"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрінің 1999 жылғы 21 мамырдағы N 535 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы"

Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 10 тамыздағы N 1147 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 13 қыркүйекту тіркелді. Тіркеу N 1642. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

Күшін жойған

-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Z010210_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi: 74. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 1999 жылғы 21 мамырдағы N 535 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң 2001 жылғы 10 тамыздағы N 1147 V011642_ бұйрығы. ----------------------------------------------------- "Салық және бюджетте төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке тұлғалар үшін салық салудың оңайлатылған режимі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрінің 1999 жылғы 21 мамырдағы N 535 V990794_ бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген "Кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке тұлғалар үшін салық салудың оңайлатылған режимі туралы" Нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық): 1) 45-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "12 қосымшаның 9-тармағымен көзделген қызмет түрі бойынша бір жолғы талондардың құны тасымалдау (қала ішінде, аудандық, қалааралық) түріне байланысты бекітіледі". 2) 12 қосымша мынадай мазмұндағы 9-14-тармақтармен толықтырылсын: "9. Жеке және жалға алған жеңіл (маршруттық таксиден басқа) және жүк автомобильдері иелерінің жолаушылар мен жүктерді (лицензияланатындардан басқа) тасымалдау бойынша қызмет көрсетуі. 10. Саяжайларда және үй жанындағы учаскелерде өсірілген тірі гүлдерді сату. 11. Қосалқы ауыл шаруашылығындағы, бау-бақшалық және саяжайлық учаскелеріндегі азық-түліктерін сату. 12. Фото және бейне түсіру мен салтанаттарда және қоғамдық демалыс орындарындағы басқа да фото жұмыстар. 13. Концерт өткізілетін орындарда бейне, үн кассеталарын сату. 14. Жұлдызнамаларды және бал ашуларды құрау жөніндегі қызмет көрсетулер."; 2. Өндірістік емес төлемдер департаменті (Ю. Тілеумұратов): 1) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісілсін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Өндірістік емес төлемдер департаментіне (Ю.Тілеумұратов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. Министрдің м.а. Келісілді Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі 10 тамыз 2001 ж. Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.