Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Қазақстан Республикасының халқына протездiк-ортопедиялық көмек беру тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" 1998 жылғы 2 сәуiрдегi N 88-ө бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 106-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 4 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1910.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Протез-ортопедия саласын одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 1146 P011146_ қаулысын iске асыру және мүгедектердi қазiргi талаптарға лайықты протез-ортопедия бұйымдарымен қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының халқына протездiк-ортопедиялық көмек беру тәртiбi туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" 1998 жылғы 2 сәуiрдегi N 88-ө V980763_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқына протездiк-ортопедиялық көмек беру тәртiбi туралы Нұсқаулықта:
      2-тармақ "сондай-ақ протездеу жөнiнде медициналық қызметтер көрсетумен" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ "протез-ортопедиялық бұйымдарды дайындауды" деген сөздерден кейiн "протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, күрделi ортопедиялық аяқкиiмдердi алуға, өлшеп көруге және жөндетуге келген мүгедектердi госпитальге жатқызуды" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Қол және аяқ буындарын протездеуге мұқтаж мүгедектер медициналық айғақтама бойынша қазiргi технология бойынша жасалған протездермен құрастырмалы және таңғыш-былғары протездермен қамтамасыз етiледi.
      Медициналық айғақтама бойынша құрастырмалы және былғары гильзасы бар таңғыш-былғары протездер беру мен оларды жөндеу:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңілдiктер мен кепiлдiктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдарға;
      2) Мүгедектiгi Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiнде әскери қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты туындаған әскери қызметшiлерге;
      3) Мүгедектiгi қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты туындаған ішкі істер органдары басқару және қатардағы құрамының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң адамдарына;
      4) әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң ұйымдарында тұратын, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес толығынан мемлекет қарауындағы адамдарға;
      5) жалпы аурулардан және бала кезден мүгедектерге;
      6) 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға тегiн жүргiзiледi.
      Қазiргi технология бойынша жасалған протездермен 9-тармақтың 1)-6) тармақшаларында көрсетiлген мүгедектер, алғаш рет протезделу кезiнде және бұдан бұрын осы технология бойынша протезделген мүгедектер республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде қамтамасыз етiледi";
      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "55. Стационарлық протездеуге мұқтаж азаматтар медициналық айғақтамалар бойынша консервативтi емдеу жүргiзiлуi үшiн Кәсiпорынның медициналық стационарына жатқызылады. Госпитальға жату кезеңiнiң бәрiне, Кәсiпорынның медициналық стационарына бару және керi қайту жолына, заңнамада белгiленген мерзiмге еңбекке жарамсыздық парағы берiледi.";

     56-тармақтағы "Медициналық стационарлар" деген сөздер "Кәсiпорындар" 
деген сөздермен ауыстырылсын; 
     60-тармақтағы "Медициналық кәсiпорындар стационарлары" деген сөздер 
"Кәсіпорындары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     63-тармақтағы "Медициналық стационарларға" деген сөздер 
"Кәсіпорындардың медициналық стационарларына" деген сөздермен 
ауыстырылсын;";
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енгiзiледi.
     
     Министр
      "Қазақстан Республикасының халқына протездiк-ортопедиялық көмек 
   беру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы   
       Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998 жылғы 
  2 сәуiрдегi N 88-ө бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
        Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
                   министрлігінің бұйрығына келісу парағы
     
     Келісілді:                            Келісілді:
     Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасының
     бірінші Қаржы вице-министрі           Денсаулық сақтау министрі
     
     2002 жылғы 04 маусым                  2002 жылғы 19 маусым
     
     
     
     
     Мамандар: 
             Омарбекова А.Т.
             Қасымбеков Б.А.