаларында түзетулер немесе көшірмелерді куәландыратын қолы және мөрі болмаған жағдайда бас тарта алады.
      4) сот қабылдаған шешімге сәйкес темір жол жылжымалы құрамына тыйым салынған.
      Ескерту: 20-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2009.09.07 N 384 бұйрығымен.

      20-1. Уәкілетті орган, егер жылжымалы құрамға иелiк ету құқығына байланысты даулы ситуациялар туындаған жағдайда заңнамалық кесiмдерде өзгеше көзделмесе, жылжымалы темiр жол құрамын мемлекеттiк тiркеу, қайта тіркеу туралы берiлген куәлiктi сот шешiмi бойынша керi қайтарып алады.
      Ескерту: 20-1-тармақпен толықтырылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 167-І, өзгерту енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрінің 2009.09.07 N 384 Бұйрықтарымен.

4. Жылжымалы темір жол құрамын мемлекеттік тіркеу туралы
куәлікті ауыстыру және көшірмесін беру тәртібі

      21. <*>
      Ескерту: 21-тармақ алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009.09.07 N 384 бұйрығымен.

      22. Жылжымалы темір жол құрамына мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жылжымалы темір жол құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін кездейсоқта бүлдіріп немесе жоғалтып алған жағдайда уәкілетті органға жылжымалы темір жол құрамын тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін беру туралы өтініштің негізінде беріледі.

5. Жылжымалы темір жол құрамын Мемлекеттік
Тізілімнен шығару тәртібі

      23. Жылжымалы темір жол құрамын Қазақстан Республикасының жылжымалы темір жол құрамының Мемлекеттік Тізілімінен:
      1) жылжымалы темір жол құрамын шығынға жазған, оның қалпына келмейтіндей зақымдануы немесе алты айдан астам жоғалып оны іздестіру тоқтатылған;
      2) жылжымалы темір жол құрамын шетелдік тұлғаларға иелікке берген одан әрі Қазақстан Республикасының шетінен тыс қолдануға алып шығарған жағдайда шығарылады.

      24. Жылжымалы темір жол құрамын шығынға жазған немесе пайдаланудан шығарған кезде меншік иесі немесе оған теңестірілген тұлға уәкілетті органға өтініш және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жылжымалы темір жол құрамын тіркеу туралы куәлік;
      2) жылжымалы темір жол құрамын шығынға жазу актісі немесе шетелдік иесіне тапсыру құжаты.
      Ескерту: 24-тармаққа өзгерту енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрінің 2009.09.07 N 384 бұйрығымен.
      24-1. Қазақстан Республикасы оған қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифтерінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданатын темір жол жылжымалы құрамын өзге Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін сатылған жағдайда сатушының немесе сатып алушының Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің ставкалары бойынша есептелген кедендік баждарының сомасы айырмасының мөлшерінде кедендік бажды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынғаннан кейін Мемлекеттік тізілімінен шығарылуға жатады.
      Ескерту: 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.06.21 N 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      25. Уәкілетті орган жылжымалы темір жол құрамының Мемлекеттік Тізіліміне жылжымалы құрамды пайдалану бойынша қызметті тоқтату туралы мәлімет енгізеді.

      26. Жылжымалы темір жол құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 10 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға қайтаруға жатады.

Қазақстан Республикасында   
жылжымалы темір жол құрамын 
тіркеу ережесіне 1-қосымша  

      Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2009.09.07 N 384 бұйрығымен.

______________________________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі тартым және мотор-вагонды жылжымалы құрамның тізбесі

р/с N

Сериясы 
 

Зауыт нөмірі

Мүкәм- малдық нөмірі
 

Жасалған жылы

Қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні (КЖ-1)

Соңғы жөндеу күні (КЖ-2)

Пайдалануда болуы немесе бос тұруы

Уақытын созу мерзімі
 

Тіркеу депосы

























Басшы _________________/ ____________________________________/
            (қолы)                       (Т.А.Ә.)

М.О.
(заңды тұлға және жеке кәсіпкер үшін)

*(КЖ-1) – 1-көлемдегі күрделі жөндеу
**(КЖ-2) – 2-көлемдегі күрделі жөндеу

Қазақстан Республикасында   
жылжымалы темір жол құрамын 
тіркеу ережесіне 2-қосымша  

      Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2009.09.07 N 384 бұйрығымен.

______________________________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі жүк жылжымалы құрамының тізбесі

р/с N

Вагон түрі

Вагонның нөмірі

Зауыт нөмірі

Жасалған жылы

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні (ДЖ)

Соңғы жөндеу күні (КЖ)

Пайдалануда болуы немесе бос тұруы

Уақытын созу мерзімі























Басшы ___________________/ ___________________________________/
            (қолы)                          (Т.Ә.А.)

М.О.
(заңды тұлға және жеке кәсіпкер үшін)

*(ДЖ) – деполық жөндеу
**(КЖ) – күрделі жөндеу
*** жүк вагондарының меншік иелері үшін

Қазақстан Республикасында   
жылжымалы темір жол құрамын 
тіркеу ережесіне 3-қосымша  

      Ескерту: 3-қосымша жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2009.09.07 N 384 бұйрығымен.

_______________________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі жолаушы жылжымалы құрамның тізбесі

р/с N

Вагон түрі

Вагон нөмірі

Зауыт нөмірі

Жасалған жылы

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні (ДЖ)

Соңғы жөндеу күні (КЖ-1)

Соңғы жөндеу күні (КЖ-2)

Пайдалануда болуы немесе бос тұруы

Уақытын созу мерзімі

























Басшы __________________/ ____________________________________/
           (қолы)                       (Т.Ә.А.)

М.О.
(заңды тұлға және жеке кәсіпкер үшін)

*(ДЖ) – деполық жөндеу
*(КЖ-1) – 1-көлемдегі күрделі жөндеу
**(КЖ-2) – 2-көлемдегі күрделі жөндеу

Қазақстан Республикасында   
жылжымалы темір жол құрамын 
тіркеу ережесіне 4-қосымша  

      Ескерту: 4-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2009.09.07 N 384, өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.29 № 440 (4-т.) Бұйрықтарымен.

______________ облысы (қаласы) бойынша
уәкілетті органның орган басшысына  
______________________________________
       (Т.А.Ә.)                

Өтініш

________________________________________________ құқығында тиесілі
(меншік, мүліктік жалдау, жалға алу, лизинг)
саны _____ бірлік темір жол жылжымалы құрамын тіркеуіңізді (қайта тіркеуіңізді) сұраймын.
      Мекен-жайы:
      __________ қаласы _________ көшесі. ЖСН/БСН:____________ байланыс телефондары (факс) _______________.
      Тізбе ____ парақта қоса беріледі.

      Өтініш беруші ________________ / ________________
                     (басшының қолы)       (Т.А.Ә. )

М.О.
(заңды тұлға және жеке кәсіпкер үшін)

Қазақстан Республикасы Көлік және 
коммуникациялар министрінің    
2002 жылғы 11 шілдедегі      
N 240-І бұйрығымен бекітілген   
Қазақстан Республикасында жылжымалы
темір жол құрамын тіркеу ережесіне
5-қосымша            

      Ескерту: 5-қосымшамен толықтырылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 280-І бұйрығымен.

__________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі кепілге берілетін тартымды және мотор-вагонды жылжымалы құрамның тізбесі

р/с N

Сериясы

Зауыттық нөмірі

Мүкәммал нөмірі

Жасалған жылы

Норматив бойынша қызмет ету мерзімі

Іс жүзінде қызмет ету мерзімі

КЖ-1 соңғы жөндеудің күні









кестенің жалғасы

КЖ-2 соңғы жөндеудің күні

ЭПТ жабдықталған (жол қоз. қолд.)

Санаты

Пайдалануда болуы немесе бос тұруы





М.О.  Басшы
      Бас бухгалтер

________________________________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі кепілге берілетін жылжымалы жүк құрамының тізбесі

р/с N

Вагон түрі

Нөмірі

Жасалған жылы

Нормативтік  қызмет ету мерзімі

Іс жүзінде қызмет ету мерзімі

ДЖ соңғы жөндеудің күні

КЖ соңғы жөндеудің күні









кестенің жалғасы

Пайдалануда болуы немесе бос тұруы

Техникалық жай-күйі

Жол жүру өңірі*

Тіркелген станциясы**





      * жол жүру өңірі - республикаішілік (РІ), мемлекетаралық (МА),   техникаішілік (ТІ)
      ** жүк вагондарының меншік иелері үшін

  М.О Басшы
      Бас бухгалтер

________________________________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі кепілге берілетін жылжымалы жолаушы құрамының тізбесі

р/с N

Вагон түрі

Нөмірі

Жасалған жылы

Нормативтік  қызмет ету мерзімі

Іс жүзінде қызмет ету мерзімі

ДЖ соңғы жөндеудің күні

КЖ-1 соңғы жөндеудің күні









кестенің жалғасы

КЖ-2 соңғы жөндеудің күні

Пайдалануда болуы немесе бос тұруы

Техникалық жай-күйі

Тіркелген депосы





М.О Басшы
    Бас бухгалтер

Қазақстан Республикасында   
жылжымалы темір жол құрамын 
тіркеу ережесіне 6-қосымша  

      Ескерту: 6-қосымша жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2009.09.07 N 384 бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi
КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ КОМИТЕТI

Жылжымалы темір жол құрамын мемлекеттік
тіркеу (қайта тіркеу) туралы
КУӘЛІК
КБИ_ _ _ _ _Сериясы_ _ _ _ _ _N_ _ _ _ _ _

      Осы куәлік "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес __________________________________________ құқығында
            (темір жол жылжымалы құрамына құқығы көрсетілсін)
_______________________________________ тиесілі _________ берілді                (иесінің толық атауы)
және ______________________________ үлгісіндегі
санаты ________________________________________
сериясы, вагон түрi ___________________________
зауыт нөмірi __________________________________
мүкәммалдық нөмірі ____________________________
секциясы ______________________________________
жасалған жылы _________________________________
20__жылғы "__"_______________ бастап жылжымалы темір жол құрамын мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайды.
      Осы куәлік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық жағдайларда қолданылады және жылжымалы құрамның иесін куәландыратын құжатпен бірге көрсетіледі, ондағы келтірілген мәліметтер өзгерген жағдайда ауыстыруға жатады.
______________________________________________________

                              Берілген күні 20__ жылғы "__"_________

М.О.
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы ________________________________
                                               қолы, Т.Ә.А.