Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесі

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 13 қазан N 395 ("Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері", 2001 ж. N 5, ст.318) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 26 қараша N 1304 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүйеге асыру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апта өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
     Ұлттық Банк
     Төрағасы


                                                 Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 13 қазандағы N 395 қаулысымен "бекітілген"


            Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот
              ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi
                  мен аударымдарын жүйеге асыру ережесi

                       1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi - банктер) Қазақстан Республикасының аумағында клиентке банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, сондай-ақ ақшаның осындай төлемдерi мен аударымдарына қатысушыларға қойылатын талаптарды белгiлейдi.
      2. Банктiк есепшот ашпай ақшаның төлемдерi мен аударымдарына ақша жөнелтушi және (немесе) бенефициар банктiк есепшоттарды қолданбай жүзеге асатын төлемдер мен аударымдар жатады және олар ақша жөнелтушi көрсеткен бенефициар пайдасына қолма-қол ақшасыз тәртiппен аударылуы және (немесе) бенефициардың өз банктiк есепшотынан тыс қолма-қол ақшаны алу үшiн қолма-қол ақшаны төлеу арқылы жасалады.
      Сонымен бiрге заңды тұлғалар және олардың бөлiмшелерi жүзеге асыратын салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, сондай-ақ зейнетақы жарналарын төлеудi қоспағанда, ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдары олардың банктiк есепшотты ашқан кезде ғана жасалады.
      3. Осы Ереже банктен тыс қолма-қол ақшаны нақты берумен байланысты қатынастарды реттемейдi.
      4. Осы Ережеде "Ақша төлемi мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237-1 Z980237_ Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179 V001155_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiнiң 3-тармағында көзделген негiзгi ұғымдар қолданылады.
      5. Клиенттiң банктiк есепшотын ашпай ақша төлемдерi мен аударымдары теңгемен, сол сияқты шетелдiк валютамен де жүзеге асырылады.
      6. Резиденттер мен резидент еместер арасында жүзеге асырылатын клиенттiң банктiк есепшотын ашпай ақшаның теңгедегi төлемдерi мен аударымдары, сондай-ақ ақшаның шетелдiк валютадағы барлық төлемдерi мен аударымдары Қазақстан Республикасының валюта заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес жасалады.
      7. Банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдары түбiртектер, қолма-қол жарнаға хабарландырулар, хабарламалар және қолма-қол ақшаны алу үшiн қолданылатын басқа да құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады. Осы құжаттар төлем құжаттары (бұдан әрi - төлем хабарламалары) болып табылады.
      8. Төлем хабарламаларында коммуналдық қызметке ақы төлеуге арналған хабарламалардан басқа осы Ереженiң 11-тармағында белгiленген мiндеттi деректемелер болуы тиiс.
      9. Банк төлем хабарламаларын банктiң белгiленген операция күнi iшiнде қабылдайды.

              2-тарау. Төлем хабарламаларын ресiмдеу тәртiбiне
                         қойылатын жалпы талаптар

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi төлем хабарламаларының нысанын белгiлемеген жағдайда ақша жөнелтушi алушы банк немесе iскерлiк айналым дәстүрлерiмен белгiленген нысанда банкке төлем хабарламаларын ұсынады.
      11. Банктiк есепшот ашпай ақша төлемдерi мен аударымдары кезiнде төлем хабарламаларының мынадай мiндеттi деректемелерi болуы тиiс:
      1) төлем хабарламасының атауы;
      2) төлем хабаламасының нөмірі, оның жасалу күні, айы, жылы;
      3) жеке тұлғаның - ақша жөнелтушінің және (немесе) бенефициардың аты-жөні, әкесінің аты (егер ол бар болса) немесе заңды тұлғаның - ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың ұйымдастыру-құқықтық нысанын қоса есептегенде толық атауы;
      4) ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың жеке бірегейлендіру кодтары. Жеке тұлғаның жеке бірегейлендіру коды болмаған жағдайда оның жеке басын куәландыратын құжат деректері, сондай-ақ пошталық мекен-жайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй және пәтер нөмірі) көрсетіледі;
      5) ұйымдастыру-құқықтық нысанды қоса есептегенде жөнелтушi банктiң және бенефициар банктiң толық атауы, олардың банктiк бiрегейлендiру кодтары;
      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ақша жөнелтушiнiң "КОд" коды, бенефициардың "Кбе" коды, төлем белгiлеу және оның кодтық белгiленуi;
      7) санмен және жазумен белгiленген төлем сомасы;
      8) ақша аударымы олардың жеке бiрегейлендiру кодын көрсете отырып жасалған жағдайда салық төлеушiнiң - ақша жөнелтушiнiң немесе бенефициардың тiркеу көмiрi (РНН);
      9) ақша жөнелтушi заңды тұлға болған жағдайда - оның уәкiлеттi тұлғаларының аты-жөнi, әкесiнiң аты, қолы, сондай-ақ мөр таңбасы. Ақша жөнелтушi жеке тұлға болған жағдайда - оның қолы;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да деректемелер.
      12. Коммуналдық қызметке ақы төлеуге арналған есепшот-хабарламадан басқа ақша жөнелтушi төлем хабарламасында валюталау күнiн көрсетуге құқылы.
      13. Осы Ереженiң 11-тармағында көзделген мiндеттi деректемелерден басқа ақша жөнелтушi салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге арналған төлем хабарламасын толтырған кезде өзiнiң РНН-iн, салық түрiн (бюджетке төлемдi), Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бюджеттi жiктеу кодын қосымша көрсетуi тиiс.
      14. Төлем хабарламаларын толтырған кезде ақша жөнелтушi өзiнiң мекен-жайына және бенефициардың мекен-жайына (телефон нөмiрi, факс нөмiрi, электронды поштаның мекен-жайы және басқа да мәлiметтер) қатысты қосымша мәлiметтер көрсетуге құқылы.

               3-тарау. Төлем хабарламаларын қабылдау тәртiбi

      15. Ақша жөнелтушіден төлем хабарламасын қабылдаған кезде алушы банк оны акцептейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген мерзімде орындайды.
      Төлем хабарламасын акцептей отырып, алушы банк бенефициардың пайдасына ақша аударуға міндеттеме қабылдайды.
      16. Ақша жөнелтушiден төлем хабарламасын қабылдаған кезде алушы банк ақша жөнелтушiге қолма-қол ақшаны қабылдау жөнiнде тиiстi растау бередi.
      17. Банктiк есепшот ашпай ақшаның төлемдерi мен аударымдары бойынша клиенттердiң төлем хабарламаларын орындағаны үшiн банк клиенттерден комиссиялық сыйлық ақы алуға құқылы.
      Комиссиялық сыйлық ақының мөлшерiн, төлену тәртiбiн және мерзiмiн банк дербес белгiлейдi.
      18. Алушы банк пен ақша жөнелтушi арасында жасалған ақша аудару шартында басқаша көзделмесе төлем хабарламасын орындаған кезде алушы банк төлем сомасының есебiнен комиссиялық сыйлық ақыны алуға құқысы жоқ (салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу мақсатында ақша аударуға жасалған шарттардан басқа).
      19. Банк ақша жөнелтушiнiң төлем хабарламаларын қабылдаудан мынадай жағдайларда бас тартуы тиiс:
      1) төлем хабарламасы осы Ереже және (немесе) ақша аудару шарты белгiлеген талаптарды бұза отырып толтырылғанда және (немесе) берiлгенде;
      2) ақша жөнелтушi ақша аудару үшiн қажеттi ақша сомасын қамтамасыз етпеген жағдайда;
      3) банк төлем хабарламасында санмен және жазумен көрсетiлген сомалардың сәйкес еместiгiн анықтаған жағдайда;
      4) Қазақстан Республикасының заңдары және (немесе) ақша аудару шарты белгiлеген басқа да талаптарды сақтамаған жағдайда.

                   4-тарау. Ақша аудару туралы шарт

      20. Банктiк есепшот ашпай ақшаны аудару ақша аудару туралы шарт бойынша жүзеге асырылады. Ақша аудару туралы шарт бойынша бiр тарап (алушы банк) екiншi тараптың (ақша жөнелтушiнiң) тапсырмасымен ақша жөнелтушiге жеке бiрегейлендiру кодын бермей, үшiншi адамның пайдасына ақша аударуды мiндетiне алады.
      21. Ақша аудару туралы шартты жасаған кезде алушы банк және ақша

жөнелтуші ақша аудару тәртiбiн, соның iшiнде комиссиялық сыйлық ақы алу 
тәртiбiн, сондай-ақ ақша аудару жөнiндегi өз құқықтарын, мiндеттерiн және 
жауапкершiлiгiн келiсуi тиiс.
     22. Банк клиенттiң осындай банктiк қызметтi көрсетуге ұсыныс берген 
кезде төлем хабарламасын орындауға қабылдаған жағдайда ақша аудару туралы 
шарт жасалған болып саналады.
     23. Алушы банк банктiк есепшот ашпай ақша аударатын ақша жөнелтушiнi 
төлем жасау тәртiбiмен және қызмет көрсетудiң осы түрiн ұсыну бойынша 
банктiң iшкi ережесi белгiлеген жеке тарифтерiмен таныстыруға мiндеттi.
     
                         5-тарау. Ақша аудару
     
     24. Ақша аудару үшiн ақша жөнелтушi банк қабылданған төлем 
хабарламасы негiзiнде орындалуын Қазақстан Республикасының заң актiлерi 
мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi 
көздеген тәсiлдермен және тәртiппен жүзеге асатын тиiстi төлем тапсырмасын 
ресiмдейдi.
     
             6-тарау. Ақша төлемдерi мен аударымдарын аяқтау
     


      25. Банктiк есепшоты жоқ бенефициардың пайдасына ақша қабылдаған кезде бенефициар банкi бенефициарға банктiң белгiленген нысанда жасалған хабарламасын жiберу арқылы оның пайдасына ақша түскенi туралы хабар беруге тиiс.
      26. Ақша жөнелтушiнiң төлем хабарламасына сәйкес ақша аударымы:
      1) бенефициардың пайдасына ақша түскен кезде оның банктiк есепшоты бойынша бухгалтерлiк жазба жасалған;
      2) бенефициардың банктiк есепшоты болмаған жағдайда бенефициар банкi бенефициарға қолма-қол ақшаны нақты берген кезден бастап аяқталды деп есептеледi.
      27. Бенефициар жеке басын куәландыратын құжат ұсынған кезде бенефициар банкі бенефициарға - жеке тұлғаға төлем хабарламасы бойынша қолма-қол ақша сомасын береді.
      28. Банк бенефициарға төлем жасалғанын растайтын және ақша жөнелтушi төлем хабарламасының талаптары бар құжатты беруге мiндеттi.
      29. Қолма-қол ақшаны алған кезде бенефициар аты-жөнiн, әкесiнiң атын (егер ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректерiн, сондай-ақ алынған ақша сомасын, төлем валютасын мiндеттi түрде көрсете отырып банктiң тиiстi құжатында қол қоюға мiндеттi.
      30. Бенефициар төлем хабарламасы бойынша ақша аудару сомасын алу үшiн келмеген жағдайда (оның банктiк есепшоты болмаған жағдайда) бенефициар банкi екiншi деңгейдегi банктер үшiн бухгалтерлiк есепшот жоспары көздеген, банктiң iшкi ережесi белгiлеген мерзiмде банктiң тиiстi есепшоттарында осы соманы есепке алуы тиiс.
      31. Төлем хабарламасының орындалуын керi қайтарып алу және тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

              7-тарау. Банктiк есепшот ашпай аударым жасау
                         кезiнде ақшаны қайтару

      32. Ақша аудару мүмкiн болмаған жағдайда ақша жөнелтушi банк және бенефициар банкi ақшаны ақша жөнелтушiге қайтару үшiн қажеттi шаралар қолдануы тиiс.
      33. Қате нұсқаудың орындалу фактiсi анықталған жағдайда осындай аударым сомасы ақша жөнелтушi банкке осы фактi анықталған күннен бастап келесi операция күнiнен кешiктiрмей, қайтару себебiн көрсете отырып қайтарылады.
      34. Ақша жөнелтушi банкке қате аударылған ақша сомасын қайтарған кезде:
      1) ақша жөнелтушiнiң банктiк есепшоты болған жағдайда осы сома бұл есепшотқа есептеледi;
      2) ақша жөнелтушiнiң банктiк есепшоты болмаған жағдайда ақша сомасы банкте екiншi деңгейдегi банктер үшiн бухгалтерлiк есепшот жоспары көздеген есепшоттарда есепке алынады.
      35. Бенефициар банкі ақшаны қайтарған кезде ақша жөнелтуші банк қайтарылған ақша түскен күннен бастап үш банктік күн ішінде ақша аудару туралы шартта көзделген тәртіппен ақша жөнелтушіге осы қайтару жөнінде хабар беруі керек.
      Ақша қайтару ақша аудару туралы қате нұсқаудың орындалуы бойынша жүзеге асырылған жағдайда ақша жөнелтуші банк ақша жөнелтушiге төлем қайтару туралы хабар бермеуге және ақша қайтарылғаннан кейiн үш банктiк күн iшiнде бенефициар банкке тиiстi деректемелерi бар төлем құжатын жiберуге құқылы.
      36. Ақша жөнелтушiнiң банктiк есепшоты болмаған жағдайда қайтарылған ақшаны төлеу ақша жөнелтушiнiң банктiң ақша аударуды қабылдау туралы белгiсi бар тиiстi құжатты көрсете отырып, ақша жөнелтушi банктiң кассасы арқылы жүзеге асады.
      37. Алушы банк ақша жөнелтушiнiң төлем хабарламасы қате орындалғаны үшiн, егер оның кiнәсiнен қате кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және ақша аудару шартында көзделгендей жауап бередi.
      Егер төлем хабарламасында қатенi ақша жөнелтушi жiберсе, алушы банк

қате орындалған төлем хабарламасына жауап бермейдi.
     
                  8-тарау. Тараптардың жауапкершiлiгi
     
     38. Қазақстан Республикасы заңдарының, соның iшiнде осы Ереженiң 
банктiк есепшот ашпай ақша аудару тәртiбiне қойылатын талаптарын 
орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн осындай ақша 
аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген 
тәртiппен жауап бередi.
     
                  9-тарау. Қосымша талаптар

     39. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес реттеледі.


     
     Төраға     
     
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.          
             Икебаева Ә.Ж.