Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 13 қазан N 395 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 26 қараша N 1304 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апта өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 13 қазандағы 
N 395 қаулысымен    
"бекітілген"      

Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот
ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi
мен аударымдарын жүзеге асыру ережесi 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi - банктер) Қазақстан Республикасының аумағында клиентке банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, сондай-ақ ақшаның осындай төлемдерi мен аударымдарына қатысушыларға қойылатын талаптарды белгiлейдi.

      2. Банктiк есепшот ашпай ақшаның төлемдерi мен аударымдарына ақша жөнелтушi және (немесе) бенефициар банктiк есепшоттарды қолданбай жүзеге асатын төлемдер мен аударымдар жатады және олар ақша жөнелтушi көрсеткен бенефициар пайдасына қолма-қол ақшасыз тәртiппен аударылуы және (немесе) бенефициардың өз банктiк есепшотынан тыс қолма-қол ақшаны алу үшiн қолма-қол ақшаны төлеу арқылы жасалады. 
      Сонымен бiрге заңды тұлғалар және олардың бөлiмшелерi жүзеге асыратын салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеудi қоспағанда, ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдары олардың банктiк есепшотты ашқан кезде ғана жасалады.
      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес банкке қолма-қол ақшамен зейнетақы жарналарын енгізуге құқылы тұлғалар банктік есепшот ашпай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлейді.
      Заңды тұлға банктің қызмет көрсеткеніне қолма-қол ақшамен жарна арқылы төрт мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ақы төлеуге құқылы.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 204 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.
      3. Осы Ереже банктен тыс қолма-қол ақшаны нақты берумен байланысты қатынастарды реттемейдi. 

      4. Осы Ережеде "Ақша төлемi мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237-1 Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiнiң 3-тармағында көзделген негiзгi ұғымдар қолданылады. 

      5. Клиенттiң банктiк есепшотын ашпай ақша төлемдерi мен аударымдары теңгемен, сол сияқты шетелдiк валютамен де жүзеге асырылады.

      6. Резиденттер мен резидент еместер арасында немесе резидент еместер арасында жүзеге асырылатын клиенттiң банктiк есепшотын ашпай ақшаның теңгедегi төлемдерi мен аударымдары, сондай-ақ ақшаның шетелдiк валютадағы барлық төлемдерi мен аударымдары Қазақстан Республикасының валюта заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес жасалады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 Қаулысымен.

      7. Банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдары түбiртектер, кірістік касса ордерлері, хабарламалар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламалар, зейнетақы жарналарын аударуға түбіртек-хабарламалар, әлеуметтік аударымдарды төлеуге түбіртек-хабарламалар және қолма-қол ақшаны алу үшiн қолданылатын басқа да құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады. Осы құжаттар төлем құжаттары (бұдан әрi - төлем хабарламалары) болып табылады. Қағазға басылып ұсынылған төлем хабарламаларында түзетулерге жол берілмейді.
      Осы тармақта белгіленген талаптар қолма-қол ақшаны банкке электрондық терминалдар арқылы енгізу жолымен жүзеге асырылатын банктік шот ашпай ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру жағдайында қолданылмайды.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 204, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95, 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 қаулыларымен.

      8. Төлем хабарламаларында осы Ереженің 11-тармағында белгіленген міндетті деректемелер болуға тиіс. Осы тармақта көзделген нормалар коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеуге арналған шот-хабарламаларға, жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеуіне арналған  түбіртек-хабарламаларға, сондай-ақ зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарламаларға және әлеуметтік аударымдарды төлеуге қолданылмайды. 
      Ескерту: 8-тармаққа өзгертулер енгізілді, жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкiнiң Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 439 қаулысымен, 2003 жылғы 4 шілдедегі N 204 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      9. Банк төлем хабарламаларын банктiң белгiленген операция күнi iшiнде қабылдайды.

2-тарау. Төлем хабарламаларын ресiмдеу тәртiбiне
қойылатын жалпы талаптар

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi төлем хабарламаларының нысанын белгiлемеген жағдайда ақша жөнелтушi алушы банк немесе iскерлiк айналым дәстүрлерiмен белгiленген нысанда банкке төлем хабарламаларын ұсынады. 

      11. Банктiк есепшот ашпай ақша төлемдерi мен аударымдары кезiнде төлем хабарламаларының мынадай мiндеттi деректемелерi болуы тиiс:
      1) төлем хабарламасының атауы;
      2) төлем хабарламасының нөмірі, оның жасалу күні, айы, жылы;
      3) жеке тұлғаның - ақша жөнелтушінің және (немесе) бенефициардың аты-жөні, әкесінің аты (егер ол бар болса) немесе заңды тұлғаның - ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың ұйымдастыру-құқықтық нысанын қоса есептегенде толық атауы;
      4) ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың жеке бірегейлендіру кодтары. Жеке тұлғаның жеке бірегейлендіру коды болмаған жағдайда оның жеке басын куәландыратын құжат деректері, сондай-ақ пошталық мекен-жайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй және пәтер нөмірі) көрсетіледі;
      5) ұйымдастыру-құқықтық нысанды қоса есептегенде жөнелтушi банктiң және бенефициар банктiң толық атауы, олардың банктiк бiрегейлендiру кодтары;
      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ақша жөнелтушiнiң "КОд" коды, бенефициардың "Кбе" коды, төлем белгiлеу және оның кодтық белгiленуi;
      7) санмен және жазумен белгiленген төлем сомасы;
      8) егер аударым жөнелтушінің немесе бенефициардың жеке сәйкестендіру кодын көрсете отырып жасалған жағдайда, олардың жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - БСН);
      9) ақша жөнелтушi заңды тұлға болған жағдайда - оның уәкiлеттi тұлғаларының аты-жөнi, әкесiнiң аты, қолы, сондай-ақ мөр таңбасы. Ақша жөнелтушi жеке тұлға болған жағдайда - оның қолы;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да деректемелер.
      Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      12. Коммуналдық қызметке ақы төлеуге арналған есепшот-хабарламадан басқа ақша жөнелтушi төлем хабарламасында валюталау күнiн көрсетуге құқылы. 

      13. Жеке тұлға салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге арналған төлемнің түбіртек-хабарламасын осы Ереженiң N 1 қосымшасына сай белгiленген нысандағы бланкiде ұсынады, жеке кәсіпкер, жеке нотариус немесе адвокат осы Ереженiң N 2 қосымшасына сай белгiленген нысандағы бланкiде ұсынады. 
      Заңды тұлға салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысанда белгіленген бланкілер түрінде ұсынады. Заңды тұлға өзінің филиалдары (өкілдігі, құрылымдық бөлімшелері) үшін салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеген кезде "ақша жіберуші" бағанына заңды тұлға филиалының (өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің) атауын көрсетеді, "БСН" бағанына салық төлеушi филиалының (өкiлдiгiнiң, құрылымдық бөлiмшесiнiң) бизнес сәйкестендіру нөмiрiн көрсетедi, "ақша жіберушінің мекен-жайы және телефоны" бағанына заңды тұлғаның мекен-жайын және телефонын көрсетеді.
      Салық төлеушінің алушы банкке қолма-қол ақша салу күні ақша жіберушінің салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаларында көрсеткен күнімен сәйкес келуге тиіс. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Бенефициардың деректемелерін және бюджеттік жіктеу кодын көрсетудің дұрыстығы үшін жөнелтуші жауапкершілік атқарады.
      Зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарлама осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда белгіленген бланкілер түрінде ұсынылады.
      Әлеуметтік аударымдарды төлеуге түбіртек-хабарлама осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланкілерде ұсынылады. 50-ден астам позициясы (аты-жөндері) бар осы Ережеге 5-қосымшаның екінші бөлігі алушы-банкке электрондық тасымалдағыштағы оның көшірмесін қоса бере отырып ұсынылады. Егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген жағдайда 50 және одан да аз позициясы (аты-жөндері) бар 5-қосымшаның екінші бөлігінің электрондық көшірмесін алушы банк талап етуге құқылы.
      Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкiнiң Басқармасының 2001.11.16 N 439; 2003.07.04 N 204; 2005.08.27 N 95; 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      14. Төлем хабарламаларын толтырған кезде ақша жөнелтушi өзiнiң мекен-жайына және бенефициардың мекен-жайына (телефон нөмiрi, факс нөмiрi, электронды поштаның мекен-жайы және басқа да мәлiметтер) қатысты қосымша мәлiметтер көрсетуге құқылы. 

3-тарау. Төлем хабарламаларын қабылдау тәртiбi

        15. Ақша жөнелтушіден төлем хабарламасын қабылдаған кезде алушы банк оны акцептейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген мерзімде орындайды. 
      Төлем хабарламасын акцептей отырып, алушы банк бенефициардың пайдасына ақша аударуға міндеттеме қабылдайды.
      Алушы банк салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеуге, сондай-ақ зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеуге салынған қолма-қол ақшаны алушы банкке салынған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей бенефициарға аударуға тиіс. 
      Ескерту: 15-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 204 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      16. Ақша жөнелтушiден төлем хабарламасын қабылдаған кезде алушы банк ақша жөнелтушiге қолма-қол ақшаны қабылдау жөнiнде тиiстi растау бередi. 

      17. Банктiк есепшот ашпай ақшаның төлемдерi мен аударымдары бойынша клиенттердiң төлем хабарламаларын орындағаны үшiн банк клиенттерден комиссиялық сыйлық ақы алуға құқылы. 
      Комиссиялық сыйлық ақының мөлшерiн, төлену тәртiбiн және мерзiмiн банк дербес белгiлейдi. 

      18. Алушы банк пен ақша жөнелтушi арасында жасалған ақша аудару шартында басқаша көзделмесе төлем хабарламасын орындаған кезде алушы банк төлем сомасының есебiнен комиссиялық сыйлық ақыны алуға құқысы жоқ (салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу мақсатында ақша аударуға жасалған шарттардан басқа). 

      19. Банк ақша жөнелтушiнiң төлем хабарламаларын қабылдаудан мынадай жағдайларда бас тартуы тиiс: 
      1) төлем хабарламасы осы Ереже және (немесе) ақша аудару шарты белгiлеген талаптарды бұза отырып толтырылғанда және (немесе) берiлгенде; 
      2) ақша жөнелтушi ақша аудару үшiн қажеттi ақша сомасын қамтамасыз етпеген жағдайда; 
      3) банк төлем хабарламасында санмен және жазумен көрсетiлген сомалардың сәйкес еместiгiн анықтаған жағдайда; 
      4) Қазақстан Республикасының заңдары және (немесе) ақша аудару шарты белгiлеген басқа да талаптарды сақтамаған жағдайда. 

"3-1-тарау. Төлемдер мен ақша аударымдарын банктік шот ашпай электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырудың ерекшеліктері

      19-1. Төлемдер мен ақша аударымдарын банктік шот ашпай электрондық терминалдар арқылы жүзеге асыру банк қолма-қол ақшаны жіберушіден электрондық терминалды пайдалана отырып қабылдауды жүзеге асыру кезінде жасалатын электрондық төлем хабары (бұдан әрі - төлем хабары) негізінде жүзеге асырылады. Төлем хабары ақша жіберушінің банкке бенефициардың пайдасына төлем және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру туралы нұсқауын білдіреді.
      19-2. Төлемдер мен ақша аударымдарын банктік шот ашпай электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша енгізу жолымен  жүзеге асыру кезінде ақша жіберушіге чек беріледі, чекте мынадай міндетті деректемелер болуы тиіс:
      1) құжаттың нөмірі, жазба күні, айы, жылы;
      2) ақша жіберуші банктің және бенефициардың атауы;
      3) төлем сомасы;
      4) банктің комиссиялық сыйақы сомасы;
      5) төлем валютасы;
      6) төлем мақсаты;
      7) төлем мақсатының коды.
      19-3. Ақша жіберуші салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде чекте осы Ереженің 19-2-тармағында көзделген деректерден басқа мынадай деректер болуы тиіс:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) бюджеттік жіктеу кодының сандық мәнін көрсете отырып салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің атауы;
      3) салық органының коды (сандық мәні).
      Чекте банк белгілеген қосымша деректемелер болуы мүмкін.
      19-4. Ақша жіберушіге электрондық терминал беретін чек бастапқы құжат мәртебесіне ие және банкке электрондық терминал арқылы қолма-қол ақша енгізу жолымен төлем және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру фактісін растайтын құжат болып табылады.
      19-5. Электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша қабылданғаннан және осы Ереженің 19-2 және/немесе 19-3-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған чектер берілгеннен кейін банкте ақша жіберушінің алдында бенефициардың пайдасына төлем немесе ақша аударымын жүзеге асыру бойынша міндеттеме туындайды.
      Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 Қаулысымен.

4-тарау. Ақша аудару туралы шарт

      20. Банктiк есепшот ашпай ақшаны аудару ақша аудару туралы шарт бойынша жүзеге асырылады. Ақша аудару туралы шарт бойынша бiр тарап (алушы банк) екiншi тараптың (ақша жөнелтушiнiң) тапсырмасымен ақша жөнелтушiге жеке бiрегейлендiру кодын бермей, үшiншi адамның пайдасына ақша аударуды мiндетiне алады. 

      21. Ақша аудару туралы шартты жасаған кезде алушы банк және ақша жөнелтуші ақша аудару тәртiбiн, соның iшiнде комиссиялық сыйлық ақы алу тәртiбiн, сондай-ақ ақша аудару жөнiндегi өз құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн келiсуi тиiс.

      22. Банк клиенттiң осындай банктiк қызметтi көрсетуге ұсыныс берген кезде төлем хабарламасын орындауға қабылдаған жағдайда ақша аудару туралы шарт жасалған болып саналады немесе электрондық терминал арқылы қолма-қол ақшаны енгізу жолымен төлемнің және/немесе ақша аударымының жүзеге асырылғанын растайтын чек береді.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 Қаулысымен.

      23. Алушы банк банктiк есепшот ашпай ақша аударатын ақша жөнелтушiнi төлем жасау тәртiбiмен және қызмет көрсетудiң осы түрiн ұсыну бойынша банктiң iшкi ережесi белгiлеген жеке тарифтерiмен таныстыруға мiндеттi.

5-тарау. Ақша аудару

      24. Ақша аудару үшiн ақша жөнелтушi банк қабылданған төлем хабарламасы немесе құрылған төлем хабары негiзiнде орындалуын Қазақстан Республикасының заң актiлерi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi көздеген тәсiлдермен және тәртiппен жүзеге асатын тиiстi төлем тапсырмасын ресiмдейдi.
       Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 Қаулысымен.

6-тарау. Ақша төлемдерi мен аударымдарын аяқтау

      25. Банктiк есепшоты жоқ бенефициардың пайдасына ақша қабылдаған кезде бенефициар банкi бенефициарға банктiң белгiленген нысанда немесе банк белгілеген өзге де тәсілмен жасалған хабарламасын жiберу арқылы оның пайдасына ақша түскенi туралы хабар беруге тиiс.
       Ескерту: 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      26. Ақша жөнелтушiнiң төлем хабарламасына немесе төлем хабарына сәйкес ақша аударымы: 
      1) бенефициардың пайдасына ақша түскен кезде оның банктiк есепшоты бойынша бухгалтерлiк жазба жасалған; 
      2) бенефициардың банктiк есепшоты болмаған жағдайда бенефициар банкi бенефициарға қолма-қол ақшаны нақты берген кезден бастап аяқталды деп есептеледi. 
       Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 Қаулысымен.

      27. Бенефициар жеке басын куәландыратын құжат ұсынған кезде бенефициар банкі бенефициарға - жеке тұлғаға төлем хабарламасы бойынша қолма-қол ақша сомасын береді.

      28. Банк бенефициарға төлем жасалғанын растайтын және ақша жөнелтушi төлем хабарламасының талаптары бар құжатты беруге мiндеттi.

      29. Қолма-қол ақшаны алған кезде бенефициар аты-жөнiн, әкесiнiң атын (егер ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректерiн, сондай-ақ алынған ақша сомасын, төлем валютасын мiндеттi түрде көрсете отырып банктiң тиiстi құжатында қол қоюға мiндеттi. 

      30. Бенефициар төлем хабарламасы бойынша ақша аудару сомасын алу үшiн келмеген жағдайда (оның банктiк есепшоты болмаған жағдайда) бенефициар банкi екiншi деңгейдегi банктер үшiн бухгалтерлiк есепшот жоспары көздеген, банктiң iшкi ережесi белгiлеген мерзiмде банктiң тиiстi есепшоттарында осы соманы есепке алуы тиiс.

      31. Төлем хабарламасының орындалуын керi қайтарып алу және тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

7-тарау. Банктiк есепшот ашпай аударым жасау
кезiнде ақшаны қайтару

      32. Ақша аудару мүмкiн болмаған жағдайда ақша жөнелтушi банк және бенефициар банкi ақшаны ақша жөнелтушiге қайтару үшiн қажеттi шаралар қолдануы тиiс. 

      33. Қате нұсқаудың орындалу фактiсi анықталған жағдайда осындай аударым сомасы ақша жөнелтушi банкке осы фактi анықталған күннен бастап келесi операция күнiнен кешiктiрмей, қайтару себебiн көрсете отырып қайтарылады. 

      34. Ақша жөнелтушi банкке қате аударылған ақша сомасын қайтарған кезде: 
      1) ақша жөнелтушiнiң банктiк есепшоты болған жағдайда осы сома бұл есепшотқа есептеледi; 
      2) ақша жөнелтушiнiң банктiк есепшоты болмаған жағдайда ақша сомасы банкте екiншi деңгейдегi банктер үшiн бухгалтерлiк есепшот жоспары көздеген есепшоттарда есепке алынады. 

      35. Бенефициар банкі ақшаны қайтарған кезде ақша жөнелтуші банк қайтарылған ақша түскен күннен бастап үш банктік күн ішінде банк белгілеген тәсілдермен ақша жөнелтушіге осы қайтару жөнінде хабар беруі керек. 
      Ақша қайтару ақша аудару туралы қате нұсқаудың орындалуы бойынша жүзеге асырылған жағдайда ақша жөнелтуші банк ақша жөнелтушiге төлем қайтару туралы хабар бермеуге және ақша қайтарылғаннан кейiн үш банктiк күн iшiнде бенефициар банкке тиiстi деректемелерi бар төлем құжатын жiберуге құқылы. 
       Ескерту: 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      36. Ақша жөнелтушiнiң банктiк есепшоты болмаған жағдайда қайтарылған ақшаны төлеу ақша жөнелтушiнiң банктiң ақша аударуды қабылдау туралы белгiсi бар тиiстi құжатты көрсете отырып, ақша жөнелтушi банктiң кассасы арқылы жүзеге асады. 

      37. Алушы банк ақша жөнелтушiнiң төлем хабарламасы қате орындалғаны үшiн, егер оның кiнәсiнен қате кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және ақша аудару шартында көзделгендей жауап бередi. 
      Егер төлем хабарламасында қатенi ақша жөнелтушi жiберсе, алушы банк қате орындалған төлем хабарламасына жауап бермейдi.

8-тарау. Тараптардың жауапкершiлiгi

      38. Қазақстан Республикасы заңдарының, соның iшiнде осы Ереженiң банктiк есепшот ашпай ақша аудару тәртiбiне қойылатын талаптарын орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн осындай ақша аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жауап бередi.

9-тарау. Қосымша талаптар

      39. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.

      Төраға

                                       Қазақстан Республикасының 
                                     Ұлттық Банкi Басқармасының
                                      2000 жылғы 13 қазандағы
                                     N 395 қаулысымен бекітілген  
                                      Қазақстан Республикасының
                                    аумағында банктік есепшот ашпай 
                                    ақшаның қолма-қол жасалмайтын 
                                      төлемдері мен аударымдарын
                                         жүзеге асыру ережесiне
                                             N 1 қосымша      

      Ескерту: 1-Қосымша жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкiнiң Басқармасының 2003.07.04 N 204; 2005.08.27 N 95; 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

___________________________________________________________________
          ТҮБІРТЕК (жеке тұлғалар үшін)        Резидент      __
                                               Резидент емес __
          Ақша жіберуші ___________________________________________
                               (салық төлеушінің аты-жөні)
          ЖСН _________________________________
          Ақша жіберушінің мекен-жайы мен телефоны ________________
          _________________________________________________________
                 (салық төлеушінің мекен-жайы мен телефоны)

          Бенефициар____________________ БСН ______________________
                      (салық комитеті)

          Бенефициар банкі______________________________ ББК_______
                     (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
          _________________________________________________________
                         Қазынашылық комитеті)
          _________________________________________________________
                  Төлемнің атауы          | КБК   |  ТБК  | Сомасы
          _________________________________________________________
            Жеке тұлғалар мүлкіне салық    

            Жер салығы                     

            Жеке тұлғалардан көлік         
            құралдарына салық

            Барлығы (сомасы жазумен)
          _________________________________________________________
Кассир:    Ақша жіберушінің қолы _________       Күні___________   
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
          ХАБАРЛАМА (жеке тұлғалар үшін)        Резидент      __
                                                Резидент емес __
          Ақша жіберуші ___________________________________________
                               (салық төлеушінің аты-жөні)
          ЖСН _________________________________
          Ақша жіберушінің мекен-жайы мен телефоны ________________
          _________________________________________________________
                 (салық төлеушінің мекен-жайы мен телефоны)

          Бенефициар____________________ БСН ______________________
                      (салық комитеті)

          Бенефициар банкі______________________________ ББК_______
                      (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
          _________________________________________________________
                               Қазынашылық комитеті)
          _________________________________________________________
                  Төлемнің атауы          | КБК   |  ТБК  | Сомасы
          _________________________________________________________
            Жеке тұлғалар мүлкіне салық    

            Жер салығы                     
            Жеке тұлғалардан көлік
            құралдарына салық

            Барлығы (сомасы жазумен)
          _________________________________________________________

Кассир:    Ақша жіберушінің қолы _________       Күні___________   
___________________________________________________________________

                                        Қазақстан Республикасының 
                                        Ұлттық Банкi Басқармасының
                                          2000 жылғы 13 қазандағы
                                       N 395 қаулысымен бекітілген  
                                        Қазақстан Республикасының
                                        аумағында банктік есепшот
                                         ашпай ақшаның қолма-қол
                                         жасалмайтын төлемдері мен
                                         аударымдарын жүзеге асыру
                                          ережесiне N 2 қосымша

      Ескерту: 2-қосымшамен толықтырылды, жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкiнiң Басқармасының 2001.11.16 N 439; 2003.07.04 N 204; 2005.08.27 N 95; 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

___________________________________________________________________
          ТҮБІРТЕК (жеке кәсіпкерлер үшін)      Резидент      __
                                                Резидент емес __
          Ақша жіберуші ___________________________________________
                         (салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы)
          ЖСН (БСН) _________________________________
          Ақша жіберушінің мекен-жайы мен телефоны ________________
          _________________________________________________________
                 (салық төлеушінің мекен-жайы мен телефоны)

          Бенефициар____________________ БСН ______________________
                         (салық комитеті)

          Бенефициар банкі______________________________ ББК_______
                      (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
          _________________________________________________________
                             Қазынашылық комитеті)
          _________________________________________________________
                  Төлемнің атауы          | КБК   |  ТБК  | Сомасы
          _________________________________________________________
            Жеке табыс салығы              

            Қосымша құн салығы             

            Әлеуметтік салық               

            Төлем көзінен ұсталған         
            жеке табыс салығы

            Барлығы (сомасы жазумен)
          _________________________________________________________

Кассир:    Ақша жіберушінің қолы _________       Күні___________   
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
          ХАБАРЛАМА (жеке кәсіпкерлер үшін)      Резидент      __
                                                 Резидент емес __
          Ақша жіберуші ___________________________________________
                         (салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы)
          ЖСН (БСН) _________________________________
          Ақша жіберушінің мекен-жайы мен телефоны ________________
          _________________________________________________________
                 (салық төлеушінің мекен-жайы мен телефоны)

          Бенефициар____________________ БСН ______________________
                         (салық комитеті)

          Бенефициар банкі______________________________ ББК_______
                      (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
          _________________________________________________________
                               Қазынашылық комитеті)
          _________________________________________________________
                  Төлемнің атауы          | КБК   |  ТБК  | Сомасы
          _________________________________________________________
            Жеке табыс салығы              

            Қосымша құн салығы             

            Әлеуметтік салық               

            Төлем көзінен ұсталған         
            жеке табыс салығы

            Барлығы (сомасы жазумен)
          _________________________________________________________

Кассир:    Ақша жіберушінің қолы _________       Күні___________   
__________________________________________________________________

                                      Қазақстан Республикасының   
                                    аумағында банктік есепшот ашпай 
                                     ақшаның қолма-қол жасалмайтын  
                                       төлемдері мен аударымдарын
                                        жүзеге асыру ережесіне
                                                3-қосымша   

       Ескерту: 3-қосымшамен толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкiнiң Басқармасының 2003.07.04 N 204; 2005.08.27 N 95; 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

___________________________________________________________________
          ТҮБІРТЕК (заңды тұлғалар үшін)        Резидент      __
                                                Резидент емес __
          Ақша жіберуші ___________________________________________
                (заңды тұлғаның атауы немесе филиалдың, өкілдіктің,
          ________________________________________  БСН ___________
          заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің атауы)
          Ақша жіберушінің мекен-жайы мен телефоны_________________
          _________________________________________________________
          Бенефициар____________________ БСН_______________________
                      (салық комитеті)
          Бенефициар банкі_________________________ ББК____________
                 (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
          _________________________________________________________
                             Қазынашылық комитеті)
          _________________________________________________________
                  Төлемнің атауы          | КБК   |  ТБК  | Сомасы
          _________________________________________________________
            Корпоративтік табыс салығы

            Акциздер

            ҚҚС

            Әлеуметтік салық

            Барлығы (сомасы жазумен)               Күні _________
          _________________________________________________________

Кассир:   Басшының                            Бас бухгалтердің
          Аты-жөні ___________                аты-жөні___________
          Қолы _______________     Мөр орны     Қолы_______________
____________________________________________________________________

___________________________________________________________________
          ХАБАРЛАМА (заңды тұлғалар үшін)        Резидент      __
                                                 Резидент емес __
          Ақша жіберуші ___________________________________________
                (заңды тұлғаның атауы немесе филиалдың, өкілдіктің,
          ________________________________________  БСН ___________
          заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің атауы)
          Ақша жіберушінің мекен-жайы мен телефоны_________________
          _________________________________________________________
          Бенефициар____________________ БСН_______________________
                      (салық комитеті)
          Бенефициар банкі_________________________ БИК____________
                 (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
          _________________________________________________________
                             Қазынашылық комитеті)
          _________________________________________________________
                  Төлемнің атауы          | КБК   |  ТБК  | Сомасы
          _________________________________________________________
            Корпоративтік табыс салығы

            Акциздер

            ҚҚС

            Әлеуметтік салық

            Барлығы (сомасы жазумен)               Күні _________
          _________________________________________________________

Кассир:   Басшының                            Бас бухгалтердің
          Аты-жөні ___________                аты-жөні___________
          Қолы _______________     Мөр орны     Қолы_______________
___________________________________________________________________

                                       Қазақстан Республикасының   
                                    аумағында банктік есепшот ашпай 
                                     ақшаның қолма-қол жасалмайтын  
                                       төлемдері мен аударымдарын
                                        жүзеге асыру ережесіне
                                               4-қосымша   

      Ескерту: 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкiнiң Басқармасының 2006.08.12 N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); өзгерту енгізілді - 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.


                     ТҮБІРТЕК
            (зейнетақы төлемдеріне арналған)

                              Резидент
                                Резидент емес
Ақша жіберуші__________________ ЖСН (БСН)___________________
Ақша жіберушінің мекен-жайы мен телефоны____________________________________________________
____________________________________________________________
Бенефициар____________БСН________________ЖБК________________

Бенефициардың банкі_____________________ББК__________________

Төлемнің атауы

КНП

Сомасы

Міндетті зейнетақы жарнасы

010


Еркін зейнетақы жарнасы

013


Өсімпұл

019





БАРЛЫҒЫ (сомасы жазумен):              Күні ___________

Ақша жіберушінің аты-жөні _______________________________
Қолы _______________

                            Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)

р/с

Жеке сәйкестендіру коды

Аты-жөні

Аты-жөні (жеке сәйкестендіру кодын алу үшін тіркеу карточкасында (өзгерген болса, көрсетілсін)

Туған күні

Кезең

Сомасы

1.







2.







3.







Күні _______________

Ақша жіберушінің аты-жөні ____________________________

Қолы _______________

                                Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)

                                    Кассир:

                    ХАБАРЛАМА
           (зейнетақы төлемдеріне арналған)

                       Резидент
                        Резидент емес 

Ақша жіберуші_________________ ЖСН (БСН)_____________

Ақша жіберушінің мекен-жайы мен телефоны
__________________________________________________
__________________________________________________

Бенефициар_______________________________
БСН___________________ ЖБК_______________

Бенефициардың банкі______________ББК______________

Төлемнің атауы

КНП

Сомасы

Міндетті зейнетақы жарнасы

010


Еркін зейнетақы жарнасы

013


Өсімпұл

019





БАРЛЫҒЫ (жазумен сомасы):              Күні ________

Ақша жіберушінің аты-жөні ______________________________

Қолы _______________

                      Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)

р/с

Жеке сәйкестендіру коды

Аты-жөні

Аты-жөні (жеке сәйкестендіру кодын алу үшін тіркеу карточкасында (өзгерген  болса, көрсетілсін)

Туған күні

Кезең

Сомасы

1.







2.







3.







Күні _______________

Ақша жіберушінің аты-жөні ____________________________

Қолы _______________

                         Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)

                                        Қазақстан Республикасының
                                         аумағында банктік есепшот
                                          ашпай ақшаның қолма-қол
                                         жасалмайтын төлемдері мен
                                         аударымдарын жүзеге асыру
                                            ережесіне 5-қосымша

      Ескерту: 5 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкiнiң Басқармасының 2005.08.27 N 95; өзгерту енгізілді - 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

                                 Кассир:

ТҮБІРТЕК (әлеуметтік аударымдар үшін) Резидент      |_|
                                      Резидент емес |_|
Ақша жөнелтуші ________________ ЖСН (БСН)_______________
Ақша жөнелтушінің мекен-жайы мен телефоны ______________
________________________________________________________

Бенефициар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы
БСН _________________ ЖБК 368609110
Бенефициардың банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы
(корреспонденттік шоттар мен төлемдерге қызмет көрсету
бөлімі) ББК 190201125

Төлемнің атауы

Кезең

ТБК

Сомасы

Әлеуметтік аударымдар


012


Өсімпұл


017










БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша):            Күні ___________

Ақша жөнелтушінің аты-жөні __________________________
Қолы __________     __________________________________
                   | Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)|
                   |__________________________________|

N

Жеке сәйкестендіру коды

Аты-
жөні

Аты-жөні (жеке сәйкестендіру кодын алу үшін тіркеу карточкасында (өзгерсе, көрсету керек)

Туған
күні

Сомасы

1.






2.






3.






ЖИЫНТЫҒЫ:


Күні _____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні ______________________
Қолы __________             __________________________________
                           | Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)|
                           |__________________________________|

                                 Кассир:

ХАБАРЛАМА (әлеуметтік аударымдар үшін) Резидент     |_|
                                      Резидент емес |_|
Ақша жөнелтуші ________________ ЖСН (БСН)_______________
Ақша жөнелтушінің мекен-жайы және телефоны _____________
________________________________________________________

Бенефициар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы
БСН _________________ ЖБК 368609110
Бенефициардың банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі             ББК 190201125

Төлемнің атауы

Кезең

ТБК

Сомасы

Әлеуметтік аударымдар


012


Өсімпұл


017










БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша):            Күні ___________

Ақша жөнелтушінің аты-жөні __________________________
Қолы __________     __________________________________
                   | Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)|
                   |__________________________________|

N

Жеке сәйкестендіру коды

Аты-
жөні

Аты-жөні (жеке сәйкестендіру кодын алу үшін тіркеу карточкасында (өзгерсе, көрсету керек)

Туған
күні

Сомасы

1.






2.






3.






ЖИЫНТЫҒЫ:


Күні _____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні ______________________
Қолы __________             __________________________________
                           | Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)|
                           |__________________________________|