"Мониторингке жататын мәмiлелер бойынша тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) Тiзбесiн бекiту туралы" Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2001 жылғы 22 ақпандағы N 206 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 398 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1828.

Қолданыстағы

                              БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мониторингке жататын мәмiлелер бойынша тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) Тiзбесiн бекiту туралы" Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2001 жылғы 22 ақпандағы N 206 V011437_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: Осы Бұйрықпен бекiтiлген Мониторингке жататын мәмiлелер бойынша тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) тiзбесiнде: 1) 4-10 жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "4. Қара металдар Көмiртектi болаттың бұйымдары 7206-7212, 7214 Қара металдардың бұйымдары 7302, 7304 Ферроқорытпалар 7202 5. Қымбат металдар Алтын, күмiс 7108, 7106 6. Кен және Темiр 2601 концентраттар Марганец 2602 00 000 Хром 2610 00 000 Қорғасын 2607 00 000 Цинк 2608 00 000 Мыс 2603 00 000 7. Органикалық емес Алюминий оксидi химия өнiмдерi (алюминий тотығы) 2818 20 000 Хромның оксидтерi мен су оксидтерi 2819 Уран 2844 8. Астық дақылдары Бидай және меслин 1001 9. Мақта Таратылған мақта талшығы 5201 00 10. Энергия Электрлiк 2716 00 000"; 2) мына мазмұнда 10-1 жолмен толықтырылсын: "10-1. Мұнай және газ Сұйық отынды агрегаттар, өндiруде аппаратуралар, қосалқы бөлшектер, қолданылатын компрессорлар, сүзгiш немесе жабдықтар, сұйықтар мен газды тазартуға қосалқылар арналған агрегаттарды қоса және алғанда, тау тастары мен жер материалдар қыртысын бұрғылау үшiн басқа да 732182- саймандар 890392 Қара металдардан жасалған мұнай және газ құбырлары үшін түтiктер мен түтiкшелер, қара металдардан 730410- жасалған қуыс профильдер 730690 Бентонит, басқа да антидетонаторлар мен инициаторлар, реакциялар берудi жеделдеткіштер мен катализаторлар, лак және ұқсас өнiмдер үшiн органикалық емес қоспа ерiтiндiлер мен араластыруыштар, карбоксиметил. 250810- целлюлоза және оның тұздары 391231 Түтiктер мен түтiкшелер үшiн балқы. тылмаған шойыннан фитингтер, қара металдардан жасалған басқа да фланцтар мен түтiктер немесе түтiкшелер үшiн фитингтер, қара металдардан құйып жасалған басқа 730711- фитингтер 730799". 2. Мониторинг және трансферттiк баға белгiлеу департаментi (С.Ө.Қанахин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн. 3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің м.а. Мамандар: Икебаева А.Ж. Омарбекова А.Т.