Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 12 қазан N 1260 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының айналысын реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығы бекiтiлсiн және жоғарыда аталған Нұсқаулық қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш айлық мерзiм өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 35-тармақты қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына жiберсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары осы қаулыны және Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 24 тамыздағы 
N 331 қаулысымен бекітілген

Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығы

      Ескерту. Нұсқаулықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасау кезінде төлем құжаттарын ресімдеу мен пайдалану талаптарын нақтылайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      2. Осы Нұсқаулық осы заңды тұлғаның қызметкерлерiне ғана қызмет көрсетуге арналған заңды тұлғаның төлем карточкалары жүйесiне қолданылмайды.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы Нұсқаулықта «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлем туралы заң) 3-бабында және «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) авторизация – эмитенттің төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасауға рұқсат беруі. Авторизацияны алу рәсімі төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес белгіленеді;
      2) алдын ала төленген төлем карточкасы – ұстаушысына бастапқы ұстаушысы алдын ала енгізген және эмитенттің шоғырландырылған шотында есептелетін ақша сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыру және/немесе қолма-қол ақшаны алу мүмкіндігін беретін төлем карточкасы. Алдын ала төленген төлем карточкаларына микропроцессорлық карточка немесе осындай карточканың немесе арнайы электрондық құралдың ұстаушысына төлемдерді және өзге қаржы операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қол жетімді ақша сомасы туралы ақпарат сақталатын өзге арнайы электрондық құрал жатпайды. Алдын ала төленген төлем карточкасында оның ұстаушысын бірегейлендіруге мүмкіндік беретін деректемелер болмайды;
      алдын ала төленген төлем карточкасын толықтыру – эмитент-банкке төлемдерді жүзеге асыру және/немесе қолма-қол ақшаны алу үшін бұрын шығарылған (қолданыстағы) алдын ала төленген төлем карточкасын пайдалануды көздеуге мүмкіндік беретін ақша сомасын алдын ала төленген төлем карточкасын шығарумен байланысты емес қосымша енгізу;
      3) байланыссыз төлем карточкасы – ұстаушысына төлемдерді операция жүргізу сәтінде төлем карточкасының және электрондық терминалдардың немесе өзге қондырғылардың нақты тиюін талап етпейтін, сымсыз байланыс технологиясын пайдалану негізінде байланыссыз тәсілмен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем карточкасы;
      4) банкомат – төлем карточкаларын ұстаушыларға қолма-қол ақшаны алуға және төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің басқа да қызметін пайдалануға мүмкіндік беретін электронды-механикалық құрылғы;
      5) дебеттік карточка – ұстаушыға клиенттің банк шотындағы ақша сомасы шегінде төлем жасауға мүмкіндік беретін төлем карточкасы. Дебеттік карточка ұстаушыға эмитент берген заем сомасы шегінде төлем жасауға мүмкіндік береді;
      6) дербес бірегейлендіру нөмірі – төлем карточкасын ұстаушыға берілетін және төлем карточкасын ұстаушыны бірегейлендіруге арналған құпия код;
      7) кәсіпкер – өзі жеткізетін тауарларына және/немесе қызметіне төлемді ақша аудару арқылы жасауға арналған төлем карточкаларын қабылдайтын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
      8) клиент – эмитентпен төлем карточкасын беру туралы шарт жасаушы және банк шотының иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      9) корпоративті төлем карточкасы – заңды тұлғаның уәкілетті өкіліне эмитент пен заңды тұлға – банк шоты иесінің арасында жасалған төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде берілетін төлем карточкасы. Корпоративті төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау заңды тұлғаның банк шотындағы ақша сомасы және/немесе аталмыш заңды тұлғаға берілген заем сомасы шегінде жүзеге асырылады. Корпоративті төлем карточкасын ұстаушы заңды тұлғаның – карт-шот иесінің уәкілетті өкілі болып табылады;
      10) кредиттік карточка – ұстаушыға эмитент пен клиент арасында жасалған банктік заем шартының талаптарына сәйкес эмитент берген заем сомасы шегінде төлем жасауға мүмкіндік беретін төлем карточкасы;
      11) процессинг – төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және басқа да операцияларды жүзеге асырған кезде қалыптасатын ақпаратты жинауға, өңдеуге және беруге байланысты қызмет;
      12) процессинг ұйымы – процессингті, сондай-ақ төлем карточкалары жүйесіне қатысушылармен жасалған шарттарда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын төлем карточкалары жүйесіне қатысушы;
      13) сауда чегі – төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау фактісін растайтын құжат;
      14) слип – кәсіпкердің немесе эквайердің төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау кезінде қағазға шығарылған төлем құжаты;
      15) төлемдік емес қосымшалар – төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша беруге және төлем карточкасында орналастырылуы/іске асырылуы мүмкін банктік қызмет көрсетулердің өзге түрлерін көрсетумен байланысты емес қосалқы қосымшалар/функциялар;
      16) төлем карточкалары жүйесіне қатысушы – жасалған шарттарға сәйкес төлем карточкаларының белгілі бір жүйесінің төлем карточкасын пайдалана отырып ақы төлеу кезінде жасалған төлем құжатын беру, өңдеу және/немесе орындау бойынша міндеттемелер туындайтын жеке немесе заңды тұлға;
      17) төлем карточкаларын шығару – ұстаушыларға төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде не алдын ала төленген төлем карточкаларын беру кезінде мұндай шарт жасамай-ақ төлем карточкаларын беруді көздейтін операция;
      18) төлем карточкаларының жүйесі – төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттаманың және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
      19) төлем карточкасы – электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы, онда карточканы ұстаушыға төлем жасауға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитенті белгілеген әрі соның шарттары бойынша басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат болады. Төлем карточкасы дебеттік карточка және кредиттік карточка болып бөлінеді;
      20) төлем карточкасын беру туралы шарт – эмитент пен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалатын шарт, оның негізінде төлем карточкасы беріледі;
      21) төлем карточкасын доғару – төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасауға толық немесе уақытша тыйым салу;
      22) төлем карточкасын ұстаушы – төлем карточкасын беру туралы шартқа сәйкес төлем карточкасын пайдалануға құқығы бар немесе егер төлем карточкасы алдын-ала төленген болса, оған тікелей иелік етуші жеке тұлға;
      23) төлем карточкасының деректемелері – төлем карточкасының ұстаушыға, эмитентке және төлем карточкаларының жүйесіне тиесілігін айқындауға мүмкіндік беретін төлем карточкасындағы және/немесе онда сақталатын ақпарат;
      24) эквайер – төлемді төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырған кезде кәсіпкермен жасалған шарт талаптарына және/немесе кәсіпкерде жасалған төлем құжатының талаптарына сәйкес кәсіпкердің пайдасына келіп түскен ақшаны қабылдауға және/немесе кәсіпкермен жасалған шартта көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға тиісті банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – банк). Қолма-қол ақшаны беруді және/немесе осы банктің клиенттері болып табылмайтын төлем карточкаларын ұстаушыларға төлем карточкаларын пайдалана отырып ақша төлемі мен аударымдарын жүзеге асыру жөніндегі өзге қызметтерді жүзеге асыратын банк те эквайер болып табылады;
      25) эмитент – төлем карточкаларын шығаратын банк;
      26) эмитенттің шоғырландырылған шоты – банк эмитент ашқан және алдын-ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын операцияларды есепке алуға арналған ішкі шот.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.08.2013 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2. Төлем карточкаларын шығару

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 370 қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын тек қана Қазақстан Республикасының резиденттерi шығарады.
      6-1. Эмитент шығарған төлем карточкасында олардың арасындағы жасалған шарттарға сәйкес басқа тұлғалар іске асыратын қызмет көрсетулердің белгілі бір түрлерін ұсыну немесе есепке алу үшін пайдаланылатын төлемдік емес қосымшалар болуы мүмкін.
      Ескерту. 2-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58 Қаулысымен.
      6-2. Алдын ала төленген төлем карточкаларын шығаруды, таратуды және қызмет көрсетуді эмитенттер осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес әзірлеген және бекіткен ішкі құжаттарының негізінде жүзеге асырады. Эмитент алдын ала төленген төлем карточкаларын есепке алу үшін эмитенттің шоғырландырылған шотын ашады.
      Ескерту. 2-тарау 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      6-3. Эмитент шығаруы мүмкін алдын ала төленген төлем карточкасының ең көп сомасы оның ұстаушысы алдын ала төленген төлем карточкасын пайдалана отырып операцияны жүзеге асыра алатын шекте алдын ала төленген төлем карточкасы шығарылған күнгі 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке тең сомадан немесе оның шетел валютасындағы баламасынан аспауы тиіс.
      Ескерту. 2-тарау 6-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58 Қаулысымен.
      6-4. Эмитент алдын ала төленген төлем карточкасында қажет болғанда көрсетілетін осы Нұсқаулықтың 6-3-тармағында белгіленген мөлшері шегінде алдын ала төленген төлем карточкасын шығарады. Белгіленген номиналы бар алдын ала төленген төлем карточкасы толықтырылмауы тиіс.
      Ескерту. Нұсқаулық 6-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      6-5. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6-6. Электрондық түрде шығарылатын және карточканың деректемелерінен тұратын алдын ала төленген төлем карточкасын қосымша толықтыруға және қолма-қол ақша алу үшін пайдалануға болмайды. Мұндай алдын ала төленген төлем карточкасын төлемдерді жүзеге асыру үшін пайдалануға клиенттің алдын ала төленген төлем карточкасын шығару кезінде банкке алдын ала енгізген ақша сомасы шегінде ғана жол беріледі.
      Ескерту. 2-тарау 6-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Төлем карточкасын беру туралы шартта мынадай мiндеттi талаптар болады:
      1) төлем карточкасын беру талаптары;
      2) төлем карточкасын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру талаптары;
      3) қосымша карточкалар берiлетiн тұлғалардың тiзiмi немесе тұлғалардың тiзiмiне сiлтеме (төлем карточкасын беру туралы шарт негiзiнде түрлi ұстаушыларға бiрнеше төлем карточкасын берген кезде);
      4) төлем карточкасын алудың, оқшаулаудың және қайта шығарудың тәртібі мен талаптары;
      5) төлем карточкасының және/немесе төлем карточкасын беру туралы шарттың қолданылу мерзiмi;
      6) клиенттің өтінішін қарау және зиянды қарау мен өтеу мерзімдерін көрсете отырып, рұқсат етілмеген төлем бойынша зиянды клиентке өтеу тәртібі;
      7) ықтимал зиянды қарау және өтеу мерзімдерін көрсете отырып, клиенттердің басқа талаптарын қарау тәртібі;
      8) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
      9) тараптардың жауапкершiлiгi.
      Эмитент клиенттің өтініштерін, оның ішінде төлем карточкасын пайдаланумен байланысты даулы жағдайларды төлем карточкасын беру туралы шартқа сәйкес белгіленген мерзімдерде, бірақ осы өтініштерді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қарайды.
      Клиенттің өтінішін қарау мерзімдері операцияны төлем карточкасын пайдалана отырып Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің желісінде жасаған жағдайда, осындай өтініштерді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асуы, бірақ күнтізбелік отыз күннен артық мерзімге аспауы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушіге жазбаша нысанда хабарланады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7-1. Төлем карточкасын беру және банк шотын ашу кезінде аралас шарт жасауға рұқсат беріледі, онда төлем карточкасын беру туралы шарттың, банк шоты шартының және (немесе) банк заемы шартының элементтері бар.
      Ескерту. Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85 Қаулысымен.
      7-2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін заем беру эмитент және клиент арасында жасалған банк заемы шартында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. Ереже 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85 Қаулысымен.
      8. Төлем карточкасын берген кезде эмитент төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасын пайдалану ережелерiмен таныстыруға мiндеттi.
      9. Жеке тұлға төлем карточкасын алған күннен бастап төлем карточкасының ұстаушысы болып табылады. Ұстаушының төлем карточкасын алуын оны алғанын куәландыратын құжаттағы төлем карточкасын ұстаушының қолы немесе ұстаушының төлем карточкасын алу фактiсiн растайтын өзге де айғақтама растайды.
      10. Төлем карточкасын беру туралы эмитент пен клиент арасында жасалған шарт негiзiнде жеке тұлғаларға бiрнеше қосымша төлем карточкаларын беруге рұқсат етiледі.
      11. Әр түрлі жеке тұлғаларға қосымша төлем карточкаларын берген кезде қосымша төлем карточкасын ұстаушы мен клиент арасындағы өзара қарым-қатынастар егер өзгедей төлем карточкасын беру туралы шартта белгіленбесе, аталмыш клиенттің талаптарына сәйкес белгіленеді.
      12. Эмитент айналыстағы төлем карточкаларының деректемелері бар өзі берген төлем карточкалардың тізілімін жүргізуі тиіс. Берілген карточкалардың тізілімінде қосымша ақпараттың болуын және аталмыш тізілімді жүргізу нысанын эмитент өзінше белгілейді.

3. Карт-есепшот және эмитенттің шоғырландырылған шоты

      Ескерту. 3-тарау алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85 Қаулысымен.

4. Төлем құжаттарын жасау

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23. Кәсіпкердің төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асырған кезде төлем құжаты сатылған тауарлар немесе көрсетiлген қызмет үшiн ақша төлеу туралы кәсiпкердiң эквайерге берген нұсқауы болып табылады. Қолма-қол ақшаны алған кезде төлем құжаты ұстаушыға төлем карточкасы бойынша берiлген қолма-қол ақша сомасын өтеу туралы эквайердiң эмитентке немесе делдал банкке берген нұсқауын бiлдiредi.
      Эмитентке тиесілі банкоматтар арқылы төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асыру кезінде жасалатын төлем құжаты төлем карточкасын ұстаушының эмитентке бенефициардың пайдасына ақша аудару туралы нұсқауын білдіреді.
      Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58 Қаулысымен.

      24. Төлем құжаты төлем карточкалары жүйесiнiң қатысушылары арасында электронды түрде, сол сияқты қағазға да шығарылып жасалуы және берiлуi мүмкiн. Қағазға шығарылатын төлем құжатының негiзiнде жасалған электронды төлем құжатында қағазға шығарылған құжаттар үшiн мiндеттi болып саналатын деректемелердi есепке алмағанда, қағазға шығарылған төлем құжатында көрсетiлген барлық деректемелер болуы тиiс.

      25. Төлем құжаттарын электрондық түрде жасауға және ұсынуға төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгiленген санкцияланбаған төлемдерден қорғау iс-әрекеттерi тәртiбiн сақтаған жағдайда ғана, Төлемдер туралы заңның талаптарына сәйкес рұқсат берiледi.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      26. Төлем құжаттары мемлекеттік тілде және/немесе орыс тiлiнде жасалады. Төлем құжаттарын жасау кезiнде өзге тiлдердi пайдалану мүмкiндiгi төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгiленедi.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      27. Төлем құжатында мынадай деректемелер болуы тиіс:
      1) төлем құжатының нөмірі, оны жазу күні, айы және жылы;
      2) кәсіпкердің және/немесе эквайердің толық атауы (коды);
      3) төлем карточкасының деректемелері;
      4) төлем сомасы;
      5) төлем валютасы;
      6) төлем карточкасын ұстаушының қолы (қағазда шығарылған төлем құжаттары үшін);
      7) кәсіпкердің немесе эквайердің уәкілетті тұлғасының қолы (қағазда шығарылған төлем құжаттары үшін);
      8) төлем белгілеу коды.
      28. Төлем құжатында төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгiленген қосымша деректемелер болуы мүмкiн.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      29. Қағазда шығарылатын төлем құжаты кемiнде үш данада жасалады. Төлем құжатының бiр данасы кәсiпкерде қалады, екiншi данасы төлем карточкасын ұстаушыға берiледi, үшiншiсi эквайерге берiледi. Қолма-қол ақшаны берген кезде эквайерде төлем құжатының екi данасы қалады.
      30. Слиптi үш данада жасаған кезде, оның екi данасы көшiрме қағаз арқылы жасалады, слиптiң бiрiншi данасына оның қалған екi данасында көрiнетiн қол қоюға рұқсат етiледi. Сонымен бiрге слиптiң барлық үш данасында жеке қол қою талап етiлмейдi. Эквайерге ақша аудару үшiн слиптiң бiрiншi данасы қойылған қолдардың түпнұсқасымен берiледi.
      31. Егер ол төлем карточкасын ұстаушының тiкелей қатысуынсыз жасалған болса, кәсiпкердiң төлем карточкасын ұстаушының қолы қойылмаған слип жасауына жол берiледi. Төлем карточкасын ұстаушының қолы қойылмаған слип төлем карточкасын ұстаушының жеке басын анықтауға мүмкiндiк беретiн электронды құжаттың негiзiнде жасалады.
      32. Төлем карточкасын ұстаушының қолы қойылмаған слип жасауға телекоммуникация желiлерi бойынша, телефон бойынша немесе мұндай слип жасау мүмкiндiгiн көздейтiн, кәсiпкер мен клиент арасында жасалған шартқа сәйкес өзге тәсілмен берiлген хабар негiзiнде жол берiледi. Бұл ретте егер жоғарыда көрсетілген хабарды кiмнiң бергендiгiн дәйекті анықтау мүмкiн болмаса, мұндай жолмен жасалған төлем үшiн жауапкершілік кәсiпкердiң авторизация алған-алмағандығына қарамастан, кәсiпкерге жүктеледi.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      33. Қағазға шығарылған төлем құжатына кез келген түзету енгізуге жол берілмейді.

5. Төлем карточкаларын пайдалана
отырып төлем жасау

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       34. Ұстаушы төлем карточкасын тауарды, қызметтi сатып алу, сондай-ақ қолма-қол ақша алу, валюта айырбастау және оның эмитентi белгiлеген Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн талаптарда басқа да операциялар кезiнде төлем жасау мақсатында қолданады.
      Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасау тауар және қызметтi сатып алу кезiнде төлем карточкасын немесе оның деректемелерiн пайдалана отырып төлем құжатын жасау арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту: 34-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 қыркүйектегі N 328 қаулысымен.
      34-1. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын барлық төлемдер, алдын ала төленген төлем карточкаларын қоспағанда (клиенттің банк шотындағы ақша сомасы шегінде, сондай-ақ эмитент ұсынған заем сомасы шегінде) клиенттердің банк шоттарында көрсетіледі. Алдын ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемдер эмитенттің шоғырландырылған шотында көрсетіледі.
      Эмитент және клиент арасында жасалған төлем карточкасын беру туралы шарттың негізінде берілген төлем карточкаларының бір немесе түрлі жүйелерінде бірнеше төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған төлемдерді бір банк шотында көрсетуге рұқсат беріледі.
      Ескерту. Ереже 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85 Қаулысымен.
      34-2. Төлемді байланыссыз төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырған кезде төлем карточкасын ұстаушының 4000 (төрт мың) теңгеден аспайтын сомаға дербес бірегейлендіру нөмірін енгізбей операцияларды жүзеге асыруына жол беріледі.
      Ескерту. Ереже 34-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      35. Төлем карточкасын пайдалана отырып валюталық операциялар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген төлемдер «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      35-1. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 361 қаулысымен.
      35-2. Қазақстан Республикасының аумағында резидент банктiң төлем карточкаларын пайдалана отырып оның қызмет ету желiсiнде жүзеге асырылған төлемдер бойынша процессингтi осы банк және/немесе процессинг ұйымы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының аумағында резидент банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып басқа резидент банктерге қызмет ету желiсiнде жүзеге асырылған төлемдер бойынша процессингтi  процессинг ұйымы жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 35-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 371 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 91 қаулысымен.
      35-3. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 91 қаулысымен.
      35-4. Процессинг ұйымы эквайермен және кәсіпкерлермен жасалған шарттардың талаптарына сәйкес төлем карточкаларына қызмет көрсетудің меншікті желілерін құруға құқылы.
      Ескерту. Ереже 35-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58 Қаулысымен.
      36. Төлем құжатын орындау үшін беру және көрсету тәртібі 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім), Төлем туралы заңның талаптарына және төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес белгіленеді. Осы Нұсқаулықтың 36-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, эквайерден басқа алушы-банк төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орындайды.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      36-1. Төлем карточкасын пайдалана отырып салықты немесе бюджетке басқа да міндетті төлемдерді банкоматтар арқылы жүзеге асыру кезінде жасалған төлем құжатын орындау эмитент оны алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      Ескерту. Ереже 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58 Қаулысымен.
      37. Егер төлем бiр валютамен жасалып, ал банк шоты басқа валютада жүргiзiлетiн болса, банк шотынан ақша алу төлем валютасы шот валютасына айырбасталғаннан кейiн жүзеге асырылады. Төлем валютасын шот валютасына айырбастау төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      38. Егер мұндай талап эмитент пен клиент арасында жасалған шартта айтылған болса, эмитент банк шотында амортизация сомасына ақша доғаруға құқылы. Мұндай жағдайда шартта банк шотында ақша доғару талаптары мен мерзiмi болуы тиiс.
      Ескерту: 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85 Қаулысымен.
      39. Амортизация берiлгеннен кейiн эмитенттiң төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасаған жағдайда жазылған төлем құжатына ақы төлеу бойынша мiндеттеме пайда болады.
      40. Клиент өзiнiң банк шотында төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау кезiнде жазылған төлем құжатын орындау үшiн қажеттi ақша сомасының болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Қажеттi ақша сомасының болуын қамтамасыз ету, егер олардың арасында жасалған шартта бұлар көзделген болса, эмитенттiң клиентке берген заемы есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Ескерту: 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85 Қаулысымен.
      41. Төлем карточкасын ұстаушыны дербес бірегейлендіру нөмірінің көмегімен бірегейлендіргеннен кейін ол төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасаған жағдайда сатып алынған тауар, көрсетілген қызмет немесе қолма-қол ақша алғаны үшін жұмсалған ақшаның орнын толтыру бойынша міндеттеме пайда болады.
      42. Төлем карточкасын пайдалана отырып шетел валютасын алу шетел валютасын өткізетін банктің бағамы бойынша алынатын шетел валютасы сомасына теңгемен төлем жасау арқылы жүргізіледі.
      Ескерту: 42-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 қыркүйектегі N 328 қаулысымен.
      43. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      44. Төлем карточкасын ұстаушыға төлемді төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырғаннан кейiн сауда чегi немесе төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жүзеге асырылған кезде жасалған төлем құжатының (слиптiң) данасы берiледі.
      Мұндай талап төлемді сауда чегі төлем карточкасын ұстаушының талап етуі бойынша берілетін байланыссыз төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асыруға қолданылмайды.
      Сауда чегі төлем карточкасын ұстаушыға қағаз тасымалдағышта не, сауда чегін қағаз тасымалдағышта беру мүмкіндігі болмаған кезде, оны қысқа мәтіндік және/немесе мультимедиялық хабарламалар арқылы карточканы ұстаушы көрсеткен электрондық почта мекенжайына және/немесе ұялы байланыс қондырғысына жіберу жолымен электрондық тәсілмен берілуі тиіс.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      45. Сауда чегiнде мынадай мiндеттi деректемелер болуы тиiс:
      1) құжат нөмiрi, оны жазған күнi, айы, жылы;
      2) кәсiпкердiң немесе эквайердiң атауы (коды);
      3) төлем сомасы;
      4) төлем валютасы;
      4-1) төлемді төлем карточкалары жүйесіне бірегейлендіретін авторизация коды немесе басқа код;
      4-2) төлем жүргізу уақыты;
      5) төлем карточкасының деректемелерi.
      Сауда чегiнде қосымша деректемелер болуы мүмкiн.
      Ескерту: 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58 Қаулысымен.
      45-1. Салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді банкоматтар арқылы не электронды терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде төлем карточкасының ұстаушысына берілетін сауда чегінде осы Нұсқаулықтың 45-тармағында көрсетілген деректемелерден басқа мынадай қосымша деректемелер болады:
      1) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі;
      2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
      3) бюджеттік жіктеулер кодының сандық мәнін көрсете отырып, салықтың немесе бюджетке төленетін басқа да төлемнің атауы;
      4) салық органының коды;
      5) төлем мақсатының коды;
      6) комиссиялық сыйақының мөлшері (комиссия алынған жағдайда);
      7) көлік құралына салық төлеген жағдайда көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.
      Ескерту. Ереже 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28 N 58, 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз);  жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      46. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын валюта операциялары банк шоттары бойынша валюта операцияларын жүргiзуге валюта заңдарында белгiленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 361 қаулысымен, жаңа редакцияда жазылды - 2003 жылғы 27 қазандағы N 370 қаулысымен.
      47. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 370 қаулысымен.

6. Төлем құжаттарын орындаудан бас тарту және
ақша қайтаруды жүзеге асыру

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      48. Төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асырған жағдайда жасалған төлем құжаты мынадай жағдайларда:
      1) төлем құжаты осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарды және/немесе төлем құжаттарын жасау және ұсыну тәртібінің тиісті шарттарының талаптарын бұза отырып жасалса;
      2) төлем құжатының жалған құжат белгісі болса;
      3) төлем заңсыз болса;
      4) төлем заңды бола тұрып, бірақ төлем құжаты эмитентке төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгіленген талаптар бұзыла отырып берілсе, орындауға қабылданбауы мүмкін.
      Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      49. Эмитент немесе эквайер төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлем құжатын орындаудан бас тартады.
      50. Төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасын пайдалана отырып сатып алынған тауарлардан немесе қызметтерден бас тартқан жағдайда кәсiпкер төлем карточкасын ұстаушыға ақшаны төлем карточкасын ұстаушының пайдасына қолма-қол төлемді жүзеге асыру арқылы қайтарады. Мұндай төлем жасаудың нысаны мен тәсiлдерi төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгіленеді.
      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      51. Егер төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда кәсiпкердiң ақшаны төлем карточкасын ұстаушыға қолма-қол төлем жасамай қайтару мүмкiндiгi көзделмесе, ақшаны қайтару қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жүргізіледі.
      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      52. Банк шотынан ақшаның қате алынғаны немесе банк шотына қате есептелгені анықталған жағдайда немесе санкцияланбаған төлем жасалған жағдайда, сондай-ақ төлем карточкасын жоғалтқан жағдайда клиент бұл туралы эмитентке тез арада хабарлайды.
      Эмитент клиенттің санкцияланбаған төлем жасағаны туралы хабарламасын алғаннан кейін хабарламаны алғаннан кейін жүзеге асырылған операциялардың орындалуын эмитент пен клиент арасындағы шартта көзделген мерзімдерде тоқтата тұрады және клиенттен алынған хабарламаның негізінде төлем карточкасының пайдаланылуын тоқтатады, сондай-ақ эмитент пен клиент арасында жасалған шартта көзделген тәртіпте төлемнің санкциялығын/санкциясыздығын анықтау жөнінде шаралар жүргізеді.
      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      53. Төлем карточкалары жүйесiнiң қатысушылары арасындағы төлем жасауға және төлем құжатын орындауға байланысты шағым талабы Қазақстан Республикасының заңдарында және төлем карточкасы жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жасалады.

7. Ақша аударымы

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      54. Төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасаған жағдайда жасалған төлем құжатының негізінде аударым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында және олардың арасында жасалған шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      55. Эмитент төлем құжаты бойынша төлем жасауды кешіктірген жағдайда Қазақстан Республикасының заң актілерінде және төлем карточкасы жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарда көзделгендей жауап береді.
      56. Төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған төлем бойынша кәсiпкердiң пайдасына түскен ақшаны эквайердiң есептеу талаптары мен мерзiмi олардың арасында жасалған шартпен белгiленедi. Егер осы шартта кәсiпкерге ақша есептеу шарттары мен мерзiмi көзделмесе, эквайер кәсіпкердiң пайдасына ақша түскеннен және/немесе кәсiпкердiң пайдасына ақша түскенi туралы көшiрменi алғаннан кейiнгi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ақшаны кәсiпкердiң есепшотына есептеуге мiндеттi.
      57. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ақша аударылған кезде төлем құжатын орындауға ұсыну мерзiмi төлем жүзеге асырылған төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгiленедi.
      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      58. Кәсiпкер егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидентi емес эквайердiң қызметiн пайдалануға құқығы жоқ.

8. Санкцияланған және санкцияланбаған төлемдер

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      59. Егер төлем жасау кезiнде төлем карточкасы оқшауланбаса, оның қолданылу мерзiмi өтпесе және төлем карточкасы төлемді жүзеге асыру үшiн төлем жүзеге асырылған төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес пайдаланылса, төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған төлем санкцияланған болып табылады. Төлемнiң санкциялығына қойылатын талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған төлем санкцияланбаған болып табылады. Жалған төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған төлемдер де санкцияланбаған төлемдер болып табылады.
      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      59-1. Төлем байланыссыз төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылған кезде эмитент байланыссыз төлем карточкасының ұстаушысымен жасалған шартта көзделген, санкцияланбаған төлемдерден қорғау іс-қимылдарын сақтауды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. Ереже 59-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      60. Төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкцияланбай пайдаланғаны туралы хабар күшiне енгеннен кейiн санкцияланбаған төлем жасалған жағдайда эмитент клиентке олардың арасында жасалған шартта көзделген тәртіппен санкцияланбаған төлем жасауға байланысты шығынды өтейді. Егер клиенттің (төлем карточкасын ұстаушының) санкцияланбаған төлем жасауға қатысқаны немесе оның жүзеге асуына көмектескені анықталса, эмитент санкцияланбаған төлемді жасауға қатысты шығынды клиентке өтеуге міндетті емес.
      61. Төлем карточкалары жүйесінің қатысушыларының санкцияланбаған төлемді жүзеге асырғаны үшін жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заң актілерінде және төлем карточкасы жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгіленеді.
      62. Клиенттiң санкцияланбаған төлем жасағаны үшiн жауапкершiлiгi төлем карточкасын беру туралы шартта белгiленедi және эмитенттiң төлем жасағаны үшiн комиссияны қоса алғанда санкцияланбаған төлем сомасынан аспауы тиiс.
      63. Егер төлем карточкасында оның қолданылу мерзiмiне нұсқау болмаса, мұндай төлем карточкасын пайдалана отырып оның қолданылу мерзiмi басталғанға дейiн немесе ол аяқталғаннан кейiн жасалған төлем үшiн жауапкершiлiк эмитентке жүктеледi, бұл туралы эмитент пен клиент арасында жасалған шартта жазылуы тиiс.

9. Төлем карточкаларын оқшаулау және алып қою

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      64. Эмитент төлем карточкасын мынадай жағдайларда:
      1) төлем карточкасын ұстаушыдан төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкциясыз пайдаланылғандығы туралы хабарлама алғанда;
      2) төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасын беру туралы шартта көзделген өз мiндеттемелерiн орындамағанда;
      3) төлем карточкасын пайдалану қағидаларын бұзғанда;
      4) эмитент пен төлем карточкасын ұстаушы арасындағы шартта көзделген өзге негіздемелер бойынша оқшаулайды.
      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      65. Эмитентке төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкцияланбай пайдаланылғаны туралы хабарлаудың мерзiмдерi мен әдiстерi, сондай-ақ мұндай хабарламаның күшiне ену мерзiмдерi төлем карточкасын беру туралы шартта белгiленедi.
      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      66. Егер төлем карточкасын беру туралы шартта төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкцияланбай пайдаланылғаны туралы хабарламаның күшіне ену мерзімдері белгіленбесе, онда мұндай хабарлама оны эмитент немесе осындай хабарламаны қабылдауға құқығы бар төлем карточкалары жүйесінің өзге қатысушысы алған сәттен бастап күшіне енеді.
      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      67. Эмитент мынадай жағдайларда:
      1) төлем карточкасының қолданылу мерзімі аяқталғанда;
      2) төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын беру туралы шартта көзделген өз мiндеттемелерiн орындамағанда;
      3) төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын пайдаланудан бас тартқанда;
      4) төлем карточкасын беру туралы шартты бұзғанда төлем карточкасын ұстаушыдан алып қоюға құқылы.

10. Үзінді-көшiрмелер жасау және ұсыну

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      68. Эмитент клиенттiң талап етуi бойынша оған берiлген төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған төлемдер туралы ақпараты бар көшiрме беруге мiндеттi. Көшiрме қағазға шығарылып немесе электронды әдiспен берiлуi және онда мынадай ақпараттар болуы тиiс:
      1) төлем карточкаларының деректемелерi;
      2) есеп берiлетiн кезеңдегi бастапқы және соңғы күн;
      3) әрбiр төлемдi төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асыру сомасы мен күнi;
      4) төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасағаны үшiн клиенттен ұсталған комиссиялық сома мөлшерi.
      Үзінді-көшiрмеде эмитент пен клиент арасындағы уағдаластық бойынша белгiленген қосымша ақпарат болуы мүмкiн.
      Ескерту. 68-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      69. Клиентке берiлген көшiрмеде эмитенттi де айқындайтын деректемелер болуы тиiс.

11. Қосымша талаптар

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       70. Белгiлi жүйенiң төлем карточкаларын немесе жаңа үлгiдегi төлем карточкаларын шығаруды бастау немесе аяқтау күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде эмитент бұл туралы жазбаша түрде Ұлттық Банкке хабар беруге мiндеттi. Хабарда мыналар көрсетiлуi тиiс:
      1) төлем карточкаларын шығарудың басталған немесе аяқталған күні;
      2) төлем карточкалары жүйесiнiң атауы;
      3) төлем карточкасының түрі (магниттік жолақпен, интегралды микросызбамен, аралас немесе басқа).
      71. Банк Ұлттық Банкке өзi шығарған және қызмет көрсеткен төлем карточкалары туралы мәлiметтердi ұсынады. Аталмыш мәліметтерді беру нысанын және мерзімін Ұлттық Банк белгілейді.
      Ескерту: 71-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 қыркүйектегі N 328 қаулысымен.
      72. Ескерту: 72-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      73. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Төраға