Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 25 мамырдағы N 241 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1420. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 447 (V043333) бұйрығымен.

Күшін жойған

                               БҰЙЫРАМЫН :
     1. "Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың және жабудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 25 мамырдағы N 241 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың және жабудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
     2-тармақта:
     4) тармақшада:
     бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "4) Депозиттік шот - мемлекеттік мекеменің жұмсау құқығынсыз, мемлекеттік мекеменің уақытша иелік етуіне түсетін және белгілі бір шарттар туындаған кезде мемлекеттік бюджетке есептеуге немесе қолданылып жүрген заңдарға сәйкес енгізушілерге қайтарылуға жататын қаражаттарды есептеу үшін мемлекеттік мекемелерге, сондай-ақ борышкерден ақшаны есепке алу үшін, оларды несие берушіге беру үшін, өзінің пайдасына жарна жасалған тұлғаның жазбаша келісімі немесе сот шешімі бойынша оларды депозитке салған тұлғаға ақшаны қайтару үшін және белгіленген сақтау мерзімі өткеннен кейін талап етілмеген ақшаны сот шешімі бойынша республикалық бюджетке есептеу үшін борышкерлерден ақшалай сомаларды мемлекеттік нотариустардың қабылдауы үшін аумақтық (облыстық, қалалық, аудандық) әділет органдарына, сондай-ақ атқарушы құжаттарды төлеу мақсатында сот орындаушыларының борышкерден, үшінші тұлғалардан, борышкерлердің тиым салынған мүліктерін сатудан түсетін ақшалай сомаларды есептеу үшін және оларды өндіріп алушыларға беру үшін Қазақстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы сот әкімшілігін жүргізу жөніндегі Комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімшілеріне ашылатын шот.";
     мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
     "сотталғандарға, бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылғандарға және психикалық ауруханадан шыққан пациенттерге қалған ақшаны қайтару.
     Ойлау қабілеті төмен балаларға арналған интернат-үйлерге, психио-неврологиялық интернаттарға қамқорлыққа алынған тұлғалардың дербес шотындағы ақшасын есептеу үшін осы қаражатты қамқорлыққа алынған тұлғалардың жеке мақсаттарына жұмсау құқығымен:
     қосымша азық-түлік өнімдерін сатып алуға;
     қосымша медициналық жәрдем көрсетуге;
     қосымша дәрі-дәрмек құралдарын сатып алуға;
     қосымша киім, аяқ киім және бірінші кезектегі қажетті заттарды, гигиена жабдықтарын сатып алуға;
     қосымша ақ жайма және іш киім сатып алуға депозиттік шоттар ашылады.".
     мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "8-1) Сақтандыру өтемін есептеуге арналған ағымдағы шот - жол-көлік оқиғасы мүлікті" зақымдануына немесе жойылуына әкеп соқтырған жағдайда сақтандырушы төлейтін түсімдерді және сақтандыруды өтеу шығындарын есептеу үшін мемлекеттік мекемеге ұлттық валютада ашатын шот.
     Сақтандыру өтемін есептеуге арналған ағымдағы шот:
     N 141 "Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің есебінен ұсталатын мекемелердің ағымдағы шоттары";
     N 142 "Қазақстан Республикасы жергілікті бюджеттерінен ұсталатын мекемелердің ағымдағы шоттары" баланстық шоттарда Қазынашылықтың" аумақтық органдарында ашылады.";
     3-тармақта "депозиттік шот" деген сөздерден кейін ", сақтандыру өтемін есептеуге арналған ағымдағы шот" деген сөздермен толықтырылсын;
     5-тармақтың екінші абзацындағы "сомаларға" сөзден кейін ", сақтандыру өтемі қаражатына" деген сөздермен толықтырылсын;
     7-тармақтың 2) тармақшасында:
     үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "Бірінші қол қою құқығы атына шот ашылған мемлекеттік мекеменің басшысында және/немесе оларға уәкілетті басқа тұлғада болады. Екінші қол қою құқығы мемлекеттік мекеменің бас бухгалтерінде және/немесе мемлекеттік мекеменің басшысы уәкілеттік берген басқа тұлғаға беріледі. Осы өкілеттіктер мемлекеттік мекеменің басшысы бұйрығының негізінде беріледі. Егер мемлекеттік мекеменің штатында екінші қол қою құқығы берілетін тұлға болмаған жағдайда, қолдардың және мөртаңбасының үлгілері бар құжатқа бірінші қол қою құқығы бар тұлғаның ғана қолы енеді.";
     мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Екінші қол қою құқығы бар тұлға уақытша болмаған (еңбек демалысы немесе ауырған) жағдайда төлем құжаттарына, сол сияқты қолдарының және мөртаңбаның үлгілері бар құжатта көрсетілген екінші қол қоюға құқығы бар тұлғалар қол қояды. Бұл жағдайда қолдарының және мөртаңбаның үлгісі бар уақытша құжатты ресімдеу талап етіледі.";
     8-тармақта:
     1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "1) "Ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражаттар" ағымдағы шотын (немесе ашылған шоттың қолданылу мерзімін ұзарту):
     бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы бекіткен мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтерді көрсетуді іске асырудан алынатын қаражаттар бойынша кірістер мен шығыстардың жеке сметасы (3-қосымша).";
     2) тармақшаның алтыншы абзацындағы "нормативтік құқықтық" деген сөздер "заңнамалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
     3) тармақшаның бесінші абзацы мынадай мазмұндағы деген абзацтармен ауыстырылсын:
     "шетел валютасында (қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз) екінші деңгейдегі банктерде:
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемеге рұқсаты негізінде (5-қосымша);
     облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімі мен жергілікті қаржы органдарының жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемеге рұқсаты негізінде (5-қосымша).";
     мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "6-1) сақтандыру өтемін есептеуге арналған ағымдағы шоты:
     шот ашу туралы мемлекеттік мекеменің өтініші және сақтанушының жауапкершілігін белгілеген сот шешімі немесе сақтандырушының алдын-ала келісімімен үшінші тұлғаның алдында сақтанушының өзінің мойындауы және төлем туралы барлық қажетті құжаттарды (кінәлі тұлғаның, жәбірленушінің өтініштері, МАИ органдарынан алынған құжаттардың толық пакеті):
     Қазынашылықтың аумақтық органының тиісті комитетінің республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемеге берген сақтандыру өтелімін есепке алу үшін ағымдағы шотты ашуға (қолданылу мерзімін ұзартуға) арналған рұқсаты (7-1-қосымша);
     жергілікті қаржы органдарының жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемеге берген сақтандыру өтелімін есепке алу үшін ағымдағы шотты ашуға (қолданылу мерзімін ұзартуға) арналған рұқсаты (7-1-қосымша)." негізінде;
     12-тармақтағы "10 күндік" деген сөздер "үш күндік" деген сөздермен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
     "12-1. Мемлекеттік мекеме қазынашылықтың бір аумақтық органында бірнеше шот ашқан жағдайда, қазынашылық мемлекеттік мекемеден шотты ашу үшін көзделген құжаттарды қайта көрсетуін талап етпеуге құқылы (қолдардың және мөртаңбаның үлгілері бар құжатты қоспағанда).";
     15-тармақтың үшінші абзацындағы "алынатын қаражаттар сметасы" деген сөздер "алынған қаражаттар бойынша кірістер және шығыстар сметалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
     17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
     "31 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру өтемін есепке алуға арналған ағымдағы шоттың пайдаланылмаған қаражатының қалдығы тиісті бюджеттің кірісіне аударуға жатады.
     Егер сақтандыру өтемін есепке алуға арналған ағымдағы шотқа арналған қаражат 20 желтоқсаннан кейін түссе, онда ағымдағы шоттың қаражатын пайдалану құқығы бір ай мерзімге ұзартылады.";
     19-тармақтағы "үш күндік" деген сөздер "он күндік" деген сөздермен ауыстырылсын;
     көрсетілген Нұсқаулықтың 3 және 5-қосымшалары 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     3-қосымшаға сәйкес 7-1-қосымшамен толықтырылсын.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

     Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                           Қаржы министрлігінің
                                           2001 жылғы "7" ақпандағы
                                           N 57 бұйрығына
                                           1-қосымша

                                           3-қосымша

                                           Бекітемін
                                           Бюджеттік бағдарлама
                                           әкімшісінің басшысы
                                           ___ ж.  "____"________

                                           М.О.

     Мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтерді көрсетуді іске
     асырудан алынатын қаражаттар бойынша кірістер мен
                   шығыстардың жеке сметасы

                                                ________

Функционалдық топ                                Кодтары

Кіші функция                                     ________

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі              ________

Мемлекеттік мекеме                               ________

Бағдарлама                                       ________

Кіші бағдарлама                                  ________

Ақылы қызметтердің түрлері                       ________

                                                    мың теңге

___________________________________________________________________
                                          Тоқсан бойынша сомасы
                                         _________________________
Көрсеткіштер        Жол кодтары/           1    2     3     4 Жиыны
                  ерекшеліктің коды  
___________________________________________________________________
   1                     2                3    4     5     6  7
___________________________________________________________________

Кірістер барлығы          010     

Жыл басындағы қаражаттың  011     

қалдығы

Ағымдағы жылдың түсімдері 012     

Шығыстар барлығы          020     

әрбір ерекшелік бойынша      

Бюджеттің кірісіне

аударуға жатады           021
___________________________________________________________________

      Мемлекеттік мекеменің басшысы

     Бас бухгалтер

                                         Қазақстан Республикасы
                                         Қаржы министрлігінің
                                         2001 жылғы "7" ақпандағы
                                         N 57 бұйрығына
                                         2-қосымша

                                         5-қосымша

    ________________________
    (ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті,
    жергілікті қаржы органы)
    ____ж. "___" __________ N____        ______________________
                                        (екінші деңгейдегі банктің
                                         Қазынашылық аумақтық
                                          органының атауы)

                  Депозиттік шот ашуға (қолданылу мерзімін
                          ұзартуға) арналған
                            РҰҚСАТ ҚАҒАЗ

_______________________________ ____________бюджеттен ұсталатын
                     (бюджеттің атауы)
__________________________________________________________________
                   (мемлекеттік мекеменің атауы)
__________________________________________________________________
_______________________________________________ аударуға жататын
                     (жолдама)
________________________________________________ есепке алу үшін
       (қаражат түсімдері түрінің атауы)
____________________________________________ депозиттік шот ашуға
(валютаның атауы (теңгенің немесе шетел валют. түрі)
(депозиттік шоттың қолдану мерзімін ұзартуға) рұқсат етіледі

Рұқсат Қазақстан Республикасы Үкіметінің (облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің) ____ж. "____" _________ N _____ шешімінің негізінде берілді және ______________________________дейін әрекет етеді.
     (мерзімі көрсетіледі)

    ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы _________________
                                                  (қолы)
    (жергілікті қаржы органының басшысы)

    Банктік операциялар бойынша бухгалтерлік
    есеп және есептілік басқармасының бастығы
    (бас бухгалтер)           _____________________
                                   (қолы)

                     ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГIЛЕРI

    Шот ашылды N_______           _______жылғы "____" ________
    Операциялық бөлімнің бастығы _________________________
                                             (қолы)

                                            Қазақстан Республикасы
                                            Қаржы министрлігінің
                                            2001 жылғы "7" ақпан
                                            N 57 бұйрығына
                                            3-қосымша

                                            N 7-1-қосымша

   ________________________
    (ҚР ҚМ Қазынашылықтың аумақтық
    органы, жергілікті қаржы органы)

    ____ж. "___" __________ N____

                    Сақтандыру өтелімін есепке алу үшін
                            ағымдағы шотты ашуға
                   (қолданылу мерзімін ұзартуға) арналған
                                 РҰҚСАТ ҚАҒАЗ

_________________________________ ___________бюджеттен ұсталатын
                     (бюджеттің атауы)
__________________________________________________________________
              (мемлекеттік мекеменің атауы)
__________________________________________________________________
сақтандыру өтелімін есепке алу үшін ағымдағы шот ашуға (ағымдағы шоттың қолдану мерзімін ұзартуға) рұқсат етіледі.

Рұқсат ___________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
___________________________________________________негізінде
берілді және _______________________________ дейін әрекет етеді.
                   (мерзімі көрсетіледі)

    М.О.
    Басшы
    (Қазынашылықтың аумақтық органы,
    жергілікті қаржы органының)   _________________
                                       (қолы)

    Қаржы және жиынтық баланстар бөлімінің бастығы
    (бас бухгалтер)           _____________________
                                       (қолы)

                         ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГIЛЕРI

    Шот ашылды N_______           _______жылғы "____" ______

    Операциялық бөлімнің бастығы ______________________
                                          (қолы)