Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Қазақстан Республикасының халқына протездiк-ортопедиялық көмек беру тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" 1998 жылғы 2 сәуiрдегi N 88-ө бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 106-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 4 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1910. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі N 236-ө Бұйрығымен.

Күшін жойған

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты   әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі N 236-ө Бұйрығымен.

---------------- Бұйрықтан үзінді ------------------

       "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 20 маусымдағы Заңына, "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 маусымдағы N 754 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылған деп танылсын: ...
      2) "Қазақстан Республикасының халқына протездік-ортопедиялық көмек берудің тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан 
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998 жылғы 2 сәуірдегі N 88-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 106-ө бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiркелiмiнде N 1910 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде жарияланған, 2002 ж., N 33, 666-құжат)...

      Министр

----------------------------------         

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Протез-ортопедия саласын одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 1146  P011146_  қаулысын iске асыру және мүгедектердi қазiргi талаптарға лайықты протез-ортопедия бұйымдарымен қамтамасыз ету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының халқына протездiк-ортопедиялық көмек беру тәртiбi туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" 1998 жылғы 2 сәуiрдегi N 88-ө  V980763_  бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқына протездiк-ортопедиялық көмек беру тәртiбi туралы Нұсқаулықта: 
      2-тармақ "сондай-ақ протездеу жөнiнде медициналық қызметтер көрсетумен" деген сөздермен толықтырылсын; 
      3-тармақ "протез-ортопедиялық бұйымдарды дайындауды" деген сөздерден кейiн "протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, күрделi ортопедиялық аяқкиiмдердi алуға, өлшеп көруге және жөндетуге келген мүгедектердi госпитальге жатқызуды" деген сөздермен толықтырылсын; 
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "9. Қол және аяқ буындарын протездеуге мұқтаж мүгедектер медициналық айғақтама бойынша қазiргi технология бойынша жасалған протездермен құрастырмалы және таңғыш-былғары протездермен қамтамасыз етiледi. 
      Медициналық айғақтама бойынша құрастырмалы және былғары гильзасы бар таңғыш-былғары протездер беру мен оларды жөндеу: 
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңілдiктер мен кепiлдiктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдарға; 
      2) Мүгедектiгi Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiнде әскери қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты туындаған әскери қызметшiлерге; 
      3) Мүгедектiгi қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты туындаған ішкі істер органдары басқару және қатардағы құрамының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң адамдарына; 
      4) әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң ұйымдарында тұратын, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес толығынан мемлекет қарауындағы адамдарға; 
      5) жалпы аурулардан және бала кезден мүгедектерге; 
      6) 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға тегiн жүргiзiледi. 
      Қазiргi технология бойынша жасалған протездермен 9-тармақтың 1)-6) тармақшаларында көрсетiлген мүгедектер, алғаш рет протезделу кезiнде және бұдан бұрын осы технология бойынша протезделген мүгедектер республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде қамтамасыз етiледi"; 
      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "55. Стационарлық протездеуге мұқтаж азаматтар медициналық айғақтамалар бойынша консервативтi емдеу жүргiзiлуi үшiн Кәсiпорынның медициналық стационарына жатқызылады. Госпитальға жату кезеңiнiң бәрiне, Кәсiпорынның медициналық стационарына бару және керi қайту жолына, заңнамада белгiленген мерзiмге еңбекке жарамсыздық парағы берiледi.";
      56-тармақтағы "Медициналық стационарлар" деген сөздер "Кәсiпорындар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      60-тармақтағы "Медициналық кәсiпорындар стационарлары" деген сөздер "Кәсіпорындары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      63-тармақтағы "Медициналық стационарларға" деген сөздер "Кәсіпорындардың медициналық стационарларына" деген сөздермен ауыстырылсын;";
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енгiзiледi.

      Министр