Әдiлет органдарының Қазақcтан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 4 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1813

Жаңартылған

       Ескерту: Бұйрыққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 36   бұйрығымен .

      "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  24-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120  ережесiнiң  11-тармағына сәйкес, Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса берiлiп отырған Әдiлет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
     2. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Әділет Вице-Министріне жүктелсiн.

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Әдiлет министрiнiң    
2002 жылғы 3 сәуірдегі  
N 48 бұйрығымен бекiтiлген

  Әдiлет органдарының Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi
шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық

     Әдiлет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi осы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Конституциясының  4-тармағының , Қазақстан Республикасы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы"  кодексiнiң , " Нормативтiк құқықтық актiлер туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы ", " Әдiлет органдары туралы " Қазақстан Республикасы Заңдарының, "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы  N 1120 , "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына кiретiн де, кiрмейтiн де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының актiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278  қаулыларының  негiзiнде және оларға сәйкес әзiрлендi.
      Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 36   бұйрығымен

  1. Жалпы ережелер  

     1. Нұсқаулық әдiлет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi ұйымдастыруды және жүзеге асыруды нақтыландырады. 

     2. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiн (бұдан әрi - орталық және мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi) ресми жариялау оларды қолданудың мiндеттi шарты болып табылады. 

     3. Заңнамаға сәйкес жарияланбаған орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi қолданылмайды. 

     4. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн ғана жариялануы мүмкiн. 

     5. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады. 

     6. Мемлекеттiк органның лауазымды тұлғасының азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзетiн субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын,  Конституцияға  не өзге де заң актiлерiне қайшы келетiн көрiнеу заңсыз нормативтiк құқықтық актiнi шығаруы, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың белгiленген тәртiппен күшi жойылған, сот күшi жойылды деп таныған не уәкiлеттi органдар күшiн тоқтата тұрған, сондай-ақ әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген не белгiленген тәртiппен жарияланбаған нормативтiк құқықтық актiлердi көрiнеу заңсыз қолдануы, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң заңнамамен белгiленген ережелерiн бұзуы Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң  353 354-баптарымен  белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады. 

     7. Тексерулердi жүргiзген кезде Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Нұсқаулықты басшылыққа алуға мiндеттi. 

     8. Тексерулердiң негiзгi мiндеттерi: 
     1) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу мен жариялау саласындағы қолданылып жүрген заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету; 
     2) мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларының азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзетiн субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын, Конституцияға не өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келетiн заңсыз нормативтiк құқықтық актiлердi шығару фактiлерiн анықтау және олардың алдын алу; 
     3) орталық атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының лауазымды тұлғаларының белгiленген тәртiппен күшi жойылған, сот күшi жойылды деп таныған не уәкiлеттiк органдар күшiн тоқтата тұрған, сондай-ақ әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген не белгiленген тәртiппен жарияланбаған нормативтiк құқықтық актiлердi заңсыз қолдану фактiлерiн анықтау және олардың алдын алу; 
     4) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн жариялау мәселелерi жөнiндегi қолданылып жүрген заңнаманы бұзуды анықтау; 
     5) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн шығару, мемлекеттiк тiркеу және жариялау кезiнде әдiстемелiк көмек көрсету болып табылады.

2. Тексеру жүргiзудi ұйымдастыру  

     9. Орталық мемлекеттiк органдарда тексерудi жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру мен үйлестiру Әдiлет министрлiгiнiң Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне (бұдан әрi - Департамент), жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын тексеру - аумақтық әдiлет органдарының басшыларына және аумақтық әдiлет органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлiмдерiне (бұдан әрi - тiркеу бөлiмi) жүктеледi.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 36   бұйрығымен 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 325   бұйрығымен .

     10. Орталық мемлекеттiк органдарды тексерудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. 
     Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) деңгейде, республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын тексерудi облыстардың, Алматы және Астана қалалық Әділет департаменттері жүзеге асырады. 
     Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтер деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарын тексеруді аудандар (қалалар) әділет бөлімшелері жүзеге асырады.
     Қажет болған жағдайда, тексерулер өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзiлуi мүмкiн.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 36   бұйрығымен 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 325   бұйрығымен .

     11. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын тексерудi жүзеге асыруға құқылы.
     Сондай-ақ, қажет болған жағдайда облыстық, Алматы және Астана қалалық Әділет департаменті аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік,  ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдіктер деңгейдегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарын тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 36   бұйрығымен .

     12. Тексерулер жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша заңнаманың нормаларын бұзу туралы ақпарат алған кезде әдiлет органдарының бастамашылығы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң және Әдiлет министрлiгi басшылығының тапсырмасы бойынша жүргiзiледi. 
     Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдары жоспарлы тексерулердi жүргiзуi мүмкiн.
     Бұл ретте, жергілікті мемлекеттің басқару органында жоспарлы тексеруді аумақтық әділет органы осы Нұсқаулықтың 10-тармағына сәйкес жарты жылда кемінде бір рет жүргізеді.
     Қажет болған жағдайда облыстық Әділет департаменттері аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтің жергілікті мемлекеттік басқару органдарына, бірақ олардың алтауына, ғана жоспарлы тексеруді жүргізуі мүмкін.
      Ескерту: 12-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 325   бұйрығымен

     13. Мемлекеттік органдарда тексерулерді жүргізу үшін:
     1) Департамент қызметкерлерінен құрылатын топтар;
     2) тіркеу бөлімдері қызметкерлерінен құрылатын топтар;
     3) аудандық (қалалық)  әділет  бөлімшелері  қызметкерлерінен құрылатын топтар құрылады.
     Департамент топтарының құрамына аумақтық әділет органдарының қызметкерлері қосылуы мүмкін.
     Тіркеу бөлімдері топтарының құрамына аудандық (қалалық)  әділет  бөлімшелерінің  қызметкерлері қосылуы мүмкін.
     Қажет болған жағдайда, консультациялар алу және көмек көрсету мақсатында өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін.
      Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 36   бұйрығымен .   

     14. Тексерулердi жүргiзу алдында тексеруге жататын мiндеттер мен мәселелер тiзбесi кiретiн тексеру бағдарламасы әзiрленедi және тексерулердi жүргiзу үшiн топтардың құрамы белгiленедi. 

     15. Тексерушiлер тобы тексерiлетiн мәселелердiң мәнiсiн талқылай алатын және қызметтi ұйымдастыруда, сондай-ақ анықталған кемшiлiктердi жоюда консультациялық-әдiстемелiк көмек көрсете алатын неғұрлым тәжiрибелi қызметкерлер санынан жинақталады. 

  3. Тексерулердi жүргiзу  

     16. Тексеру әдiлет органдары тексерудi жүргiзу туралы бұйрық шығарғаннан кейiн жүргiзiледi. 
     Бұйрықта шығу нөмiрi мен күнi, тексерiлетiн органның атауы қамтылуы, тексерушi топтың басшысы мен қатысушылары, тексерудiң мәнi мен тексерiлетiн кезең белгiленуi керек. 

     17. Алдағы жұмыстардың көлемi, тексерушi топқа қойылған мiндеттер мен оның құрамы ескерiле отырып, 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын тексеру мерзiмi белгiленедi. 
     Тексеру мерзiмiн ұзартуды тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы жүргiзедi. 

     18. Тексеру басталудың алдында тексерушiлер тобы тексерiлетiн органның басшысына Тексерудi тағайындау туралы бұйрықты ұсынады. 

     19. Тексерудi жүргiзген кезде тексерудi жүргiзу туралы бұйрықта көрсетiлген кезеңде шығарылған барлық актiлер, соның iшiнде мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтер мен құпиялы Сипаттағы мәлiметтердi қамтитын актiлер тексеруге жатады. 

     20. Топтардың қызметкерлерi: 
     1) тiркелiмдердi, iс қағаздарын жүргiзу жөнiндегi компьютерлiк бағдарламаларды (олар болмаған жағдайда - актiлер кiтаптарын), тексерілетін мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерін, кіріс, шығыс хат-хабар, нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу, нормативтiк құқықтық актiлердi жариялау журналдарын, "құпия" грифi бар құжаттарды тексерудi жүзеге асырады; 
     2) мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi таңдауды жүзеге асырады; 
     3) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау бөлiгiнде қолданылып жүрген заңнама талаптарының орындалуын тексередi; 
     4) сол немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу қажеттiлiгi туралы мәселелердi шешедi; 
     5) әкiмшiлiк өндiрiстi қозғау және материалдарды сотқа тапсыру туралы шешiмдер қабылдайды; 
     6) тексерiлетiн мемлекеттiк органның жұмысының жағдайы және анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының нормаларын бұзу фактiлерi көрсетiлетiн тексерудi жүргiзу туралы акт жасайды; 
     7) тексерулердi тиiмдi жүргiзудi қамтамасыз ету бойынша қолданылып жүрген заңнамада көзделген өзге де iс-әрекеттердi орындайды. 
     Тексерушi топтардың мiндеттерi мен функцияларын толықтыруды және нақтыландыруды әдiлет органдарының басшылары жүзеге асырады.
      Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 36   бұйрығымен

     21. Тексерулердi жүргiзген кезде тексерушiлер: 
     1) тексерулердi жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпаратты мемлекеттiк органдардан сұрауға; 
     2) мемлекеттiк органдарға анықталған кемшiлiктер туралы ұсынымдар енгiзуге; 
     3) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылатын адамның түсiндiрмесiн сұрауға; 
     4) қолданылып жүрген заңнамада көзделген өзге де шаралар қолдануға құқылы. 

     22. Тексерудi жүргiзген кезде тексерушiлер: 
     1) Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алуға; 
     2) тексерiлетiн субъектiлерге қатысты объективсiздiкке және ағат пiкiрге жол бермеуге; 
     3) тексеру барысында алынған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық немесе өзге де қорғалатын құпияны қамтитын ақпаратты жариялауға жол бермеуге мiндеттi. 

     23. Тексерудi жүргiзуге кедергi жасау және (немесе) тексерушiлердiң жұмысына қажеттi жағдайларды қамтамасыз етпеу Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады. 

     24. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қамтитын актiлердi тексеру заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 

  4. Тексеру қорытындыларын ресiмдеу тәртiбi  

     25. Тексеру қорытындылары бойынша ол аяқталғаннан кейiн жұмыстың анықталған кемшiлiктерi мен оны жақсарту жөнiндегi нақты нұсқаулар көрсетiле отырып, 10 күннен кешiктiрiлмей екi данада акт жасалады. Бiр данасы тексерiлетiн органға жiберiледi, екiншiсi әдiлет органында қалады. 

     26. Актiде анықталған кемшiлiктер дәйектi және объективтi жазылады, олар дәлелдi және көшiрмелерi (құжаттың күнi мен нөмiрi, нормативтiк құқықтық актiнiң атауы, оның мазмұны және басқа да мәлiметтер) қоса берiлiп, құжаттамалы расталуға тиiс. 
     Актiнiң мәтiнiнде әр түрлi кестелер мен анықтамалық деректер қамтылмайды, бұл мәлiметтер бөлек қосымшамен ресiмделедi. 
     Актiге тексерушi топ қол қояды және ол тексерiлетiн органның басшысына не оның орнындағы адамға ұсынылады. 

     27. Тексерiлетiн орган басшысының тарапынан актiге қарсылықтар немесе ескертулер болған жағдайда, ол өзiнiң қолының алдында ескертпе жасайды және оған негiзделген жазбаша түсiндiрмелер мен ескертулер қоса берiледi. 

     28. Тексерiлетiн субъектiнiң басшысы актiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда тиiстi жазба жүргiзiледi. 

     29. Жазбаша қарсылықтарда жазылған фактiлердiң дұрыстығы тексерiлуге тиiс және топ жетекшiсi олар бойынша жазбаша қорытынды бередi. 

     30. Сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда тексеру актiсiне тексеру барысында анықталған кемшiлiктерге кiнәлi не оларға қатысы бар адамдардың түсiндiрмелерi қоса берiледi. 

     31. Тексеру қорытындылары бойынша Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық әдiлет органдары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында көзделген шараларды қолданады. 

     32. Тексеру қорытындылары Әдiлет министрлiгi басшылығының келiсiмi бойынша Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық әдiлет органдары алқаларының отырыстарында талқылануы мүмкiн. 

  5. Қорытынды ережелер  

     33. Тексеру барысында олар үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген кемшiлiктер анықталған жағдайда, тексерушiлер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  хаттама  жасайды.
     34. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау және тиiстi мемлекеттiк органдарға немесе сотқа жiберу "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының  кодексiнде  және "Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң өндiрiсi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 21 мамырдағы N 54  бұйрығында  белгiленген  тәртiппен  жүзеге асырылады.