Көлiктегi IIБ-нiң жолаушылар поездарына iлесiп жүру жөнiндегi патрульдiк полиция бөлiмшелерi туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Бұйрық Ішкі істер министрлігі 2000 жылғы 5 желтоқсан N 664 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 20 желтоқсан N 1340 тіркелді

Қолданыстағы

      Темiр жол объектiлерiндегi қоғамдық тәртiптi нығайту, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қоғамдық қауiпсiздiктi, "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мүлкiн сақтауды, жолаушылардың жеке меншiгiн, құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
      1. Көлiктегi IIБ-нiң жолаушылар поездарына iлесiп жүру жөнiндегi патрульдiк полиция бөлiмшелерi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Көлiктегi IIБ-нiң бастықтары:
      1) осы Нұсқаулыққа сәйкес жолаушылар поездарына iлесiп жүру жөнiндегi патрульдiк полиция бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырсын; 2) осы Нұсқаулықтың талаптарын Көлiктегi IIБ жеке құрамының сынақ тапсыру арқылы оқып-үйренуiн қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң ӘПД (Қ.С. Тыныбеков) және Көлiктегi IIБ-нiң бастықтарына жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі - Ішкі әскерлер қолбасшысы генерал-лейтенант Көлiктегi IIБ-нiң жолаушылар поездарына iлесiп жүру жөнiндегi патрульдiк полиция бөлiмшелерi туралы НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ереже
      1. Жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөнiндегi патрульдік полиция бөлiмшесi көлiктегi IIБ-де саптық полиция бөлiмшелерiнiң типтiк штаттарына сәйкес құрылады.
      2. Бөлiмше қызметiнiң құқықтық негiзi Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары мен Өкiмдерi, "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, Iшкіісминнiң, көлiктегi IIБ-нiң ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлерi және осы Ереже болып табылады.
      3. Бөлiмшенiң жұмысы Iшкіісминнiң, көлiктегi IIБ-нiң салалық қызметтерiмен, Iшкіісминнiң iшкi әскерлерiмен, басқа да құқық қорғау органдарымен, бөлiмшелерiмен және Iшкіісминнiң, көлiктегi IIБ-нiң, желiлiк iшкi iстер бөлiмдерiнiң жоспарларына сәйкес темiр жол көлiгiнiң қызметкерлерiмен өзара тығыз iс-қимылда ұйымдастырылады.
      4. Жолаушылар поездарына iлесiп жүру жөнiндегi патрульдiк полиция бөлiмшесiнiң құрылымы мен штатын көлiктегi IIБ-нiң бастығы Қазақстан Республикасының Iшкіісминiмен келiсiм бойынша бекiтедi.
      5. Жолаушылар поездарына iлесiп жүру жөнiндегi патрульдiк полиция бөлiмшесiн командир басқарады, ол көлiктегi IIБ әкiмшiлiк полиция қызметiнiң (басқармасының), Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң ӘПД бастығына бағынады.
      6. Бөлiмше командирiн, оның орынбасарларын Көлiктегi IIБ-нiң бастығы тағайындайды және босатады.
 
                             2. Негiзгi мiндеттерi.
 
      7. Қоғамдық тәртiптi күзету, қоғамдық қауiпсiздiктi, "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мүлкiн сақтауды, жолаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан, өзге де қоғамға жат көрнiстерден қорғауды қамтамасыз ету.
      8. Жолаушылар поездарындағы, вокзалдардағы, станциялардағы қылмыстарды анықтауға, жолын кесу және ашуға бағытталған жедел-iздестiру және iздеу iс-шараларына қатысу.
      9. Жеке және темiр жол көлiгi қызметкерлерiнiң көмегiмен вокзалдарда белгiленген тәртiптi сақтауға, жолаушылардың еркiн кiрiп-шығуына шаралар қолдану.
      10. Iздестiрiлудегi адамдарды (дезертирлердi), белгiлi бiр тұрғылықты жерi, құжаттары жоқ адамдарды, басқа да құқық бұзушыларды анықтау, оларды ЖIIО кезекшi бөлiмiне немесе аумақтық IIО жеткiзу.
 
                              3. Негiзгi функциялары.
 
      11. Жолаушылар поездарында және темiр жол көлiктерi объектiлерiнде құқық тәртiбiн қамтамасыз ету.
      12. Қылмыс жасау пиғылындағы немесе қылмыс жасаған адамдарды анықтау және ұстау мақсатында қылмыстың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөнiндегi iздеу және өзге де iс-шараларға қатысу.
      13. Дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы азаматтардың өтiнiштерi мен арыздарына, лауазымды адамдардың хабарламаларына тез арада ден қою, бұл туралы ЖIIО, КIIБ жедел кезекшiсiне дер уақытында ақпарат беру.
      14. Қылмыс жасалған жерде ұсталғандарды iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне айдап алу жүруде және оқиға болған жерден iзiн жасырған қылмыстың жасалуына күдiктi адамдарды ұстауға аумақтық IIО қызметкерлерiне көмек көрсету.
      15. Темiр жол көлiктерi объектiлерiнде паразиттiк өмiр сүретiн азаматтарды анықтау, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларға шаралар қолдану.
      16. Қайғылы оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсiз халдегi жолаушыларға көмек көрсету.
      17. Азаматтар мен лауазымды адамдардан қоғамдық тәртiптi сақтауды талап ету, iшкi iстер органдарының өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi болатын құқық бұзушылықтар мен әрекеттердi тоқтату. Бұл талаптарды орындамаған жағдайда "Қазақстан Республикасындағы iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес арнайы құралдар мен атыс қаруын қолдануға дейiн тиiстi мәжбүрлеу шараларын қолдану.
      18. Құқық бұзушылыққа күдiктi деуге негiз болған кезде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру.
      19. Iшкi iстер органдарының құзыретiне жатқызылған құқық бұзушылықтар бойынша әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру; хаттамалар толтыру, құқық бұзушыларды ұстау және оларды көлiктегi iшкi iстер органдарына жеткiзу, адамдарды, заттарды, қозғалатын составтарды тiнту, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша өндiрiстi қамтамасыз ету жөнiндегi заңнамада көзделген басқа да шараларды қолдану.
      20. Мас күйдегi, адам абыройы мен қоғамдық әдептi қорлайтын не айналасындағыларға немесе өзiне зиян тигiзуi мүмкiн адамдарды көлiктегi iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмiне жеткiзу.
      21. Құқық бұзушылық жасаған әскери қызметшiлердi ұстау, оларды әскери коменданттарға, әскери бөлiмдердiң командирлерiне беру.
 
       4. Жолаушылар поездарына iлесiп жүру жөнiндегi патрульдiк полиция бөлiмшесi командирiнiң құқықтары мен мiндеттерi
 
      22. Бөлiмше қызметiн ұйымдастырады. Бөлiмше қызметiн ұйымдастыруға, оған жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындауға, заңдылықты сақтауға жеке жауапкершiлiкте болады.
      23. Бөлiмшенiң қатардағы және басшы құрамын тағайындау, оларды лауазымдарынан босату, алғашқы даярлықтан өткiзу, бiлiктiлiгiн көтеру туралы ЖIIО, КIIО басшылығына ұсыныстар енгiзедi.
      24. Қатардағы және басшы құрамның қызметтiк аттестациясына материалдар дайындайды, оларды арнайы атақ беруге ұсынады, кезектi еңбек демалыстарына рұқсат бередi.
      25. Белгiленген тәртiпте әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларды жақсарту туралы ұсыныстар енгiзедi.
      26. Өз құзыретiнiң шегiнде жеке құрамға тәртiптiк жаза қолданады және көтермелейдi.
      27. Алдыңғы қатарлы озық тәжiрибенi, жұмыстың жаңа нысандары мен әдiстерiн әзiрлейдi және оны бөлiмше қызметiне енгiзедi, бөлiмше қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жоғарылатуды қамтамасыз етедi.
      28. Жедел жағдай ахуалын талдайды. Жоспар құрады және жасалған жұмыс нәтижелерiн есепке алады.
      29. Iздеу шараларын ұйымдастырады және оны өткiзудi қамтамасыз етедi.
      30. Кәсiби даярлық жүйесiнде бөлiмше жеке құрамын тәрбиелеудi және оқытуды, атыс қарулары мен арнайы құралдарды қолдану ережелерi бойынша сынақ тапсыруды қамтамасыз етедi.

      Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Әкiмшiлiк полиция департаментi