БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 6 маусымдағы N 228 V001221_ "Балалар үйi қызметін ұйымдастырудың ережелерін" және "Балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережелерін" бекiту туралы" бұйрығына келесi толықтырулар енгiзiлсiн:
Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Балалар үйi қызметiн ұйымдастырудың ережесiне:
1 тармақ "Ата-ана қамқорынсыз қалған," сөздерiнiң соңынан "некесiз жас анадан туылған балаларға," сөздерiмен толықтырылсын;
3 тармақ 12), 13) тармақшалармен келесi мазмұнда толықтырылсын:
"12) туа және жүре бiткен венерологиялық аурулы балалар арнайы емi бiткеннен кейiн, аурудың жұқпалысыз кезеңiнде;
13) АҚТҚ жұқтырылған/ЖҚТБ аурулы балалар, жұқпалысыз кезеңiнде.";
12-1 тармақпен келесi мазмұнда толықтырылсын:
"12-1. Баланың әржақты және үйлесiмдi дамуын, тәуелсiз дара тұлғасының қалыптасуын, өзiндiк дағдыларын баулуды қамтамасыз ету үшiн Балалар үйiнде болған барлық уақыт iшiнде балалардың күтiмi мен тәрбиесi тұрақты тұлғалармен iске асырылады. Бұл қағидаға әр жастағы балалар үшiн бөлiмдер (топтар) ұйымдастыру жолдарымен қол жеткiзiледi немесе бөлiмдерде балалар күн тәртiбi мен тамақтану тәртiбiнiң бiркелкiлiгi негiзiнде бөлiнедi. Соңғы жағдайда, балаларды медициналық көрсетiмдерi бойынша ауыстыруды қоспағанда, бiр бөлiмнен (бiр топтан) басқасына (екiншiсiне) балалар және оларды тәрбиелеушi персонал бiрге ауыстырылады.";
17-тармақ келесi редакцияда мазмұндалсын:
"17. Балалар үйiнде төрт түрлi бөлiмдер (топтар) болуы мүмкiн:
1) "Үмiт" бөлiмi (тобы);
2) iс жүзiнде денi сау балалар бөлiмi (тобы);
3) ауруы емге көнетiн ауру балалар бөлiмi (тобы);
4) ауруы емге көнбейтiн психикасы мен нерв жүйесi ауыр зақымданған балалар бөлiмi (тобы).
Қажет кезде, түрi бiрдей бiрнеше бөлiмдер ұйымдастыруға болады. Мамандандырылған Балалар үйлерiнiң барлық бөлiмдерiнде (топтарында) және жалпы түрдегi Балалар үйлерiнiң психикасы мен нерв жүйесi ауыр зақымданған балалар бөлiмдерiнде (топтарында) тәрбиеленушiлер саны 8-ден, ауруы емге көнетiн ауру балалар бөлiмдерiнде (топтарында) - 10-нан, "Үмiт" бөлiмдерi (топтары) мен iс жүзiнде денi сау балалар бөлiмдерiнде (топтарында) - 13-тен аспауы тиiс.
Балалардың тiзiмдiк құрамы Балалар үйiндегi ескерiлген орындар санына сәйкес болуы тиiс.";
20 тармақпен келесi мазмұнда толықтырылсын:
"20. Қамқорлық кеңесi келесi мiндеттердi шешедi:
1) тәрбиедегi балаларға әлеуметтiк қолдау көрсету үшiн Балалар үйiнiң мәселелерiне жұртшылықтың назарын аударады;
2) кәсіпкерлік дәрежесiне, адамдық қасиетiне көңiл аудара келiп, қызметкерлердi Балалар үйiне жұмысқа ұсынады;
3) Балалар үйiне балаларын уақытша орналастырған ата-ананың және баладан бас тарту қаупiне бейiм жас аналардың тұрмыс, жұмыс, оқу орны жағдайына, қоғамдағы орнына талдау жасайды;
4) әсiресе жас аналарға көңiл аудара келе, балалары Балалар үйiнде тәрбиедегi аналарға мұқтаж мәселелерiн шешуде, оның iшiнде жұмысқа орналасуына, оқуда, iзгiлiк-психологиялық демеу көрсетедi;
5) баланы анасына, анасының ата-анасы жан ұясына және басқа қамқоршыларға қайтару мәселелерiн шешуге қатысады;
6) балаларды Балалар үйiнен асырап алу барысына белсендi қатысады;
7) асырауға алынбаған денi сау балаларды Балалар ауылына ауыстыру мәселесiн қарайды;
8) Балалар үйiнiң қызметiне ұйымдастыру-әдiстемелiк және iстей көмек бередi;
9) Балалар үйi персоналының мамандық бiлiктiлiгi мезгiлiмен шыңдалуы жөнiнде ұсыныстар бередi.";
4 тараумен келесi мазмұнда толықтырылсын:
"4. Балалар үйiнде "Үмiт" бөлiмiнiң (тобының) қызметiн ұйымдастыру.
21. "Үмiт" бөлiмi облыстағы жалпы түрдегi Балалар үйiнiң бiрiнiң құрамында немесе, саласына қарамай, аймақтағы жалғыз Балалар үйiнде жергiлiктi атқару органдарының келiсiмiмен, қолданып жүрген заңнамалар тәртiбi бойынша ұйымдастырылады.
22. "Үмiт" бөлiмi бiрiншi туатын некесiз жас әйелдерден туылған тұңғыштарға (егiз-тұңғыштарға) арналған. Сондай-ақ бөлiмге сотталған және еңбекпен түзету мекемелерiнде 3 жылдан аз мерзiмiн өтеп жүрген аналардың балалары қабылданады. Балалар үйiнiң "Үмiт" бөлiмiндегi тәрбиеленушiлер толық мемлекеттiң қарамағында болады.
23. "Үмiт" бөлiмi балалардың тәулiк бойы тұруына негiзделiп жұмыс iстейдi.
24. Бұл бөлiмде баланың тұру мерзiмi 3 жасқа толғанға дейiнгi мезгiлмен анықталады.
25. "Үмiт" бөлiмiн құрудың мақсаты жетiмдiктiң алдын алу, сондай-ақ балалардың өмiрiн, денсаулығын қорғауды, үйлесiмдi дамуын мемлекеттiк кепiлдiкке алу болып табылады.
26. Осы мақсатты жүзеге асыруда "Үмiт" бөлiмiнде келесi міндеттер мен қызметтер атқарылады:
1) баласынан бас тарту қаупiне бейiм аналармен, олардың баладан бас тартуының алдын алу үшiн медицина, педагогика қызметкерлерiнiң және психологтардың мақсатты бағытталған жұмыстары;
2) жас аналарға, оларға туып отырған қиын әлеуметтiк жағдайда (туыстарының терiс түсiнiгi және келешектегi жалғыз басты ана ролi), iзгiлiк-психологиялық қолдау көрсету;
3) ана мен баланың арасында туысқандық байланыстарды сақтауға бейiмдейтiн жағдай жасау;
4) ананы тәрбиелеу барысына тарту;
5) баланың тәрбиеленуi мен үйлесiмдi дамуы үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету;
6) баланың жеке басы құқығын, оның жеке даму еркiндiгiн қамтамасыз ету және қорғау, құқығын шектеудiң қандайда түрiн болғызбау;
7) баланы анасының жан ұясына шығаруға дайындау;
8) анасы баласынан үзiлдi-кесiлдi бас тартқан жағдайда немесе оны ата-аналық құқығынан айырғанда балаларды асырап алуға дайындау және денi сау асырауға алынбаған балаларды отбасылық үлгiдегi Балалар ауылына дайындау;
9) бөлiм мен Балалар ауылының жұмыстарының өзара байланысын қамтамасыз ету;
10) мектеп жасына дейiнгi тәрбие мен медицинаның кәзiргi заманғы жетiстiктерiн игеру мен iс жүзiнде енгiзу.
27. Аймақтың қажеттiлiгiне және балалардың санына қарай, "Үмiт" бөлiмi үшiн Балалар үйiнде, мүмкiндiгiнше бөлек кiру есiгi бар, керектi бөлмелер жиынтығы бар (ұйықтау, ойнау, оқу бөлмелерi, әжетхана мен жуыну бөлмелерi, тарату бөлмесi, ана мен бала бөлмесi) үй-жай бөлу қажет.
28. Балалар үйiнiң штаттық кестесiне, Балалар үйiнiң басшысына бағынатын, "Үмiт" бөлiмi меңгерушiсiнiң (0,5) лауазымын қосымша енгiзу қажет.
29. Бөлiм меңгерушiсiн Қамқорлық кеңесiнiң келiсiмiмен Балалар үйiнiң бас дәрiгерi тағайындайды және жұмыстан босатады. Меңгерушiнiң лауазымына 3 жылдан астам өтiлi бар дәрiгер-педиатр немесе педагогикалық жоғары бiлiмi бар 25-тен 45 жасқа дейiнгi әйел жынысты адам тағайындалады. Жұмысқа қабылдаудағы негiзгi талаптар кәсiпкерлiк, адамгершiлiк қасиеттер болып табылады.
30. Балалар үйiнiң барлық басшылығымен бiрге, "Үмiт" бөлiмi қызметiнiң жалпы басшылығын бас дәрiгер Қамқорлық кеңесiнiң бақылауымен жүзеге асырады.
31. Балалар үйiнiң қызметi сияқты, "Үмiт" бөлiмiнiң қызметiн бақылау облыстық (қалалық) басқармаларға (департаменттерге) жүктеледi.
1. "Yмiт" бөлiмiне балаларды қабылдау мен одан шығару
ережелерi
32. "Үмiт" бөлiмiне, баласынан бас тарту қаупiне бейiм, некесiз жас аналардан туылған кезеңiнен 3 жасқа дейiнгi денi сау және iс жүзiнде денi сау тұңғыш-балалар, сондай-ақ еңбекпен түзету мекемелерiнде 3 жылдан аз мерзiмiн өтеп жүрген сотталған аналардың балалары қабылданады.
33. "Үмiт" бөлiмiне қабылдау перзентхана психологi, бала жатқан бөлiм меңгерушiсi және перзентхананың бас дәрiгерi қол қойған ауру тарихының көшiрмесi арқылы жүргiзіледi.
Баланы перзентханадан "Үмiт" бөлiмiне ауыстыру, аналық борышты өтеу және "Үмiт" бөлiмiне уақытша орналастыру туралы анамен алдын ала жүргiзген психологтың мақсатты жұмысынан кейiн, ауыстыру құпиясын сақтаумен, әуре-сарсаңға салмай, жүзеге асырылуы қажет.
34. Балалар үйiнiң бас дәрiгерi, ауыстыру мерзiмi мен анасы туралы мәлiметтердi (жұмыс, оқу орнын, мекен жайын, әлеуметтiк жағдайын) көрсетiп, қабылданған бала туралы облыстық (қалалық) денсаулық сақтау басқармаларын (департаменттерiн), Қамқорлық кеңесiн, қорғаншы және қамқорлық органдарын 3-күндiк мерзiмде жазбаша түрде хабардар етуi тиiс.
35. Балалар үйiнiң "Үмiт" бөлiмiндегi әр балаға келесi құжаттар ресiмделедi:
баланың даму тарихы;
егу төлқұжаты;
қорғаншы және қамқоршы органдарымен жасалған баланың анасының өмiр сүру жағдайларын тексеру актiсi;
тууы туралы куәлiгi.
36. "Үмiт" бөлiмiнен бала анасының жан ұясына анасының өтiнiшi мен баланың тууы туралы куәлiгi, даму тарихының көшiрмесi мен егу төлқұжаты негiзiнде шығарылады.
Жас ананың ата-аналары баланы тәрбиелеу үшiн өз жанұясына алғысы келген жағдайда (егер ол өзi хабардар етсе), Балалар үйiнiң әкiмшiлiгi Қамқорлық кеңесiмен бiрiгiп, кез келген жастағы баланы кедергiсiз олардың жанұясына шығару туралы мәселенi шешедi.
37. Жазбаша ресiмделген (Балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережелерінің 2 қосымшасы) анасының баласынан бас тартуы немесе ата-ана құқығынан айырылған жағдайында, бала кез келген жаста асырап алынуы мүмкін. Денi сау, 6 айлықтан жоғарғы жастағы асырап алынбаған балалар Балалар ауылына ауыстырылуы мүмкін.
38. Дамуында психо-физикалық ауытқулары бар балалар мамандандырылған Балалар үйiне (бөлiмiне) ауыстырылады.
39. Балалар ауылына ауыстыруда балалардың денсаулық жағдайын оларды "Үмiт" бөлiмiнде болған кезде бақылаған Балалар үйiнiң дәрiгер-педиатры, психо-невропатологы анықтайды. Сонымен қатар, балаларды Балалар ауылына ауыстырудың алдында арнайы мамандандырылған мамандардың тереңдетiлген тексеруi жүргiзiледi, қорытындысы баланың даму тарихы көшiрмесiнде көрсетiледi.
Балалар үйi әкiмшiлiгiнiң рұқсаты бойынша, балалар тобын Балалар ауылына ауыстыруға әзiрлегеннен кейiн, балаларды iрiктеу және кейіннен Балалар ауылына ауыстыру мақсатымен Балалар ауылының ана-тәрбиешiлерi оларға 1 ай iшiнде келiп тұрады. Бұл келудiң мақсаты, Балалар ауылына ауыстырған кезде балалардың психологиялық бөгетiн бұзу, ана-тәрбиешiлерге баланы үйрету болып табылады.
Балаларды iрiктеу кезiнде балалардың этникалық тегiн, белгiлi мәдениетке жататындығын және ана тiлiн ескеру қажет.
Ана-тәрбиешi мен баланың психологиялық және мiнез-құлықтық жақындығы маңызды роль атқарады. Балалар ауылы анасының талаптарына құлақ асып, осы белгiлер арқылы балаларды iрiктеуде Балалар үйiнiң медицина қызметкерлерi мен психологы көмектеседi.
Егер медициналық қарсы көрсетiмдер болмаған жағдайда егiз балалар Балалар ауылының бiр отбасына берiледi. 40. Балаларды Балалар ауылына ауыстыру жүрісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 41. Балаларды "Үмiт" бөлiмiнен Балалар ауылына ауыстыра сала, бiрiншi күнi, келешекте медициналық қызмет көрсету үшiн, олар туралы мәлiметтер аумақтық емханаға жiберiледi (ауырып, стационарлық емдеудi қажет еткен Балалар ауылының тәрбиеленушiлерi кез келген емдеу ұйымдарына сырқаттың түрiне қарай жатқызылады). 42. Еңбекпен түзету орындарында 3 жылдан аз мерзiмдi өтеп жүрген сотталған аналардың балалары ұқсас тәртiпте шығарылады. 2. Балалар жұмысын ұйымдастыру 43. Ана мен баланың құқығы мен мүддесiн қорғау мақсатында ана мен бала әрдайым құпиялық қатынаста болу үшiн жағдай жасау қажет. 44. "Үмiт" бөлiмiнде балаларды тәрбиелеу немқұрайлы, дөрекi қараудан, табиғи және психикалық зорлық көрсетуден қорғау мен қызметкерлердiң жан-жақты қамқорлығы рәсiмiнде құрылады. 45. Тәрбиелеу жұмысында баланың этникалық тегi, белгiлi мәдениетке жататындығы, ана тiлi ескерiлуi тиiс. 46. Тәрбиелеу барысы мен ойлау, сөйлеу қабiлетiн және т.б. дамыту жөнiндегi жұмыстар, бала-бақшаларына арналған мектепке дейiнгi тәрбиелеу бағдарламалары бойынша жүргiзiледi. 47. Баладан бас тарту қаупi бар анаға психологиялық көмек iске асырылуы қажет. 48. Бiлiктi медициналық көмек көрсетiлуi және психика мен дене дамуындағы кемiстiктер дер кезінде түзетiлуi тиіс. 3. Балалары "Yмiт" бөлiмiнде тұратын аналардың құқықтары мен мiндеттерi 49. Ана құқықты: 1) Баланы тәрбиелеу және күту жағдайларын жасау үшiн "Үмiт" бөлiмiне орналастыруға; 2) өз еркiмен баланы омырау сүтiмен емiзуге; 3) өз баласының өмiрi мен денсаулық жайы туралы толық ақпарат алуға. 50. Ана мiндеттi: 1) бөлiмде болған уақытта баласына тұрақты түрде барып тұруға және оның тәрбиесiне қатысуға; 2) "Үмiт" бөлiмiнiң iшкi тәртiбi ережелерiн сақтауға. 51. Лауазымға бөлiм персоналы, Қамқорлық кеңесiнiң өкiлдерi қатысқан конкурстық iрiктеу негiзiнде, Балалар үйi бас дәрiгерiнiң бұйрығымен тағайындалады. Персоналдың құқықтары мен мiндеттерi Балалар үйiнiң әкiмшiлiгiмен жасасқан жеке еңбек келiсiм-шартында бекiтiледi. 52. Қажет жағдайда персонал: 1) анадан iшкi күн тәртiбiн сақтауды талап етедi; 2) Қамқорлық кеңесiне баласына анасының келмей жүргендiгiн хабарлайды.". Көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережелерінде: 1 тармақ 10) тармақшамен келесi мазмұнда толықтырылсын: "10) некесiз жас аналардан туылған балалар."; 2 тармақ абзацпен келесi мазмұнда толықтырылсын:
"Некесiз жас аналардан туылған денi сау балалар перзентхананың психологi, бала болған жердiң бөлiм меңгерушiсi және перзентхананың бас дәрiгерiнiң қолы қойылған ауру тарихының үзiндiсiмен "Үмiт" бөлiмiне тiкелей қабылданады.";
4 тармақ "сифилиспен" сөзi соңынан "(мерезбен), ЖҚТБ" сөздерiмен толықтырылсын;
12 тармақ бiрiншi абзацпен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"Балалар өз жан ұясына қайтарылғанда, әлеуметтік қамсыздандыру немесе
білім жүйесіндегі интернат ұйымдарына, оның ішінде отбасылық үлгілі Балалар ауылына ауыстырылғанда, асырауға берілгенде Балалар үйінен шығарылады."; 16 тармақпен келесi мазмұнда толықтырылсын: "16. Балалар ауылына балалар, 6 айлық жасынан бастап, сауықтырылғаннан және қандай да болмасын анықталмаған перинаталдық зақымдарын, туа бiткен немесе тұқым қуу ауруларын жоққа шығарғаннан кейiн ауыстырылады."; Көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Балалар үйiнiң медициналық, педагогикалық, аспазшылық персоналының штаттық норма мөлшерінде (ұсыныс ретiнде): 11 тармақ 3) тармақшамен келесi мазмұнда толықтырылсын: "Үмiт" бөлiмiнде (тобында) 0,5 лауазым." 15-1 тармақпен келесi мазмұнда толықтырылсын: "Ұйымға 1,0 лауазым музыка қызметкерi тағайындалады.". 2. Облыстық, Алматы және Астана қалалық денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң), сонымен қатар Балалар үйлерiнiң басшылары: 1) осы бұйрықты басшылыққа алсын және мiндеттi түрде орындасын; 2) Балалар үйiнiң құрамын осы бұйрыққа сәйкес қайта ұйымдастырсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр А. Айдархановқа жүктелсiн. 4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi. Министр Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.